Швейцария банк жүйесінің ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Швейцария банк жүйесінің ерекшеліктері

Банктік құпия туралы швейцариялық ережелер банктерге азаматтардың
шоттары туралы кез-келген болмашы мәліметтерді басқа тұлғаларға (мейлі
Швейцария азаматы болсын, мейлі шет елдік болсын) жария етуге тиым салады.
Банктік құпияларды қорғаудың бұл режимі әлемдегі ең қатал ережелердің бірі
болып табылады, оның өзінің тарихи дәстүрлері бар. Сонымен қоса, банктік
салымдарды қорғау Швейцария заңнамасымен регламенттелген. Азаматтың шоттары
немесе өзі туралы мәліметтерді жария еткен банкирді бірнеше айға бас
бостандығынан да айыруы мүмкін.
Швейцария заңы салықтарды төлеуден жасырыну (салық декларациясында
табыстар немесе мүлік туралы мәліметтерді көрсетпеу) және салықтық
алаяқтық (жалған құжаттар жасау) ұғымдарын нақты бөліп көрсетеді. Тек
салықтық алаяқтық қана қылмыс деп саналады, және банктік құпияны ашып
тексеруге және халықаралық заң органдарын шақыру арқылы тергеу жұмыстарын
бастауға негіз бола алады. Салық төлеуден жасырыну бар болғаны әкімшілік
заң бұзушылық деп саналып, тіпті шет елдік үкіметтердің сұранысы бойынша
да банктік құпияны бұзуға жеткілікті негіз бола алмайды.
Швейцарияның қаржылық ортасы бірнеше механизмдердің көмегімен
азаматтардың салымдары туралы ақпараттарды құпия түрде сақтап отырады:
номерлік шот, салымдарды сақтауға арналған сейфтер және азаматтың өзінің
банктік операцияларын басқаруға мүмкіндік беретін сенімгерлік. Ескерте
кететін жағдай, Швейцария банктері шот иесі туралы толық мәліметтерді қажет
етеді. Жасырын атпен банктік немесе депозиттік шоттар ашуға Швейцарияда
тиым салынады.
Бір шетінен, банктік құпия қылмыстық жолмен келген ақшаларды қорғай
алмайды, яғни заңсыз жолмен табылған қаражаттарды шын қожайынанан немесе
пайда болу көзінен жасыру процесін қарастырмайды. Мұндай заңсыз әрекеттерді
болдырмауға бағытталған Еуропадағы ең қатаң заңдар осы Швейцарияда
қабылданған. Қылмыстық тергеу кезінде салымдардың және шоттардың
құпиялылығы өз күшінен айрылады. Әрине, Швейцария банктері қылмыстық
әрекеттермен байланысы бар адамдармен қарым-қатынасқа түспейді.

Швейцариядағы банктік салымдардың құпиялылығына
қандай кепілдік бар?

Швейцариядағы банктік құпия жүйесі банктерге клиенттердің шоттары
туралы кез-келген ақпаратты жария етуге тиым салатынын айтып кеткен
болатынбыз. Банктік құпия болып табылатын мәліметтерді жариялағаны үшін
банкті түрмеге жауып қоюы, айыппұлдар төлеуге мәжбүрлеуі немесе клиентке
келген шығынның орнын толтыруға мәжбүрлеуі мүмкін. Банктік құпия белгілі
бір уақытпен шектелмейді, ол клиенттің шоты жабылғаннан кейін де құпия
түрінде сақталып қалады.
Банктік құпия банктердің клиенттердің қаражаттарын сақтауға ала
отырып, ақпараттардың ешкімге және ешқашан жарияланбайтыны туралы
банктердің клиенттерге берген кепілдігі болып табылады. Маұндай міндеттеме
банктің барлық жұмысшыларына немесе банкпен қарым-қатынасқа түскен кез-
келген тұлғаға да қатысты. Банктік құпия құқығының бірден-бір шынайы, нағыз
иесі – бұл клиенттің өзі. Банктік құпия банкті емес, банктің клиенттерінің
мүдделерін қорғайды.
Швейцария заңнамасы банктік құпия ұғымының санатына жататын
мәселелерді тізбектеп көрсетпейді, бұл, өз кезегінде, клиенттердің
пайдасына қызмет етеді.
Банктік құпия шоттарды ашумен байланысты барлық қатынастарға, тіпті
бұл шоттар шын мәнінде ашылмаған болса да, мәліметтердің сақталуын
қамтамасыз етеді. Швейцария заңы азаматтарға банкпен қатынастары құпия
болуы қажет екендігіне орай құрылады.
Клиент банктің құпияның бенефициары болып табылады. Клиент – ақпаратты
жария етуге рұқсат бере алатын жалғыз тұлға болып табылады. Басқа ешбір
жағдайларда, егер заңмен нақты көрсетілмеген болса, банктер клиенттердің
құпиясының пердесін ашуға құқығы жоқ. Клиент – ақпараттың құпиялылық
деңгейін одан әрі қатаңдата түсуге құқығы бар бірден-бір тұлға. Тек
клиенттің тапсырысы бойынша ғана банк ақпаратты басқа тұлғаға бере алады,
ал өз кезегінде, оның бұл құпияны жария етегу құқығы жоқ.
Банктік құпия әр уақытта сақталуы тиіс, тіпті банкке клиент туралы
ақпарат не үшін соншалық құпия екені белгісіз немесе күмәнді болса да, ол
құпиялылық шартын міндетті түрде орындауы тиіс.
Ақпарат оның мазмұнына қарамастан құпия түрде сақталады. Құпиялылық
шоттың ашылуына, оған қаражаттардың түсуіне, шоттағы қалдықтарға, шот
иесінің аты-жөніне, номерлік шотына және басқа да жағдайларға қатысты.
Банктік құпия ешқандай уақыт шеңберімен шектелмейді. Егер клиент шотты
жабу туралы шешім қабылдаса да, банктік құпия сақталып қала береді. Сол
сияқты, банкир банктен жұмыстан шықса немесе зейнетке шықса, ол өзі білетін
ақпаратты өмірінің соңына дейін сақтауға міндетті.
Банктік құпияның күші банк пен клиенттер арасындағы тек іскерлік
қатынастарға ғана жүреді. Клиенттің бизнесіне қатысы жоқ, өзіңізден немесе
басқа да тұлғалардан алған қоғамдық ақпараттар банктік құпия санатына
жатқызылмайды.
Сонымен қатар, клиенттер Швейцария банк жүйесі туралы мынадай жалған
ойлардан арылуы тиіс:
Швейцария банктерінде шот ашуға тек миллионерлердің ғана қолы жетеді;
Швейцариялық банктердегі шоттарға пайыз қосылмайды;
Швейцария банктерінде пошта арқылы шот ашу мүмкін емес;
Швейцария банктеріндегі шоттарды қолданғаны үшін клиенттер өте үлкен
мөлшерде сыйақы төлейді;
Швейцария банктеріндегі шоттар тек қылмыскерлер мен диктаторлар үшін ғана
қажет;
номерлік шоттар жалған атпен ашылады.

Швейцарияда банктік құпияның қалыптасу тарихы

Швейцариялық банктік құпия салымдар туралы мәліметтердің құпиялылығына
кепілдік беріп келе жатқанына 300 жылдан астам уақыт өтті.
Женеваллық банкирлер Франция корольдерінің сарайындағы банкирлер
ретінде қызмет еткен, және ең бірінші банктік құпия туралы жазбаша
мәліметтер 1713 жылға сәйкес келеді. XVI Людовик тұсында швейцариялық
банкир Жак Некер тіпті қаржылық ведомстваның бас директоры болған.
1934 жылға дейін банктік құпия туралы ережелер Швейцарияның Азаматтық
және Еңбек кодекстерінде қарастырылып келген болатын. Содан кейін сот
органдары оларды нормативтік-құқықтық актілермен бекіткен болатын – банктік
құпияның бұзылуынан зардап шеккен клиенттер енді банктерден шығынның орнын
толтыруды талап етуге және өндіріп алуға құқылы болды.
1934 жылы қабылданған Банк қызметі туралы Федералдық заң банктік
құпияның қылмыстық-құқықтық ұғым екенін нақты көрсетеді. Осыдан бастап
банктік құпияны жария еткен банкирді бас бостандығынан айыру жазасы
қолданыла бастады, ал бұл, өз кезегінде, клиенттердің шоттары туралы
құпияны сақтау құқығын одан әрі қарай нығайта түсті.
Швейцарияның билік органдарын мұндай қадамдарға итермелеген екі себеп
бар:
ұлтшыл шпионаждың әрекеттері. 1931 жылғы күйзеліс шет елдік валюталарды
бақылаудың күшеюіне алып келді. Гитлердің қабылдаған заңына сәйкес
Германиядан тыс жерлерде капитал сақтаған кез-келген неміс өлім жазасына
кесілетін. Осының нәтижесінде Германия Гестапосы швейцариялық банктерге
шпионаж ұйымдастырған болатын. Алғашқы үш неміс клиенттерінің өлімінен
кейін Швейцария Үкіметі банктік операциялардың құпиялылығын күшейте түсу
туралы шешім қабылдады.
Франция тарапынан болған қысым. 1932 жылы Basler Handelsbank-тің үстінен
жүргізілген сот процесінің нәтижесінде 2 мыңнан астам франциялық
аристократтардың Швейцария банктерінде шоттары бар екені анықталды. Осыны
пайдаланған франциялық солақайлар Швейцария банктеріндегі франциялық
шоттарды тщетно бақылауға тырысқан Эррио үкіметінің қатаң бағдарламасына
сын таға бастады.
1984 жылы Швейцария халқының басым бөлігі (73%-дан астам дауыс)
банктік құпия режимінің сақталып қалуын жақтап дауыс берген болатын.

Банктік құпияның құқықтық алғы шарттары

Швейцариялық банктік құпия азаматтық құқықта (соның ішінде Банк
қызметі туралы Заңда да), сонымен қатар қылмыстық құқықта да бекітілген.
Демек, құпияны жария еткені үшін банкир екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Постиндустриялық кезеңдегі Швейцария экономикасының даму мәселелері
Депозит және депозиттік салымдарды кепілдендіру туралы түсінік
Халықаралық валюталық қор, оның құқықтық жағдайы
Дамыған мемлекеттердің орталық банктерінің функциялары
Депозит және депозиттік салымдарды кепілдендіру жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы жағдайын талдау
Банкаралық есеп айырысу
Қазақстан Республикасында зейнеткерлердің әлеуметтік мәселелерін реформалаудың теориялық негіздері
Халықаралық қаржылық-несиелік қаржы институттарының даму жағдайы
Евро валюта және евро несие нарығы пайда болуы мен ерекшеліктері
Пәндер