Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын қалыптастыру мәселелері


Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын қалыптастыру мәселелері
Жоламанов Е., Ысқақов Е.
Қазақстанның тиімді сыртқы экономика-лык байланыстар жүйесін құру оның халы-қаралык еңбек бөлінісіне қатысуын жандан-дыру бүгінгі таңдағы ең маңызды мә-селелердің бірі болып табылады. Оны шешпейінше экономиканың тұрақтануы да, келешекте қарқынды өсуі де мүмкін емес. Нарықтық катынастардың тәуелсіз болуы және қалыптасуы Қазақстанның әлемдік нарықта экспорттық-импорттык мамандану-дың өз «үлгісінің» сапалы жаңа тәсілін іздеуін, шетелдермен экономикалық қарым-қатынастардың принципті жаңа түрлерін енгізуді талап етуде.
Бүл қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты болып отыр. Мұны шартты түрде сыртқы және ішкі факторларға бөлуге болады.
Ішкі факторлар бұрынғы кеңестік респуб-ликалардың мемлекеттер болып бөлінуінің, сондай-ақ қатар жаңа қоғамдық-саяси қүры-лысқа көшуінің салдары болып табылады. Мұның өзі республикада әлеуметтік-экономи-калық жағдайдың шиеленісуіне әкеліп со-қты. Бұл оның өнеркәсібі дамыған елдердің даму деңгейіне құрылымдық-технологиялық жағынан сай келе алмайтынын, сондай-ақ ұлттық экономиканың бірқалыпты әрі тиімді дами алмайтынын көрсетті.
Сыртқы факторлар бүкіл әлемдік еңбек бөлінісіне белсенді қатысу қажеттілігіне байланысты, бұл казіргі уақытта ұлттық эконо-миканың тиімді жұмыс істеуінің аса маңыз-ды алғышары болып отыр. Қазіргі FTP ауқымы кең болғандықтан бірде-бір ел қаншама ірі әрі экономикасы дамығанымен өнеркәсіптің барлық салаларының бірдей жан-жақты дамуын қамтамасыз ете алмайды.
Бұл республика алдына әлемдік ғылыми-техникалық процесс пен өндірістік қарым-қатынастарға тиімді қосылу жолдарын анық-тау, жаңадан қалыптасып жатқан әлемдік еңбек бөлінісінде өз орнын табу міндетін қойып отыр.
Бұл мәселенің маңыздылығы бүгін таңда республикада біртұтас сыртқы экономикалық байланыстардың даму тұжырымдамасы жоқ-тығынан күшейе түсуде. Бұл салада қабылда-нған заңдар әлемдік шаруашылық процестер дамуының қазіргі үрдісіне толық жауап бере алмай, сырткы экономикалық әрекеттің же-келеген жақтарын қамтып, көбіне жеке-дара сипатта болып отыр.
Қазақстан экономикасьшың дағдарысты ахуалының бір көрінісі капитал салымы көлемінің үзақ мерзімдік төмендеу үрдісін білдіретін инвестициялық дағдарыстың белең алуы болып табылады. Сондықтан негізгі қорлардың сарқылуына және тез ескіруіне, соған орай тек бәсекелестікті жоғалту қаупі туып қана қоймай сонымен бірге көптеген кәсіпорындардың, тіпті бүкіл өндіріс салала-рының жойылу қаупі төніп тұр. Бүгін таңда бұл дағдарыстан шығудың жолы ішкі және шетелдік инвестициялардың мәселелерін ше-шумен байланысты.
Бүл мәселелерді шешу теңгеге деген сенімді күшейтуді, каржы институттарын дамытуды, инвестицияларға қолайлы жағдай туғызуды талап етеді.
Бірақ инвестициялардың көлемі ғана емес, «сапасы» да маңызды. Ішкі инвестицияларды да, шетелдік инвестицияларды да мем-лекеттік реттеп отыру керек. Мұнда біздің ойымызша Ресейдің отандық және шетелдік инвестициялар тартудың мемлекеттік бағдар-ламасын жасау тәжірибесі көңіл аударарлық, өйткені ол жалпы ел экономикасының даму стратегиясына сай келеді.
Ресей Федерациясы Үкіметінің 1995 ж. 13 қазандағы N° 1016 қаулысымен мақұлдан-ған «Ресей Федерациясының отандык және шетелдік инвестицияларды 1995-1997 жыл-дары ел экономикасына тартуды ынталан-дырудың кешенді бағдарламасының» ортақ мақсаты инвестициялык, процесс жүріп отырған орта ретінде Ресейдегі инвестициялык ахуалды жақсартуды жалғастыру болып табылады. Мұндағы басты мәселе-лердің бірі инвестордың Ресей нарығында қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету кепілдігі, бұған қосымша жеке басының қауіпсіздігі, салынған қаржыларды коммер-циялық емес тәуекелдерден қорғау жә-не т. б.
Бағдарламада бүл мақсатқа жетудің мына-дай негізгі бағыттары көзделген:
экономикаға салынатын инвестициялар көлемін ұлғайту, ең алдымен кәсіпо-рындардың амортизациялык төлемдері
ЭКОНОМИЧЕСКОЕ ОБОЗРЕНИЕ
январь 2000
мен халықтың жинақ ақшасын инвес-тицияларға айналдыру;
- күрделі салымдардың жоғары қайтары-мын әлеуметтік саладағы шығындарды азайта түсу есебінен және өндіріс салаларындағы инвестициялар тиімділі-гін өсіру арқылы көтеру;
- халыкаралық экономикалық байланыс-тардың дамуын қамтамасыз ете алатын және озық ғылыми-техникалық жетіс-тіктерді игеретін шетелдік инвестиция-ларды тарту. Әйтсе де олар отандық инвестициялардың жетіспеушілігін то-лығымен жаба алмайды (шетелдік ин-весторлардың белсенділігі тек отандық инвесторлардың белсенділігі артқан жағдайда ғана мүмкін болады) . Осыған байланысты қолайлы инвестиция-лык ахуал жасау үшін тиісті құқықтық және ұйымдық-мемлекеттік қамтамасыз етуді құ-рудың маңызы зор. Онда бағдарламаның негізгі бөлігі министрліктер мен ведомство-ларға осы міндеттерді шешуге бағытталған нақты қүқықтық қүжаттар әзірлеу жөнінде тапсырмалар берілген іс-шаралар жоспары болып табылады.
Тек осындай жағдайда ғана шетелдік инвестициялар экономикалық өсудің тездет-кіші бола алады. Бүл үшін обьективті мүмкіндіктер бар. Әлемде пайдалы салым-дарды іздеп жүрген каржы корлары өте көп. Казақстан - инвесторлар үшін мүмкіндігі мол ел. Нақты тартымдылық инвестициялық ахуалмен, ортамен, капитал салу шарттары-мен айқындалады.
Бүл арада Қазақстанның шетелдік инвес-торларды тартуда біркатар мүмкіншіліктері бар:
- күшті президенттік билік пен біршама саяси тұрақтылық;
- табиғи мол қорлар;
- батыспен салыстырғанда көптеген бос және ешкім иелене коймаған капитал жұмсау салалары бар кең нарық;
- ТМД-ның баска республикаларымен са-лыстырғанда Қазақстан халқының жоға-ры сатып алу кабілеттілігі;
- едәуір арзан жүмыс күші;
- жұмыс күшінің жоғары кәсіби деңгейі.
Соңғы уақытта шетелдік инвестициялар көлемі едәуір өскенімен олардың ортак көлемі әлі де көп емес, ал қорлардың тартылу күрьілымдары қанағаттанарлықтай емес (1-сурет) .
Нақты экономика секторының өнеркэсіптік өндіріс салаларына бағытталған инвестициялар тарту үлесінің төмендеу себептері шетелдік инвестицияларды тиімді корғау жүйесінің жоқтығынан болып отыр. Мұнымен катар республикадағы инвестициялық ахуал ауыз толтырып айтарлыктай емес. Бұл негі-зінен келісім тәртібінің нашарлығынан, салық
Казакстан Республикасының инвестициялык ахуалын к. алыптастыру мэселелері Проблемы формирования инвестиционного климата Республики Казахстан
салу деңгейінің жоғарылығынан және бол-жауға болмайтындығынан, инфрақүрылым-ның дамымағандығынан, есептеу ескі жүйесі-нің артта калғандығынан, қылмыстық жағ-дайдан, құкыктық және нормативтік тұрак, -сыздықтан және т. б. көрініс табуда.
Шетел капиталының Қазақстан Республи-касына тартудың қажетті бір шарты қылмыс-тық элементтермен күресу болып табылады. Халықаралық экономикада кіші және орта буын инвесторлар рөлі арта түсуде. Капитал салымы жетіспеуінің бір маңызды себебі біздің қоғамымыздың қылмыстық ахуалы деуге болады (мүның өзі бүрынғы КСРО елдерінің көбіне тән нәрсе) . Егер ірі компани-ялар үшін шенеуніктер мен жергілікті рэкет қорқынышты болмағанымен, шағын және орта бизнес олардың алдында қорғансыз қалып отыр. Мүнымен қатар өтпелі кезең жағдайы шетелдік капиталмен қарым-қатына-стар саласында әртүрлі дәрежедегі шенеу-ніктер үшін көптеген заң бұзушылық пен қызмет бабын теріс пайдалануға қолайлы жағдай туғызуда.
Басқалары/Прочее
Казахстан Республикасындагы тгкелей инвестициялардыц салалыц ццрылымы 1993-98 жылдар
17%
Байланыс/Связь
Электр энергетикасы/ Электроэнергетика
Кара металлургия/ Черная металлургия
Мұнай-газ кешені/ Нефтегазовый комплекс
Түсті металлургия/ Цветная металлургия
24%
Шетелдік инвесторлар Қазақстан өнеркәсі-бінің дағдарысты ахуалын шетелдік капитал-ды салымға жұмсау үшін қолайлы жағдайдың жоқтығының негізгі себептерінің бірі деп атауда. Кәсіпорындардың өмір сүру шырқын бүзатын Қазақстан заңдарының жетілме-гендігін айта отырып, кейбір шетелдік инвесторлар шетелдік инвестициялауды түрлі жеңілдіктер беру арқылы ынталандыру жөнінде теріс пікір білдіруде.
Кейбір ғалымдар республика өнеркәсіпке өз инвестицияларын көбейту арқылы ғана шетел инвесторларын тарта алады деп есептейді. Олар бос капиталы бар адамдар мен өнеркәсіпті біріктірудің экономикалық және ұйымдық тетіктерін табу мақсатымен
ЭКОНОМИЧЕСКОЕ ОБОЗРЕНИЕ
январь 2000
алшақтау себептерін талдауды ұсынуда. Капитал иелері мен өнеркәсіптің бірігіп жұмыс істеуінің маңызды көздерінің бірі ретінде қаржылық-өнеркәсіптік топ нысанын қарас-тыру ұсынылуда.
Қазақстан экономикасына тікелей инвести-циялардың келуіне кедергі туғызып отырған заң негізінің жетіле қоймағандығы, қылмыс-тық ахуалдың сакталуы және басқа себептері бар екенімен келісе отырып, олардың басты себебі өндірістің дағдарысында жатқандығын баса айтқан жөн.
Қазақстандағы жағдайды Қытайдағы шетел инвестицияларының жағдайымен салыстырар болсақ, онда бұл мемлекеттің экономикасына тартылған шетел инвестицияларының орасан зор көлемі (1996 ж 42, 3 млрд. АҚШ доллары) тек саяси түрақтылықтан, шетелдік инвести-цияларды ынталандыру жүйесінен, оның ішінде жеңілдетілген салық тәртібінен, ЕЭА жұмысынан және арнайы бағытталған шетел-дік инвестицияларды тартудың нысаналы саясатынан ғана емес екенін атап өтуге болады. Қытай экономикасының жыл сайын 10-12% өсуінің шешуші маңызы болып отыр.
Қазақстан үкіметінің бірінші кезектегі мәселесі экономикалық өсуге ыкпал ететін шараларды қабылдау болып табылады. Қазақ-стандағы инвестициялық ахуалдың өте кур-дел! кезінде шетелдік инвестицияларды тарту-дың белгілі мақсаттарға бағытталған саясаты керек. Шетелдік инвестициялардың елеулі түрде түсуіне және оның игерілуіне қарамас-тан біздің экономикамызда тек шетелдік инвесторлар мен кредиторлардың алдында борыштық міндеттемелердің өсуінен басқа оң өзгерістер әзірше жоқ болып отыр. Мемле-кеттік кепілдік берілген несиелер мен займ-дарды тарту көлемінің ұлғаюына байланысты оларды өтеуге жүмсалып отырған шығындар айтарлықтай өсе түсуде. Қазақстан Республи-касы Ұлттык Банкінің деректері бойынша Қазақстанда 1998 жылы ол 530 млн. АҚШ доллары болған, ал 1999 жылы 1, 6 есе өскен. Сыртқы займдарды атқару шығындарының жиынтығы 1998 жылы 1, 52 млрд. АҚШ доллары болған (1997 жылы 1, 9 млрд. АҚШ долларына жуық, ал 1995 жылы - 471 млн. АҚШ доллары болған) . Бұл шетелдік капи-талдың негізінен ресми көмек түрінде болып, ал оның республикалық бюджет арқылы бөлінуі және оның түтыну салаларының мұқтаждықтарын қаржыландыру мен бюджет тапшылығына багытталуымен түсіндірі-леді. Мұның өзі 90-жылдардың басында өнеркәсіптің едәуір құлдырауынан туында-ғандықтан бюджет тапшылығының зор көлемі әлі де сақталып отыр. Бұл күндері бюджет тапшылығын қаржыландыру сыртқы борыштардың негізгі арқауы болып отыр. Ал оның белгілі себебі импортты қаржылан-дырудың ұлғая түсуінде (мысалы, Ресейден
НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК КАЗАХСТАНА
Казахстан Республикасыныц инвестициялык, ахуалын қалыптастыру мәселелері Проблемы формирования инвестиционного климата Республики Казахстан
және Өзбекстаннан қуат көздерін импорт-тау) . Дегенмен, үкімет кепілдігімен алынған шетелдік инвестициялардың тартылуы тұты-ну мүктаждықтарын аткару үшін емес, экономиканың өндірістік және кәсіпкерлік салаларына арналғаны белгілі. Осыған байла-нысты Ресейдін бірқатар аймақтарының тәжірибелері, атап айтқанда Татарстанның, Коми Республикасының және кейбір қарато-пырақты орталық аудандарының шетелдік инвесторларға салық жеңілдігін беруі және арнайы мақсатқа бағытталған шетелдік инве-стицияларды аймақтық маңызы бар инвести-циялық жобаларды жүзеге асыру үшін жинақтаған тәжірибесіне көңіл бөлуге бола-ды. Дегенмен бүл саладағы жағдайдың бірқатар жақсара түскенін айтуға болады. Мысалы, шетелдік несиелер есебінен қаржы-ландырылып, республика үкіметінің кепілдігі берілген және республика бюджетінен ко-сымша қаржыландырылатын инвестициялык жобалар тізімінде мынадай обьектілер бар: Қарашығанақтағы кіші тоннаждык жанармай өндірісі қондырғысының қүрылысы, Өзен мүнай көздерінің жүмысын қалпына келтіру, Ақтау теніз сауда портын қайта кұру/ Павлодар қаласындағы «Химпром» акцио-нерлік қоғамының каустикалық сода мен хлор өндірісі зауыты, Семей каласындағы Ертіс өзеніндегі көпір күрылысы, Алматы қаласындағы балалардың Республикалық оңалту орталығы және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz