Банк Центр Кредит туралы мәлімет



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Білім және Ғылым министрлігі
Алматы Басқару және Нарық колледжі

Банк Центр Кредит
туралы жалпы мәлімет

Алматы 2005 жыл

Мазмұны:

-Басқарма төрағасының сәлемі
-Алғашқы қолдардан алынған мәліметтер
-Банктің тарихы
-Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер
-Банктың Бас офисі мен филиалдарының ұйымдық құрылымы
-Қызметкерді оқыту және кәсіптік өсу, Жұмыс күн тәртібі
-Барлық жолдардың тоғысы-Веб, Мәліметтердің құпиялығы
-Банк ұсынатын қызметтер
-Сөз соңында

Басқарма төрағасының сәлемі

Біздің банкіміз ұзақ жылдар бойы Қазақстанның банктік нарығында еңбек
етіп келеді, бұл біздің қызметкерлеріміздің жоғары біліктілігін, іскерлік
қасиеттері мен еңбексүйгіштігін білдіреді.
Банктің командалық рухы, жоғары корпоративтік мәдениеті мен әріптестігі
оны өз клиенттерінің арасында ғана емес, кәсіптік ортада да жоғары рейтинг
пен беделге бөледі.
Біз Сіздің центркредиттіктердің қатарын толтырғаныңызға өте қуаныштымыз
және банкті дамыту ісіне өз үлесіңізді қосатыныңызға сенім білдіреміз!
Жұмысқа орналасу процесі өткен күнде қалды, ал болашақта сізді үлкен,
қызықты және баурап алатын жұмыс күтіп тұр!
Барлық құжаттарды ресімдеп болғаннан кейін және өзіңіздің
міндеттеріңізбен танысқан соң,Сіз барлық қызметі Жоғары мәртебелі Клиентке
бағышталған ценркредиттіктер армиясының қатарын толықтырасыз.
Ал сіздің жаңа ұжыммен тіл табысып, жаңа жұмыс орнына тез үйреніп
кетуіңізүшін банкте болып жатқн барлық істердің басы қасында жүруіңізге
мүмкіндік беретін барлық қажетті мәліметтермен таныстырамыз.

Сонымен қатар, толығырақ ақпаратты Сіз:

-Бас офисте-Қызметкерлермен жұмыс басқармасынан

-Филиалдарда-Қызметкерлермен жұмыс жөніндегі менеджерлерден

-Банк ЦенрКредит ААҚ-ның сыртқы сайтынан www.centercredit.kz.

-Банктік ішкі Веб-серверінен

-Банктің ақпараттық, баспа шығарылымы Біздің газеттен және кез
келген мәліметтерді сіз өзіңіздің жаңа әріптестеріңізден ала аласыз.

Банктің тарихы

Банк Центркредит ААҚ Қазақстанның қаржы нарығында табысты еңбек етіп
жүргеніне 10 жыл болды, бұл банктің Жылдар растаған сенімділік! деген
төл слоганымен астарласып жатқандай.
Тарихымызға бой жүгірте отырып, бұл банктің ең бірінші жеке,
коммерциялық банк болғанын есіңізге сала кеткім келеді, ол 1988 жылы
құрылған алғашқы күннен бастап-ақ өзін еліміздің беделді қаржы
институттарының бірі ретінде таныта білді.
Бүгінгі таңда ЦенрКредит банкі республикамыздың халықаралық
стандарттарына өтуді аяқтаған жетекші жалпыұлттық банктерінің қатарына
кіреді.
2001-2005 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәкес Банк өзінің
халықаралық қаржы институттарымен байланысын кеңейте отырып, Қазақстандық
нарықта үндестік пен дамып жатыр.
Банктің негізгі клиенттері –орта және шағын бизнес, жеке тұлғалар, ірі
ұлттық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар.
Бұл банктің қызметтер нарығында көрсететін барлық қызметтердің толық
тізбесін ұсынады, сондай-ақ клиенттердің мұқтаждарына бағытталған жаңа
өнімдер мен қызмет көрсетулерді дайындап отырады.
Банк Қазақстандық жеке тұлғалардың екінші деңгейдегі банктерге
жасаған салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қорына қатысушылардың
алғашқыларының бірі болып табылады.
Банктің акциялапы Қазақстандық қор биржасының А категориясының
ресми тізіміне қосылған, бұл банктің қаржы институты ретінде
тұрақты, табысты дамуының куәсі іспеттес.
Банк өзінің күнделікті жұмысында еліміздің қоғамдық өміріне
белсене араласады, мәдени және әлеуметтік мәні бар көптеген
оқиғалардың көшбасшысы немесе демеушісі болып келеді, балалар
үйлеріне, соғыс және еңбек ардагерлеріне жан-жақты көмек көрсетіп
келеді.

Құрметпен, Владислав Ли
Басқарма төрағасы

Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер

Бәрімізге белгілі, адам өз өмірінің көп бөлігін жұмыста
өткізеді. Оның өз жұмыс орнында өзін қаншалықты жақсы сезінетініне
қарай, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерінің шешуіне қарай, оның жұмысқа
деген ынтасы қалыптасады.
-Жұмысқа орналасқаннан кейін бірден әрбір жаңа жұмыскер өз
бөлімшесінде жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі және қажетті заттар
(ұйымдастыру техникасы,жиһаз) мен жұмыс барысында пайдаланатын кеңсе
заттарын алады.
-Банкте тамақтану мәселесіне келсек, онда бас офис пен АҚФ
қызметкерлері үшін Алматы қалалық филиалының ғимаратында орналасқан
бардың (тамақтану орындары кейбір филиалдарда да орналасқан)
қызметтері ұсынылады.
-Спорттық-сауықтыру шараларына қатысты:
Бас офис қызметкерлері үшін спорт залдары жалға алынып, олардың
арасынан топ жасақталады (әйелдер үшін шейпинг, ерлер үшін футбол
спорттық сайыстар).
-Банкте Кәсіподақтар комитеті де жұмыс істейді, оның құрамына
кез келген жұмыскер кіре алады.
-Қызметкерлердің қауіпсіздігін қорғау мақсатында банк Мұнай
сақтандыру компаниясы ААҚ-мен Қауіпсіздік қызметі жұмыскерлерінің
өмірін сақтандыру үшін шарт жасаған, соны мен қатар банк жүйесі
бойынша Банк қызметкерінің қызметтік міндеттерді орындау барысында
жарақаттануына немесе денсаулығына зақым келуіне байланысты
шығындарына өтем жасау тәртібі туралы қағида әрекет етеді.
-Банк қызметкерлерінің жергілікті жерлерде коммуналдық төлемдер
жасауға және кассалық есеп айырысу қызметтерінің басқа түрлерін
пайдалануға мүмкіндіктері бар.
Банктің Бас офисі мен филиалдарының ұйымдық құрылымы.

Әдістемелік орталық болып табылатын және барлық филиалдардың
қызметтерін үйлестіретін Бас офис ұйымдық құрылымы жағынан 5
департаментке бөлінеді:

Қазынашылық департаменті

Несие беру департаменті

Әкімшілік департаменті

Бизнесті дамыту департаменті

Қаржы департаменті

Банк ЦентрКредит ААҚ-ның филиалдық желісі 19 филиалдан және 40-
тан астам есеп айырысу-кассалық бөлімдерден (ЕАКБ) тұрады, олардың саны
күн сайын өсіпжатыр және олар клиенттерге сапалы қызмет көрсетуге
бағытталған
Осы мақсатта біздің банкіміз Қазақстанда алғашқылардың бірі
болып, Фронт- және Бэк-офистердің құрылымын енгізді. Аталған құрылымдар
сәйкесінше барлық банктік өнімдерді қызмет көрсетулерді сату мен,
клиенттерге жоғары дәрежеде қызмет көрсетумен және ішкі филиалдық
операцияларды өңдеумен айналасады, сондай-ақ барлық мәмілелерге және
клиенттердің есеп шоттарына бақылау жасайды.
Банк қызметіндегі елеулі оқиғалардың бірі барлық филиалдарды
корпаративтік желіге қосу болды
Аталған жобаны іске асырудың нәтижесінде біз директерді
берудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құжаттар түрлеріне түсініктеме және құжаттарды құрастыру және рәсімдеу технологиясы
Центркредит Банк
Қаржылық есептілікті талдау әдістемесі
Қазақстандағы комерциялық кәсіпорындардың қаржылық жағдайы мен оларды талдау
Қарыз алушыны оның ссудалық карыздарының жағдайымен ақпараттандыру
Банктік маркетинг банктің бәсекелестіктің негізі ретінде
Коммерциялық банктердің несиелік cаясатын қалыптастыру
Банк Центркредит АҚ-ы мысалының негізінде проблемалық несиелерді талдау және оларды ҚР-да шешу жолдары
Пассивті операциялар жайлы
Банктің меншікті капиталының құрылымы
Пәндер