Банктің пассивтік операциялары туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Банктің пассивтік операциялары

Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады.
Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі
рөлі жоғары.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан,
оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: пассивтік
операциялар — бұл несиелiк және активтік операцияларды жүзеге асыруға
арналған банктiң өз ресурсын құру операциялары, — делінеді.
Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар — бұл нәтижесінде
пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік шоттағы каражаттардың өсуін,
яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.
Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі
пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды.
Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды
сатып алады.
Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:
- коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
- банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
- басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
- депозиттік операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге
тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы
негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары
құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ — заемдық немесе
тартылған ресурстар құрылады.
Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:
- банктің меншiктi қаражаттары;
- банктің тартылған қаражаттары.
Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай
келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі
мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға
қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның
барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ы өтеледі. Шын мәнісінде,
меншікті және тартылатын қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мөлшерде
шекарасы болады.
Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап
тұруда маңызы бар. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншiкті
қаражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға,
жалақыға жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің
қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен банкте
қажетті резервтер құрылды. Ең соңында, банктің меншікті қаражаты - бұл ұзақ
мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.
Банктің меншікті қаражаттары - банктің экономикалық дербестігiн және
қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететiн әр түрлі қорлар (капиталдар) мен
бөлінбеген пайда жиынтығы.
Банктің меншікті қаражатына жататындар:
— банктің жарғылық капиталы;
— банктің резервтік капиталы;
— қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлары;
— сақтандыру резервтері;
— бөлінбеген пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы — банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде
құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық
капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциалық
нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның
құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық
капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал
көлемі акцияны ұстаушылар — акционерлер қосқан жарналардан құралады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі үйымдық формаларда
құрыла алады:
- пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігi шектеулі серіктестік
формасында;
- акционерлік банк;
- шетел капиталының қатысумен.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.
Резерветік қор — банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың
орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.
Резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік
қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде,
айталық, 25 % мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен
теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың
құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған
жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша
дивидендтер төленеді.
Қосымша капиталдар негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған
аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу
нәтижесінде құрылады.
Арнайы қорлар болса, негізгі қорларды қайта бағалау негізінде,
валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры ұлттық валюта мен шетел
валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды
қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру
барысында маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету
мақсатында құрылатын арнайы резерветер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік
тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған
резервтер жатады.
Бөлiнбеген пайда — акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және
резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.
Банктің тартылған қаражттары активтік операциялар, оның ішінде,
несиелік операциялардың 90 %-ға жуықтай ресурстарға деген қажетін
қанағаттандырады. Олардың рөлі біршама жоғары тұрады. Заңды және жеке
тұлгалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер
халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысымен қатар
халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады.
Банктердің ресурстарының жалпы сомасында тартылған қаражаттар үлесі
олардың басым бөлігін қүрайды.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе
үшін дәстүрлі емес, уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарту тәсілдерінің
болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Әлемдік банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау
тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
I топ — депозиттер;
II топ — депозиттік емес тартыылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит — бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегi
белгiлі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар — бұл банктің қызмет түрінде
немесе өз меншiктi қаражаттарыы сату жолымен тарататын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара
ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты
клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту
инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер
айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып
алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға
болады.
Қазіргі банктік тәжірибеде салықтардың, депозиттердің және депозиттік
емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы
бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
— талап етуіне дейінгі депозиттер;
— мерзімді депозиттер;
— жинақ салымдары;
— бағалы қағаздар.

Талап етуіне дейінгі депозиттер — бұл салым иелерінің бастапқы талап
етуiне байланысты әр түрлі кұжаттар арқылы қолма - қол ақшаларын алатын әр
түрлi шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар
жатады :
— мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі
шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын
қаражаттары;
— әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
— есеп айырысудағы қаражаттар;
— жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы
қаражаттар;
— басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері
үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі
депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың
жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал кемшiлiгi— бұл шот бойынша пайыз төленбейді немесе біршама төменгі
мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынадай
өзіндік ерекшелiктерi қалыптасады:
— ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз
жүзеге асырылады;
— шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде
немесе коммиссиондық ақы алып отырады;
— банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды
сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде телемеуі де
мүмкін;
— талап етуге дейінгі депозиттер бойынша коммерциялық банк Орталық банкте
сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
Мерзімді салым (депозит) — белгiлi мерзiмi бар және тұрақты пайыз
төленетiн, сол сияқты алдын - ала алуға шек қойылатын салым.
Салым иесі келісілген мерзімнен бұрын алған жағдайда банк айып-пұл
ретінде оған төленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы.
Мерзімді салымдар мен мерзімді депозиттердің ерекшеліктері
болады:
— есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай
да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
— шоттаға қаражат баяу айналады;
— тұрақты пайыз төленеді;
— пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Орталық банк тарапынан
реттеліп отырады;
— ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап
етіледі;
— бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған салымның түрі — жинақ салымдары. Олардың
белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның
жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын
керсетуі қажет.
Жинақ салымдарының трақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі
бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді.
Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдарының мынадай ерекшеліктері болады:
— ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;

— шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап
етілмейді;
— ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде
ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасынының
болуы талап етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары
салым операцияларының мерзiмiне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге
бөлінеді:
— мерзімді жинақ салымдарымдары;
— қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
— ұтыс салымдары;
— ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
— мақсатты және ағымдық салымдар;
— алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
— валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім
өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа
жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың
біршама түрақты бөлігін білдіреді.
Қосымша жарна қосатын салымдар — бұл шоттағы қаражатқа алдын ала
келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын
салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған сома белгілі бір күнде (жаңа
жылдық салым, бойжеткен кезде және т.с.с) толық төленеді.
Ағымнық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз
төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды
білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және
жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары — бұл салым иесiне белгiлi
мерзiмi өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға
құқық беретін және оның шотындағы ақшалық қаражатының барлығын
куәландыратын элемент банктiң жазбаша куәлiгi.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып
келеді:
1. Атаулы сертификаттар;
2. Мәлімдеуші сертификаттар.
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына
толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні
көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және
көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу
қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада
шығарылатындықтан да, оларды заңды түлғалар сатып алады.
Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің пассивтік операцияларын талдау
Банк қызметінің пассивті операциялары
Банктің есеп айырысу - кассалық операциялары
Пассивті операциялар жайлы
Мемлекетің бағалы қағаздары
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары
Банктердің дамуы
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Банктің инвестициялық операциялары - несиелік операциялардан кейінгі банкке табыс әкелетін операциялар
Коммерциялық банктердің жіктелуі
Пәндер