Банкаралық операциялардың электрондық жүйесі. SWIFT коммуникациялық желісі


Жоспар
- Банкаралық операциялардың электрондық жүйесі.
- SWIFT коммуникациялық желісі.
- SWIFT интерфейстері.
- Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
- Банкаралық операциялардың электрондық жүйесі.
SWIFT жүйесі арқылы банк өздерінің корреспонденттік банктеріне банктік аударымдар жүргізеді, сондай-ақ халақаралық банктік тәжірибеде қолданылатын басқа да операцияларды жоғары дәрежелі сенімділікпен және 20 минут аралығында жүзеге асырады.
Қазақстанның жиырмадан астам банкі SWIFT халықаралық банктік жүйесіне қосылған. Банк қызметтерінің электрондық жүйесі екі топқа бөлінеді:
- Банктік ақпараттар жүйесі
- Есеп айырысу жүйесі.
Олардың айырмашылығы мынада: бірінші жүйе арқылы банкаралық құжаттардың сақталуы және олардың тез арада жеткізілуі жүзеге асырылады; қатысушы-банктердің төлемдерін реттеледі; ал екінші жүйенің қызметі осы жүйедегі банктердің мүшелері арасындағы өзара байланысты талаптар мен міндеттемелерді орындаумен байланысты.
Бірінші топқа мыналар жатады: SWIFT және АҚШ-тың дербес капиталистік банктік желісі - BANK WIRE.
Екінші топқа АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесінің желісі - Fedwire жатады.
Аударымдар мен есеп айырысуларға қатысушылар жағының саны бойынша бұларды ажыратуға болады. SWIFT банктік ақпараттарды екіжақтылық (екі тарапты) негізде жіберуді ұйымдастырады. Федералдық есеп айырысу жүйесі көп тараптар арасында төлем міндеттемелерін реттейді.
SWIFT жүйесін құрудың басты мақсаты - оның барлық қатысушыларын тәуліктік жоғары жылдамдықты желімен қамтамасыз ету; банктік ақпараттарды стандартты формада жоғары дәрежелік бақылау мен рұқсатсыз қосылудан қорғау (защита от несанкционированного доступа) арқылы жіберу. SWIFT осы ұйымдардың мүшелері арасында халықаралық қаржылық аударымдар ағымын жеткізуші және бөлуші халықаралық телеграфтық желісін жобалауға, еңгізуге және реттеуге арналған.
SWIFT өз операцияларын бірыңғайлайды: барлық жеткізілетін мәліметтер сенімді өңделуді қамтамасыз ететін қарапайым форматты болады.
Жүйе төлем операцияларын қағаздарсыз және өте ұтымды түрде жүргізуі керек; банк аралық ақпарат алмасуды телекоммуникацияны қолдану арқылы жылдамдату; әдетте болатын тәуекелдерді азайту (жалған төлем құжаттардан немесе қате төлемдер жүргізуден болатын шығындар) .
SWIFT ақпараттардың өңделуін ұйымдастыруды, мәліметтердің сенімділігін және қорғалуын, қорларды тиімді басқаруды, бір бірінен қашықтықта орналасқан клиеттер мен корреспонденттер арасында тікелей байланысты, сондай-ақ операциондық шығындардың азаюын қамтамасыз етеді.
SWIFT банктердің BIG кодтар арқылы идентификациялау жүйесін талап етеді. BIG кодтар банк мәліметтерін идентификациялайтын әмбебап стандартты форма болып табылады және өздерінің қолданушыларына SWIFT белгіленген әдістемелерге негізделеді. Кодтар әрдайым банктердің идентификация кодтары анықтамалығында жарияланады. Қазіргі уақытта SWIFT хабарламаларының 7 категориясы анықталған.
- SWIFT коммуникациялық желісі.
1 сурет. SWIFT желісінің құрылымы.
Бір банктен келесі банкке ақпараттың баруы келесі кезеңдер арқылы жүзеге асады:
Ол осы жүйеге мүше-банк терминалынан модем арқылы ұлттық желі байланысы, яғни аймақтық процессорға түседі. Ақпараттың тексерілуі мен аймақтық процессорға жеткізілуіне дейінгі жауапкершілік мүше-банктің мойнында. Олар SWIFT терминалдық құрылғысымен жұмыс істеудің тиімді режиммімен қамтамасыз етеді. Аймақтық процессор SWIFT желісіне кіру қызметін атқарады. Онда жиналған ақпараттар халықаралық байланыс желілері арқылы шифрланады және операциялық орталыққа түседі. SWIFT-те әр түрлі байланыс желілері пайдаланылады. Мұнда тиісті тексеру жүргізіледі, құжаттардың форматтарының, мерзімдерінің, жіберуші мен алушы мекен-жайларының дұрыстығы, ақпарат жіберген құрылғының мәртебесі тексеріледі. Осыдан кейін ақпарат шифрланған түрде көшіріліп жазылады.
- SWIFT интерфейстері.
Пайдаланушылар байланыс желісі арқылы интерфейс деп аталатын компьютер терминалына қосылады.
2 сурет. SWIFT интерфейстері.
SWIFT желісінің интерфейстері программалық-техникалық кешеннің үш дәрежесін жетілдіреді:
ST - 200; ST - 400; ST - 500
ST 200 - қосылу интерфейсі.
Бұл тип кешені ақпараттар интенсивтілігінің кіші және орташа дәрежесіне есептелген. Олар бағасы жағынан қолайлы және мәліметтерді еңгізу мен шығаруға тиімді. Бұл жүйелер ақпараттарды көбінесе қолмен жасайтын пайдаланушыларға бағытталған. ST 200 маманданбаған қызметкерлер құрамына жұмыс істейді.
ST 400 - интеграциялық (біріккен) шешім. Басқа өңдеу бағдарламаларын жасаумен қоса SWIFT ақпараттарын автоматты түрде еңгізу мен алуға мүмкіндік береді; ашық операциялық жүйелілігімен, программалық-техникалық кешеннімен ажыратылады.
ST 500 - үзіліссіз өңдеу. Пайдаланушылар, үлкен көлемдегі халықаралық операциялар мен ақпараттар үшін толық автоматтандырылған программалық-техникалық кешен. Сондықтан ол тәулік бойы жұмыс істейді. Мәліметтерді беруде өңдеуші ЭЕМ мен ғаламдық желілер арасында жоғары дәрежлік байланысты қамтамасыз етеді. Мысалы, SWIFT пен TELEX.
SWIFT жүйесінің артықшылықтары:
- Бәсекеқабілеттілік, қауіпсіздік, жеделдік, осы жүйе шеңберіндеі жауапкершілік; банк ішіндегі тиімділігі бойынша мүмкіндіктері.
Кемшіліктері:
- Техникалық құралдардың күрделілігі мен онымен байланысты техникалық келелі мәселелерге байланысты ұйымның ішіндегі тәуелділік; Кіші банктерге тиімсіз жоғары шығындар.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- Рожнов В. С. Автоматизированные системы обработки учетно-аналитической информации. - М: Финансы и статистика, 1992.
- Омарова Ш. Е. Автоматизированные информационные системы. Караганда. КИПК. 1996.
- Титоренко Г. А. Автоматизированные информационные технологии в экономике. - М. : ЮНИТИ, 1998.
- Рожнов В. С. Автоматизированные системы обработки финансово-кредитной информации. - М: Финансы и статистика, 1990.
- Колесник А. П. Компьютерные системы в управлении финансами. - М: Финансы и статистика, 1994.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz