Несие тәуекелі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Несие тәуекелі, немесе қарызды қайтармау тәуекелі - бұл несие шартының талаптары мен мерзіміне сәйкес қарыз алушының негізгі қарызды және оның пайызын төлемеу тәуекелі. Бұл тәуекел білдірілген сенімнің негізділігіне күдікпен байланысты болуы мүмкін, яғни, қарыз алушының жауапсыздығымен - оның әдейі банкротқа ұшырау әрекеттерімен немесе борышкердің міндеттерін орындаудан жалтарудағы басқа әрекеттерімен (соның ішінде заңды тәсілдермен, мысалы: шартта төлем мерзімі көрсетілмеген, тауарды жеткізуден кейін), сонымен қатар, қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліксіздігімен, яғни, қарыз алушының табыс алуға есебі ақталмағандықтан еріксіз банкрот болу қаупімен.

Еріксіз банкротқа ұшырау себептері болуы мүмкін:

- өндірістің төмендеуі және/немесе өнімнің белгілі түріне сұраныс;

  • қандай да бір шарттық қатынастар себептерімен орындалмауы;
  • ресурстар ауысуы (жиі уақыт бойынша) ;
  • форс-мажорлы жағдайлар.

Несиелеу тәуекелі берілген несие түріне тәуелді:

  • мерзімі бойынша несиелер қысқа, орта және ұзақмерзімді болады;
  • қамтамасыз ету түрлері бойынша - қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген;
  • дебитор түрі бойынша - өнеркәсіптік, жеке;
  • пайдалану бағыты бойынша - өнеркәсіптік, инвестициялық, айналым қаражатын құруға, маусымды, уақытша қиыншылықтарды жою, бағалы қағаздармен операцияларға және т. б. ;
  • мөлшері бойынша - майда, орта, ірі.

Тәуекелді азайтудың негізгі әдістері қарыз алушының қаржылық дәрежесі мен төлемқабілеттілігіне талдау жасау, сонымен қатар, кепіл немесе несие шартының талаптарын орындауға кепіл түрін алу.

Тәуекелдің сандық бағалауы және оны анықтау әдістері.

Зерттелетін Х шамасын бөлуден бастаймыз. Координата жүйесін абцисса 0 осінің нүктесі мен зерттелетін Х ож зерттелетін күтілетін шамасы беттескенше жылжытамыз (Х ож Х тең болуы міндетті емес) .

Алдымен Х> Х ож аясын талдаймыз. Х осін бөліктерге бөлеміз.

Кез келген күрделі көрсеткіште бір нақты көрсеткіш шамасымен (зерттелетін шамамен) қайтарып берудің дара шамасы ара қатынаста болмайды.

Мысалы, зерттелетін шама еңбек өнімділігі болып табылса, ал қайтарып беру - таза табыс. Еңбек өнімділігі бір шамасының таза пайданың түрлі шамалары сәйкес келуі мүмкін.

Мысалы, біз (қандайда бір тәсілмен) еңбек өнімділігі мен таза табыс арасындағы аналитикалық тәуелділікті орната алдық.

Белгіленген тәуелділікті Н =Н(Х) қайта беру функциясы деп атаймыз.

Қайта беру функциясының мәнін графиктегі бөліктердің орта нүктелерінде (күтілетін мәндерден оң жақта) Н(Х’ і ) белгілейміз.

Қайта беру шамасын Х зерттеу шамасынының Х і-1 і аясына тура түсу ықтималдылығын өлшейміз. Тығыздық функциясын анықтау бойынша бұл ықтималдық мәні тең

Алынған көбейтіндіні оң саласында қосамыз.

Қайта беру қосынды саны оң салада мүмкін ұтысты Н в сипаттайды.

Теріс саладағы ұқсас есептер мүмкін шығындарды Н П сипаттайды.

Жалпы түрде тәуекел коэффициенті келесі жолмен анықталуы мүмкін:

Сірә, оң салада жағдайдың басталу мүмкіндігі өссе, тәуекел азаяды (әрине, теріс сала есебінен, себебі, барлық қалыпты қисық сызықпен шектелген көлем, өзгеріссіз қалады) . Осылайша, егер оң салада қайта беру өссе немесе теріс салада шығындар азайса, аталған салалардағы қайта беру функциясының сипатымен анықталатын болса, тәуекел азаяды.

Қарастырылатын тәуекел коэффициентіның шамасы r 0 ден ∞ дейін өзгере алады. Н п =0 r=0 жағдайында, тәуекелдің жоқтығын білдіреді. Мұндай жағдай басталады, мысалы, барлық жағдайларда, шешім сенімділіктің сондай дәрежесімен қабылданса, Х ож көрсеткіш шамасын зерттелетін шаманың шындық саласының төменгі шегіне жатқыза қабылдайды.

Х ож төменгі шегіне қарай қозғалысында

Кері жағдайда, егер Х ож зерттелетін шаманың нақты саласында жоғары шекке жылжыса,

Осындай жолмен алынған тәуекел коэффициенті (оны теориялық деп атаймыз) тәуекелдің экономикалық мәнін білдіреді. Бірақ та оны пайдалану бірқатар жағдайлармен қиындатылған.

Қарастырылған тәуекел коэффициентінің кешіліктерінің бірі оның өзгеру шектері (0 ден ∞ дейін) болып табылады, ол нақты жағдайда шешім қабылдауды қиындатады. Оның көрнекілігі бірнеше варианттарын салыстыруда, не тәуекелдің өзгеру беталысын бағалауда нақты вариантының сипаты үшін көрінеді.

Бұл кемшілікті жою тәуекел коэффициентін нормалау жолымен іске асырылады, нәтижесінде оның шамасы соңғы шектерінде өзгереді (мысалы 0 ден 1 дейін) .

Тәуекел коэффициентінің басқа кемшілігі оның көмегімен субъективті факторларды есепке алудың мүмкінсіздігі болып табылады. Бір объективті жағдай, қызметтері түрлі “фонда” өтетін кәсіпкерлер үшін тәуекелдің бірдей емес дәрежесін білдіретіні белгілі.

Мысалы, 10 мың доллар сомасындағы мүмкін шығындар бір кәсіпкер үшін апатты болуы мүмкін, себебі оны толық кедейленуге әкеледі, ал басқалар үшін мұндай шығындар сезілмейді де. Бұл субъективті жағдайлар жоғарыда қарастырылған тәуекел коэффициенті арқылы есептелмеген.

Тәуекел коэффициентінің маңызды кемшіліктерінің бірі он анықтауда (есептеуде) қайта беру функциясын білу (орнату, ие болу) болып табылады - қатысты қайта беру мен зерттелетін (қарастырылатын) көрсеткіштер арасындағы мұқият есептелген стохастикалық тәуелділіктер.

Осындай тәуелділіктерді әртүрлі күрделі экономикалық көрсеткіштер үшін белгілеу - көп жағдайда міндет күрделі. Оны шешу кең көлемді (кейде қиын қол жететін немесе мүлде жоқ) ақпаратты, жеткілікті уақыт пен шығынды қажет етеді.

Сондықтан, қаралатын тәуекел коэффициенті ірі жобалар мен бағдарламаларды жоспарлау мен бағалауда пайдаланылады.

Жоғарыда аталған кемшіліктер, іс жүзінде бағалаудың түрлі критерийлері мен тәуекел деңгейінің көрсеткіштері шешілетін міндеттің және кәсіпкерлік қызмет саласының күрделілігіне тәуелді пайдалануға әкеліп соғады. Мұнда тәуекел деңгейінің сандық анықтауымен қатар, оны бағалау тәуекелдің “қолайлылығы” бойынша бірқатар деңгейдегі ұсыныстар болып табылатын түрлі шкалалар көмегімен толықтырылады.

Тәуекелді бағалауға кейбір амалдарын қарастырайық.

Кейбір жағдайларда, көбіне сақтандыру бизнесінде тәуекелді сандық бағалау ретінде тәуекел жағдайының басталуының ықтималдылығы қолданылады.

Тәуекелдің сандық бағалау тәсілінің неғұрлым кең тараған түрінің бірі келесі формуланы пайдалану болып табылады.

мұнда, Н П - шығын шамасы,

р - тәуекел жағдайының басталу ықтималдылығы.

Осылайша, тәуекел деңгейі күтілетін залалдың, сондай залал болуы ықтималдылығына көбейтіндісі ретінде анықталады.

Инвестициялық-қаржылық салада капитал салымы жобасында тәуекелдің сандық бағалауында критерий ретінде кеңінен екі көрсеткіш қолданылады:

  • барлық мүмкін нәтижелер үшін орташа өлшенген болып табылатын, мүмкін нәтиженің (қайта беру) (Х) күтілетін орта мәні, әрбір нәтиженің ықтималдылығы сәйкес мәндердің жиілігі немесе салмағы ретінде пайдаланылады.
  • Орта шаршылық ауытқу құбылмалылықтың мүмкін нәтижесінің өлшемі ретінде.

Қайта беру ретінде, мысалы, табыстар, пайда, дивидендтер және т. б. бола алады.

Жоғарыда аталған тәуекел коэффициентінің кемшіліктерінің бірі оның көмегімен субъективті факторларды есептеудің мүмкін еместігі. Мысалы, субъектінің мүмкін шығындар мен ұтыстарға ара қатысына қатынасы оның мүліктік жағдайына тәуелді. Сол себепті іс жүзінде мүмкін максималды шығынның (Н Пмах ) кәсіпкердің (фирманың) жеке қаржылық ресурстардың көлеміне (к) қатынасы ретінде анықтайтын тәуекел коэффициентін (r) пайдаланады.

Бұл коэффициенттің шамасы банкроттық тәуекелін анықтайды.

Көп жағдайда аталған тәуекелдің сандық бағалауы және оларды анықтау әдістері тәуекелдің жеке түрлерін бағалау үшін қолданылады.

Сонымен бірге, олар жоба тәуекелін бағалау үшін де пайдаланылуы мүмкін. Бұл әрбір тәуекел үшін сандық көрсеткіштер бар (анықталған) немесе процесінде жобан табысты іске асыру ықтималдылығы бағаланатын және (немесе) түрлі түрдегі орынсыз нәтиженің басталуы әсерінен болған мүмкін шығындар шамасы жоба тәуекелі бағалау үшін сараптамалық әдістер пайдаланылатын жағдайға қатысты.

Мысалы, егер жоба тәуекелдің әртүрлі түрлеріне ұшыраса және әр түр бойынша шығын шамасы туралы мәліметтер болса, онда банкроттықтың жалпыланған тәуекел коэффициенті мына формуламен анықталады:

Мұнда, N- есептелетін тәуекел түрлерінің саны;

Н Пмах і - тәуекелдің і түрі бойынша максималды мүмкін шығыны;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк тәуекелдері туралы
Банктік тәуекелдердің экономикалық құрылымы
Банктердің несиелік тәуекелін басқару
Екінші деңгейлі банктердің пайыздық тәуекелін басқару
Банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты банктік тәуекел түрлерін мәнін жәні жәктелімін қарастыра отырып, оларды қазіргі жағдайларға сай басқару әдістері
Банктердің ішкі тәуекелі
Шетел тәжірибесіне сүйене отырып, банктік тәуекелдерді басқаруды жетілдіру
Несиелік тәуекел факторлары
Несиелік тәуекелді басқару саясаты
Банктік тәуекелдерді басқару туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz