Ішкі пошталық ақша аударымдарын қабылдау


Ішкі пошталық ақша аударымдарын қабылдау.
Алдымен пошталық ақша аударымдарының түрлеріне тоқталсақ. . Пошталық ақша аударымдары Қазақстан Республикасының ішінде жіберу үшін қабылданатын - ішкі және Қазақстан Республикасынан тыс жіберу үшін қабылданатын - халықаралық болып бөлінеді. Ішкі пошталық ақша аударымдары жергілікті және басқа қалалық болып бөлінеді.
Бір қала, аудан орталығы немесе қала тұрпатты кенттің аумақ шегінде, ал ауылдық жерде - бір өндірістік объектімен қызмет көрсетілетін аумақ шегінде жіберілетін және төленетін ішкі пошталық ақша аударымдары жергілікті болып саналады.
Қаладан, аудан орталығынан немесе қала тұрпатты кенттің шегінен тыс, ал ауылдық жерде - бір өндірістік объектімен қызмет көрсетілетін аумақ шегінен тыс жіберілетін ішкі пошталық ақша аударымдары басқа қалалық болып саналады.
Халықаралық пошталық ақша аударымдары жіберу тәсіліне байланысты кәдімгі пошталық және электрондық болып бөлінеді. Халықаралық электрондық аударымдар ДПО (Дүниежүзілік пошта одағы) халықаралық қаржы жүйесі (ХҚЖ) арқылы жіберіледі.
Осылардың ішінде Қазақстан Республикасының ішінде жүретін пошталық ақша аударымдарына тоқталсақ.
Алдымен ішкі пошта ақша аударымдарын мекен-жайға жіберу. Оларды жіберу кезінде қолданылады:
- 114н. бланкісі - Қазақстан Республикасының ішінде жүретін пошталық ақша аударымы үшін оның ішіне үстеме төлемі аудару да кіреді.
- 103н. тізімі - 5 пошталық ақша аударымынан астам жөнелту кезінде жеке және заңды тұлғалармен толтырылатын тізім.
Қазақстан Республикасының шегінде партиямен почталық ақша
аударымдарын жіберетін заңды тұлғалар компьютерде, ақ қалың қағазда 114н. бланкісін жасай алады.
Жөнелтуші алушының мекен-жайын, почталық ақша аударымының сомасын және жөнелтушінің мекен-жайын көрсету арқылы тиісті нысандағы бланкіні толтырады.
Пошталық ақша аударымдарының бланкілеріндегі барлық адрестік деректер атаулары қысқартылмас және шартты әріп, цифр, белгілер қолданылмастан айқын және түсінікті түрде сиямен жазылады немесе компьютер арқылы басылады. Көрсетілген адрес пошталық ақша аударымдарын өңдеу, жіберу және табыс ету кезінде қосымша анықтамаларды іздестіру қажеттілігін толық шығаруға тиіс.
Адресті жазу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
- аты-жөні (жеке тұлғ үшін) немесе адресаттың (заңды тұлға үшін) атауы;
- көшенің аты, үй нөмірі, пәтер нөмірі;
- елді мекеннің атауы (қала, кент т. б. ) ;
- почта байланысы бөлімшесінің атауы немесе нөмірі;
- ауданның атауы;
- облыстың атауы;
- елдің атауы (халықаралық почталық ақша аударымдары үшін;
- почта индексі;
Почталық ақша аударымдары «Талап етілгенге дейін» немесе «Абонемент жәшігіне» адрестелуі мүмкін. Бұл жағдайда адерсаттың атауы, қоғамның құрылымдық бөлімшесінің атауы немесе почталық ақша аударымы төленетін өндірістік объектінің нөмірі көрсетіледі және «Талап етілгенге дейін» немесе «Абонмент жәшігі» деп жазылады. Егер посталық ақша аударымы адресаттың жұмыс орнына жіберілетін болса, онда оның лауазымы және тегі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы аумағының шегінде жіберілетін почталық ақша аударымдарын жөнелтуші мен алушының адрестері жөнелтушінің қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ресімделуге тиіс.
Жөнелтушінің кері мекен-жайы көрсетілмеген почталық ақша аударымдары қабылданбайды.
Жөнелтуші почталық ақша аударымын жөнелту кезінде қосымша ақыға келесі қызмет түрлерін пайдалана алады:
1) телефон арқылы алушыға хабарлау, бұл жағдайда жөнелтуші 114н. бланкіде почталық ақша аударымын алушының телефон нөмірін көрсетеді;
2) аударымды төлеу туралы хабарлама алуға, 119н. хабарлама бланкін толтырады.
3) почталық ақша аударымымен хабар жіберуге - «Жазбаша хабар үшін» бағанын толтырады.
Қоғамда ашылған шоттан почталық ақша аударымын жіберу кезінде де почталық ақша аударымының бланкін толтырады, бірақ, сомасын жазбаша жазғаннан кейін өз шотының нөмірін, жеке басып куәландыратын құжаттың деректерін көрсетеді және қол қояды.
Заңды тұлғалардың шотына жіберілген почталық ақша аударымдарының бланкілерінде алушының атауынан басқа оның есеп айырысу шоттарының нөмірі, салық тіркеу нөмірі (СТН) және осы шоттар ашылған банктердің мекемелердің атауы көрсетіледі.
Жеке тұлғалардың дербес шоттарына ақша аудару үшін банктердің мекен-жайларына жіберілетін почталық ақша аударымдарында «Қайда» жолында: почталық ақша аударымдарының жіберілген орны және банк филиалының нөмірі, ал «Кімге» жолында - алушының толық аты-жөні, оның дербес шотының нөмірі және СТН көрсетіледі.
Заңды тұлғалардың шотына және басқа банктерде ашылған жеке тұлғалардың дербес шоттарына жіберілетін почталық ақша аударымдары барлық деректемелері көрсетілмей қабылданбайды.
Почталық ақша аударымдарын қабылдау
Почталық ақша аударымдарын қабылдаудың жалпы тәртібі
Почталық ақша аударымдары қабылданылуы мүмкін:
- қолма-қол ақшаға - қолма-қол ақша алу үшін немесе алушының банк шотына аудару үшін;
- қолма -қол ақшасыз - қолма-қол ақшамен алу үшін немесе алушының банк шотына аудару үшін;
- Қоғамда ашылған жөнелтушінің шотынан қолма-қол ақшамен алу үшін немесе алушының банк шотына аудару үшін;
Почталық ақша аударымдарымен жіберуге қабылданатын ақшаның жалпы сомасы шектелмейді.
Қазақстан Республикасының ішінде жіберілетін бір почталық ақша аударымының шекті сомасы шектелмейді.
Қазақстан Республикасының ішінде ақпараттарды жіберудің бақылау мерзімдері:
1) автоматтандырылған өндірістік объектілерінің арасында - 3-5 банктік күн ішінде;
2) автоматтандырылған өндірістік объектілер арасында - 10 банктік күнге дейін.
Жөнелтуші почталық ақша аударымын ақша түсуі туралы телефон арқылы алушыны хабарлаумен, жазбаша хабармен және аударымды алушының алғаны туралы хабарламамен жібере алады.
Жұмыс күні басталмас бұрын Почта байланыс бөлімшесінің бастығы және бақылаушы тұлғалар жеке өздері міндетті:
1) 1н. түбіртек дәптеріне (егер ол бірінші рет берілсе) және 10н. тізіліміне бақылау-көшіру мөрінің бедерін қоюға;
2) компьютерге осы жұмыс орнында почталық ақша аударымдарын қабылдауды жүзеге асыратын жұмыскердің фамилиясын енгізу және ДК техникалық журналында осы ДК жұмыскер жұмысының басталуын көрсетіп жазба жазуға.
ДК почталық ақша аударымдарын қабылдайтын жұмыскерлер жұмыс басталмас бұрын операциялық күнделікті нығайтуға алынған қолма-қол ақша сомасын, конверттер мен открыткаларды және т. б. енгізеді, 1н. түбіртек дәптерінде пайдаланылмаған түбіртектердің бар болуын тексереді.
Күнделікті, 1н. дәптерге почталық ақша аударымдарын жазбас бұрын, күннің алғашқы түбіртек көшірмесіне ағымдағы күннің датасы бар ПМ бедері қойылады. Түбіртек көшірмесіне арналған келесі әр бетінің жоғарғы жағына айы және күні қолмен жазылады.
Почталық ақша аударымын қабылдаған кезде өндірістік объектінің жұмыскері:
1) жөнелтушіден почталық ақша аударымының жіберілетін орнын анықтауға, жөнелтушіні почталық ақша аударымын жіберу тарифтері туралы хабардар етуге;
2) почталық ақша аударымының тиісті бланкісін толтыруға ұсынуға;
3) жөнелтушіден почталық ақша аударымының толтырылған бланкісін ақшамен бірге алуға, Қоғамда ашылған шоттан ақша аудару кезінде-ақшаны шоттағы есептен шығару және почталық ақша аударымын ресімдеу үшін жеке басын куәландыратын құжатты және салымшының кітапшасын алуға;
4) егер почталық ақша аударымы Қоғамда ашылған шоттан жіберілетін болса, жөнелтуші шотының жағдайын тексеруге, почталық ақша аударымын толтырылған бланкісіне қойылған қолды жеке басын куәландыратын құжатқа қойылған қолдың үлгісімен салыстыруға және өз қолымен куәландыруға;
5) қабылданған ақшаны қайта санауға және жөнелтушіден жіберу үшін төлемін алуға міндетті.
Почталық ақша аударымын жіберуге байланысты қызметтердің төлем қолма-қол ақшамен және ақшасыз, оның ішінде Қоғамда ашылған жөнелтушінің жеке шотынан да төленеді.
Үзілді-кесілді тыйым салынады:
1) нысаны сәйкес келмейтін бланкілерде почталық ақша аударымдарын қабылдауға;
2) түзетуге, тазартып өшіруге және жазылған почталық ақша аударымының мәиінін қайталап бастыруға.
Алынғандығы туралы хабарламамен почталық ақша аударымдарын қабылдау
Почталық ақша аударымдарын жіберген кезде жөнелтуші оны алғандығы туралы хабарлама алуға құқылы. Хабарлама ақысы почталық ақша аударымдарын жіберген кезде алынады.
Почталық аударымдарды алу туралы хабарлама жай және тапсырысты болуы мүмкін.
Алуы туралы хабарламамен почталық ақша аударымдарын қабылдау және төлеу осы бөлімде баяндалған толықтыруларды ескере отырып, почталық ақша аударымы үшін белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Почталық ақша аударымдары 119н. алынғандығы туралы хабарлама бланкісімен қоса жіберіледі.
Хабарлама алғысы келген жөнелтуші өзінің атына немесе адресатқа почталық ақша аударымы төленгеннен кейін хабарлама жіберілуі тиісті адамның атына 119н. хабарлама бланкісін толтырады. Хабарламамен оң жағындағы жоғарғы бөлігінде оның жіберілу әдісі (жай, тапсырысты) көрсетіледі.
Жөнелтуші хабарламамен қайырма бетінде:
- почталық ақша аударымын;
- жіберген күнін;
- почталық ақша аударымы жіберілген мекен-жайды;
- алушының атауын көрсетеді.
Почталық ақша аударымын алынғандығы туралы хабарламамен қабылдаған кезде өндірістік объектінің жұмыскері міндетті:
1) 119н. балнкісінің оң және қайырма бетінде жазылған жазбаның дұрыстығын тексеруге;
2) аударымды қабылдау түбіртегінде «Хабарламамен деп және оның түрін атап көрсетуге;
3) хабарламамен қайырма бетіне түбіртек нөмірін қоюға;
4) почталық ақша аударымының бланкісінің оң жағында «Хабарламамен» деп және түрін атап көрсетуге;
5) төлемнің дұрыстығын тексеруге және хабараламадағы марканы почталық мөрқалыппен өшіруге.
119н. хабарлама бланкісі адресатқа ақша төлеу туралы хабар түсуін бақылау үшін жіберген орынның өндірістік объектісінде қалады. Егер почталық ақша аударымы алуы туралы хабарламамен автоматтандырылмаған өндірістік объектіде қабылданған болса, онда 119н. хабарлама бланкісі жолда жоғалып қалмауы үшін почталық ақша аударымының бланкісінің адрестік емес жағына тіркеледі және АПБТ Филиалға жіберіледі. Мұндай жағдайда 119н. хабарлама бланкісі АПТБ Филиалда қалдырылады.
Почталық ақша аударымы қабылданған орынд өндірістік объектінің жұмыскері автоматты режімде оның төленгендігі туралы ақпарат алғаннан кейін жөнелтуші толтырған 119н. бланкіні тауып алады. 119н. қайырма бетінде арнайы белгіленген орында кімге және қашан почталық ақша аударымы төленгендігі көрсетіледі және оны тексеру және қол қою үшін өндірістік объектінің басшысына береді, одан кейін хабарламаға ПМ бедері соғылады және почталық ақша аударымын жөнелтушіге жеткізіледі немесе әрі қарай жөнелтушіге табыс ету үшін автоматтандырылмаған өндірістік объектіге жіберіледі.
Автоматтандырылмаған өндірістік объектіде хабарламаның адрестік жағындағы оң жақ төменгі бұрышына оның түскен күні бар ПМ бедері қойылады. Жеткізуге берер алдында өндірістік объектінің басшысы хабарламаның дұрыс ресімделгендігін мұқият тексеруге тиіс. Ресімделген немесе дұрыс ресімделмеген хабарламалар бойынша дереу АПТБ Филиалға және хабарламаға енгізілетін қажетті деректерді нақтылау үшін сұрау салынады.
Жөнелтушілерге ресімделмеген немесе дұрыс ресімделмеген хабарламаларды табыс етуге үзілді кесілді тыйым салынады.
Почталық ақша аударымын төлеу туралы ақпарат алмаған жағдайда жіберілген орынның өндірістік объектісінде почталық ақша аударымын төлеу үшін қажетті мерзім өткеннен кейін сұрау салынады.
Жөнелтуші почталық ақша аударымын қабылдаған өндірістік объектіге хабарлама алмағандығы туралы арыз берген жағдайда өндірістік объекті почталық ақша аударымы жүретін бақылау мерзімдері өткеннен кейін, оның төлеу күнін тез анықтау және оның нәтижелері туралы арызданушыға хабарлау үшін шара қолдануға міндетті.
Почталық ақша аударымдарын 103н. тізім бойынша қабылдау
Заңды және жеке тұлғалармен, саны 5 данадан астам, бір немесе бірнеше мекен-жайларға тапсырылатын почталық ақша аударымдары 103н. тізім бойынша қабылдануға тиіс. Бір мезгілде бірнеше тізімдер бойынша тапсырылатын почталық ақша аударымдарының саны шектелмейді. 103н. тізімдер почталық ақша аударымдарын жөнелтушілермен 2 данада әзірленеді және өндірістік объектінің жұмыскеріне беріледі.
Жөнелтуші тізім бойынша почталық ақша аударымдарына байланысты ақпаратты Қоғамның тиісті БҚ арқылы енгізе алады және 103н. бірге бір мезгілде дискетада берілуі мүмкін. Бұл жағдайларда почталық ақша аударымдарының бланкілері халықаралық ақша аударымдарына ғана жұмсалады.
103н. тізім жіберушілермен осы Ережелерде белгіленген нысан бойынша әзірленеді және толтырылады.
103н. тізімде жазылған мәтінді түзету, тазартып өшіру және қайталап бастыруға жол берілмейді.
Заңды тұлғалармен жіберілетін почталық ақша аударымдарының жалпы сомасы 103н. тізімдерде цифрмен және жазбаша көрсетіледі, 103н. тізімдерге заңды тұлғалардың жауапты адамдары, сонымен қатар екінші тұлға қол қояды. 103н. тізімдер заңды тұлғаның мөр бедерімен куәландырылады.
Заңды тұлғалар почталық ақша аударымының сомасын, сонымен қатар оларды жіберу төлемін АПТБ Филиалдың шотына жібере алады. Сонымен почталық ақша аударымдарын қабылдау банк аталған сомаларды АПТБ Филиалдың шоттарына аударғаннан кейін жүргізіледі.
Өндірістік объектінің жұмыскері почталық ақша аударымдары бойынша төлем тапсырмасын есепке қабылдаған кезде тексереді:
- онда иесінің қойған қолының және мөр бедерінің бар екендігін;
- банктің тапсырманы орындау күнін;
- «Алушы» жолында аударым тапсырылатын өндірістік объектінің атауы көрсетілгендігін;
- «Төлемнің мақсаты» жолында аударылатын соманың мақсаты көрсетілуге тиіс. Почталық ақша аударымдары бойынша төлем тапсырмаларын қабылдайтын өндірістік объектілер АПТБ Филиалдардың басшыларымен анықталады.
Төлем тапсырмасындағы сома почталық ақша аударымдарындағы жалпы сомамен және 103н. тізімдерінде көрсетілген ақымен алшақтау болған, сонымен қатар төлем тапсырмасында және тізімдерде почталық ақша аударымдарын жөнелтушінің қолдары мен мөр бедері сәйкес келмеген жағдайда почтлық ақша аударымдары қабылданбайды.
103н. тізімдер бойынша почталық ақша аударымдарын партиямен және ақпарат жазылған дискетаны қабылдаған кезде өндірістік объектінің жұмыскері белгіленген талаптар орындауға басқа тексереді:
- 103н. тізімдердің дұрыс ресімделуін;
- 103н. тізімнің бірінші және екінші даналарындағы деректердің бірдейлігін;
- халықаралық почталық ақша аударымдарын тізімдегі жазбалармен атап-атап салыстырады;
- халықаралық почталық ақша аударымдарының сомасын әр почталық ақша аударымының жазбасына және төлемнің жалпы қорытындысына қарсы көрсетілген, жіберу ақысының сомасы бланкісінде көрсетілген сомамен тізімге сәйкестігін тексереді;
- 103н. тізімнің бірінші данасында және тізімде көрсетілген, почталық ақша аударымдарын төлеуге берілген тапсырмада почталық ақша аударымдарын жіберетін заңды тұлғаның қолдары мен мөр бедерлерінің бірдейлігін. Егер тапсырмада «Тізім бойынша» деп көрсетілсе, жөнелтуші жіберілетін почталық ақша аударымдарының санына қарамастан көрсетуге міндетті;
- 103н. тізім бойынша почталық ақша аударымдарының жиынтық сомасының нақты есептелген почталық ақша аударымдарының сомасымен немесе дискетада алынған ақпараттағы сомамен туралығын;
- жазбаша және цифрмен көрсетілген почталық ақша аударымдарының жалпы сомасының және тапсырма көшірмесінде жазылған сомамен бірдейлігін. Почталық ақша аударымдарын жіберу қолма-қол ақшамен төленуі немесе төлемі тапсырманың жалпы сомасына қосылуы мүмкін;
- дискетаға алынған ақпарат БҚ-ға жазылады. БҚ-ға енгізілген ақпараттың жалпы сомасының төлем тапсырмасында көрсетілген сомамен бірдейлігі тексеріледі;
- почталық ақша аударымдарын қабылдау жүзеге асырылады.
Бір заңды немесе жеке тұлғамен жөнелтілетін, бірнеше 103н.
Тізімдер бойынша бір мезгілде қабылданған почталық ақша аударымдарына бір жалпы немесе әр тізімге жеке түбіртек беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz