БАНКАРАЛЫҚ КОРРЕСПОНДЕНТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 3
1. БАНКАРАЛЫҚ КОРРЕСПОНДЕНТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІ
4
2. БАНКАРАЛЫҚ АҚША АУДАРЫМДАР ЖҮЙЕСІ (БААЖ) АРҚЫЛЫ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ЖҮРГІЗУ
ТӘРТІБІ 18
3. БАНКАРАЛЫҚ КЛИРИНГ ЕСЕБІ 23
4. ЭЛЕКТРОНДЫ АУДАРЫМДАРДЫҢ БАНКАРАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ 26
ҚОРЫТЫНДЫ 34
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 35

КІРІСПЕ

Корреспонденттік қатынас - бұл екі немесе бірнеше несиелік мекемелер
арасында олардың бірінің тапсырысы және екіншісінің қаржысы есебінен
төлемдерді және есеп айырысуды, сондай-ақ несие ұсыну, инвестициялық қызмет
көрсету туралы келісім жүзіндегі қатынас. Сонымен қатар ірі корреспондент-
банктер неғұрлым ұсақ банктерге инвестициялық қоржынды басқару бойынша
кеңестер беріп, олардың тапсырысы негізінде бағалы қағаздарды сатады, сатып
алады, сақтайды және басқарады.
Корреспонденттік байланыстардың дамуы тіптен банктің жаңа бөлімшесін
ашу сияқты бірнеше жеңілдіктер бере алады, бірақ бұл кезде банк өзінің
құқықтық еркіндігін және өткізілген операцияларға бақылау жүргізуін
сақтайды.

1. БАНКАРАЛЫҚ КОРРЕСПОНДЕНТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІ

Корреспонденттік қатынас - бұл екі немесе бірнеше несиелік мекемелер
арасында олардың бірінің тапсырысы және екіншісінің қаржысы есебінен
төлемдерді және есеп айырысуды, сондай-ақ несие ұсыну, инвестициялық қызмет
көрсету туралы келісім жүзіндегі қатынас. Сонымен қатар ірі корреспондент-
банктер неғұрлым ұсақ банктерге инвестициялық қоржынды басқару бойынша
кеңестер беріп, олардың тапсырысы негізінде бағалы қағаздарды сатады, сатып
алады, сақтайды және басқарады.
Корреспонденттік байланыстардың дамуы тіптен банктің жаңа бөлімшесін
ашу сияқты бірнеше жеңілдіктер бере алады, бірақ бұл кезде банк өзінің
құқықтық еркіндігін және өткізілген операцияларға бақылау жүргізуін
сақтайды.
Мемлекет банктерінің қазіргі кездегі есеп айырысулары міндетті түрде
ҚР Ұлттық банкінің филиалдарында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы
жүргізіледі, сондай-ақ банктің қалауы бойынша елдің басқа да, жақын және
алыс шетелдің банктерімен тікелей корреспонденттік қатынастар құру арқылы
жүргізілуі мүмкін.
26.10.2000 ж. №348 банк операцияларының жекелеген түрлерімен
айналысатын банктер мен ұйымдар арасында корреспонденттік қатынасты
қалыптастыру туралы ережеде төмендегідей анықтама берілген:
корреспонденттік қатынас - банктер арасындағы келісім, соған сәйкес оның
біреуі (корреспондент) басқа банкке (респондент) депозитті сақтайды және
төлемдер мен басқа да операциялар бойынша қызмет көрсетеді.
Банкаралық қызметтің осындай нысанын жүзеге асыру үшін, несиелік
ұйымдар келісім негізінде бір-біріне корреспонденттік шот ашады.
Корреспонденттік шот - жасалған корреспонденттік шот негізінде бір
банктің тапсырысы және екінші банктің қаржысы есебінен жүргізілетін есеп
айырысулар көрсетілетін шот.
Корреспонденттік шот арқылы банкаралық есеп айырысуды ұйымдастырудың
екі нұсқасы бар:
- орталықтандырылған - бұл кезде банктер арасындағы есеп айырысу
міндетті түрде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде ашылған олардың
корреспонденттік шоттары арқылы жүргізіледі;
- орталықтандырылмаған немесе неғұрлым либералды-коммерциялық
банктердің бір-бірімен өзара қатынасын қарастырады.
Біздің елімізде банкаралық қатынастар бірінші нұсқаға негізделген.
Банкаралық корреспонденттік қатынастар үдерісінде есеп айырысуларға
қойылатын негізгі талаптар жеткілікті жылдамдық және болжанған төлемдер,
жоғары сенімділік, қауіпсіздік, экономикалық тиімділік және қолданушылардың
тұтынуына сәйкес олардың әр түрлілігі.
Банкаралық есеп айырысуларды ұйымдастыруға - оларды өткізу
нақтылығына, уақытты және өткізудің еңбек сыйымдылығын қысқартуға қатысты
жоғары талаптар қойылады.
Банктер экономиканың әр түрлі субъектілер арасындағы есеп айырысулар
тізбегінде бастапқы және ақырғы буын болып табылатындықтан, оларды банктер
арасындағы есеп айырысу жүйесі болмаса өткізу мүмкін болмас еді.
Аталған байланыста банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыруға нақты
маңызды қағидалар келесілер:
Басты қағида - басқа банктермен, соның ішінде клиент төлемдері бойынша
есеп айырысуды толық мөлшерде, үздіксіз жүргізуді қамтамасыз ететін банктің
өзіндік өтімділігін (корреспонденттік қатынаста қаржының болуын) сақтау.
Банкаралық есеп айырысудың дұрыс жүргізілуіне бақылау жасау қағидасы да
жоғары маңыз алады. Оның спецификасы мен ерекше рөлі — өткізілетін
сомалардың сақталуы мен бірыңғайлығын үнемі өзара бақылауда, біріншіден,
клиенттердің банктегі шоттары бойынша және банктердің ҚРҰБ-дағы
корреспонденттік шоттары бойынша, екіншіден, есеп айырысуға қатысушылардың
өздерінің - коммерциялық корреспондент-банктердің өз араларындағы есеп
айырысу кезіндегі шоттар бойынша және баланстар бойынша, сондай-ақ ҚРҰБ
арқылы есеп айырысуларда.
ҚРҰБ филиалдарының негізгі функциясы - корреспонденттік шоттарды
қолдана отырып әр түрлі банк мекемелері арасында есеп айырысуларды жүргізу
болып табылады. Коммерциялық банктер арасындағы есеп айырысулар олардың
ҚРҰБ ашқан корршоттары арқылы көрсетіледі. Басқа коммерциялық банктер мен
олардың филиалдарында ашылған корршоттар арқылы есеп айырысулар Қазақстанда
1997 жылдан бастап ендіріле бастады. Қазкоммерцбанк, ТұранӘлемБанк, НSВК,
ЦентрКредитБанк және басқа да ірі банктердің корреспонденттік қатынастары
неғұрлым жан-жақты.
Банкаралық корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысудың
ерекшеліктері:
- бұл басқа банк клиенттерімен тұрақты келісімдік қатынасы бар
клиенттердің мүддесіне сай келеді;
- олар тура жүзеге асырылатындықтан есеп айырысулар
айтарлықтай жеделдетіледі;
- жан-жақты корреспонденттік қатынастар кезінде қандайда бір
ірі банкте шот ашу арқылы клирингті жүзеге асыру - банктердің өзара
талаптарын ескеру шарттары пайда болады;
- корреспондент банктер арасында клиринг жүргізу корреспонденттік
шоттағы қаржылар қалдығын азайтуға мүмкіндік береді;
- нарықта белсенді қызмет етуге және қаржылық құралдарының толық
жиынтығын қолдануға мүмкіндікті көбейтеді. Бір жағынан, ірі банктер
корреспонденттік шоттар қалдығы ретінде айтарлықтай қаржы тартып оны, әр
түрлі операцияларға қолдана алады. Ірі корреспонденттік желі ірі банкке
вексель айналымын дамытуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, клиент
банктер корреспонденттік шот қалдығын қолдана отырып, бас банк жүзеге
асыратын операциялар есебінен несие ала алады.
Корреспонденттік қатынастардың әр тарабы өздерінде бар деректер
негізінде корреспонденттік шот бойынша операциялар есебін еркін жүргізеді.
Ай сайын корреспондент банк корреспонденттік шот қалдығын бекітеді.
Корреспонденттік қатынастар корреспондент банктер арасында анықталған
сенімділік деңгейін білдіре отырып, банктің өзара тапсырыстарын жүзеге
асырады. Корреспонденттік қатынастар арқылы өзара банктік қызметтердің
үлкен жиынтығын қарастырады.
Банкаралық қатынастар банктер арасындағы қатынастардың бір түрі
ретінде, басқа банктерде ашылған шоттарға ақша қаржыларын аудару бойынша
банк клиенттерінің тапсырысын орындау болып табылады.
Банктер арасындағы есеп айырысуды арнайы осы мақсатқа құрылған ҚРҰБ
органы - Қазақстандық Банкаралық Есеп айырысу Орталығы (ҚБЕО) жүргізеді.
ҚБЕО - заңды тұлға, құрылтайшысы және өкілетті органы - Ұлттық банк
табылады. ҰБ ҚБЕО №252 30.12.95 жылғы банктік жүйені реформалау
бағдарламасына сәйкес ҰБ Басқармасының шешімімен құрылған. ҚБЕО әділет
органында қайта тіркеуден өткен және шаруашылық жүргізу негізінде
республикалық мемлекеттік кәсіпорын нысанын иемденген. Оның банктік шоты,
гербті мөрі, мөртабаны және қазақ және орыс тілдерінде аты жазылған
фирмалық бланкілері бар.
ҚБЕО - еркін шаруашылықты субъект, банктік емес қаржылық мекеме. ҚБЕО
негізгі қызметі банкаралық төлемдерді және Банкаралық аударымдар жүйесі
(БААЖ) және Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ) арқылы аударымдарды жүзеге асыру.
Көрсетілген қызметтер үшін клиенттер төлейтін төлемдер ҰБ ҚБЕО
кірістерінің негізгі бабынан саналады.
ҚБЕО мақсаты тиімді, тұрақты, қауіпсіз банкаралық төлем жүйесі
негізінде банктік қызметтің негізгі қажеттілігін қамтамасыз ету.
ҚБЕО-мен жүйеге қатысуға келісім жасалған соң банк пайдаланушы
статусын иемденеді. Пайдаланушы келісім жасау үшін орталыққа келесі
құжаттарды ұсынады:
- жүйеге қосуға өтініш;
- банк жарғысының және банктік операциялар жүргізуге лицензияның
нотариалды куәландырылған көшірмелерін.
Аталған келісімнің негізгі деректемелері мыналар болып табылады:
- тараптардың деректемелері;
- тараптардың құқықтары және міндеттері;
- пайдаланушының банктік құпиясының мәні болып табылатын ақпарат
құпиялығын сақтау талаптары;
- клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару мерзімдері және тәсілдері;
- келісім талаптарының орындалмауына тараптардың жауапкершілігі;
- келісімді бұзу және келісім талаптарын өзгерту тәртібі;
- тараптардың келісуі бойынша басқа талаптар.
Келісімде банкті пайдаланушы статусынан келісімді бұзбай уақытша айыру
жағдайы көзделуі мүмкін.
Пайдаланушылар мен орталық арасындағы электронды хабарламалар алмасу
ҚР Ұлттық банктің бекітумен нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес
электронды тәсілде жүргізіледі.
Операциялық күн ішінде ҚБЕО пайдаланушылардан төлем құжаттарын
қабылдайды, бұл кездегі операциялық күннің ұзақтығы және оның жабылу уақыты
Ұлттық банк және оның пайдаланушыларымен жазбаша түрде келісімі бойынша
белгіленеді. Операциялық күн аяқталған соң алынған төлем құжаттары келесі
операциялық күн басында алынған болып саналады.
ҚБЕО төлем құжаттарының қабылдануын операциялық күн аяқталғаннан соң
тоқтатады, өзара талаптар мен міндеттемелердің есебін жүргізеді, сондай-ақ
әр қолданушының таза позициясын анықтайды. Одан ҚБЕО клирингте қолданушының
ақшасы болмауы себепті өңделмеген құжаттарды ағымды жұмыс күнін белгілеп
жояды, сондай-ақ таза дебеттік позициясы бар қолданушылардың ақша сомасын
ақша аударымдарының банкаралық жүйесінде оған тең дебеттік таза позицияға
резервтейді. Банкаралық ақша аударымдары жүйесін қолданушы болып
саналмайтын банктер үшін, аталған банктің таза позициясын анықтау,
операциялық күн ішінде оның Ұлттық банктегі корреспонденттік шотынан,
Ұлттық банктегі банкаралық ақша аударымдары жүйесіндегі шотқа аударым
жасалған сома көлемінде жүргізіледі.
Егер операциялық күн ішінде пайдаланушы Ұлттық банктегі банкаралық
ақша аударымдары жүйесіндегі шотқа ақша аудармаса, онда аталған
пайдаланушының таза позициясын анықтау, оның есебіне жүйенің басқа
пайдаланушыларынан түскен төлем құжаттары сомасының көлемінде жүргізіледі.
ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктердің ақша айналысын бақылау
мақсатында төлем жүйесіне делдал ретінде қатысады. Ол үшін Ұлттық банк пен
екінші деңгейлі банктер арасында келісім негізінде корреспонденттік қатынас
қалыптасады. Осы қатынастарға сәйкес Ұлттық банк есебіне түсетін қаржыларды
қабылдап, банктің банкке немесе үшінші тұлғаға тиісті ақша сомасын аудару
туралы өкімін орындайды және келісімде белгіленген басқа да қызметтерді
көрсетеді.
Корреспонденттік шот ашу үшін Ұлттық банк филиалына коммерциялық банк
шот ашуға өтінішті, жарғы көшірмесін және қол үлгісі мен мөр басылым
карточкасын нотариалды түрде куәландырып ұсынады. Осы құжаттармен қатар
іске корреспонденттік қатынас туралы келісім қосылады. Одан әрі Банкаралык
есеп айырысудың Қазақстандық Орталығымен жасалған келісім және аталған
банкті Банкаралық ақша аударымдарының жүйесіне қосуға Ұлттық банктің
рұқсаты тіркеледі.
Жоғарыда аталған құжаттар қабылданған соң, банктердің корршотының
көмекші есебі жүргізілетін Ұлттық банк филиалының Банктік Қадағалау
Департаментінің өкімі бойынша банкке банктік жеке код белгіленеді, ашылған
банктің жарғылық қорына ақша аударымы үшін дербес шот ашады.
Корреспонденттік шот иелері туралы мәліметтерді Ұлттық филиалы корршот
журналына енгізеді. Банктің жазбаша хаты бойынша Ұлттық банк оның бас
кеңсесі немесе филиалы орналасқан мекен-жайда нақты ақшамен операция өткізу
үшін оған аша алады.
Аталған шотты ашу үшін банк немесе филиал өзі орналасқан аудандағы
Ұлттық банк филиалына (сенім хат немесе филиал туралы ережені және бас
банктің рұқсатын) нақты ақшамен операция ашуға және ол бойынша операция
жүргізуге банк филиалының өкілеттілігін дәлелдейтін құжатты және Ұлттық
банк филиалының рұқсатын ұсынуы тиіс.
Банктің корреспонденттік шотын жүргізу үшін бірнеше талаптар қойылады.
Ұлттық банктің филиалы банктің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотындағы
өз қаржыларын кедергісіз пайдалануын және ондағы қалдықтар көлемінде төлем
жүргізуін қамтамасыз етуге міндетті.
Корреспонденттік қатынас келісімі бойынша Ұлттық банк бекітілген
тәртіпте банктен қолма-қол ақшаны қабылдауға және босатуға міндетті.
Банктің төлем тапсырыстарын қабылдау мен ұсыну Ұлттық банк филиалы құрған
тапсырыстарды қабылдау және ұсыну кестесіне сәйкес өтеді. Бұл филиал төлем
тапсырыстарын атқаруға қабылдау және Ұлттық банктің операциялық күнінде
оларды өңдеу шарттарын анықтауға құқылы.
Ұлттық банк филиалына төлем тапсырысын жолдау кезінде банк филиалды
төлем тапсырысында көрсетілген тұлға есебіне өз ақшасын аударуға
өкілеттейді. Филиал жөнелтуші банктің корршотын дебеттеу жолымен төлем
тапсырысын акцептейді немесе себептермен акцептеуден бас тартады. Ол
банктің төлем тапсырыстары үшінші тұлға талаптарын, тапсырыс немесе талапты
ұсыну кезінде банктің Ұлттық банктегі ақшасы жеткілікті болса ғана
орындайды. Ұлттық банк банк есебінен электронды төлем тапсырысында
көрсетілген соманы заңмен бекітілген талаптарға сәйкес қабылдауға міндетті.
Ұлттық банк байланыс арналары арқылы сол мезетте оның корршотын
несиелендіру туралы электронды төлем тапсырысын және хабарлауды жібереді.
Ұлттық банктің алушы-банк алдындағы ақша аударымы бойынша міндеттемесі
оның корршотын несиелендіру немесе оның корршотын несиелендіру туралы оған
электронды төлем тапсырысын және хабарлауды беру кезінде өтеледі. Ақша
аударымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында банк пен Ұлттық банк
санкцияланбаған қолма қол емес төлемдерден қорғау рәсімдерін қабылдайды.
Қорғау әрекетінің элементтері ретінде өкілетті тұлғаның қолы, мөрі,
алгоритмдер, кодтар, сәйкестендірме сөздер немесе сәйкестендірме нөмірлеу,
шифрлар, қайтару әдістері және Қазақстан Республикасының заңдылығына қайшы
келмейтін басқа да қорғау әдістері қолданылады. Ұлттық банк филиалы және
банк қорғау әрекетінің рәсімдерін сақтауы аталған рәсім туралы
мәліметтердің сақталуын қадағалауы тиіс.
Қолма-қол ақшамен банк операцияларын орындау үшін Ұлттық банк
филиалында ашылған банктің корршоты арқылы оған шот ашпай-ақ, осындай
операцияларды жүзеге асыруға құқылы. Қолма-қол ақшамен операциялар бойынша
банкке шот ашу барысында Ұлттық банк операциялық күн соңында аталған шоттың
сальдосын осы банктің Ұлттық банк филиалында ашылған корршотына аударуға
міндетті, егер бұл корршоттық қатынас туралы келісімде қаралған болса.
Банктің Ұлттық банктегі ақшасын қабылдау, алу бойынша операцияларды
жүзеге асыру барысында филиал корршотта жазба дайындайды, ол байланыс
арналары арқылы банкке кестеде бекітілген уақытта жолданады. Банк есебіне
ақша қабылдау кезінде байланыс арналары бойынша банкке электронды төлем
тапсырысы беріледі. Банктің корршоты бойынша өткізілген операцияларды
тексеру корреспонденттік қатынас туралы келісімде анықталған кезеңдерде
жүргізіледі, бірақ 10 күнде бір реттен кем емес.
Банктің жауапты қызметкері келісімде белгіленген мерзімде Ұлттық банк
филиалына корршот бойынша есеп айырысу тізімдемесін ұсынады. Ұлттық банк
филиалының жауапты қызметкері дербес шот пен тізімдеме бойынша қалдықтарды
салыстырады. Сәйкессіздік табылмаған жағдайда банктің жауапты қызметкері
тізімдеме күнін белгілеп, қол қояды, банк ісіне орналастырып, корршоттың
дербес шотына тексеру күнін жазады. Егер сәйкессіздік табылса, онда ол
Ұлттық банк филиалы мен банктің тиісті жетекшілеріне хабарланады. Табылған
сәйкессіздікті жою шаралары Ұлттық банктің үш операциялық күні ішінде
жүзеге асырылуы тиіс.
Төлем тапсырысын жолдау немесе өңдеу кезінде жіберілген қателіктер,
қорғау әрекетінің рәсімдерін бұрмалау немесе оны жолдауға банктің жауапты
қызметкерлерінің өкілеттілігінің болмауы туралы фактілерді банк шұғыл түрде
Ұлттық банк филиалына хабарлауға тиіс. Филиал банкпен бірге аталған
деректерді жою бойынша деректер анықталған күннің келесі операциялық
күнінен кешіктірмей шара қабылдауы тиіс. Коммерциялық банктің ҚР Ұлттық
банкінде бір корреспонденттік шоты болуы тиіс.
Бүгінгі күні Ұлттық банк алдында әлемдік жетістіктерге сай жоғары
тиімді жалпы мемлекеттік банкаралык есеп айырысулар жүйесін құру міндеті
тұр.
Корреспонденттік шоттар бойынша операциялар есебі үшін келесі шоттар
қарастырылған:
- Бөлімшенің баланстық шоты 1050 Банктің корреспонденттік шоты;
1051 Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі
корреспонденттік шоты;
1052 Банктің басқа банктердегі корреспонденттік шоты.
- Бөлімшенің баланстық шоттары:
2010 корреспонденттік есепшоттар;
2011 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің талап етуі бойынша
салымдары;
2012 шетелдік орталық банктердің талап етуі бойынша салымдары;
2013 басқа банктердің талап етуі бойынша салымдары;
2020 басқа банктердің сыйақы есептелген талап етуі бойынша салымдары;
2021 Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің корреспонденттік
есепшоттары;
2022 шетелдік орталық банктердің корреспонденттік есепшоттары;
2023. басқа банктердің корреспонденттік есепшоттары.
Ұлттық банк филиалы арқылы әр түрлі төлемдерді төлеу кезінде келесі
өткізбелер құрылады:
- Ақша жөнелтуші банкте:
Дт 2203 Клиенттердің ағымды есеп шоттары;
Кт 1051 Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі
корреспонденттік шоты.
- Ақша алушы банкте:
Дт 1051 Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі
корреспонденттік шоты;
Кт 2203 Клиенттердің ағымды шоттары.
Клиенттерге кассалық есеп қызмет көрсету үдерісінде және төлемдерді
жүргізуде банктер бір-бірімен корреспонденттік қатынастарға түседі. Бұл
кезде екі түрге бөлінетін корреспонденттік шоттар ашылады:
- НОСТРО шоты (латынша ностро - біздің деген мағынаны береді,
яғни сіздегі біздің шот);
- ЛОРО шоты (латынша лоро - сіздің деген мағынаны береді, яғни
біздегі сіздің шот).
НОСТРО типтес шоттарды қандай да бір банктер корреспондент
банкттерде ашады, ал ЛОРО типтес шоттар - респондент банктердің атына
ашылады, сонымен қатар аталған шоттар өзара негізде, сондай-ақ бір жақты да
ашылуы мүмкін. Бір банктегі НОСТРО шоты корреспондент банктегі ЛОРО
шоты болып табылады.
Корреспонденттік шоттар бойынша операцияларды көрсету үшін қажетті
шоттар ашылады. Корреспонденттік шотқа корреспонденттік шоттарға қаржы
қалдығы көлемінде өткізуге қабылданған әр төлемнің сомасы қосылуы тиіс.
Бір банктің басқа банкте корреспонденттік шот ашу және жүргізу тәртібі
банктер арасындағы өзара мәміле бойынша анықталады.
Банктер мен банктік емес ұйымдардың бейрезидент банктермен
корреспонденттік қатынастары банк тәжірибесінде қолданылатын іскерлік
айналыс тәртібімен және келісімдермен реттеледі.
Банктер Ұлттық банктің корреспонденттік шот ашуға және жүргізуге
берген лицензиясы болған жағдайда ғана корреспонденттік шот аша алады және
жүргізе алады. Бұл кезде банктерге лицензия ҚР заң актілеріне, соның ішінде
банктерді лицензиялау мәселелерін реттейтін Ұлттық банктің нормативтік
құқылық актілеріне сәйкес беріледі.
Респондент корреспонденттік шот ашу үшін корреспондентке келесі
құжаттарды ұсынады:
- корреспонденттік шот ашуға өтініш;
- банктер үшін банктік операциялар жүргізуге берілген лицензияның
нотариалды бекітілген көшірмесі;
- банктік емес мекемелер үшін аударым операцияларын жүргізуге берілген
лицензияның нотариалды бекітілген көшірмесі.
Корреспонденттік шот ашу кезінде респондент корреспонденттің қаржылық
жағдайын талдайды және өзінің өкілетті органының негізінде корреспонденттік
шот ашады.
Корреспонденттік шот жасалған корреспонденттік шот келісімі негізінде
ашылады. Корреспонденттік шот келісімі келесі деректемелерден тұруы тиіс:
- келісім мәні;
- салық төлеуші респонденттің салық қызметі органынан
берілген құжатта көрсетілген тіркеу нөмірі;
- корреспонденттің қызмет көрсету шарттары және оны төлеу тәртібі;
- респондент ақшасын қолдану тәртібі;
- төлем құжаттарын жолдау тәртібі және төлем немесе ақша аударымы
туралы ақпарат алмасу әдістері;
- корреспонденттің респондентке тоқсандық қаржылық есеп беруді ұсыну
тәртібі соның ішінде бухгалтерлік балансты, қаржылық-шаруашылық қызмет
нәтижесі туралы есеп беруді, ақша қозғалысы туралы есеп беруді және қажет
болса қаржылық есеп берудің басқа да нысандарын ұсыну тәртібі, олардың
негізінде несиелік және өтімділік тәуекелдігін бақылау және төмендету
мақсатында респондент корреспонденттің қаржылық жағдайын талдайды;
- корреспонденттің респондентті Ұлттық банктің корреспонденттік
шот ашуға және жүргізуге берген лицензияны қайтарып алғандығы жөнінде
уақтылы хабардар ету жауаптылығы;
- келісімнің әрекет ету мерзімі және бұзылу тәртібі;
- дауды шешу тәртібі;
- Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмейтін басқа да шарттар.
Корреспонденттік шотты жүргізу үшін келесі жалпы талаптар қойылады.
Өзінің корреспонденттік шоты бойынша респондент ҚР зандарына және
корреспонденттік шот келісіміне қайшы келмейтін операцияларды жүзеге
асыруға құқылы.
Атап өтетін жайт, респонденттің корреспонденттік шоты бойынша
корреспондент банктік операцияларды корреспонденттің өкілетті органында
бекітілген корреспонденттік шоттар ашу жүргізудің ішкі ережелеріне сәйкес
жүзеге асырады. Бұл кезде аталған ереже келесі деректерден тұруы тиіс:
- респонденттің корреспонденттік шоты бойынша төлем жүргізу және ақша
аударымын жасау тәртібі;
- электронды тәсілмен төлем құжаттарын жолдау кезіндегі
электронды хабарлар пішімі;
- респондентке оның корреспонденттік шоты бойынша жазба ұсыну
тәртібі және респонденттің корреспонденттік шоты бойынша банктік қызметтер
көрсету және төлемдерді немесе ақша аударымын жүргізу бойынша
корреспонденттің өз міндеттемелерін уақтылы орындауын бақылаудың басқа да
нысандары;
- респонденттің корреспонденттік шоттағы ақша қалдығына сыйақы қосу
тәртібі (егер мұндай жүргізілсе);
- респонденттің корреспонденттік шотына қызмет көрсеткені үшін
комиссия алу реті;
- корреспонденттің қарауы бойынша басқа да шаралар.
Операциялық күн соңында корреспондент респонденттің корреспонденттік
шоты бойынша ақша қозғалысы туралы жазба әзірлейді және оны оған жолдайды.
Осы жазба бойынша респондент өткізілген төлемдер сомасының, бенефицар
деректемелерінің дұрыс көрсетілуін және төлемдерді өткізу немесе ақша
аударымдарының дұрыстығын тексереді. Тексеру нәтижесінде анықталған
корреспонденттік шоттар бойынша корреспонденттің, сондай-ақ респондент
тарапынан болған барлық сәйкессіздіктер ҚР заңдарына және корреспоңценттік
қатынастар туралы келісімге сәйкес реттеледі.
Ағымдағы айдағы төлемдерді респонденттер Ұлттық банкте реттелген лимит
көлемінде банктер мен басқа банктік емес ұйымдарда ашылған корреспонденттік
шоттар арқылы жүзеге асырылады. Аталған лимит алдыңғы айда ҚБЕО төлем
жүйесі арқылы өтетін респонденттің қолма-қол емес төлемдерінің жалпы
көлемінен пайыздық қатынас көлемінде есептеледі. Бұл кезде респондент
есептік айдың 10 күнінен кешіктірмей Ұлттық банкке басқа банктер мен
банктік емес ұйымдарда ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жүргізілген
төлемдер саны және көлемі туралы мәліметтер ұсынады.
Банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар жасалған келісімнің оны
бұзу тәртібі жөніндегі шарттарына сәйкес тоқтатылады. Бұл кезде
корреспонденттік шот жабылады. Оны жабу үшін респондент корреспондентке
корреспонденттік шотты жабу туралы қалдықты бекіте отырып, шоттағы қаржы
қалдығы аударылатын деректемелерді белгілеп өтініш ұсынады.
Корреспонденттік шотты жабу келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
- респондент өтініш бойынша кез келген уақытта, егер бұл заңда немесе
келісімде белгіленбесе;
- корреспонденттік шоттың әрекет ету мерзімі тоқталған кезде;
- корреспонденттен Ұлттық банктің корреспонденттік шоттар ашу және
жүргізуге берілген лицензиясы қайтарылғанда;
- респонденттен Ұлттық банктің банк операцияларын өткізуге берілген
лицензиясы қайтарылып алынғанда, егер ол банктік ұйым болмаса.
Корреспондент пен респондент арасындағы келісім шарттарына сәйкес оның
біреуінен корреспонденттік шот ашуға немесе жүргізуге немесе респонденттік
пен корреспонденттік шотты жабу кезінде, корреспондент ақша аударымын
респондент көрсеткен шотқа аударуға міндетті.
Корреспонденттік шотты пайдалану негізінен шоттағы қаражаттың ең
төменгі қалдығымен, ал ішінара - комиссиялық сыйақыларды төлеу жолымен
төленеді. Бұл кезде корршоттағы несиелік ресурстар талап ету депозиттерін
ұсынады. Сол себепті әдетте көрсетілген шоттар бойынша қалдықтар есеп
айырысу операцияларын өткізуге қажетті ең төмен деңгейде ұсталынады.
Банктегі корреспонденттік шоттары арқылы төлеуде төмендегідей шоттар
корреспонденциясы құрылады:
- Ақша жөнелтуші банкте:
Дт 2203 Клиенттердің ағымдағы шоттары;
Кт 1052 Банктің басқа банктердегі корреспондентік есепшоттары.
- Алушы банкте:
Дт 1052 Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есепшоттары;
Кт 2203 Клиенттердің ағымдағы шоттары;
Бір бас банк қызмет көрсететін екі филиалдар арасындағы есеп айырысуда
келесі корреспонденттік шоттар құрылады.
- Ақша алушы банкте:
Дт 1350 Банктің филиалдарымен есеп айырысуы;
Кт 2203 Клиенттердің ағымдағы шоттары.
Егер алушы клиентке басқа банк қызмет көрсетсе, онда бас банкте
бухгалтерлік өткізбе жасалады:
Дт 1350 Банктің филиалдарымен есеп айырысуы;
Кт 1051, 1052 Банктің Ұлттық банктегі және басқа да банктердегі
корреспонденттік шоты.
- Алушы банкте:
Дт 1051, 1052 Банктің Ұлттық банктегі және басқа да банктердегі
корреспонденттік шоты;
Кт 2203 Клиенттердің ағымдағы шоттары.

2. БАНКАРАЛЫҚ АҚША АУДАРЫМДАР ЖҮЙЕСІ (БААЖ) АРҚЫЛЫ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ЖҮРГІЗУ
ТӘРТІБІ

Банкаралық ақша аударымдарының жүйесі (БААЖ) - қолданушылардың жоғары
өрісті төлемдерін аударуды жүзеге асыратын банкаралық есеп айырысулар
механизмі. БААЖ қолдануышыларына қазақстандық банкаралық есеп айырысу
орталығында пайдаланушыға қызмет көрсету туралы келісімшартқа отырған
банктер немесе банктік емес мекемелер жатады.
Жоғары басымды төлем - бұл орындалу мерзімі бірінші дәрежелі мағынаға
ие төлемдер, соның ішінде несиелік ресурстардың банкаралық нарығында
капитал, және шетел валютасы нарықтарындагы операциялармен байланысты.
БААЖ міндеті ұлттық валютадағы қайтарылмайтын және шартсыз төлемдерді
Қазақстанның Ұлттық банкіндегі БААЖ қолданушылардың шотындағы ақша
қаржыларының сомасы көлемінде бір операциялық күн ішінде есеп айырысу
кепілділігімен өткізуінде.
БААЖ ұйымдастыру мен қалыптастырудың құқылық негізін ҚБЕО және Ұлттық
банк қолданушылары арасында, қолданушы мен Ұлттық банк арасында жасалатын
келісімдер қамтамасыз етеді.
Бөлшек төлемдер жүйесінің (БТЖ) қатысушылары, тікелей БААЖ
қатысушылары болып табылады.
Нетто-есеп айырысу қағидасы ұсынылады, ол келесі күні БААЖ арқылы
қорытынды таза позицияларды анықтау бойынша жүргізіледі. Төлем тапсырмасы
өңдеуге алынғанда төлем ақырғы және қайтарылмайтын болып табылады.
Тәуекелдікті басқару жүйесі банктерге көп жақты дебеттік және
кредиттік шектеулер мөлшерінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Жүйеде
қатысушыларының өздерінің төлемдерін орындау кезегін белгілеу мақсатында
кезекке қою БТЖ қарастырылған. Сонымен қатар БТЖ-дың кейбір қатысушыларына
үлкен сенімділік арту мақсатында, сақтандыру қоры және кепілзат
қарастырылады.
БТЖ-дың барлық операциялық күні ағымдағы 16.00 сағаттан келесі күнгі
15.00 сағатқа дейін қалыптасады. Банктердің нетто-позициясының есебі келесі
күнгі 15.00-ден 16.00 сағатқа дейін жүргізіледі. Бұл кезде ақша
аударымдарының банкаралық жүйесі өз жұмысын клиринг қатысушының нетто-
позициясы кезегінде бастайды. Сонғы нәтижеге шығу үшін әр қатысушының таза
дебеттік позициясы 15.00-ден 16.00 сағатқа дейін БААЖ-да резервтеледі. Егер
қатысушы 16.00 сағатқа дейін өзінің таза позициясын БААЖ-ға түскен ақша
есебінен немесе банкаралық несие есебінен реттей алмаса, онда оған Ұлттық
банк несиесі ұсынылады.
Қатысушыға Ұлттық банк несиесі берілген кезде, 16.30 сағаттан бастап
осы қатысушының БТЖ, сондай-ақ несие сомасын және ол бойынша пайыздарды
толық өтегенге дейінгі БААЖ бойынша барлық активтерді операциялары
тоқтатылады.
Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) БААЖ-ды Ұлттық
банк берген өкілеттікпен анықталатын келісім-шарт негізінде басқарады.
Ұлттық банк БААЖ-дың қызметін бақылап отырады.
БААЖ-ға төлем құжатын акцептеу - төлем құжаты шартының негізінде ақша
қаражатын аударуды жүзеге асыруды өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банкаралық корреспонденттік қатынастардың мәні
Банкаралық клиринг есебі
Банкаралық есеп айырысу
БАНКАРАЛЫҚ КОРРЕСПОНДЕНТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ, ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІ
Банкаралық корреспонденттік қатынастар
Банкаралық есеп айырысу есебі
Кассалық операциялардың есебі
ҚР – сы банктерінің несие беру операцияларының мәні
Банктегі бухгалтерлік есептің пәні мен міндеттері
«Банк ісі» лекциялық курсы
Пәндер