Қазақ отбасындағы қыз тәрбиесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы

«Петропавл қаласының білім бөлімі» ММ

Қазақ мектеп-гимназиясы

Бектурова Дария Булатовна

10 «Ә»- сынып

Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі

Бағыты: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»

Секция: Этномәдениеттану

Ғылыми жетекші: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сураганова Айнагүл Қанатқызы

Ғылыми кеңесші: Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ

«Қазақ филологиясы» кафедрасының

аға оқытушысы, ғылым магистрі Жазира Көкбас

Петропавл, 2018 жыл

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

І БӨЛІМ. ҚЫЗ ТӘРБИЕСІНДЕГІ БАСТЫ БЕЛГІЛЕР

1. 1 Қазақ отбасындағы қыз тәрбиесі . . . 5

1. 2 Қыз бала бойына дарыту керек қасиеттер . . . 7

ІІ БӨЛІМ. ҚЫЗ БАЛАҒА ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

2. 1 Ұлттық салт-дәстүрлер арқылы қыздарға тәрбие берудің ерекшеліктері . . . 9

2. 2 Көркем шығарма арқылы қызға тәрбие берудің рөлі . . . 13

ІІІ БӨЛІМ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚЫЗ ТӘРБИЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

3. 1 Оқушыларға қыз тәрбиесі бойынша тәрбиелік-эксперимент жұмыстары . . . 20

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Аңдатпа

Ғылыми жоба жұмысының тақырыбы: «Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі» деп аталады. Ғылыми жоба жұмысы кіріспе, тарау, әрбір тарау 2 тараушадан қорытынды бөлімнен тұрады. Соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

Ғылыми жоба жұмысының І тарауы қыз тәрбиесіндегі басты белгілері деп аталып, бүгінгі қазақ отбасындағы қыз тәрбиесі қарастырылған. Жалпы, қазақ халқының о бастан қыз тәрбиесіне ерекше мән беруі, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, ата-ананың қыз тәрбиелеудегі мәселелері анықталады. Қыз баланың бойында болатын жақсы қасиеттері жайлы айтылады.

ІІ тарауы қыз балаға тәрбие берудің әдіс-тәсілдері деп аталып, ұлттық салт-дәстүрлері арқылы қыздарға тәрбие беруге болатыны айқындалады. Көркем шығарма арқылы қыз балаларға тәрбие берудің жолдары баяндалады.

ІІІ тарауы қазіргі кездегі қыз тәрбиесінің ерекшеліктері деп аталады. Оқушыларға қыз тәрбиелеудің басты мәселелері бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмыстары талданып, көрсетілген.

Қорытынды бөлімінде зерттеу тақырыбы бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар берілген.

Абстракт

Тема исследовательской работы: “Воспитание девочек - воспитание нации”. Работа состоит из введения, глав и разделов. В конце работы дан список используемой литературы.

В первой главе рассказывается о главных критериях в воспитании девочек и предусматривает воспитание девочек в современной казахской семье.

Казахский народ особое внимание уделял воспитанию девочек, прививая любовь к национальным ценностям. И в этом огромная роль ложится на плечи родителей. Рассказывается о хороших качаствах девочек.

Второй раздел называется “Методы и примеры воспитания девочек”. Через традиции определяется воспитание девочек. В главе также рассматривается влияние художественной литературы на воспитание девочек.

Третий раздел называется “Особенности воспитание девочек в современном мире”. По основным проблемам воспитания девочек проводились исследовательские работы в текстах.

А в заключительной части исследовательской работы были проведены итоги о воспитании ребёнка и были предложены рекомендации.

Кіріспе

Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі -тәрбие. Ата-ананың міндеті -жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ келіншектерінің бойында ізеттілік, ар - ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе - көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші - ол анасы. «Қызға - қырық үйден тию» - деген мақал - ауыл болып, ағайын болып қызға ақыл айту, өсиет айту, өнеге көрсету деген сөз. Олай болса қыз тәрбиесі тек әке мен шешенің ғана емес, ағайын - туыстың, бүкіл ауылдық қоғамның мәселесі болуы тиіс.

Зерттеудің өзектілігі: Қыз - бүкіл ұлттың айнасы. Сондықтан да, қыз тәрбиесі арқылы, оның қалай сөйлеп, өзін қалай ұстауы арқылы бүкіл ел болмысы көрінеді. Яғни, қыз тәрбиесіде барша халық тәрбиесі көрініс табады. Қазақ отбасындағы қыз тәрбиесін зерттей отыра, қазіргі кездегі тәрбиеге көңіл бөліп, қыз тәрбиесіндегі басты белгілер мен қағидаларды анықтау өзекті мәселе болып отыр.

Ғылыми жоба жазу барысында көздеген мәселелердің бірі ұлттық тәрбиенің маңызы мен көркем шығарма арқылы қыздарды тәрбиелеудің рөлі.

Зерттеудің мақсаты: қазіргі қыз балаларға ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіре отырып, сапалы білім беру; көркем шығармаларды оқыту арқылы қыздарды тәрбиелеу.

Зерттеу міндеттері:

- қыз бала бойында болу керек қасиеттерді саралап көрсету;

- қыз баланы салт-дәстүрлер аясында тәрбиелей отырып, ұлттық тәрбие беру;

- өткен замандағы қыз тәрбиесі мен қазіргі кездегі қыз тәрбиесін салыстырып, айырмашылығын анықтау.

Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттер кіреді. Тарихқа көз жүгіртсек, Айман, Құртқа, Назым сияқты қыздарымыз, Домалақ ана, Айша Бибі сияқты аналарымыз нағыз қазақ әйелдерінің үлгісі болды. Аналарымыз «баланы жастан» деп, бала тәрбиесін құрсақтан бастаған. Ұлжан ана данышпан Абайды ғұсыл-дәретсіз емізбегені -адамзаттың баласын тәрбиелегені болып табылады. Қазіргі қазақ қыздарының жүріс-тұрысы, өз бойын күтуі, киім киісі, үлкен-кішіге ұшырамы мүлдем өзгеше. Жастар тәрбиесінде «ұзын арқан, кең тұсауға» түсіп кеткені айдан анық. Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт - қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Отбасы қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы - әйел адам. Сондықтан да бүгін жалпы берілетін тәрбиенің ішінен

3

қыз бала тәрбиесіне байланысты тұстарын бөліп алғандығы негізгі мақсатым:

адамгершілігі мол, әдепті, инабатты, сыпайы қыздарымызды тәрбиелеп шығару. Бұл бағыттағы жұмыстардың көпшілігі ата аналармен қоян-қолтық араласуды тікелей қажет етеді.

Зерттеу нысаны: қыз балаға дұрыс тәрбие берудің маңызы.

Зерттеу жаңалығы мен дербестік мәні: өткен заманымыз бен бүгінгі күнгі қыздар мен олардың тәрбиесін салыстыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: қазіргі таңда қыз бала тәрбиесінің қандай деңгейде екенін қарастыру.

Зерттеу әдістері: зерттеу, салыстыру, жинақтау, сұхбат, сауалнама, қорытындылау.

Практикалық маңызы: ғылыми жұмыс арқылы қыз бала тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайтының айтып, тәрбие беруге көмектесу, отбасылық тәрбиені насихаттау.

Күтілетін нәтиже: біздер халықтың төл ерекшеліктерін терең меңгеріп, оларды жас ұрпақ тәрбиесінде алатын рөлін айқындап алуымыз керек. Ертеңгі болашағымыз - өскелең ұрпаққа сол тұрғыда білім мен тәрбие беруіміз қажет-ақ. Ұлттық тәрбиенің қыз тәрбиесіндегі әсерін анықтау. Көркем шығармалардың қыз тәрбиесіне әсер етуін аңықтап көрсету. Қыз бала тәрбиесіне аса назар аудартуымыз керек.

4

І БӨЛІМ. ҚЫЗ ТӘРБИЕСІНДЕГІ БАСТЫ БЕЛГІЛЕР

1. 1 Қазақ отбасындағы қыз тәрбиесі

Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Ана - адамды өмірге әкеледі, өзінің ақ сүтімен алғашқы тәрбиесін береді, адамды адам етіп тәрбиелейді, аяғынан тұрғызып, азамат етіп өсіреді. Сондықтан да ертеңгі ананы тәрбиелеу - баршамыздың төл міндетіміз. Қыз тәрбиесінен ешкім де қалыс қалмауы керек. Қыздың теріс қылығына оның ата-анасы, туыстары, ауылдастары ғана емес, кез келген адам тиым сала алады. «Қызға қырық үйден тиым, тіпті құлдан да тиым» деген сөзде қаншама философиялық ой жатыр. Яғни, қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы ғана емес, бүкіл ауылы, ел-жұрты жауапты.

Мұхаммед Пайғам­бар «Кім­нің үш қызы болып, оларға дұрыс тәрбие берсе, маңдай терімен тапқанына киіндіріп бақса, олар сол үшін тозақ отынан қалқан болады», - деген. Шынымен де қыз бала тәрбиесінің ата-анаға оңай түспейді. Қыз баланың ары мен абы­ройы, сыры мен сымбатын сақтауы, келешек өміріне даярлығы әрқайсысы өз алдына дербес тақырып. Қазақ халқы қыз баланың қадір-қасиеті мен қылығы ұлттың ұлылығын танытады деп халықтық болмыспен астастырған. Сондықтан қыз­дың тәр­биесіне ерекше мән беріп, сол тәрбиені қалыптас­ты­ру­дың жолына барлық игі жақсылық­ты топтастырған. Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған. Ата-бабалары­мыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отыр­ған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген. Қазақ халқында «Қыз - елдің көркі, гүл жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді.

Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген екен, соған тоқталайық. Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі -тәрбие. Ата-ананың міндеті -жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған. Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ келіншектерінің бойында ізеттілік, ар - ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе - көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші - ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, т. б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған. Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, жанұя ұйтқысы деп түсінген халқымыз оның еңбексүйгіш, өнерлі болып өсуімен қатар көрікті болып өсуіне де ерекше көңіл бөлген. Әсіресе қыз баланың көрікті

5

болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі - жалы, қыздың көркі - шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты», «Қаз омырау кеудеге, құлап түссе қос бұрым». Сонымен қатар қыз тәрбиесіндегі жеңге рөлі де көзден таса болмайды. Бұл байланысты аталарымыз «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді» деп тұжырымдаған. Өйткені әке-шеше айта алмайтын сырды жеңге жеткізеді. Қыздың балғын болмыс-бітімі мен тәрбиесінің басы-қасында аяулы жеңгелер жүреді. Қазақтар әдетте елге келін болып түскен қыз өз елінің барлық жақсы қасиеттерін, рухани - моральдық құндылықтарын өзімен бірге ала келіп, табалдырығын аттаған босағасының игілігіне, қала берді бүкіл сол бір қалың елге сіңірген. Бұл жақсы үрдіс, ғибратты кәде бүкіл ұлттық бірлігіне, рухани болмысына игі ықпалын тигізген. Сондықтан да халқымыз қыздарына төрден орын беріп, қонақ деп еркелетіп, парасаттылыққа баулып еркін өсірген. Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Әр ата-ана өз қызын өнегелі етіп өсіруге бар күшін салады. әр қыз өз отбасының тәрбиесінен ұядан ұшып, өмір деген үлкен әлемге қанат қағады. Қазақ қыздарына ғасырлар бойы осындай отбасылық тәрбие берумен өсірді. Өткенге қарап отырсақ ата-бабаларымыз қыздарын жақсы келін болуға емес, әр саладағы жақсы мамандар мен бірге «Ана» болуға тәрбиеледі.

«Қызға - қырық үйден тию» - деген мақал - ауыл болып, ағайын болып қызға ақыл айту, өсиет айту, өнеге көрсету деген сөз. Олай болса қыз тәрбиесі тек әке мен шешенің ғана емес, ағайын - туыстың, бүкіл ауылдық қоғамның мәселесі болуы тиіс. Қазір «жастар азып барады», «жастар тәрбиесіз» дегенді жиі айта бастағандаймыз. Біле білсек, бұл жастардың емес, мына біздердің, яғни ата-аналардың, қоғамның қасіреті. Өйткені, нарық қыспағына тап болған, дәулеті шағын отбасынан шыққан жастар тұрмыс тауқыметке көп шалдығады. Сондықтан бұл мәселеде мемлекет, қоғам болып ойланатын жағдайлар тым көп. Мұның өзі үлкен бір тақырыпқа өзек болар ауқымды мәселе дер едік. Жалпы алғанда, аналардың жағдайы, бала тәрбиесі қоғам үшін де қажет. Дені таза, ширақ туып, ширап өскен, сіз - бізбен тілі шыққан, ата-анасын, ағайын-туысын, үлкені сыйлап өскен ұл мен қыз халқымыздың болашағы, қоғамымыздың тұтқасы болмақ. Әр қыз өз отбасының тәрбиесімен ұядан ұшып, өмір деген үлкен әлемге қанат қағып жатады. Қыздың әрбір қылығы ата-анадан алған тәрбиесімен бағаланады. Тәрбиелі отбасынан шыққан қыз қылығымен сүйкімді болады. ‟ Шеше көрген тон пішер, Әке көрген оқ жонар ”, ‟ Шешесіне қарап қызын ал ”- демекші қыз бала ата-ананың айнасы. Бүгінгі күннің Еңлік пен Жібектеріне айтарым, қызға тән қылықтарыңды ешқашан жоғалтпаңдар дегім келеді.

Баланың ана құрсағында пайда болуына, оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына, алғаш атқа отыруына, алғаш жолға шығуына арналған жеке-жеке әдет-ғұрпымыз, жол-жоралғылармыз бар. Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың ролін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді. Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп

6

тәрбиелейді. Ол адамды өзінің тілінде, ана тілінде сөйлетеді. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Қазақ отбасында қыз барлық ұлттық салт-жоралғыраға сай тәрбиеленіп, барлық жақсылықты бойына сіңіріп өседі. Халқымыз қыз баласын көркіне ақылы сай етіп тәрбиелеуге аса назар аударады.

1. 2 Қыз бала бойына дарыту керек қасиеттер

Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт - қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Біз қыз баланың бойынан нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді көргіміз келеді. Сондықтан да болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу қазіргі отбасындағы үлкен міндет. Ал ұрпағымыздың бойына ұлттық тәрбиені, имандылық қасиеттерді сіңірсек, халқының әдеп-салтын жақсы білетін, ата-анасын сыйлайтын, ел үшін еңбек ететін ұрпақ тәрбиелеген боламыз.

«Қызға қырық үйден тыйым» дейді қазақ. Бүгінгі күн қазақ қызының бейнесін, болмысын ұмытып бара жатқан сияқтымыз. Жалпы, қазақ қызы қандай болуы керек? Ол жайлы ойлай бермейміз де. Күнделікті болмасын, ең құрығанда, әредікте өзімізге «Мен «Қазақ қызы» деген үлкен атқа лайықпын ба?» деген сауал қоймаймыз да. Бәлкім, бұл үлкен атауға бәріміз дерлік сай шығармыз. Өнегелі, тәрбиелі қыз бала қандай болуы керек? Қыз- өмірдің қызғалдағы, қыздар болашақ ана, бақыт- байлық ошағы, адамзаттың өсіп-өркендеп, тәлім-тәрбие алатын қасиетті ұясы. «Тәлімді ана - тәрбиелі келін» атанады. Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі жан дүниесімен тығыз байланысты. Ендеше, ішкі жан-дүние - мінез-құлық. Дауыс көтеріп, дөрекі сөйлесең, сыртқы бейнең қанша сұлу болып, әдемі киініп тұрсаң да жарасым таппайды. Адаммен қарым қатынасы сөз ғой, міне, сондықтан да айналаңнан күнделікті өмірде жақсы, жанға жағымды сөзбен даусыңды, сөйлеу мәнеріңді түзетіп, жақсылықты бойыңа жинау керек. Рухани байлығың білім мен тәрбие. Сыртқы киім киісі, жүріп-тұрғаны көңілге қонымды, күнделікті сабағын тиянақты оқып жүретін оқушыны ұстаз да, ата-ана да мақтаныш тұтады. Теледидардан, көргеннің бәріне еліктеуге, үйренуге болмайды. «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» - деген бар, сондықтан жақсы мен жаманның арасын ажырата білу керек. Батыстың мәнсіз музыкасын тыңдап, соған бой алдырып, еліріп қисаңдаған қыздардан не күтуге болады? Қазақтың әсем сазын, асқақ әуенін бағалап тыңдай білгенге не жетсін. Ашық-шашық киінгеннен жақсы көрінбейсің, керісінше көрген адам «Мынаны айтатын ата-анасы, ұстазы жоқ па?» - деген ойға қалады. Ерсі бояну да көруге қолайсыз әсер қалдырады. Көпшілік орындарда қатты күлу, қатты сөйлеу, мініп келе жатқан көлік ішінде үлкенге орын бермеу, ешкіммен санаспай өз беттерінше даурығып дөрекі сөздер айтып, айғайлап сөйлеу өте ұят, өзімшіл өркөкіректікті көрсетеді. Қалай болса солай сөйлеу, киіну талғамсыздық пен тұрпайылық белгісі. Үлкеннің айтқан сын

7

ескертпесін, ақылын өзімдікі дұрыс демей, « Қалай айтылды? Неге айтты?» деп, өз-өзіңе талдау жасаған дұрыс. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген бар. Әрбір қыз бала өзінен кейінгілерге үлгі болуы керек. Үлкенді сыйлайтын, кішіні сипайтын жақсы қыз - өнегелі, тәрбиелі қыз. Әрбір отбасында «баланы бастан . . . » - деп басталатын тәрбие қандай тағылым, десеңізші? Оны ата-бабаларымыз қоғамдық орта тәрбиесімен қандай шеберлікпен ұштастырған. Адамды ақ жолға бастайтын жеті жетекшісі бар, осыны бойына сіңіре білген, қалыптастыра білген адам тәрбиелі адам.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу
Бала тәрбиесіндегі ата - ана үлгі өнегесінің рөлі
Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны туралы
Адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасымен мектептің өзара байланыстылығы
Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Отбасылық тәрбиенің қоғам үшін маңызы
Отбасы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz