Құжат мәтінінің түрлері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Айту Н. Н.
ҚҰЖАТ МӘТІНІН ҚҰРАСТЫРУ МЕН РӘСІМДЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
«5B020500-Филология» мамандығы
Алматы, 2022
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
«Қорғауға жіберілді»
Қазақ тіл білімі кафедрасының
меңгерушісі, ф. ғ. д., профессор Салқынбай А. Б.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «ҚҰЖАТ МӘТІНІН ҚҰРАСТЫРУ МЕН РӘСІМДЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»
«5B020500-Филология» мамандығы
Орындаған 4-курс студентіН. Н. Айту
Ғылыми жетекші
ф. ғ. к., доцент К. Қ. Кұркебаев
Норма бақылаушы
Оқытушы Б. Каспихан
Алматы, 2022
Реферат
Зерттеу жұмыстың тақырыбы: Құжат мәтінін құрастыру мен рәсімдеудің ерекшеліктері
Дипломдық жұмыстың көлемі: 51
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Қазіргі қазақ тіліндегі іс қағаздар стиліне тән жиі қолданысқа түсетін синтаксистік құрылымдарды жүйелеп жіктеу, олардың құжат мәтінінің түрлеріне сай - синтаксистік, стилистикалық қызметін белгілеу. Құжат мәтініне анализ жасау. Белгілі бір құжат түрін алып, оған толық салыстырмалы-мазмұндық талдау жасау. Сондай-ақ, құжаттың жалпы қызметі, тарихы, қалыптасу кезеңіне тоқталып өту. Құжаттың өзіне тән белгілерін, оған қойылатын талаптарды, тілдік ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны: Құжат мәтіні, оның құрастырылу заңдылықтары мен рәсімдеу жолдары
Зерттеу жұмысының пәні: стилистика, іс қағаздар стилі
Зерттеу жұмысының нәтижелері:
- «Құжат» сөзіне түсінік берілді;
- Құжаттың тарихы, құжат мәтініне қойылатын талаптар мен ондағы тілдік бірліктер толық жазылды;
- Белгілі бір құжат түріне тоқталып, ондағы аударма мәселесі талқыланды;
- Келісімшарт құжат мәтініне мысал келтіріліп, автордың өзіндік нұсқасы берілді;
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1 ҚҰЖАТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК . . . 6
1. 1Құжаттың жалпы қызметі . . . 8
1. 2Құжаттың тарихы, қалыптасу кезеңі . . . 11
2 ҚҰЖАТ МӘТІНІНІҢ МАЗМҰНДЫҚ-ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖҮЙЕСІ . . . 15
2. 1 Құжат мәтіні туралы түсінік . . . 15
2. 2 Құжат мәтініне қойылатын талаптар . . . 15
2. 3 Құжат мәтінінің түрлері . . . 30
3 ҚҰЖАТ МӘТІНІН РӘСІМДЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 37
3. 1Келісімшарт туралы түсінік . . . 42
3. 2Келісімшарт құжат мәтініне салыстырмалы-лингвистикалық талдау . . . 43
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 49
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерінің бір тармағы іс қағаздар стилі. Іс қағаздар стиліне тән синтаксистік құрылымардың қолданылу қызметі және коммуникативтік мүмкіншіліктерінің қасиеттері әдеби тіліміздегі басқа функционалды стиль элементтерінен ерекшеленеді. Іс қағаздар стиліне тән негізгі функционалды қызмет, лексикалық сипат, грамматикалық қолданыс, ерекшелігі, синтаксистік құрылым және басқа стильдерде көріне бермейтін кейбір өзіне тән стильдік белгілердің болатындығын тілдік мысалдар негізінде анықталып, сипатталды. Өзіндік сыр-сипатқа мол сала - әр стильдің синтаксистік мүмкіншілігі. Іс қағаздар стилінің құрамында өзінің қасиеті мен қоғамдық белгілеріне байланысты әр түрлі морфологиялық және синтаксистік категорияларды кездестіруге болады. Іс қағаздар стилі сан алуан мақсаттары мен міндеттеріне байланысты және қоғамдық қызметіне сәйкес басқа стильдермен ерекшеленеді.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәтребесіне ие болу дәрежесінің негізгі көрсеткіші іс қағаздарына байланысты. Іс қағаздары Елбасының өкім-жарлықтарынан бастап қоғамның әр алуан саласын реттейтін құжаттар мен адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың қоғамдық қызметінен көрінеді. Іс қағаздарын сауатты толтыру қоғам үшін де, мемлекеттік тіл үшін де маңызды мәселе екені бүгінгі таңда баршаға мәлім. Шетелдерде іс қағаздарына, іс жүргізу жүйесіне байланысты миллиондаған қаражат бөлініп, құжаттардың әр саласына арналған кітаптар басылып шығады.
Тіл әрбір мемлекетте жүргізілетін іс қағаздарының, әдебиеттің, оқу-ағарту, тәрбие жұмыстарының, саясаттың, өнер-білімнің, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық салаларында қызмет атқарады. Соның ішінде, бүгінгі таңда біздің қоғамымызда ерекше назар құжаттардың шет тіліне аударылуы болып отыр (жеке басты куәландыратын қарапайым құжаттардан бастап келісімшарттар, заң шығарушылық құжаттар, нормативтік құқықтық актілер, дипломатиялық және әскери құжаттарға дейін) .
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақ тілі стилистикасының дамып, өркендеп, әрі қарай саралана түсуі үшін әрбір стиль тармақтарын тереңірек зерттепжәне оның айқындалмаған қыр-сырларын аша түсу керек. Әрбір функционалдық стильдің өзіндік лингвистикалық сипатын ашу, жиі қолданысқа түсетін құралдарын анықтау және негізгі ерекшеліктерін белгілеу болып табылады. Бұл тұрғыдан тек көркем әдебиет тілінен басқа стиль түрлері әлі де толық жан-жақты зерттелінбей отыр деуге болады.
Құжат тілінің нақты, тиянақты болуы, оның қоғамдық қатынастарды нәтижелі реттелуінің, толыққанды жүзеге асырылуының маңызды кепілдіктерінің бірі болып табылады. Сондықтан да, қазіргі таңда ұлт пен мемлекет мүддесін, адам құқықтарын қорғайтын заңдардың тілі де, осының аясында аударылған құжаттар да жоғары талаптарға сай болуы керек және халыққа ұғынықты тілмен жазылуы керек. Кез келген мекеме мен кəсіпорында құжаттардың, құжат айналымы жүйесін дұрыс ұйымдастырудың маңызы аса зор. Құжаттардың негізінде басқару шешімдері қабылданады, даулы мəселелер шешіледі. Қандай ұйымда болмасын, сауатты жасалып, заңды күшке ие болған құжат қана табысты жұмыстың кепілі болады. Бұлардың барлығы да Қазақстанның іс қағаздарын жүргізу саласында қолданылып жүрген заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерінде тиісінше көрініс тапқан. Іс қағаздарын жүргізудің негіздеріне арналып отырған бұл дипломдық жұмыс еліміздегі түрлі нысандағы кəсіпорындардың, іс қағаздарын жүргізумен айналысушы мамандардың қызмет барысында пайдалануына негіз болады деген ойдамын.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Бұл дипломдық жұмыс жеке құжаттарды мысал ретінде қолдана отырып, келісімшарт құжаттарын орыс тілінен қазақ тіліне аударудың ерекшеліктерін талдауға арналған. Дпломдық жұмыста аударма құжаттардың құрылымын талдау нәтижелері көрсетілген, аударманың ең көп қолданылатын өзгерістері, аударманың лексикалық-грамматикалық және стилистикалық ерекшеліктері қарастырылған. Алынған нәтижелер мен тұжырымдар негізінде іскери құжаттарды орыс тілінен қазақ тіліне аудару бойынша ұсыныстар жасалған. Құжат мәтініне анализ жасау. Белгілі бір құжат түрін алып, оған толық салыстырмалы-мазмұндық талдау жасау. Сондай-ақ, құжаттың жалпы қызметі, тарихы, қалыптасу кезеңіне тоқталып өту. Құжаттың өзіне тән белгілерін, оған қойылатын талаптарды, тілдік ерекшеліктерін анықтау. Орыс тілінен аударылған құжаттарға талдау жүргізу, өз нұсқамды ұсыну.
Зерттеудің жаңалығы : Іс қағаздарын жүргізу мекемелер мен кəсіпорынды құру сатысында-ақ басталып кетеді десе де болады. Ол болашақ ұйымның құрылтай құжаттарын дайындаудан бастап, оны мемлекеттік тіркеуден өткізу аралығын қамтиды. Белгілі-бір ұйым нақты тіркеуден өткеннен кейін заңды тұлға мəртебесіне ие болады. Міне, осы сəттен бастап ұйымда құжат айналымы жүйесін қалыптастыру қажеттігі туындайды. Көбінесе, шағын кəсіпорындарда іс қағаздарын жүргізумен айналысатын жеке құрылымдық бөлімше болмайды. Бұл функцияны, əдетте, хатшы-референт немесе кəсіпорын басшысының көмекшісі атқарады. Кейде ол кадр ісін де қоса алып жүреді. Мұның барлығының да кəсіпорындар мен ұйымдардың аяғынан тұрып кетуі үшін қолға алынып отырған қадамдар екендігінде сөз жоқ. Дегенмен, іс қағаздарын жүргізумен тұрақты айналысатын арнайы маманның не құрылымдық бөлімшенің болмауы құжаттамалық қамтамасыз ету саласының айтарлықтай нашарлауына алып келетінін жоққа шығара алмаймыз. Осындай ерекшеліктерді ескере келе, мен бұл дипломдық жұмысқа іс-қағаздарын жүргізу бойынша барынша қажет болар-ау деген маңызды ережелер мен нормалар түсіндірмелерін, жиі кездесетін құжаттардың үлгілерін топтастыруға тырыстым.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
Зерттеу нәтижесі бойынша төмендегідей тұжырымдар қорғауға ұсынылады:
- Құжат мәтіні туралы толықтай түсінік беріледі;
- Құжат мәтінін рәсімдеудің ерекшеліктері көрсетіледі;
- Келісімшарт құжат мәтініне мысал келтіріліп, салыстырмалы-лингвистикалық талдау жасалынады;
- Құжат мәтінін құрастырудың жолдары нақтыланады;
- Орыс тілінен аударылған құжаттардың тілі, бейнесі талданады;
Зерттеудің әдісі: Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі ретінде іс қағаздар саласындағы ресми құжаттардың тілдік материалдарына негізделген қазақ әдеби тілі негізіндегі іс қағаздар стилінің синтаксисі алынды. Ресми іс қағаздар шығармаларындағы синтаксистік құрылымдардың қолданылу ерекшеліктеріне синхрондық тұрғыдан талдау жасалынды. Зерттеуде жүйелеу, сипаттау, талдау және салыстыру әдістері негізге алынды.
Дипломдық құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.
1 ҚҰЖАТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
- Құжаттың жалпы қызметі
Құжат - объективті өмір шындығы мен адамның ой қызметіне қатысты ақпараттарды арнайы материалға кез келген тілде, кез келген тәсілмен бекіту құралы. Құжат қандай да бір зат туралы ақпаратты тіркеуге, беруге және сақтауға қызмет ететін іс-қағазы және ақпарат көзін қағаз, компьютер дискісі, фото және кинопленка арқылы материалдық тасымалдаушы.
«Құжат» ұғымына ғылымның әртүрлі саласы өз қырынан зерттеу жасаған. Бұл ғылымдардың әрқайсысы құжатқа анықтама беруде қандай өлшемдер (құжаттың мәні, нысаны, ақпаратты жазу мен дыбыстап бейнелеу тәсілі т. б. ) негіздеме ретінде алынғанына қарай өз тәсілдерін ұсынады.
«Құжат» атауы өзінің даму жолында семантикалық тұрғыдан айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. Латын сөзі «doceo» алғашында «үйретемін», «хабарлаймын» деген мағынаны берсе, кейіннен туындаған, сөздің тар мағынасында алатын болсақ «айғақ, дәлел», «куәлік» мағынасын беретін «documentum» түрі ғылыми және практикалық қызмет саласының көпшілігінде ұзақ уақыт пайдалануда тұрақтылыққа ие болған.
Орыс тілінде «документ», яғни «құжат» ұғымы XVII ғасырда пайда болды. І Петр оны «письменное свидетельство», демек, «жазбаша куәлік» ретінде аударып, сол арқылы құжаттың құқықтық мәнін белгіледі.
Құжат атауы «Шетелдік сөздердің түсіндірме сөздігінде» төмендегі мазмұнда түсіндіріледі.
1. Жазбаша куәлік, айғақ - мысалы, оның тарихи құжаттық сипаты бар.
2. Заң жүзінде белгіленген тәртіппен жасалып, заңды фактіні куәландыратын (туу, некеге тұру) немесе қандай да бір іске құқық беретін (диплом, өсиет) акт, сөздің кең мағынасында - заңды күші бар немесе қызметтік сипаттағы кез келген жазбаша акт.
3. Төлқұжат, жеке куәлік.
Сондай-ақ Л. П. Крысинаның шет тілдерден енген сөздердің түсіндірме сөздігінде қарастырылып отырған ұғымға мынандай анықтама беріледі.
1. Құжат - қандай да бір фактіні немесе бір нәрсеге қатысты құқықты растайтын іс қағазы.
2. Ұсынушы тұлғаны ресми куәландыратын нәрсе (төлқұжат және т. с. с. ) .
3. Қандай да бір жағдайды жазбаша куәландыру1.
Құжат ұғымының төңкеріске дейінгі Қазақстан жағдайына келетін болсақ, XIX ғасырдың алғашқы жартысында Бөкей хандығында іс қағаздарын жүргізетін кеңсе болғандығы мәлім. Жәңгір хан ұйымдастырған бұл арнайы кеңсенің екі бөлімшесі болған. Біріншісі ханның өз қол астындағы сұлтандармен, екіншісі - ресейлік шенеуніктермен қызметтік байланыстарын түркі-шағатай және орыс тілдерінде әзірленетін іс қағаздары арқылы жүргізіп отырды.
Құжат анықтамасының даму барысын талдай отырып, бұл терминді түсіндірудің негізгі үш тәсілін бөліп атауға болады. Біріншіден, құжат қандай да бір материалдық объект болып табылады, екіншіден, жай ғана материалдық объекті емес, сонымен қатар, ақпарат жеткізгіш, үшіншіден, әрі ол құжатталған ақпарат (яғни, қайта өңдеу және сақтау мақсатында материалдық негізге бекітілген қандай да бір әлеуметттік ақпарат. )
Осылайша, құжаттану тұрғысынан алғанда, құжат дегеніміз - мәтін, дыбыс жазу мен бейнелеу түріндегі ақпарат енгізілген материалдық объект болып саналады.
Құжаттың қоғамдық жалпы қызметі:
1) әлеуметтік - құжат әлеуметтік мәнге ие объект болып табылады, өйткені ол әлеуметтік қажеттіліктен туындаған әрі сол әлеуметтік жүйеде жүзеге асырылады;
2) ақпараттық - құжат ақпаратты жазып алу, сақтау және тарату құралы ретінде қызмет етеді;
3) тілдік коммуникативтік - құжат қоғамдық құрылымдар мен жеке адамдар арасында байланыс құралы ретінде жазбаша формада жүреді, ол жай хабарландырып қана қоймайды, сонымен бірге қоғамдық сананы шоғырландырып, бірыңғай пікір қалыптастыруға, ұжымдық реакция туғызуға, бүкіл қауымды жұмылдыруға ықпал етеді;
4) мәдени - құжат әлеумет тәжірибесі мен мәдени дәстүрлерді бекіту және оларды болашаққа қалдыру құралы ретінде қызмет етеді; [1, 538]
Құжаттың жекелеген арнайы қызметтері:
1) құқықтық - құжат қоғамдағы құқықтық нормалар мен құқықтық қарым-қатынастарды бекіту және өзгерту құралы ретінде қызмет етеді. Хабарланып отырған мәліметтерге, оқиғаларға баға беру арқылы құжат құқықтық сананың қалыптасуына, мінез-құлықтың әлеумет тарапынан қолдау тапқан үлгілерін әзірлеуге, моральдық-этикалық нормаларды игеруге ықпал етеді;
2) дәрістік - құжат жинақталған әлеуметтік тәжірибелерді ой елегінен өткізе отырып, бұл жөніндегі білім қазынасын ұрпақтан- ұрпаққа жеткізуге көмек береді, тұлғаның қалыптасу үдерісіне қатысады;
3) танымдық - құжат ой елегінен өткізіліп жазылған мәтін негізінде шындықтың неғұрлым ауқымды, абстрактілі, теориялық үлгісін жасауға мүмкіндік береді;
4) ұйымдық басқарушылық - құжат басқару құралы болып табылады. Қоғам мүшелерінің ұжымдық қызметін мейлінше тиімді ұйымдастыру мақсатына сәйкес жоспарлау, үйлестіру және реттеу ісіне көмектеседі;
5) лингвистикалық - құжат қоғамның, ондағы жекелеген ұйымдар мен құрылымдардың, дербес тұлғалардың өзара қарым-қатынасын құжаттық лингвистика аясында реттейді;
6) есептік - құжат өндірістік және шаруашылық қызметтің барлық кезеңдерінде атқарылған жұмыс процестерін сүзгіден өткізіп отыратындықтан, оның нәтижелерін есептеп шығаруға мүмкіндік береді.
7) эстетикалық - құжат өзінің материалдық негізі құрамына болмысты образды-көркем игеру нәтижелерін түсіру арқылы жинақтап қорытылған эстетикалық тәжірибелерді сақтайды және таратады 2 ;
Құжат ұғымының лингвистикалық қыры құжат тілі, ресми іс-қағаздар тілі ұғымдарымен орайлас қарастырылады.
Ұйымда құжаттарды түзу, қолжазбадан қайта басу, оқу, есепке алу, сұрыптау, сақтау, іздестіру, ақпараттарды ұқсату т. б. жөнінде қыруар жұмыстар атқарылады.
Ұйымның коммерциялық қызметі табысты жүргізілуі үшін ақпараттардың сақталу жағдайы ондағы мəліметтер құпиялылығы сенімді түрде қамтамасыз етілетіндей дəрежеде болуы шарт.
Терминдердің бірыңғайлығын бекітіп, басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесінің республикадағы даму бағытын көрсететін бірқатар анықтамаларды келтіріп өтейік.
Төменде беріліп отырған негізгі терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының «Іс қағаздарын жүргізу жəне мұрағат ісі. Терминдер мен анықтамалар» 1037-2001 Стандартына сəйкес, заңды тұлғалар қызметінде түзілетін құжаттаманың барлық түрлерінде, сондай-ақ іс қағаздарын жүргізу мен мұрағат ісі бойынша шығарылатын ғылыми-əдістемелік, нормативтік-əдістемелік, анықтамалық жəне оқулық əдебиеттерде бір ізбен қолданылуы міндетті. [8, 304]
Іс қағаздарын жүргізу мекемелер мен кəсіпорынды құру сатысында-ақ басталып кетеді десе де болады. Ол болашақ ұйымның құрылтай құжаттарын дайындаудан бастап, оны мемлекеттік тіркеуден өткізу аралығын қамтиды. Белгілі-бір ұйым нақты тіркеуден өткеннен кейін заңды тұлға мəртебесіне ие болады. Міне, осы сəттен бастап ұйымда құжат айналымы жүйесін қалыптастыру қажеттігі туындайды. Көбінесе, шағын кəсіпорындарда іс қағаздарын жүргізумен айналысатын жеке құрылымдық бөлімше болмайды. Бұл функцияны, əдетте, хатшы-референт немесе кəсіпорын басшысының көмекшісі атқарады. Кейде ол кадр ісін де қоса алып жүреді. Мұның барлығының да кəсіпорындар мен ұйымдардың аяғынан тұрып кетуі үшін қолға алынып отырған қадамдар екендігінде сөз жоқ. Дегенмен, іс қағаздарын жүргізумен тұрақты айналысатын арнайы маманның не құрылымдық бөлімшенің болмауы құжаттамалық қамтамасыз ету саласының айтарлықтай нашарлауына алып келетінін жоққа шығара алмаймыз. Осындай ерекшеліктерді ескере келе, мен бұл дипломдық жұмысқа іс қағаздарын жүргізу бойынша барынша қажет болар-ау деген маңызды ережелер мен нормалар түсіндірмелерін, жиі кездесетін құжаттардың үлгілерін топтастыруға тырыстым. Кітаптың елеулі бөлігі іс қағаздарын жүргізудің құқықтық негіздеріне, мекемелердегі, кəсіпорындардағы басшы мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынастарын ресімдеу мəселесіне арналған. Мекемеде құжат айналымын ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар берілді. Оқу-тəжірибелік құрал көптеген мемлекеттік жəне коммерциялық кəсіпорындардың нақты тəжірибелерін, авторлардың қызмет барысында жинаған тəжірибелері 10 мен пайымдауларын қорыту негізінде жазылды. Əсіресе, соңғы кездегі ақпараттық технологиялардың қол жеткізген жетістіктеріне орай электронды құжат айналымына, электрондық сандық қол қою арқылы құжаттарды ресімдеуге, ведомостволық электронды мұрағат ұйымдастыру мəселесіне ерекше көңіл бөлінді. Бұл орайда, көптеген компаниялар табысты пайдаланып жүрген бағдарламалық қамтамасыз етулерге де тиісінше тоқталдым. Ұйымдар мен кəсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің іс қағаздарын жүргізу міндетін атқару жүктелген мамандары, кəсіпорын басшылары, кадр бөлімінің қызметкерлері, жеке өз ісін ашқысы келетін жандар, сол секілді құжаттарды сауатты толтыру негіздерін меңгергісі келетін жалпы жұртшылық бұл кітаптан өз керегін қиналмай таба алады деп үміттенеміз. [2, 125]
Ресми іс қағаздары қазақ әдеби тілінің нормалану жүйесін байытатын бір стильдік сала болып саналады. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихын, даму кезеңдерін зерттеумен көптеген ғалымдарымыз айналысты. Олар: С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, І. Кеңесбаев, М. Балақаев, Р. Сыздықова, Ш. Сарыбаев, Ғ. Айдаров, А. Ибатов, Е. Жанпейісов, М. Томанов, Б. Әбілқасымов, С. Исаев т. б.
Тілді сан қырлы қоғамдық қатынастардың хатталған жазбалық нұсқасы болып табылатын іс қағаздарында қолдану оның ресмилік және бүкіл халықтық сипат алуына кең жол ашады. Ғылым-білім, көркем әдебиет және ақпарат стильдерінде, негізінен, тілдің танымдық табиғаты көрініс берсе, көпжақты сипатқа ие іс қағаздарында тіл әлеуметтік өмірге тән қажеттіліктердің бәрін қанағаттандыра аларлық, мүмкіндігі шексіз қолданыстық кеңістікке шығады. Өзінің қатынастық қызметін жүзеге асыруға кең тарапты мүмкіндік алып, тілдік айналыстың шеңберін кеңейтеді және тіл мен ой, тіл мен қоғам бірлігі орнығады.
- Құжаттың тарихы, қалыптасу кезеңі
І. Хан жарлықтары
ІІ. Кеңес үкіметі құрылған кезең
ІІІ. ҚР Тәуелсіздік алған кезең
І. Хан жарлықтарына хандар мен би, болыстардың жазған хаттары жатады. Олар:
1. «Жеті жарғы».
2. 1856 ж. Қарқаралы округіндегі Шаншар болысының жүзбасы Қазанғапов бидің өзіне алтын кенішінен кен өндірумен айналысуға рұқсат ету туралы Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфортқа өтініші.
3. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың қол астындағы адамдармен бірге Ресей бодандығына алуды сұрап, Анна Иоанновнаға жазған хаты (ХVIII ғ. ) .
4. 1716 жылғы 13 қыркүйек. Қайып хан елшілерінің қазақтардың Ресеймен тату тұру тілегі туралы мәлімдемесі (ХVIII ғ. ) .
5. 1718 жылғы 10 желтоқсан. Қайып ханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жіберу туралы өтініш жасап, император І Петрге жазған хаты (ХVIII ғ. ) .
«Жеті жарғы» туралы түсініктеме
Ғалымдардың айтуынша, бұл құжат Тәуке ханның тұсында 1684-1685 жылдары құрастырылған. «Жеті жарғы» - Төле, Қазыбек, Әйтеке сынды данагөй билердің қатысуымен жазылған көшпелі қазақтардың ел билеу заңы. Бұл заңдық құжатта жер дауы, жесір дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты үлкен мәселелер қаралады. «Жеті жарғы» кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бүлік шығару, денеге зақым келтіру, зорлау, әйелді алып қашу, тәңірге тіл тигізу, христиан дініне өту сияқты әрекеттерді жауапқа тартуды көздейді. Қылмыстық жауапқа тарту 13 жасқа толған кезден басталған. Қазақтың қылмыстық құқығы мақау, есі дұрыс емес адамдарды жауапқа тартпаған. Қазақ халқы «Жеті жарғыны» ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді.
Хан жарлықтары және хандар мен би, болыстардың жазған хаттары
1731 жылғы 2 қаңтар - . . . қараша. Хандар Әбілқайыр мен Сәмекенің, Нұралы сұлтанның, Бопай ханшаның, Қарақалпақ ханы мен старшындарының өздерінің Ресей бодандығын алғаны туралы императрица Аннаға жазған хатынан:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz