БАНКТІК КАРТОЧКАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ

Банктік карточкаларды қолдану бойынша қатынастың негізгі субъектілері:
эмитент, карточка ұстаушы, сауда ұйымы, эквайрер, төлем ұйымы, есеп айырысу
банкі.
Банктік карточка эмитенті - бұл банктік карточканы шығарған және
ұстаушыға берген несиелік ұйым. Банктік карточканы ұстаушы - оны қолданушы
жеке тұлға. Сауда ұйымы - заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер, олардың және
эквайрердің арасындағы келісімге сәйкес, эквайрердің тауар (қызмет)
ұстаушыға банктік карточканы қолданып кезекті төлеу үшін тапсырылган
құжаттары бойынша жауаптылықта болады. Эквайрер - банктік карточканы
қолданып жүргізілген операция бойынша сауда ұйымдарымен есеп айырысатын
және ұстаушыға қолма-қол ақша қаржыларын беретін несиелік ұйым болып
табылады.
Төлем ұйымы - төлем жүйесі шегіңде банктік карточкалармен операция
бойынша ережелерді бекітетін заңды тұлға болып табылады. Төлем жүйесі -
анықталған түрдегі банктік карточкалар-мен операцияларды демейтін
коммуникация және арнайы құрылғылар жүйесі. Төлем ұйымдары әдетте банктік
карточка түрлерін сәйкестендіретін қызмет көрсету белгілерінің құқына ие
болады. Төлем ұйымы сондай-ақ тиісті төлем жүйесінің техникалық қалыптасуын
қамтамасыз етеді.
Есеп айырысу банкі немесе есеп айырысу агенті - төлем ұйымымен
жасалған келісім негізінде эмитент пен эквайрерлер арасындағы өзара есеп
айырысуды жүргізетін несиелік ұйым.
Банктік карточканы алу үшін клиент бекітілген нысандағы өтінішті
ұсынады және банк онымен келісім жасайды. Банктік карточкалар негізгі екі
операцияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді: тауарларды (қызметті) төлеу
және банкоматтар - арнайы автоматтық құрылғылар немесе ҚАА (ПВН) - қолма-
қол ақша қаржыларын алу. Қазіргі кезде аталған операцияның екеуін жүзеге
асыратын карточкалар (әмбебап карточкалар) кең тараған, алайда тек қолма-
қол ақша қаржыларын алуға немесе тек тауар немесе қызметтерді төлеуге
негізделген карточкалар да қолданылуда.
Банктік карточкалар екі негізгі типте болады: кредиттік және дебеттік.
Халықаралық төлем ұйымдарының кредиттік карточкаларының дебеттіктен
айырмашылығы операция жүргізу технологиясына байланысты. Дебеттік
карточкалармен операция барлық уақытта авторландыруға жатқызылады,
кредиттік карточкалармен операциялар анықталған шарттарда жатқызылмайды.
Осындай ерекшеліктеріне байланысты дебеттік карточкаларды эмитенттер
банктік шотта бар қаржы қалдығы көлемінде операцияларды жүзеге асыруға
қолданылады, ал несиелік карточкалар бойынша шоттағы бар қаржы көлемінде
операция жүргізуге, сондай-ақ несие ұсынуға болады, әдетте тәжірибеде бұл
қарызшыға несиелік желі ашу жолымен жүзеге асырылады.
Банктік карточканы қолданып тауар немесе қызметті төлеу кезінде
ұстаушы карточканы сауда ұйымының кассиріне береді. Кассир авторландыру
рәсімін өткізуі керек, ол үшін карточка эмитенттері мен бұл орталықта
карточка ұстаушының банктік шотының жағдайы туралы деректер базасы
жүргізіледі. Авторландырудың негізгі қызметі - карточка ұстаушының төлем
қабілетіне көз жеткізу. Авторландыру екі әдіспен жүзеге асырылады: дауыстық
және электрондық.
Дауыстық авторландыру кезінде кассир эквайрер-банкінің іс жүргізу
орталығына телефон соғып, ондағы қызметкерге келесі деректерді хабарлайды:
карточка нөмірін және оның әрекет ету мерзімін, операция сомасын және сауда
ұйымының сәйкестендірушісін (нөмірін). Эквайрердің іс жүргізу орталығының
қызметкері тиісті төлем жүйесінің байланыс арнасы арқылы (электронды
тәсілмен, яғни берілген деректерді компьютерлік жүйеге енгізу арқылы)
эмитенттің іс жүргізу орталығымен байланысады. Егер қызмет мақұлданса, онда
көрсетілген тізбек бойынша, бір-ақ кері бағытта аталған авторландырушылық
сұрауды сәйкестендіретін авторландыру коды хабарланады.
Электронды авторландыру кезінде жоғарыда көрсетілген мәліметтерді
сауда ұйымының кассирі арнайы құрылғы - электрондық терминалға енгізеді. Ол
аталған деректерді эквайрердің іс жүргізу орталығына жолдайды және ол
автоматты режімде тиісті эмитенттің іс жүргізу орталығына береді. Осы
ретпен эмитенттің іс жүргізу орталығы авторландыру кодын жолдайды.
Авторландыру, соның ішінде дауыстық авторландыру белгілі бір уақыт
мерзімін алады және сауда ұйымы қызметінде қажетсіз болып табылады. Тиісті
телекоммуникацияны қолдану себепті авторландыру айтарлықтай қымбат түратын
рәсім есептеледі, ол аз сомадағы операцияда өзін ақтамайды. Сондықтан
халықаралық төлем жүйесінің ережесі белгіленген лимиттен аспайтын сомадағы
банктік карточкалармен операциялар авторландыруды қолданбай жүргізілуін
қарастырады.
Көрсетілген лимит әрекет етуі үшін анықталған сауда ұйымы мен эквайрер
банк арасындағы келісім бойынша тиісті шарттар қарастырылуы керек.
Халықаралық төлем жүйесінің ережесіне сәйкес лимитке дейнгі сома
операциялары авторландырылған эмитент болып саналады. Бірақ сауда ұйымы
карточканың әрекет ету мерзімі аяқ талмағанына және оның нөмірі тоқтатым
парағында (стоп-лист) — ұрланған немесе жойылған карточкалардың тізімінде
жоқ екендігіне көз жеткізуі тиіс.
Атап өтетін жайт, дебеттік карточкалармен операция сома көлеміне
байланыссыз авторландыруға жатады, өйткені шоттағы бар қаржы көлемінде ғана
қатаң жүргізілуге тиісті.
Авторландырудың заңдық мәні, банктік карточканы қолданып атқаруға
ұсынылған құжаттарды эмитенттер міндеттемесінің еркін пайдаланылуына негіз
болып табылуында. Аталған ереже авторландыру жүзеге асқандығын сол мезетте
эмитентке хабарлап, ұзамай оған тиісті есеп айырысу құжаттары
ұсынылатындыгын хабарлайды. Осындай ретпен авторландыруға құқылық факт
статусын беру қалыптасқан қатынастарды көрсетеді.
Авторландыру өткізу кезінде эмитент авторландырылған сома көлемінде
ұстаушының ақшалай қаржыларын шектейді. Аталған шектеу өткізілген
операциялар сомасын ұстаушыға төлеу бойынша эмитенттің талаптарын
қамтамасыз етуге негізделген. Егер авторландыру өткізіліп, қандайда бір
себептермен тауар толық ұсынылмаса, онда сауда ұйымы авторландыруды
толықтай немесе жартылай қайтаруы тиіс.
Алайда егер авторландыру өткізілмесе және операция сомасы сауда ұйымы
бекіткен лимиттен аспаса, эмитент банктік карточканы қолданып құрылған
құжаттарда көрсетілген міндеттемелердің орындалуына жауапты.
Авторландыру өткізілген соң кассир карточка және импринтер көмегімен
слип деп аталатын арнайы түбіртекті құрады. Импринтер орнына электронды
терминал қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда тиісті құжат электронды терминал
түбіртегі деп аталады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес слип (электронды
терминал түбіртегі) кем дегенде келесі деректерден тұруы тиіс:
- сауда ұйымының сәйкестендіргіштері (нөмірі);
- операция өткізу күні;
- операция сомасы;
- операция валютасы;
- операция эмитенттері авторландыруды бекітетін код;
- банктік карточка деректемелері;
- карточка ұстаушының қолы.
Әдетте слип ұстаушының эмитент банкке сауда ұйымының операция сомасын
төлеу тапсырмасын білдіреді. Сонымен қатар слип және электронды терминал
түбіртегіне сауда ұйымы кассирінің қолы қойылады.
Слип үш данада құрылады. Бір данасы ұстаушыға, қалған екі данасы -
сауда ұйымы мен эквайрерге (оның үрдістік орталығына) беріледі. Электронды
терминалды қолдану кезінде қағаз жеткізушіде карточка ұстаушы және сауда
ұйымы үшін екі данада электронды терминал құрылады, сонымен қатар
өткізілген операция туралы ақпарат электронды түрде электронды терминалдан
эквайрердің үрдістік орталығына жіберіледі.
Осы ретте қолма-қол ақша беру нүктелері арқылы қолма-қол ақша беру
жүргізіледі және рәсімделеді. Бұл кезде слипте (электронды терминал
түбіртегі) жоғарыда аталған деректемелерден басқа, кассир қолы мен егер бар
болса эквайрерге операция жүргізгені үшін төлем сомасы енгізілуі тиіс.
Банкомат арқылы ақша беру кезінде барлық операция автоматты режімде
жүргізіледі. Ұстаушы банкомат клавиатурасында өзінің ДСН-ін (дербес
сәйкестендіру нөмірін) - эмитент белгілеген құпия сәйкестендіру кодын
тереді. ДСН электронды терминалды қолданып өткізілетін операцияларда да
қолданылады. Егер ДСН дұрыс терілсе, ұстаушы белгілі бір сома көлемін алуға
мүмкіндігі бар. Банкомат авторландыру рәсімін жүзеге асыру үшін эквайрердің
үрдістік орталығымен байланысады. Авторландырулық сұрауға жағымды жауап
алынған жағдайда банкомат ұстаушыға қолма-қол ақша және келесі
деректемелерден тұратын түбіртекті ұсынады:
- банкомат сәйкестендіргіштері;
- операция өткізу күні;
- операция валютасы;
- операция эмитентінің авторландыруын белгілейтін код;
- банктік карточка деректемелері.
Банкоматтар - пластикалық карточкалармен операция жүргізу кезінде
қолма-қол ақшаларды инкассолайтын және беретін банктік автоматтар.
Банкоматтар келесі негізгі операцияларды жүзеге асырады:
1) шотындағы қалдықтар туралы клиенттерді хабардар ету;
2) қолма-қол ақша беру.
Осындай ретпен банкомат карточка ұстаушысына шоттың ағымды жағдайы
туралы (соның ішінде қағаздағы шоттан жазбаны) ақпарат алуға мүмкіндік
береді, сондай-ақ бір шоттан екінші шотқа қаржы аудару операциясын
жүргізеді.
Банкоматқа операция жүргізу үшін кіру төлем карточкаларын және банк
клиенттерінің дербес сәйкестендіргіш нөмірін пайдаланып жүргізіледі.
Банкоматты басқаруды және оның жағдайын бақылауды қамтамасыз ету үшін
дербес ЭЕМ жабдықталған. Банкомат ақша қоймасы болғандықтан бақылау айрықша
маңызды. Бүгінгі күні көптеген үлгілері on-line режімінде магнитті жолағы
бар карточкалармен жұмыс істеуге, есептеуге, сонымен бірге смарт-карттармен
on-line режімінде жұмыс істеуге қабілетті құрылғылар да пайда болған.
Банкоматтар ғимарат ішінде, сондай-ақ көшеде де орналастырылып, тәулік бойы
жұмыс істейді.
Әр банкомат үшін оның сақтық деңгейіне және үздіксіз жұмыспен қамту
қажеттілігіне байланысты, бір кезекте оның сейфінде жинақталатын және
сақталатын қолма-қол ақша лимиті белгіленеді.
Банкоматпен жүргізілетін операциялар есебі үшін, банкоматтағы
операциялар есебінің кітабы жүргізіледі, оған касса меңгерушісі жауапты
болады.
Банкоматты қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету тұтыну көлеміне
байланысты. Банкомат үшін қажетті қолма-қол ақша лимиті көлеміндегі соманы
кассетаны толтыруға арнайы белгіленген кассир бекітілген тәртіпте касса
меңгерушісінен алады. Ақшаны кассаға салу және кассетадан алу касса
бөлмесінде жүзеге асырылады. Тексергеннен кейін кассир ақшаны кассетаға
салады, кілтпен жабады және пломб қояды.
Кассетаға банк атын, банкомат нөмірін, салынған ақша купюрасы,
номиналы, сомасы, күні және қолдары, кассирдің жеке таңбасы басылады.
Кассетаны толтырған соң касса меңгерушісі инкассаторға инкассаторлық бағыт
парағын жазады. Инкассатор бағыт парағын және кассетаны алады, кассетаның
бүтіндігін, құлақша қағазды және ондағы деректемелерді тексереді.
Кассетамен бірге инкассаторға банкоматтарды толтыру және босату
операциялары есебінің кітабына қолхат қалдыра отырып банкомат сейфінің және
оны басқару модулінің кілті, сондай-ақ кіру карточкасы беріледі. Кассетаны
жеткізген соң инкассатор кіру карточкасын пайдаланып, бағыт парағында
белгіленген кассетаны ішіндегі ақша қалдығымен алады, орнына жаңа кассетаны
қойып, бағыт парағындағы деректер бойынша банкоматты басқару модуліне
қойылған кассетадағы купюра саны мен номинал туралы ақпаратты енгізеді.
Алынған кассеталарды, кілттерді, карточканы және банкоматтан алынған
түбіртекті инкассатор банкоматтарды толтыру және босату операциялары
есебінің кітабында қолхат бере отырып кассирге тапсырады.
Кассир инкассатордың қатысуымен әкелінген кассеталардың бүтіндігін,
құлақша қағазы мен пломбтардың бар екендігіне көз жеткізеді және одан сома
көрсетілген түбіртекті қабылдайды. Одан соң ол өз қолымен бағыт парағына
кассеталарды алғандығын сендіріп қол қояды, касса меңгерушісінің кітабы мен
кассетадан алынған ақшаны қайта санайды, түбіртек сомасымен салыстырады,
кассетадан алынған ақша сомасына кассалық кіріс ордерін толтырады. Осыған
сәйкес банкоматтың баланстан тыс шотынан қаржы алынып касса есебіне жазылуы
үшін бақылаушы бухгалтерге кіріс кассасы бойынша өткізбе жасауға береді.
Одан соң қолма-қол ақша касса меңгерушісіне беріледі. Банкоматтан алынған
кассетадағы қолма-қол ақшаның нақты қалдығы мен түбіртекте берілген
қалдықта сәйкессіздік табылса, тиісті акт толтырылып, касса меңгерушісі мен
кассир қолдары қойылады. Табылған сәйкессіздік факт бойынша қызметтік
іздестіру жасалынып, сәйкессіздік себептері анықталады. Қызметтік іздестіру
негізінде қолма-қол ақшаның жетіспеушілігі дәлелденсе, кінәлі тұлғалар
жетіспеген соманы бекітілген тәртіпте қалпына келтіруге міндетті.
Жұмыс күні соңында касса меңгерушісі банкоматтарға толтырылған қолма-
қол ақша сомасы туралы есеп береді және инкассатордан алынған түбіртекпен
бірге күн есебіне тіркейді. Кезеңмен айына кем дегенде бір рет
банкоматтарға толық босату жасалынады.
Депозиттік банкоматтарды қолдану кезінде инкассатор қолма-қол ақша
қалдығы бар кассеталарды, клиент шотына қосу үшін салынған ақшасы бар
конверттермен қоса әкеледі. Кассир касса меңгерушісінің қатысуымен
конвертте көрсетілген соманы банкоматтарды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz