НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
КІРІСПЕ 1
§6. НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ 2
ТҮЙІН 11
Несие жүйесі 13
НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ 14
§1. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 14
§2. НЕСИЕЛІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ 19
§3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ЕМЕС ҚАРЖЫ ИНСТИТУТТАРЫ 26
§4. НЕСИЕЛІК ЖҮЙЕНІ ҚҰРУ ПРИНЦИПТЕРІ 30

КІРІСПЕ

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін
ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де oрасан зор маңызы бар екендігін
Республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз
жеткізе дәлелдеді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі
өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтиды.
Сондықтан бүгінге дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын
әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық
экономикадағы негізгі буыны — бұл кәсіпорын. Miнe, сондықтан да, бұл
деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуi тиіс. Бұған
жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда
ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғарғы өнімді техникалар мен технологияларды
қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорындарды өндірісті және
өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жеткізді. Сол
сияқты бизнес-жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару
жүйесі — менеджмент іске асырылады.
Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық
жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егер де ол нарық
талабын аса сауаттылықпен және компонттілікпен анықтайтын, сұраныс талабын
қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын және білікті
қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз
ете алатын болса.
Келешекте өндірісті жүргізуге маманданған экономистер үшін
кәсіпорынның экономикалық негізін терең білулері қажет-ақ. Осыған орай,
ұсынылып отырған Кәсіпорын экономикасы пәніне арналған оқу құралында
нарықтық экономиканың талабына сай өндірістің экономикасы, өндірістің
тиімділігін арттырудың жолдары және т.б. өндіріс процесінде орын алатын
басты мәселелер қамтылған.
Оқу құралы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың экономикасындағы барлық
проблемаларды жан-жақты қамтыды деп айта алмаймыз. Сондықтан, осымен
тереңірек танысқысы келетін студенттердің арнаулы әдебиеттерді қарауына
кеңес береміз.
118
Ақша, несие, банктер
лекеттік қазыналық міндеттемелерді сатып алушы несиелік операциялардың
ерекше формасы ретінде қарастыруға болады, онда қарыз алушы болып бағалы
қағаздардың эмитенті - Қаржы министрлігі, ал кредитор болып олардың сатып
алушылары табылады. Сондықтан МҚМ бойынша жылдық табыстылықты келесі
формула бойынша анықтауға болады:
Т = (НК∙ДБДБ) ∙ (365∙100Т), (5)
мұнда:
Т - жылдық табыстылық, %;
НҚ - МҚМ-нің номиналдық құны;
ДБ - МҚМ-нің дисконтталған бағасы;
Т- МҚМ-нің айналыс кезеңі, күндері.

§6. НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ

Нарық жағдайында банктердің ресурстық потенциалын өсіру мәселелері
және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бірінші дәрежелі маңызға ие. Несиелік
ресурстар халық шаруашылығының уақытша бос ресурстары мен жинақтары
(ақшалай және тауарлай формада) және банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін
арналған қаражаттарының жиынтығы.
Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы. Демек, біздің
көзқарасымыз бойынша, экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы,
несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай
қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады.
Коммерциялық банктер қарыз беру процесінде пайдалану үшін жинақтайтын
несиелік ресурстар келесі көздер есебінен құралады:
• депозиттер;
• банкаралық займдар;
• депозиттік емес көздер;
• коммерциялық банктердің меншікті қаражаттары. Несиелік ресурстардың
аталып кеткен көздерін ретімен қарастырайық.
Нарықтық экономикаға өту және банктік жүйені басқару құрылымындағы
және сызбасындағы өзгерістер несиелік ресурстардың құрамында және
көздерінде көрініс тапты. Несиелік ресурстардың құрамы біртекті емес.
Несиелік ресурстардың анағұрлым тұрақты бөлігі болып депозиттік қаражаттар
табылады, олар әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Депозиттердің салым
ретінде орналастырылуы мүмкін ең төменгі шегі деген ұғым жоқ. Теория
жүзінде ең жоғарғы шегі бар, өйткені банк Орталық банк анықтайтын өз
қаражаттары мен міндеттемелері арасындағы нормативтік арақатынасты сақтауға
міндеттенеді.
Депозиттер деп әдетте клиенттердің банкке белгілі бір талаптарының бар
екенін куәландыратын банктік шоттардағы жазулар немесе клиенттердің
банктердегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар формасындағы ақшалай
қаражаттары түсіндіріледі. Депозиттік операциялар негізінде банктердің
несиелік ресурстарының көп бөлігі құралады. Банктік депозиттер жүйесі
ағымдық салымдарды (қажет уақытында талап ететін салымдар), заңды және жеке
тұлғалардың мақсатты және мерзімдік салымдарын қамтиды.
Депозиттердің және депозиттік операциялардың дүниежүзілік стандарт
деңгейіне дейін дамуы Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға тән,
экономикалық жағдайлардың құрылуына қарай бірте-бірте жүретін болады.
Мұндай жағдайлар болып коммерциялық банктердің толық акционерленуі және
олардың қызметтерінің коммерциялануы, екі деңгейлік банктік жүйенің толық
мәнді қызмет етуі, салымшылардың мүдделерін қорғайтын құқықтық базаның
жасалуы, ақша айналымын және ақша массасын реттеудің және бақылаудың жаңа
әдістерін енгізу мен ең негізгісі - экономиканың нақты секторын жандандыру
болып табылады.
Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі:
алыну формалары, салымшылардың категориялары, мақсатты бағыты, және
табыстылық дәрежесі бойынша. Депозиттерді және депозиттік операцияларды
ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі шоттар формаларының көптігімен
ерекшеленеді. Депозиттік шоттар жүйесін құру үшін база ретінде шетелдік
коммерциялық банктердің тәжірибесі пайдаланылуы мүмкін.
Нарық жағдайында коммерциялық банктер қолданатын әр түрлі критерий
бойынша депозиттерді жіктеудің тәртібін келесі 1,2,3,4 сызбалардан көруге
болады.
Бірінші сызбада көрсетілгендей, депозиттер алыну формалары бойынша екі
топқа бөлінеді: қажет уақытында талап етілетін және мерзімді депозиттер.
Қажет уақытында талап ететін депозиттер шоттарда сақталынатын
қаражаттардың сипатына және тиістілігіне байланысты былайша бөлінеді:
кәсіпорындар және ұйымдардың, фирмалардың, компаниялардың, концерндердің
және басқа да заңды тұлғалардың есеп айырысу және ағымдық шоттарындағы
қаражаттар; экономикалық міндеті әр түрлі қорларды сақтау бойынша арнайы
шоттардағы қаражаттар; заңды тұлғалардың жекелеген шоттарындағы меншікті
қаражаттары; есеп айырысудағы қаражаттар; басқа банктермен есеп
айырысуларға байланысты корреспонденттік шоттағы несиелік қалдықтар;
шетелдік банк-корреспонденттер шоттарындағы қаражаттардың несиелік қалдығы.
1-сызба
Алыну формалары бойынша депозиттер

2-сызба
Салым иелерінің категориялары бойынша депозиттер

Қажет уақытында талап ететін депозиттердің ерекшеліктері мынада:
біріншіден, ақшаларды алу және салу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз
бөліктеп те, толығымен де жүзеге асырылады; екіншіден, ақшалар шоттан қолма-
қол формада да, чек арқылы да алынуы мүмкін; үшіншіден, шот иесі банкке
шотты пайдаланғаны үшін тұрақты айлық мөлшерлеме түрінде немесе әрбір
жазылған чек үшін комиссиялық алым төлейді; төртіншіден, банк қажет
уақытында талап етілетін депозиттер бойынша Орталық банкке мерзімді
депозиттерге қарағанда ең төменгі резервті жоғары сәйкестікте сақтауға
міндетті. Қажет уақытында талап етілетін депозиттердің негізгі артықшылығы
жоғары тиімділігі, оларды төлем қаражаттары ретінде тікелей пайдалану
мүмкіндігі болып табылады.
Мерзімді депозит анық белгілі бір мерзімі бар, ол бойынша тұрақты
пайыз төленеді және әдетте салымды мерзімінен бұрын алуға шек қойылады.
Мерзімді депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың, кәсіпорындардың және
ұйымдардың банктерде шоттарға алдын ала белгілі бір мерзімге, әдетте 1
айдан кем емес, орналастырған қаражаттарын білдіреді.
Мерзімді депозиттердің ерекшеліктері мыналар болып табылады:
біріншіден, шоттардағы қаражаттар есеп айырысуға арналмаған және оларға
чектер жазылмайды; екіншіден, шоттардағы қаражаттар жай айналады;
үшіншіден, мерзімді депозиттер бойынша пайыз төленеді (бұл кезде пайыздық
мөлшерлеменің ең жоғары деңгейі жекелеген кезеңдерде Орталық банк арқылы
реттелуі мүмкін); төртіншіден, мерзімді депозиттер үшін қажет уақытында
талап етілетін депозиттерге қарағанда міндетті резервтердің анағұрлым төлем
формасы белгіленеді.
3-сызба
Корпорациялардың, фирмалардың және басқа да коммерциялық ұйымдардың
депозиттері

Біздің банктік жүйеге қатысты мерзімді депозиттердің біршама көп
көрсететін формасы - бұл жеке тұлғалардың жинақ салымдары. Олардың
қаражаттары белгілі бір шектеулермен алынуы мүмкін (мысалы, алдын ала
хабарлап).
Қазіргі уақытта нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде
депозиттерді жіктеу екі жағдайды ескеруге негізделген:
1) депозиттің мерзімі, 2) салымшылардың категориясы. Аталып өткендей
депозиттердің мерзімі бойынша оларды потенциалда банктік ресурстар ретінде
пайдаланумен байланысты ерекшеліктері бар. Салымшылардың категорияларына
байланысты, әдетте, шоттардың келесі түрлері бөлінеді: жеке тұлғалардың,
корпорациялардың, акционерлік компаниялардың, орталық үкіметтің, жергілікті
үкімет органдарының, қаржылық мекемелердің, (2, 3, 4 сызбалар).

4-сызба
Жеке тұлғалардың депозиттері

Соңғы уақьггта депозиттердің кейбір категорияларының арасындағы анык
шекара жойылуда, депозиттердің әр түрлі түрлерінің қасиеттерін біріктіретін
гибридтік шоттар пайда болуда (мысалы, қажет уақытында талап ететін және
мерзімді салымдарды біріктіретін шоттар).
Банкаралық займдар - банктің ресурстық потенциалының тұрақтылығын
қолдау үшін ресурстарды қалыптастырудың маңызды көзі. Банкаралық несиелеу
банктің тиімділік тенденциясын қолдау мақсатында жүзеге асырылады және
негізінен қысқа мерзімді сипатта болады. Банкаралық займдар
корреспонденттік қатынастар шеңберінде жүреді және банк ресурстарының басқа
көздеріне қарағанда қымбат болады.
Банкаралық займдардың ерекшелігі мынада: біріншіден, банкаралық
ресурстар банкаралық ақша нарығынан тартылады, екіншіден, әдетте,
банкаралық несиелерді тарту клирингтік орталықтағы корреспонденток
шоттардың ақшалай қаражаттардың қалдықтары шегінде жүзеге асырылады.
Банкаралық ақша нарығында депозиттерді берудің және қайтарудың іс
жүзінде кез келген комбинациялы мерзімдерімен бірге жасайтын несиелік
мәмілелердің әр түрлі шарттары кең тараған. Осылайша ең қысқа мерзімді займ
болып "бір күндік қысқа ақшалар" деп аталатын немесе "овернайт" депозиті
болып (несиелік ресурстардың ертең қайтарылуы мен бүгін берілуі) табылады.
"Бір күндік ақшалар" ақша нарығында жоғары сұранысқа ие, сондықтан, бұл
займдар бойынша пайыздық мөлшерлеме (сыйақы) кейде анағұрлым ұзақ мерзімдік
несиелік ресурстар бойынша мөлшерлеме деңгейінен бірнеше есеге асып кетеді.
Банктердің нақтылы тартылған ресурстар шегінде жұмыс істеуі банкаралық
несиелеуде автоматизмды болдырмайды. Коммерциялық банктердің несиелік
ресурстарды тіпті бір күнге тартуының өзі сәйкес мәмілені жасауды және
талапқа сай рәсімдеуді талап етеді. Бұл жағдай - коммерциялық банктердің
жұмысын қауырт көрсетеді, оларды сағат сайын несиелік жұмсалымдарды қайта
қаржыландыру мәселелерімен, яғни коршоттарға уақытында "дем беріп" және
баланстың тиімді құрылымын қолдап отыру үшін нарықтан бос несиелік
ресурстарды іздеумен айналысуға мәжбүр етеді. Соңғысы, банктің
міндеттемелері бойынша төлейтін талаптардан ағымдық түсімдер есебінен дер
кезінде төлеуді қамтамасыз ететіндей арақатынастың сақталуын ұйғарады. Егер
ертең коммерциялық банктің клирингтік орталығындағы коршотында тапшылық
орын алатын болса, онда, тіпті мерзімі бүрсүгінде белгіленген ірі ақшалай
түсімдердің өзі және банктің банк операциясының есеп айырысу тиімділігінің
мүмкіндігі, оны қаражаттарды ертең деп белгілеген мерзімге тарта отырып,
мысалы, бүрсүгінде қайтару міндетінен босатпайды.
Банкаралық ақша нарығында бос несиелік қаражаттар жетіспеген жағдайда
коммерциялық банк Орталық банктен қысқа мерзімді несие ала алады, ол
банктік жүйеде соңғы инстанциялы кредитор қызметін орындайды және
коммерциялық банкке өтімдіктің уақытша дағдарысын жеңуде көмек көрсете
алады. Банкаралық несиелік ресурстардың екінші деңгейдегі банктер
арасындағы қозғалысы, айналымдағы ақша массасы көлемінің өзгеруіне
әкелмейді. Ол тек қатаң бақыланатын ақша массасы агрегаттарының MO, Ml, M2,
МЗ -арасындағы өзгерістерді тудырады. Өйткені, коммерциялық банктер
мәмілелерді тек таратылған несиелік ресурстар және Орталық банктің ақша
эмиссиясы негізінде ғана жасайды.
Коммерциялық банктер басқа кез келген заңды тұлға сияқты ресурстарды
бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар, депозиттік және жинақ
сертификаттарын шығару жолымен жинақтау құқығы бар. Бұл қаражаттар несиелік
ресурстардың депозиттік емес көздеріне жатады.
Банк қызметіндегі банктердің меншікті қаражаттарын басқа ресурстарымен
салыстырғанда мәнді ерекшеліктері бар. Қазіргі уақытта банктік мекемелер
меншікті қаражаттары және резервтері есебінен ресурстарга деген жалпы
қажеттіліктің 10 пайызынан кем емесін қамтиды, ал банктік емес қаржы-несие
институттарда бұл арақатынас 40-55%-ды құрайды. Банктердің меншікті
қаражаттарының мұндай ерекшелігі бірқатар жағдайлармен байланысты.
Біріншіден, банктер өздерінің қаржы нарығындағы делдалдық роліне байланысты
тұрғындардан, заңды тұлғалардан (фирмалардан, компаниялардан және
мемлекеттік мекемелерден) депозит түрінде бөгде ақша капиталын тартады;
екіншіден, салымдарды мемлекеттік қорғау жүйесі салымдарды жаппай алу
қаупін едәуір төмендетеді және банктерге өтімділікті қамтамасыз етуге
қажетті меншікті қаражаттардың бөлігін қысқартуға мүмкіндік береді;
үшіншіден, банктік активтер нарықта анағұрлым өтімді және тез өткізілетін
болғандықтан, бұл банктерге ақшалай ресурстарды біршама тез жинақтау
мүмкіндігін қамтамасыз етеді және осыған орай меншікті қаражаттарға деген
қажеттілікті төмендетеді.
Меншікті капиталды қалыптастыру коммерциялық банктер қызметінің
басталуы алдындағы міндетті саты болып табылады. Меншікті капитал - бұл
бәрінен бұрын қаржылық ресурстардың көзі. Ол құрылтайшылар банк қызметінің
бастапқы сатысында бірқатар бірінші кезекті шығындарды жүзеге асырған кезде
де қажет. Меншікті қаражаттар ұзақ мерзімді активтерге (ғимараттар,
құрылғылар) жұмсалуы мүмкін. Сонымен қатар, меншікті капитал құрамында:
резервтік қорлар, негізгі құралдар қоры, амортизациялар және банк ісін
дамыту қоры есепке алынады.
Ерекше несиелік ресурс болып эмиссиондық ресурс табылады. Оның
несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен
байланысты: тұрғындардың қолма-қол ақша түрінде алатын ақшалай табыстары
бірден жұмсалмайды, сондықтан банктің кассаларынан берілетін қолма-қол
ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерден бір жыл ішінде артық
болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында
мемлекетті несиелеуін білдіреді.
Үлестірілмеген пайда - бұл банктің қарамағында қалатын пайданың
жинақталған бөлігі. Жылдың аяғында банктің барлық нәтижелік шоттарының
сомалары пайдалар және зияндар шотына аударылады: бұл сомалардың бір бөлігі
пайдалар және зияндар шотына; екінші - төленетін дивидендтер шотына; үшінші
- салық төлеуге; келесі бөлігі - резервтік қорларға аударылады. Қалғаны -
үлестірілмеген пайда - банк несиелік ресурстар ретінде жұмсайтын қаражаттар
қорын білдіреді.

ТҮЙІН

1. Кез келген нарықтық шаруашылықта мәміленің екі түрі ажыратылады:
сатып алу-сату мәмілесі және қарыз мәмілесі. Айырбастың екі контрагентінің
жекелеген мәмілесі ретінде алынған сатып алу — сату мәмілесі олардың
арасында кездейсоқ, өткінші байланыс жасайды.
Қарыз мәмілесі, немесе қарыз, тауар айналысының ерекше формасы және
сатып алу-сату мәмілесіне қарама-қарсы қойыла отырып, сипатталуы мүмкін.
Қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылған.
2. Қарыз - мәміле формасы, ал несие экономикалық категория ретінде осы
мәміле негізінде пайда болатын және дамитын немесе онда көрініс табатын
өндірістік байланыстарды өрнектейді. Несие тауар айырбасы сатысында пайда
болады.
3. Қоғамның негізгі өндірістік байланыстарымен негізделген несиелік
қатынастар тауар айналысы сферасында пайда болады және тауар өндірісі
шарттарынан туындайды.
4. Несиенің қажеттілігі ұдайы өндіріс процесі фазаларының бірлігі мен
өзара әсерін қамтамасыз ететін тауар-ақша қатынастарының, құнның тауарлай
және ақшалай формаларының бар болуымен түсіндіріледі.
5. Әр түрлі халық шаруашылығы жүйелерінде кездесетін қарыз
мәмілелерінің типтерінің ресми ұқсастығы олардың бір атауына - несие
(сенім) бекітіледі, бірақ әр түрлі қоғамдық - экономикалық
формациялардағы несиелік қатынастар бір атауды сақтай отырып, әр түрлі
мазмұнға ие.
6. Экономикалық категория ретінде несиені қарыз мәмілесі негізінде
пайда болатын және дамитын өндірістік қатынас ретінде анықтау керек.
Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі өз бетінше
сипаттамайды, ал жүзеге асу формасы қарыз мәмілесі болып табылатын
өндірістік қатынастар сипаттайды.
7. Несиенің құрылымы оның субъектілері мен объектілері болады.
8. Несиенің объектісі қарызға берілген құн болып табылады.
9. Қарыз мәмілесінде қатынас субъектілері кредитор және қарыз алушы
ретінде көрінеді. Банктердің құрылуымен кредиторлардың жинақталуы қатар
жүреді. Банктер барлық басқа кредиторлардың өкілдеріне айналады. Қарыз
алушылар ретінде барлық заңды және жеке тұлғалар бола алады.
10. Қарыз мәмілесінде несиелік қатынас субъектілері (кредиторлар мен
қарыз алушылар) қалай өзгергенімен де несиенің формасы оның экономикалық
категория ретіндегі мазмұнын білдіреді.
11. Құнның тауарлай және ақшалай формасына сәйкес несиенің екі негізгі
формаларын қарастыру керек: коммерциялық және банктік. Егер коммерциялық
несие тауарлық формада берілетін болса, онда банктік несие ақшалай формада
беріледі. Банктік несие әмбебап болып табылады, өйткені банк арқылы
қайтарымдылық, төлемділік шарттарымен қайта бөлінетін ақшалай қаражаттар
экономиканың барлық салаларында қолданылады. Несиелік қатынастар
субъектілеріне және несиенің қызмет ету сферасына байланысты: мемлекеттік,
халықаралық және тұтыну несиелері болып ерекшелінеді.
12. Несиені жіктеудің негіздері төмендегідей: несиелеу мерзімдері,
несиелеу объектілері, несиені қамтамасыз ету формалары (кепіл, кепілдік
хат, кепілдік ету), қарыз алушылардың типі (белгілі бір салаға жататын),
несиелеу әдістері, несиелеу мақсаттары.
13. Несие келесідей қызметтерді орындайды: қайта бөлу және нақты
ақшаларды несиелік операциялардың алмастыруы.
14. Қарыз пайызы несие бағасының иррационалды формасында болады (несие
құнының ақшалай өрнегі). Ол қайта бөлу фазасында пайда болады.
15. Қарыз пайызы екі қызметті атқарады: бөлу және банктің несиелік
потенциалын өсіру. Төлеуші және сатушы арасындағы арақатынаста ол пайыздық
мөлшерлеме түрінде болады.
16. Қолдану сферасына және пайыздық мөлшерлеме деңгейін реттеу
тәсіліне байланысты ресми мөлшерлемелер ажыратылады - банкаралық, базалық,
нарықтық пайыздық мөлшерлемелер, ал пайыздық мөлшерлеме шамасына әсер етуші
факторларға байланысты — нақтылы және номиналды пайыздық мөлшерлемелер.
17. Коммерциялық банктердің несиелік ресурстары мынандай көздер
есебінен құралады: банктердің меншікті қаражаттары (нетто), мерзімді
депозиттер, банкаралық займдар, клиенттердің есеп айырысу және ағымдық
шоттарындағы қаражаттар, банктің үлестірілмеген пайдасы, корреспонденттік
шоттардағы қаражаттар, бағалы қағаздарды шығару және орналастыру.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Ұдайы өндірісте несиеге қандай орын беріледі?
2. Нарықтық экономикада несиенің мәні.
3. Нарықтық экономикада несиенің қажеттілігі неде?
4. Несиенің құрылымдық элементтері.
5. Несиенің басқа экономикалық категориялардан айырмашылығы.
6. Несиенің формалары.
7. Несие әр түрлі белгілері бойынша қалай бөлінеді?
8. Несиенің қызметтері қандай?
9. Қарыз пайызы деген не, оның экономикалық мәні?
10. Қарыз пайызының мөлшері неге байланысты?
V тарау

Несие жүйесі

1. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы ... ... ... ... 130
2. Несиелік мекемелердің түрлері ... ... ... 135
3. Қазақстан Республикасындағы банктік емес қаржы
институттары ... ... ... ... ...142
4. Несиелік жүйені құру принциптері ... ..151
5. Әлемдегі несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциясы ... ..155
130

НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ

Тарауда келесідей сұрақтар қарастырылады:
• Несиелік қатынастар мазмұны.
• Несиелік жүйе ұғымы.
• Несиелік жүйе құрылымы.
• Банк қызметінің түсінігі.
• Банк, оның мәртебесі.
• Банктердің сегменттелген және әмбебап құрылымы.
• Эмиссиялық (орталық) және эмиссиялық емес (коммерциялық) банктер.
• Инвестициялық, инновациялық, ипотекалық банктер.
• Мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.
• Несиелік жүйені құрудың негізгі қағидалары.
• Әлемдегі несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары.

§1. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол
арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар
мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың
жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын
капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру,
делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды
орындайды.
Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған
тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың
ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай
қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.
Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен
сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен
ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі
қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.
АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша, шаруашылықтың
өндірістік және өндірістік емес сферасын банк сферасының қамтуы, несиелік
мекемелердің көп түрлілігі мен көп тараптылығы жағынан, қаржы капиталы
талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқа да елдерін артқа қалдырады.
Американдық несие жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей
көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-қолсыз ақша
жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80-
жылдардың басында 60-65 трлн доллар[1] сомасында бағаланған.
Американдық шаруашылықта пайдаланылатын ақшалай капиталдың орта
есеппен 34 бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы
жұмылдырылған ақшалай қаражаттардың орташа жылдық саласы 1989 жылы 700 млрд
долларды[2] құраған.
Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар
туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы
төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі
субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың
мазмұнын анықтайды.
Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды
жинақтап, оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана
тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін
төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналымының аса ауқымды
ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында
экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар
мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді.
Несие жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі, заңды және жеке
тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасатын экономикалық
қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады.
Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субъектілері
үшін де, сондай-ақ несие жүйeciндегі мекемелері үшін де бірдей қажет.
Ақшаны несиелік мекемелерде сақтау - несиелік ресурстарды құруды білдірсе,
ал оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру - несие беруді
білдіреді.
Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі
мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер, әр түрлі елдердің
несиелік мекемелері арасында болуы мүмкін.
Жоғарыда түсіндіргеніміздей, несиелік қатынас негізінен ақшалай
формада несие экономикалық категориясының қызмет етуі барысында жүзеге
асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісі несие формасын
сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні және ұйымдастырылуын
синтездейді. Несиелік қатынастар формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте
болады. Несиелік қатынастар формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және
оның дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік
қатынастар мазмұны мен несие формасының өзгеруіне әкеледі.
Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі
коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бір-біріне қарыз беруі барысында, аталған несие формасында
ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субъект несие беруші тауар
несиесін алғанын куәландыратын вексельді, сондай-ақ салынған мүлік туралы
парақты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар
субъектілеріне - шаруашылық жүргізуші субъектісі және банк жатады. Несиелік
қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие
ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің
ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.
Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің
жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды.
Ал несие жүйесі тар мағынасында — бұл несиелік есеп айырысу
қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да
қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.
Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің
жиынтығын - несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық
формаларын ұйымдастыруы арқылы сииатталады. Несиелік қатынастарды
ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені
бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны
қалыптасады: банктік және мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.
Экономиканың әрбір экономикалық-тарихи даму кезеңіне несие-ақшалай
қызмет көрсетудегі қажеттіліктерге толық жауап беретін несиелік істі
ұйымдастыру типі, өзіндік несие жүйесінің құрылымы сәйкес келеді. Мысалы,
жоспарлы-орталықтандырылған КСРО экономикасында Мембанктің жетекшілігімен
ұйымдастырылған несие жүйесінің құрылымы қызмет етсе, нарық экономикасы
үшін монополиясыздандырылған банктік және банктік емес мекемелерден
құралатын несие жүйесі қажет.
Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егер де
несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін
негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін
бөліп қарастыруға болады:
• Орталық (эмиссиялық) банк;
• коммерциялық банктер;
• мамандандырылған несиелік мекемелер: (сақтандыру, жинақтық,
ипотекалық, сенімгерлік (трастовый) және т.б.). Функционалдық мамандануына,
шаруашылық буындарға несие-қаржылық қызмет көрсету көлемі мен санына сәйкес
банктік жүйе несие жүйесінің ядросы, ал несиелік институттардың қызметін
реттеуші бірегей орган - Орталық банк болып табылады.
Орталық банк - бірінші деңгейдегі мемлекеттік банк, сондай-ақ кез
келген елдің ол мемлекеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына
тәуелсіз эмиссиялық, ақша-несие институты болып табылады. Орталық банк -
бұл "банктердің банкі". Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар
жүргізбейді, оның клиенттеріне - коммерциялық банктер және басқадай
мекемелер, сондай-ақ үкімет ұйымдары жатады.
Банктік мекемелерге қатысты Орталық банк тікелей әрекет ету және
реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін атқарады. Несиелік жүйенің қалған
буынына Орталық банк несиелік және ақшалай операциялар, рыноктың әр турлі
секторлары, несие-қаржы қызметтерінің өзара байланыстарында байқалатын
жанама әрекет етеді.
Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әр түрлі секторларында
қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік
тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды.
Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі,
базалық буын ролін атқарады.
Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын
шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді.
Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НЕСИЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстары
Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарын қалыптастыру көздері
Несиенің түрлері және қызметтері
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары туралы
Қаржылық ресурстар
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын орналастыру тәжірибесін талдау ("АТФ" АҚ мысалында)
Шаруашылық есептің түрлері
Банктің қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны тиімді пайдалану
Табыс (пайда) және өндіріс рентабелділігі
Пәндер