Шағын бизнестің бірқатар проблемалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Шағын бизнестің бірқатар проблемалары

Н. М. Спатаева

(Казахстан Республикасы Үлттык Банкініц Караганды

филиалы директорыныц міндетін атқарушы)

Н. М. Спатаева, -, (И. о. директора Карагандинского филиала Национального Банка Республики Казахстан)

1997 жылдыц маусымында «Шагын кәсіпкерлікті мемлекеттік к, олдау ту-ралы» Казахстан Республикасыныц За-цы шьодйннян кейін көп узамай біздіц өмірімізге «шаіын бизнес» угымы еніп, ол мемлекет экономикасына к, олдау көрсе-туде жэне оны цалъттастыруда аз роль аті^арган жок, .

Жыл сайын шағын кәсіпкерлікті дамытуға және қолдау көрсетуге арналған мемлекеттік бағдарлама жасалады, оны дамыту мәсе-лелеріне кәсіпкерлер тарапынан да, үкімет пен облыстық басшылар тарапынан да назар аудару әлсіреген жоқ.

Шағын кәсіпкерлік мәселесі, әрине, біздің облысты да айналып өткен жоқ, ол әрі түсінікті де. Казақстандық кәсіпкерлікті ел тәуелсіздігінің құрдасы десе де болады және осы бір салыстырмалы түрде алғанда аз ғана уақыт аралығында ол Қазақстан экономика-сының негізі болып, отандық тауар өндіру мен қызмет көрсетуді игеруде серпін берді, жаңа жұмыс орындарын ашты.

Қарағанды облысындағы шағын бизнестің дамуын мына сандарға қарап байқауға болады.

Статистикалық тізілім деректеріне Караганда 01. 02. 2002 жылғы жағдай бойынша Караганды облысында 7, 4 мың шағын бизнес кәсіпорны тіркелген, 2001 жылғы тиісті кезеңге оның өсімі 7, 6%-ті құраған.

Шағын кәсіпорындар ретінде жұмыс істей-тіндердің саны 50 адамнан аспайтын қаржы-лық емес корпорациялар секторына жататын заңды тұлғалар танылады. Оның ішінде шағын бизнес субъектілері ойын және шоу бизнес! қызметімен шұғылданатын кәсіп-орындарды қоспағанда серіктестік немесе

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОЛУ

шілде 2002

өндірістік кооператив нысанында тіркелген активтерінің жалпы құны орташа жылына 60 000 - еселік есептік көрсеткіштен аспайтын жеке кәсіпорындар болып табылады.

Тіркелген кәсіпорындардың жалпы саны-ның 81, 1% (6, 0 мың кәсіпорын) жұмыс істеп тұр.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішінен нақты экономикалық қызмет атқаратындары - 48% (2, 9 мың кәсіпорын), бұл алдыңғы айларға қарағанда 0, 1%-ке көп.

Жалпы алғанда, белсенді кызмет атқарып отырған кәсіпорындар санының негізгі үлес салмағы сауда, автомобильдер мен тұрмыстық тұтыну бұйымдарын жөндеу (53, 3%), жылжы-майтын мүлікпен операциялар, жалдау және кәсіпорындарға қызмет көрсету (11, 8%), өндіріс (10, 4%), құрылыс (10, 1%) саласына тиеді.

Ауыл шаруашылығы өндірісімен тек Караганды облысы бойынша Статистика басқарма-сына есеп ұсынатын кәсіпорындардың 2, 7% шұғылданады.

Аймақтық деңгейде жұмыс істейтіндердің жартысынан астамы Караганды қаласына -19, 4% мың адамнан, Теміртау қаласына - 5, 3 мың адамнан, Жезқазған қаласына - 2, 5 мың адамнан, Балқаш каласына - 1, 7 мың адамнан келеді.

Орташа алғанда бір шағын кәсіпорында 8 адам жұмыс істейді. Салалық бөлікте бір ауыл шаруашылық шағын кәсіпорынында 14 адам; тау-кен өнеркәсібі мен құрылыста -13 адам; өңдеуші өнеркәсіпте - 12 адам; саудада, автомобильдер мен тұрмыстық тұты-ну бұйымдарын жөндеуде - 5 адам, жылжы-майтын мүлікпен операциялар жасайтын, кәсіпорындарға жалдау және қызмет көр-сететін кәсіпорындарда - 7 адам жұмыс істейді.

2001 жылдың 4-тоқсанында піағын кәсіп-орынның бір қызметкерінің орташа жала-қысы 11 050 теңге болды және ол өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 18, 0%-ке өсті.

2001 жылдың төртінші тоқсанында 1 295 шағын кәсіпорын (қаржылык нәтижесі бар жалпы санынын 42, 9% және есеп беру-шілердің жалпы санының 29, 0%) 1 252, 6 млн. теңге сомада зиян шекті; 1 722 кәсіпорын (51, 7% және 38, 6%) 739, 5 млн. теңге сомасында кіріс алды.

Қарағанды облысындағы жеке кэсіп-керлерді ескере отырып шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны қазіргі уақытта 25 мың субъекті (жыл басында 22 мың субъекті) болып, өсім 13, 6 %-ті құрады.

Деректер экономиканың осы секторының біртіндеп дамуын көрсетеді: шағын кәсіп-керлік субъектілердің саны өсуде, шығаратын өнім көлемі ұлғайды, шағын бизнес субъек-тілерінен бюджетке түсетін түсімдер кіріс-

июль 2002

ЭКОНОМИЧЕСКОЕ ОБОЗРЕНИЕ

тердің жалпы сомасының 6%-інен астамын құрайды.

Караганды облысының ірі кәсіпорындары -«Қазақмыс» корпорациясы мен «Испат-Кар-мет» ААҚ-ын қоспағанда кәсіпкерліктің төленген салықтардың жалпы сомасындағы үлесі 11, 5% болды.

Шағын бизнеспен айналысатын халықтың саны өсуде. Есептік деректерге сай 01. 02. 2002 жы-лы шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыс істейтіндердің саны 36, 7 мың адамды құрай-ды, жеке кәсіпкерлікті қосқанда қазіргі уақытта халықтың 20% экономикалық бел-сенді бөлігі шағын бизнес құрылымында еңбек етуде.

Шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетуде көп жұмыс істелді.

«Қазақмыс» корпорациясы» ААҚ шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қоры, Теміртау қаласында бизнес-инкубатор құрыл-ды. «Бизнес-инкубатор» ҚМК-ның Сәтпаев қаласында, Осакаров ауданында, Жәйрем поселкесінде өкілдіктері, Караганды қаласын-да өндірістік аймақ ашылды, Саран қаласын-да өкілдік ашу жөнінде жұмыстар жүр-гізілуде. Облыс әкімшілігі жанындағы шагын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі комиссияның мәжілісі тұрақты түрде өтіп тұрады, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар арасында кәсіпкерлердің қүқықта-рын қорғау жөнінде тығыз байланыс орна-тылған.

Бұл мәселелерден Караганды облысының банк жүйесі де тыс тұрған жоқ. 2001 жылы банк жэне екінші деңгейдегі банктердің филиалдары шағын кәсіпкерлік субъек-тілеріне 6 820 млн. теңге, оның ішінде әйелдердің қатысуымен құрылған кәсіп-орындарға 1 004, 2 млн. тенге кредиттер берді.

Еуропа қайта құру және даму банкінің желісі бойынша шағын бизнес секторына 860 млн. теңгеге жуық қаржы жұмылды-рылды.

Қоғамдық қор жанында 2000 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан Караганды лизинг компаниясы жалпы сомасы 76, 4 млн. теңгеге бес кәсіпкерлік құрылыммен, оның ішінде 2001 жылы 22 млн. теңгеден астам сомаға лизинг шартын жасады.

Алайда, экономиканың осы маңызды секто-рының шешімін таппаған мәселелері же-терлік.

2001 жылы бөлінген бюджет қаражатының жеткіліксіздігі салдарынан шағын кәсіпкерлік жөніндегі жобаның тек бесінші бөлімін ғана қаржыландыру мүмкін болды. Сонымен бірге, жобаны жүзеге асыруға «Наурызбанк Казак-стан» ААҚ-ның Қарағанды филиалының жоба-ларды кредиттеу мәселелерін шешуде дер-бестігінің болмауы да эсер етті.

Осыған байланысты облыстық әкімат кәсіпкерлердің коғамдық бірлестіктеріне, қа-

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОЛУ

шілде 2002

лалық және аудандық әкімдерге шағын бизнеске қолдау көрсету және дамыту үшін орталық құру жөніндегі ұсыныспен хабарлас-ты.

Егер шағын кәсіпкерліктің салалық кұры-лымы тұрғысынан қарасақ, онда қомақты капиталды талап етпейтін өндірістік емес сала, ішінара сауда-саттық тартымды көрінуі шүбәсіз. Сондықтан да осындай кәсіп-орындардың саны олардың жалпы санының жартысын алып отырғанына таң қалуға болмайды.

Дегенмен, уақыт өз талабын алға тартады, оның үстіне Қарағанды облысының үлкен индустриалдық аудан болғаны белгілі, сөйтіп ол әлі де ірі өнеркәсіптік әлуетін сақтап, жалғастырып келеді. Облыстық импортайыр-бастау бағдарламасына 31 шағын және орта бизнес кәсіпорны кызу қатысуда.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің 2001 жылы импорт алмасу бағдарламасы бойынша жеткізілген өнімнің жалпы көле-міндегі үлес салмағы 8, 5% болды, олар жалпы сомасы 1, 7 млрд, теңге болатын импорт алмасу өнімдерін жеткізді - аяқ киім («Гулден» ЖШС, шұлық-нәски өнімі («Томи-рис» ЖШС, май өндірісі «Трек» ЖШС, резеңке өнімі - техникалық өндірісі «Сараньрезинотех-ника» ЖШС, кабель өнімінің өндірісі «Казцен-троэлектропровод» ЖШС) .

Алайда шағын кәсіпкерліктің дамуы басқа бірқатар объективті себептерге - ұсақ кәсіпкерлердің жеке қаражатының болмауына және кредит алудың қиындығына байланысты тежелуде, кепіл мүлкіне байланысты да мәселелер жоқ емес.

Облыста бірде бір кредиттік серіктестік жоқ.

Ауылдық жерлерде кәсіпкерліктің дамуы тіпті қиын. Шаруа қожалықтары екінші деңгейдегі банктердің кредиттік ресурстары-нан пайдалана алмайды.

Кәсіпкерлікке қолдау көрсету және дамыту коғамдық қоры ауылдық жердегі кәсіпкерлерге жалпы сомасы 75, 7 млн. теңге болатын 93 кредит бөлді, әйтсе де бұл ауылдық өндірісті көтеруге жеткіліксіз бо-лады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпорынның маңызы мен міндеттері
Қазақстан Республикасындағы халықаралық тәжірибесі және қалыптасу проблемалары
Шағын және орта бизнесті дамыту
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары жайында
Қазақстандағы кәсіпкерлік жайында мәліметтер
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту
Шағын бизнестің: мән – мазмұны, ерекшеліктері
Шағын бизнестiң дамуындағы әлемдiк тәжiрибе
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық негіздері
Кәсіпкерліктің негізгі формалары мен түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz