Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты: негізгі бағыттар мен қаржы нарығын реттеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің

ақша-кредит

саясатының

негізгі бағыттары

туралы

Коцырбаева Б. М.

КР¥Б-ніц Зерттеу жэне статистика департаментітц

экономикалык, зерттеулер баскармасы

бастыгыныц орынбасары

Конурбаева Б. М.

Қазіргі кезеңде қаржы секторы өз дамуының сапалы жаңа деңгейінде тұр және оның алдағы уақытта жемісті жұмыс істеуі үшін негіз құруға бағытталған реформалардың көпшілігі жүзеге асырылды. Казахстан царжы секторы-нъщ даму децгейі бойынша ТМД елде-~~~ ргнен бірнеше жылга озъщ келеді.

Үкімет пен Үлттык, Банк Казахстан Республикасы қаржы секторынъщ даму тцжырымдамасына сэйкес мынадай ке-зеңнің міндеттерін шешуге өтуді жузеге асырады: оныц барлык, сегменттерін халыцаралык, стандарттарга, атап айтқанда, Еуропалыц одақ стандарттарына сәйкес келтіру. Мацсаты экономиканыц нақты секторының қаржы ресурстарына қажеттіліктерін қанагаттан-дыратын жэне еркгн бэсеке жаідайла-рында царжы институттары сапалы цызмет көрсететін, тцрак, ты жэне ти-імді жумыс істейтін царжы жг/йесін цалыптастыру болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның банк жүйесі банк қызметінің негізгі халықаралық стандарттарына сай келеді және одан әрі нығая түсуде. Банктердің ресурстық базасы өсуде. Экономиканы долларсыздандыру процесі жалғасуда. 2003 жылы банктердің жиынтық активтері 46, 5 %-ке, ал халықтың банктердегі салымдары 33, 8 %-ке өсті.

Банктер үшін экономиканың нақты секторын кредиттеу операциялардың басым түрі болыи отыр. 2003 жылы банктердің экономикаға кредиттерінің жалпы көлемінің өсуі 45, 5% болды. Экономиканың оң дамуы экономикаға кредиттердің жалпы көлеміндегі орта және ұзақ мерзімді кредиттер үлесінің өсу үрдісінің жалғаса түсуі болып табылады. Теңгелік кредиттердің үлес салмағы өсті.

2003 жылдан бастап Қазақстанның барлық банктері қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша жұмыс істейді.

Қазақстанда толыққанды қаржы рыногы, дамыған жинақтаушы зейнетақы жүйесі және ТМД елдерінің ішінде едәуір озық төлем жүйелері жұмыс істейді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің активтері 37%-ке 368, 3 млрд, теңгеге дейін артты.

Қаржы рыногының құрамдас бөліктері тұрақты жұмыс істейтін банкаралық ақша рыногы, валюта рыногы, бағалы қағаздар рыногы, кредит және депозит рыноктары, сондай-ақ сақтандыру рыногы болып табылады.

2003 жылы АҚШ долларына қатынасы бойынша теңгенің нығаюы Қазақстан экспортерлерінің бәсекелік қабілетіне әсерін тигізген жоқ, өйткені ол еуро мен Ресей рубліне қатынасы бойынша теңгенің әлсіреуімен теңескен болатын.

Қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің зор карқынмен өсуіне ықпалын тигізді. Таза халықаралық резервтер ағымдағы жылдың басында 4 958, 9 млн. доллар болды. Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда, яғни Ұлттық қордың ақшасын қосқанда 8 565, 2 млн. долларды қүрады.

Биылғы жыл Ұлттық Банктің жаңа даму кезеңімен белгіленеді.

Осындай дамуға сапалы баға беру үшін тарихқа аздап тоқтала кеткенді жөн көрдік.

Ұлттық Банк 90-шы жылдардың басында өндіріске колдау көрсету мақсатында жеңілдікпен кредиттер беруді жүзеге асыруға мәжбүр болғаны белгілі. Сонымен бірге, дамымаған банк жүйесі жағдайында кредиттер алу үшін кәсіпорындардың Ұлттық Банкке тікелей өтініш жасауы орын алды. Үкіметке бюджет тапшылығының орнын жабу үшін кредиттер берілді. Осы функциялардың бәрі орталық банктің функцияларына сәйкес келмейтін еді.

Осындай жағдайларда Ұлттық Банк олардың рыноктық жағдайлармен үйлесуіне ықпал ету мақсатында банк жүйесін реформалауды жүргізе бастады. Сонымен қатар банктерді қайта қаржыландыру тетігін өзгерту бойынша қарқынды жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, кредиттік ресурстар кредиттік аукциондар арқылы орналастырыла бастады, директивалық кредиттер беру және бюджет тапшылыгын тікелей кредиттеу тоқтатылды. Екінші деңгейдегі банктер халықтың уақытша бос қаража-тын тарту есебінен кредиттік ресурстар қалыптастыра бастады және экономиканы кредиттеу функциясын өздеріне алды.

Осының бәрі Ұлттық Банктің орталық банктерге тән функцияларды атқара бастағанын білдіреді. Оның негізгі міндеті ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын, яғни инфляция қарқынының төмен болуын және тұрақты айырбас бағамын қамтамасыз ету болды.

Жақын уақытта банк секторының озық дамуы банктердің өз еншілес ұйымдары арқылы қаржы рыногының басқа сегменттеріндегі: бағалы қағаздар рыногындағы, сақтандыру рыногындағы, зейнетақы жүйесіндегі қызметті белсенді түрде игере бастауына алып келді. Нәтижесінде қаржы рыногының түрлі сегменттерінде бірдей операция жургізетін түрлі мамандықтағы бірлестіктер жиі пайда бола бастады. Бұл қаржы рыногының жекелеген сегменттерінің қызметін реттеуді түрлі қадағалау органдары жүзеге асырғандықтан банктер қызметін реттеуде белгілі бір қиындықтар туғызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің орны мен рөлі: ақша-кредит саясаты, реттеу және халықаралық ынтымақтастық
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құқықтық мәртебесі, міндеттері және ақша-кредит саясаты
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты: ақша айналымын басқару және құралдары (1994-1996)
Қазақстан Республикасының валюталық саясаты және Ұлттық Банктің ақша-несие мен қаржы нарығын реттеу стратегиялары (2004-2006 жылдар)
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты: теориялық негіздер, құралдар және 2007-2009 жылдардағы негізгі бағыттар
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің рөлі, құрылымы және ақша-несие саясаты
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: құрылымы, міндеттері, ақша-кредит саясаты және төлем жүйелері
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты: құрылымы, құралдары және реттеу механизмдері
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты: құралдары, реттеу механизмі және даму келешегі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі: құрылымы, міндеттері және ақша-кредит саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz