Ян Амос Коменский - чех елінің белгілі ойшылы, педагог


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

D:\Мусоры\Новая папка (4)\Yan-amos-komenskiy.jpg

Ян Амос Коменский - (1592- 1670жж)

Ян Амос Коменский - чех елінің белгілі ойшылы, педагог. Схоластикалық оқу жүйесіне қарсы шықты. Коменский - неміс феодалдары мен католиктік шіркеуге қарсы антифеодалдық қозғалыс, ұлттық күрес барысында қалыптасқан діни протестанттық секта - "Моравиялық бауырлар" топтарының бірінің басшысы. Дүниетаным мәселелерінде пантеизмге жақындады. Оның сенсуалистік таным теориясы мен дидактикасында едәуір материалистік тенденциялар бар. Коменский бойынша, таным - ақыл-парасаттың оқып-үйренумен тығыз байланыста болатын белсенді процесі. "Танып-білуге, білім алуға, - деді ол, барлық адамдар қабілетті, сондықтан қарапайым халық білімге тартылуы керек". Педагогика тарихында Коменский тұңғыш рет ерекше ғылым ретінде дидактика жүйесін жасады. Оның дидактикалық припциптері (көрнекілік, дәйектілік, еліктеу, жаттығу) табиғат заңдарын ой елегінен өткізуді, таным мен білімді ұғымды түрде ұштастырып, баянды етуді көздеді.

Я. А. Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері

Я. А. Коменский ата-аналарынан ерте айырылып, ол “чех ағайындары” қауымдастығының қамқорлығының арқасында алғашында бастауыш және орта мектепті бітірді, кейін Гейдельберг университетіне түсіп, онда математикамен айналысты, Коперниктің ілімін оқып-үйренді. Европаның сол кездегі ірі орталықтарының бірі Амстердамда болды. Студент кезінің өзінде, Коменский чех тілінде халқы үшін кітаптар жазды. Ол былай деді: “Ғалымдар үшін ғылымды кітаптарда жасырып қоюға болмайды, себебі білім бәріне де қол жететіндей түсінікті болу керек”. Осы демократиялық идеялына Коменский өмірінің соңына дейін берік болды. 1614 жылы отанына оралғаннан кейін, Коменский кезінде орта білім алған мектепте мектеп басшысы болып тағайындалды. Кейіннен “чех ағайындылары” қауымы өздерінің қауымының священнигі етіп сайлайды. Коменский мектепке ерекше көп көңіл бөлді: мұғалімдер мен шәкірттердің қарым-қатынасында гуманистік бастаманы талап етті, мектеп тәжірибесіне білімнің ерекше түсініктілігін қамтамасыз ететін оқытудың тәсілдерін енгізді, оқушыларды табиғатпен таныстыруға, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге, оны тануға қызығуын қалыптастыруға, “чех ағайындары” қоғамының мүшелерінің арасында насихаттауға, ерекше көңіл бөлді. Бұл кезеңде Коменский бірнеше педагогикалық еңбектерді жазуға кіріскен болатынды.

Өзінің тәжірибелік педагогикалық іс-әрекетін ол өткендегі және бүгінгі педагогикалық тәжірибе мен педагогикалық теорияны зерттеумен, педагогикалық еңбектерді жасауда күшейтілген жұмыстармен ұштастыра білді. 1631 жылы Коменский “Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі” атты оқулығын басып шығарды. Бұл еңбегі автордың есімін кеңінен танытты. 1632 жылы ол өзінің ең негізгі еңбегі “Ұлы дидактика” чех тілінде жарық көрді. 1638 жылы ол еңбек сол кездегі ғылым тілі латын тіліне аударылды. Коменскийдің есімі бүкіл әлемге кеңінен танымал болды.

1641-1654 жылдардың аралығында Коменский Англияда, Швецияда және Венгрияда болды, ол онда барлық ғылымдардың энциклопедиясын жасаумен, мектеп реформасын дайындаумен, оқулықтар және оқытудың әдістемесін жасаумен айналысты. Осы уақыттың ішінде ол даярлап және 1648 жылы “Тілдердің жаңа әдісі” деп аталатын еңбегі жарық көрді және негізінен көрнекілік қағидасына негізделіп құрылған атақты оқулығы “Дүниені суреттер арқылы бейнелеу” атты даярланды кейіннен 1658 жылы жарық көрді. Бұл атақты оқулығы кейін дүние жүзінің барлық елдерінде аударылып, жарық көрді. Көптеген ғасырлар бойы ең құнды оқулық ретінде есептеліп келді.

1654 жылы Коменский Лешко қаласына қайта оралды, бірақ швед-поляк соғысы кезінде Лешко қаласы 1656 жылы соғыста қиратылды. Коменский екінші рет өзінің қолжазбаларының, кітапханасының, өз өз мүлкінің көп бөлігінен айырылғаннан кейін, амалсыз Голландияға қайтып кетуге мәжбүр болды, өмірінің соңғы 14 жылын Амстердамда өткізді, онда өз шығармаларын басып шығарды.

Я. А Коменскийдің педагогикалық теориясы

Я. А. Коменский оқу мен тәрбие жүйелерiн құруда таным үрдiсiне байланысты екi жақты көзқарасты ұстанды. Оның түсiнiгiнше ақиқатты танудың бiр бағыты - логикалық ақыл-ойға негiзделген түсiнiк, оның көзi - дiни сенiм. Ақиқаттың екiншi бағыты - табиғатты тану, ол тiршiлiктiң, байлықтың көзi, табиғатты қорғап, сақтай бiлу үшiн бiлiм қажет. Я. А. Коменскийдiң педагогикалық көзқарастарына қарай және қайта өрлеу дәуiрiндегi гуманистiк бағыттың әсерiмен орта ғасырлық мектеп жүйесiн сынға алып, мектептегi оқу-тәрбие жұмыстары балаға сүйiспеншiлiк пен адамгершiлiк шеберхана орталығы болғанын қалаған. Я. А. Коменскийдің қоғамда байлығына немесе жыныс айырмашылығына қарамай, жалпыға бiрдей, ана тiлiнде оқытатын мектептер ашуды қолдауы, ұлы педагогтың гуманистiк және демократиялық ұстанымда болғандығын дәлелдейдi. Ол, әсiресе, қарапайым халықтың балаларының мектепке қолдары жетпей отырғандығына, негiзiнде халық арасында көптеген дарынды балалардың таланты ашылмай, мемлекет болашағына зиян келтiргендiгiне наразылық бiлдiрдi. Я. А. Коменский “Ұлы дидактика” деген еңбегiнде адамды табиғаттың бiр бөлiгi ретiнде қарап, оны тәрбиелеу мен оқыту табиғи қабiлетi мен қасиеттерiн дамытуға бағытталуы тиiс деп кеңес бередi.

D:\Мусоры\Новая папка (4)\Педагогический-музей-6.jpg

«Ұлы дидактика» кітабының ішкі көрінісі.

Дидактика - педагогиканың маңызды саласы. Дидактика ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз.

Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) . Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Ян Амос Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің ''Ұлы дидактика'' еңбегін жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша, дидактика ''нені оқыту'' және ''қалай оқыту керек'' деген сұрақтарға жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қашан, қайда, неге оқыту.

D:\Мусоры\Новая папка (4)\Komenskiy_Didaktika_pereplet.jpg

«Ұлы дидактика» кітабының мұқабасы.

Я. А. Коменскийдің еңбектері

Я. А. Коменский оқушыларға жан-жақты бiлiм беруде жас ерекшелiктерiн ескерiп, бiр-бiрiмен байланысқан оқытудың 4 сатылы кезеңнен тұратын оқу жүйесiн ұсынды. Олар: баланың туылған күнiнен бастап 6 жасқа дейiнгi аралықта үйiнде “Ана мектебiнде” тәрбиеленуi; 6 жастан 12 жасқа дейiн әрбiр қауымдастықта “Ана тiлi” мектебiнде оқуы; 12 жастан 18 жас аралығында оқушылар әрбiр қаладағы латын мектебiнде бiлiм алуы; 18 жастан 24 жасқа дейiнгi жастардың әр мемлекеттегi академияларға түсiп оқуы.

“Ана мектебiнде” балалардың сезiм мүшелерін, айналасын, қоршаған өмiр жайлы алғашқы түсiнiктерiн, тiлiн және қол iскерлiгiн дамыту қарастырылуы тиiс. “Ана тiлi” мектебiнде оқушыларға көп мәселелердi қамтитын арифметика, география, тарих, мемлекет құрылысы мен экономикалық өмiр және әржақты қолөнермен таныстыру, жүйелi, нақты бiлiм берiлуi керек. Сонымен бiрге “Қасиеттi жазу” мәтiндерiн оқыту, балаларға дiни тәрбие қоса жүргiзiлуi қажет. Гимназияда немесе латын мектебiнде латын тiлдерiмен бiрге нақты пәндер: математика, физика, жаратылыстану оқылса, оқушылардың өздiктерiнен оқитын: тарих, этика, көршiлес елдердегі жаңа тiлдерден сабақтар және жалпы бiлiм беру курстары: риторика мен диалектика өткiзiлуi тиiс. Ал, академияда бүкiл ғылымдардың жетiстiктерiнен бiлiмдер беретiн - пансофия оқытылуы қажет делiндi. Сол кездегi мектептерде латын тiлiнде оқитын болғандықтан, Коменский бастауыш мектепте сабақтар ана тiлiнде жүргiзiлуi тиiс деген пiкiр айтты. Ол ана тiлiнде оқыған оқушылардың ақыл-ойын дамытуға мүмкiндiк туады, басқа тiлдердi үйрену ана тiлiнiң негiзiнде жүргiзiлсе ғана жемiстi болады деп санаған.

Я. А. Коменский мектептер үшiн оқулықтар, бағдарламалар, оқу құралдарын дайындау алдағы тұрған басты мiндет деп санап, оқулықтар жатық тiлде нақты және дәл, әр ғылым мен өнер жайлы оқу материалдарын балалардың өздерi мұғалiмнiң көмегiнсiз түсiнуге лайықты болуын қолдады.

Айтылған талаптар деңгейiнде “Ана мектебi”, “Тiлдер мен барлық ғылымдардың ашық есiгі”, “Физика”, “Астрономия”, т. б. оқулықтары жазылды. Соның iшiндегi Я. А. Коменскийдiң есiмiн дүние жүзiне жайған оқулық - “Ұлы дидактика” едi. Бұл кiтапта оқу iсiне қойылатын дидактикалық талаптар жеке-жеке сараланған: оқушыларды бiлiм алуға ынталандыру; оқу материалдарын бiртiндеп күрделендiру; тұрмысқа, шаруашылыққа қажеттi бiлiмдердi беру; бала табиғатын ескерiп, шамасы келетiн оқу материалын оқыту; игере алатын оқу материалын саналы түрде қабылдауға жағдай туғызу; материалдарды түсiндiруде баланың өмiрден алған сезiмдерiне, түйсiктерiне сүйену арқылы оқу тәрбие жұмысын жандандыру.

Ұлы дидактика

“Ұлы дидактиканың” педагогикалық ойды және жаңа мектептiң оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттырудағы маңызы - дидактикалық ұстанымдардың жүйеленуiнде. Олар оқытудың көрнекiлiгi, саналы оқу, оқытудың жүйелiлiгi, түсiнiктiлiгi, сатылы оқу, оқушының жас ерекшелiктерiн ескеру, оқытудың негiздiлiгiнен тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы
Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде
Тәрбие - тәрбиелеу үрдісін ғылыми байыптаудың негізгі категориясы
Оқыту теориясы туралы
Ян Амос Коменскийдің ізгілік педагогикасындағы рухани құндылықтар
Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы
Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
Мектеп оқуының жүйесі
Ян Амос Коменский –дидактиканың негізін қалаушы
Қоғамдық кеңістік ұғымы. Тәрбиелік үрдістегі қоғамдық кеңістіктің динамикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz