Несиенің формалары мен түрлері туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
1. Несиенің формалары мен түрлері 1
Банктің түрлері 7

1. Несиенің формалары мен түрлері

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері
сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.
Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен онын қолданылатын
түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және
банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы,
қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша
ажыратылады.
Коммерциялық несие - ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге
сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте
коммерциялық несиеде аударым векселі толтырылады. Коммерциялык несие
алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік ұдайы өндірістің қажетін
қамтамасыз етуден пайда болып, капиталистік несие жүйесінің негізін қалады.
Мысалы, кейбір объективті себептерге байланысты (тауар өндіру уақыты оны
сатып, ақша түсіру уақытымен сай келмейді, кейбір өндіріс жыл мезгілдеріне
байланысты ұйымдастырылып, онда өндірілген тауарларды сату да жыл
мезгілдеріне байланысты жүргізіледі) бір капиталист-өндіруші нарыққа
тауарын шығарғанда, екінші өндіруші-сатып алушыда қолма-қол ақша болмаған
жағдайда оған бірінші капиталист тауарын несиеге сатады. Коммерциялық несие
тауардың өндірістен тікелей тұтынушыға түсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп
тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама айналысын
жеделдетеді. Ол сонымен қатар кәсіпшілер мен сатушылардың да ақша қажетін
өтейді.
Дегенмен коммерциялық несиені қолдануда біраз шектеулер бар. Олар:
• бұл несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар қорының көлемімен
шектеледі;
• бұл несиенің көлемі ел экономикасының жағдайына байланысты
өзгереді, яғни дағдарыс кезінде капиталдын кері козғалысы бұзылып,
коммерциялық несиенің көлемі қысқарады;
• бұл несие тек бір бағытта қозғалыста жүреді: оны тек өндіріс
құрал-жабдыктарын шығаратын салалар оларды пайдаланатын салаларға береді,
керісінше болуы мүмкін емес. Мысалы, комбайн зауыты өз өнімін -комбайндарды
несиеге ауыл шаруашылығына сатуына болады, ал ауыл шаруашылығы комбайн
зауытына коммерциялық несие ретінде өз өнімін бере алмайды. Қорыта
айтқанда, коммерциялық несиенің банктік несиеден басты ерекшелігі - ол
тауар түрінде берілетін несие.
Банктік несие - ол банкте шоғырланған қаражат қорынан
клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие.
Коммерциялық несие мен банктік несиенің бір-бірінен бірсыпыра
айырмашылықтары бар.
Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде берілсе, ал банктік несие
ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен сатушылар
бір-біріне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшін береді. Банктік несие
өндірушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде беріледі.
Екіншіден, коммерциялық несие мен банктік несие бір-бірінен,
субъектілер, яғни несие келісіміне қатысушылар бойынша да ажыратылады.
Коммерциялық несиеде несие беруші ретінде де, қарыздар ретінде де кәсіпкер
жүреді. Банктік несиеде несие беруші - банк, ал қарыз алушы - кәсіпкер.
Үшіншіден, коммерциялық несиенің шектеулері банктік несие берумен
жойылады, себебі банктік несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек
тауар айналысына қызмет көрсетсе, банктік несие халықтың барлық топтарының
уақытша бос ақшасын шоғырландырып, оны капиталға айналдырады.
Төртіншіден, бұл екі несиенің динамикасы (өсуі) да біркелкі емес.
Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының дамуына және
төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Өнеркәсіптің дамуы
кезінде оған ұсыныс пен сұраныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді.
Дағдарыстың әсерінен тауарды өндіру мен сату қысқарып, ал қарызды төлеу
үшін банктік несиеге сұраныс көбейеді. Өндірістің жанданып көтерілуі
кезінде нақты капиталдың көлемі өсіп, өндірістік мақсатқа жұмсау үшін
банктік несиеге сұраныс ұлғаяды. Осыдан банктік несиенің екі жақтылығы
туындайды: қарыз алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өсіру үшін
пайдаланса, онда капитал қарызы, ал қарыз міндеттемелерін өтеу үшін төлем
құралы ретінде пайдаланса, онда ақша қарызы болады. Банктік несиенің шартты
түрде мұндай екіге бөлінуі қарыздардың алған несиені пайдалану мақсатына
байланысты болады. Егер қарыздар несиенің кепілдігіне тауар, вексель,
бағалы қағаздарды беріп алса, онда қарыздардың банктен ақша қарызын алғаны.
Егер қарыз алушы банктен ештеңемен қамтамасыз етілмеген несие алса, онда
қарыздардың капитал несиесін алғаны.
Банктік несиені экономиканың кез келген салалары пайдаланады:
өндірістің бір саласынан босаған ақша капиталы оның кез келген келесі
саласына берілуі мүмкін (мысалы, ауыл шаруашылығынан өнеркәсіп өндірісіне).
Несиенің негізгі екі формасының - коммерциялық және банктік несиелер -
әркайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, шаруашылықаралық, ипотекалық, мемлекеттік,
халықаралық және т.б.
Тұтыну несиесі - ол төлемін кейінге қалдырып тұтыну тауарларын несиеге
сату. Несие алушы - халық, ал несие беруші - әртүрлі өндіріс орындары,
фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі коммерциялық
несие формасында (яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге
қалдырып тауар сату) және банктік несие формасында (яғни тұтыну тауарларын
сатып алуға ақша беру - ұзақ қолданылатын тауарлар - жиһаз, жеңіл
машиналар, тоңазытқыштар, теледидарлар және т.б.) беріледі. Несиенің бұл
түрінде банк пен халық арасында делдал да болуы мүмкін. Мысалы, сауда
орындары халыққа белгілі бір сомаға тауарды несиеге сатады да, сол сома
келемінде банктен ақшалай несие алады. Тұтыну несиесі жас отбасыларына да,
(мысалы, егер жастары 30-дан аспаса және үйленгендеріне үш жыл өтпесе)
берілген. Мұндай несие кезінде Чехословакияда жоғары оқу орындарының
студенттеріне берілген.
Лизинг иесиесі - ол тауар түрінде берілетін несие. Лизинг деп
маманданған қаржы (лизинг) компаниясының делдалдық етуімен машиналарды,
құрал-жабдықтарды, жылжымайтын мүліктерді және негізгі капиталдың басқа да
элементтерін орташа немесе ұзақ мерзімге үшінші жаққа жалға беруді айтады.
Тауар өндірушіге немесе сатушыға лизинг компаниясы оның құнын төлеп,
мүлікті меншіктеу құқына ие болады. Лизинг бойынша жалға бір өндірістік
циклда жойылмайтын кез келген экономикалық дербес объектіні алуға болады.
Экспортты және импортты қаржыландыру тұтқасы болып табылатын халықаралық
лизингте келісімге қатысушы субъектілер әр түрлі елдерде болуы мүмкін.
Ауыл шаруашылық несиесі - ол ауыл шаруашылығындағы негізгі капитал мен
айналмалы капиталдың қызметін қамтамасыз ету үшін берілетін қарыз капиталы.
Ауыл шаруашылығындағы өндірістік негізгі капиталдың (қордың) қалыптасуына
және дамуына қозғалмайтын мүліктің кепілдігімен банк ұзақ уақытқа күрделі
қаржы несиесін береді. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік айналмалы капиталға
және уақытша қажеттілікке қысқа мерзімді несие қызмет етеді. Ол әдетте сол
жылғы астық өнімдерін сатқаннан кейін өтеледі.
Шаруашылықаралық несие - бұрынғы КСРО-да кең қолданылған несие түрі.
Ол - жоғары басшы органдардың (министрлік, бірлестік, трест) өздеріне
әкімшілік жолмен бағынатын кәсіпорындар мен мекемелерге қаржы көмегі
ретінде берілетін несие. Банктік несиемен салыстырғанда ол несиенің көлемі
және оны пайдаланатын шаруашылық органдар көп болмаған. Себебі
шаруашылықаралық несие мемлекеттің қаулысымен кездесіп қалған қаржы
қиындығын жою мақсатына, не болмаса өндіріс жоспарын өзгерткенде ғана
беріледі.
Шаруашылықаралық несиенің басқа несиелерден айырмашылығы: бұл несие
субъектілері, міндетті түрде, бір шаруашылық жүйесінде пайда болады; несие
тек ақша түрінде беріледі; қайтарылғанда несие үшін ақы (процент)
төленбейді; несие алғанда кепілдік берілмейді және белгілі бір мезгілде
өтеу туралы міндеттеме толтырылмайды. Кәсіпорынында қаржы қиындығы жойылған
соң жоғары органның үкімімен несие қайтарылып алынады.
Соңғы уақытта шаруашылықаралық несиенің тауарлы түрі дамуда. Мысалы,
күрделі механизмдер, станоктор және өндірісте қолданылатын техникалар
несиеге берілуде. Мұндай жағдайларда несие қатынастарының ауқымы ұлғаяды.
Несиеге, мысалы, техника берілсе, ал оны қайтару несие алушының өндірген
тауарымен өтелуі мүмкін.
Ипотекалық несие - ол жылжымайтын мүліктерді жерді, өндірістік және
тұрғын ғимараттарды, үйлерді, пәтерлерді кепілдікке алып ұзақ мерзімге
берілетін ақшалы несие. Мүліктердің кепілдікке алынғаны туралы ипотекалық
банк несие алушыға қарыздар куәлігін береді. Ипотекалық несиенің ақшалы
қоры, негізінен, банктер мен корпорациялардың ипотекалық облигациялар
шығарып, сатудан түскен қаржыдан құралады.
Мемлекеттік несие - ол мемлекет пен жергілікті үкімет органдарының
облигация сату арқылы жеке және заңды тұлғалардан несие алуы. Бұл несие
қатынастарының субъектілері: несие беруші - халық және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиенің формалары және түрлері
Экономикалық категория ретінде несиенің мәні және қажеттілігі
Толық құнды, толық құнсыз қағаз несиенің мәні мен қызметтері
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
Несие формалары және түрлері
Несиенің қажеттілігі және мәні
Несие туралы ұғым, оның пайда болуы
Жеке тұлғаларды несиелеудің мәні, формалары және жіктелуі
Несиенің ақшаларының қажеттілігі мен маңызы
Несие ақшалары: олардың негізгі түрлері және айналыс заңдылықтары
Пәндер