Банк жүйесін ақша-несие реттеу құралдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
банк жүйесінің ролі мен орны 1
Банк жүйесін ақша-несие реттеу құралдары 4
Банктік қадағалау. Банктік қадағалаудың мақсаттары мен әдістері. 9

банк жүйесінің ролі мен орны

Еліміздің экономикасында банк жүйесінің ролі мен орны өте зор.
Сондықта банк жүйесі ең қатал экономика салаларының бірі болып табылады.
Қазіргі нарық жағдайында коммерциялық банктерді ерекше нарықтық құрылым
ретінде реттеу келесі түрде жүзеге асырлады, біріншіден, еркін нарықтық
субъектілер арасындағы арақатынас пен бәсекелестік жәтижесінде пайда
болатын өзін-өзі реттеу негізінде; екіншіден мемлекеттік реттеу негізінде.
Осы жағдайларда қарамастан, коммерциялық банктер үшін ең маңыздысы
мемлекеттік реттеу болып табылады, бұл банктердің қоғамдық өндірісте шешулі
роль мен экономиканың тұрақты дамуы үшін маңыздылығына байланысты.
Банк қызметін мемлекеттік реттеу банк жүйесінің “жоғары” және
“төмен” деңгейлерінің арасындағы арақатынас арқылы іске асады. Яғни
Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Қазақ Ұлттық Банкі) Қазақстан
Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы
банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық бактерімен және басқа
банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы – кредит
ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкі өз міндеттерін орындау кезінде пайда табу
мақсатын басшылыққа алмауға тиіс.
Екінші деңгейдегі банктердің түрлері, құқықтық мәртебесі, оларды
құрудың, қызметінің жәке таратудың тәртібі Қазақстан Республикасының банк
заңдарымен белгіленеді.
Несие жүйесіндегі “жоғары” деңгейдің “төменгі” деңгейге әсер етуі
негізгі бағыттар арқылы жүзеге асады. Біріншісі – бұл “төменгі” деңгейдегі
субъектілерге өздерінің нарықтық пайдаларын және олардың арасындағы
бәсекелесті жүзеге асаға мүмкіндік беретін заң шығарушы, атқарушы, сот
жолымен жағдайлар жасау. Бұл үшін қаржы рыногында әртүрлі операцияларды
іске асыра алатын субъектілерге міндетті түрде белгілі бір талаптар,
сонымен қатар бұл операцияларды жүргізудің ережелері мен шарттары қойылуы
қажет. Орталық банк барлығына бірдей кредитшілерге сәйкес қаржы рыногындағы
операциялардың іске асыру тәртбінің және талаптарының орындалуын қадғалауға
тиіс. Бұл бағыт жақсы нарықтық қатынастың қалыптасуна және рыноктың барлық
субъектілері арасындағы бірі-біріне тиімді әсер етуді орнатуда зор маңызы
бар. Қазақстан Ұлттық Банкі банктердің қызметін реттейтін және қадағалайтын
орган болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі банкілер желісінің жұмыс істеуі үшін ортақ
жағдайлар жасауға және банкілердің адал бәсекесі принциптерін енгізуге
жәрдемдеседі.
Оның реттеушілік функциясы Қазақстан Республикасы ақша-кредит
жүйесінің тұрақтылығынан қолдауға, банк кредиторларының, салымшыларының
және клиенттерінің мүдделерін қорғауға бағытталады. Қазақстан Ұлттық Банкі
заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, банктердің ағымдағы
қызметіне араласпайды.
Екінші бағыт – банк жүйесінің “жоғары” және “төмен” деңгейлерінің
арақатынасы – қаржы рыногында “төменгі” деңгейдегі банктердің
операцияларына макроэкономикалық пропорциялар арқылы әсер етуді реттеу.
Ақша – несие жүйесін реттеу бойынша Орталық банкпен қолданылатын барлық
шаралар айналымдағы ақша массасының құрылымына және көлеміне әсерін
тигізеді және экономикаға салуға болатын коммерциялық банктердің артық
ресурстарының көлеміне де әсер етеді.
Орталық банктердің коммерциялық банктерге берілетін (несиелер)
көлемінің өсуі мен төмендеуі, коммерциялық банктердің (несиелік)
ресурстардың көлеміне тікілей және тура әсер етеді. Егер коммерциялық
банктерге несиелер көлемі төмендесе, рыноктағы олардың ұсыныс жынтығы мен
ақша массасы көлемінің жиындығын қысқартады.
Үшінші бағыт – Орталық банктің төменгі деңгейіндегі банктерлермен
арақатынасы - әртүрлі нормативтер мен талаптар көмегімен банктердің
қызметтерін реттеу арқылы коммерциялық және т.б банктердің салымшыларының,
акционерлері мен клиенттерінің мүдделерін қорғау.
Неліктен банктер қызметі қатал реттелінеді? Біріншіден; қоғамдық
жинақтардың негізгі сақталатын жері банк болып табылады, бұл жинақтарға
жеке меншік тұлғалар мен жанұялар жинақтары жатады. Өздерінің жинақтарын
сақтағысы келетін халықтық көпшілігіне банктің сенімділігін бағалау үшін
керекті ақпарат пен қаржылық салада тәжірибе жетіспейді. Сондықтан,
реттеуші мекемелер (ведомстволар) қоғамды материалдық залалардан қорғау
мақсатында банктердің қаржылық жағдайын бағалау үшін керекті ақпаратты
жинауға жауапты болады.
Қоғамдық жинақтардың негізгі бөлігі біршама қысқа мерзімді өтімділгі
жоғары депозиттер түрінде сақталады, бірақ банктер 3 – 5 жыл лдан да көп
мерзімге тартылатын ұзақ мерзімдерді ірі жинақтармен жұмыс істейді. Банктің
күйреуінен немесе банк ішіндегі сілкіністерден пайда болған шығындар
дағдарысты зардаптарға әкелетін еді: сондықтан “реттеуші” қызметі қоғам
қаржысын тиімді және сенімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында
депозиттерді сақтандыру мен банктердің саясаты мен тәжірибесін бақылау
арқылы жоғалтулардан сақтау болып табылады. Бұл функция банк қызметін
реттейтін функциялардың бірі болып табылады.
Банк қызметін қатал қадағалау себебі – банктер кедергісіз
шығындалатын депозиттер есебінен кредиттер беру және жеке инвестициялық
қызмет ету арқылы ақша жасау қабілеттілігі бар. Жасалатын ақша массасы
көлемінің өзгерісі экономика жағдайыменен өзара байланысты, әсіресе, жаңа
жұмыс орындарын құру мен инфляцияның бар немесе жоқ болумен байланысты.
Сонымен қатар банк қызметі тұтынушылық шығындар мен инвестициялық
қажеттіліктерді қорғайтын фирмалар мен жеке меншік тұлғаларға кредит
(несие) беретіндіктен реттелінеді.
Мемлекет жағынан қатал бақылау қажеттілігі – соңғы кездердегі банк
капиталының өнеркәсіппен бірігіп, ірі қаржы - өнеркәсіптік топтардың (ФПГ)
пайда болып және олардың санының көбеюімен түсіндірледі. Мысалы, ірі
банктың банкротқа ұшырауы халықтың банк жүйесіне деген сенімдігін үзуімен
қатар, өнеркәсіптегі күрделі құрылымдық өзгерістер туғызуі мүмкін,
экспорттық құрылым мен көлеміне, жергілікті тауарлардың бәсекелестік
қабілеттілігіне әсер етеді.
Бұл жағдайдың барлығы 2-ші деңгейдегі банктердің қызметін тиімді
түрде бақылау мен реттеу жүйесін құруды қажет етеді. Әр елде банктік
бақылау жүйесі әртүрлі болады. Мысалы, АҚШ-та федералды және жергілікті
билік органдарының қызметін қадағалау мен реттеу саласында едәуір
өкілеттігінің бар болуына сәйкес екіжақты қатар бағыну (бірлесу) жүйесі
қолданылады. Бұл жүйе штаттардың өздерінің территориясында орналасқан
салаларды қатаң жергілікті емес бірлестіктер өзінің өкіметтіліктерін
асырмау қажет және білгілі бір штаттан тысқары өздерінің қызметтерін
кеңейткісі келген банктерге әділ қарауға міндетті, - ол үшін қадағалау мен
реттеудің федеральды деңгейі қарастырылған. Банк қызметін федеральды
өкіметінің негізгі агенттіктеріне, - ақша айналымының Бақылаушысы,
Федеральді Резервтік Жүйе (ФРС) және Депозиттерді Сақтандырудың Федералды
Корпорациясы (ФКСД) жатады. Банк ісінде Юстиция Министрігі мен бағалы
қағаздар және биржа бойынша Коммиссиясының ролі маңызды, бірақ штаттар
деңгейінде кеңесі мен қызметін қадағалау бойынша негізгі болып табылады.
Қазақстанда банктерді бақылау ішкі ведомстволық және сыртқы
ведомстволық бақылау түрлері арқылы жүзеге асады. Президент тұсындағы
қаржылық бақылау Комитеті, Қазақстан Республикасы Сенатының бақылаушы
палатасы салық бақылаушы органдары (құрамына бұрынғы мемлекеттік кіріс
Министрлігіне кіретін) бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасының
Ұлттық комисиясы, құқық қорғаушы органдар банктерді сыртқы ведомстволық
бақылауды жүзеге асырады.
Банк қызметін ішкі ведомстволық бақылау мен қадағалауды Қазақстан
Республикасындағы банк жүйесіндегі “жоғары” деңгейі – Ұлттық банк,
негізінен Банкті қадағалау департаменті арқылы жүзеге асырады.
Сонымен екінші деңгейдегі банктерді мемлекеттік реттеу, менің
ойымша, банк жүйесінің тұрақтылығын қолдау мақсатында мемлекеттің
деңгейдегі банктерге әсерін тигізу әдістері мен жолдарының жиынтығы болып
саналады.
Жоғарыда көрсетілген анықтамаға сәйкес мемлекеттердің 2-ші
деңгейіндегі банктерге әсер етуінің 2 негізгі компонентігі бөлуге болады.
Бұл, біріншіден, жанама жолмен реттелінетін әдіс деп аталатын, айналымдағы
ақша массасының қажетті деңгейін сақтауға бағытталған, ақша-несие
реттеуінің құралдар; (Орталық банктік есепті саясаты, ашық рыноктағы
операциялар, міндетті резевтер нормаларының өзгерісі) және екіншіден,
әдістер – (банктік қадағалау).

Банк жүйесін ақша-несие реттеу құралдары

Айналымдағы ақша мөлшері немесе қазіргі макроэкономикалық теориядағы
және Жалпы Ұлттық өнім көлемінің деңгейлерін анықтайтың құрал болық
табылады. Сондықтан, несие ұсынысының көздері болып табылатын екінші
деңгейдегі банктердің артық резервтерінің көлеміне әсер ету арқылы жүзеге
асыратын Орталық банк негізгі міндеті ақша ұсынысын реттеу болып табылады.
Осыған орай, Орталық банк мемлекеттік Монетарлық саясатты 3 әдіспен жүзеге
асырады:
1. Ашық рыноктағы операцияларды жүргізу;
2. Міндетті резервтердің минималды нормасын өзгерту;
3. Есеп қойлымының мөлшерін анықтау;
Бірінші әдіс – ақша ұсынысын реттеу жағынан ең маңызды болып
табылады – бұл, бір жағынан, Орталық банк мемлекеттік бағалы қағаздарды
сатып алу мен сатуды, екінші жағынан, коммерциялық банктерге, қаржылық емес
фирмалар мен халыққа сатып алып – сатуды білдіреді. Орталық банк
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып немесе сатып алып, банк жүйесіне
резервтерді не тартып, не қолданудан қалдырып тастауы мүмкін, яғни ақша
ұсын ұсынысын көбейтеді немесе азайтады.
Бұл келесі түрде жүзеге асады: Ең алдымен ашық рынокта коммерциялық
банктерден мемлекеттік облигацияларды сатып алу туралы.

Ашық рынокта бағалы қағаздарды сатып алу

Орталық банк
Активтер Міндеттемелер мен жеке капитал

+ Бағалы қағаздар (а) + Коммерциялық банктердің резервтері (в)

(а) Бағалы қағаздар (в) Резервтер

Коммерциялық банктер

Активтер Міндеттемелер мен жеке капитал

- Бағалы қағаздар (а)
+ Резервтер (в)

1 – сурет.
Коммерциялық банктерден бағалы қағаздарды сатып алу келесі түрде
ұйымдастырлады. Коммерциялық банк өзінің мемлекеттік облигация портфелінің
бір бөлігін Орталық банкке береді, ол Орталық банк мемлекттік облигация
үшін коммерциялық банкке белгілі бірсома төлейді; Орталық банк коммерциялық
банктің резервтерін ұлғайтады; бұл мәселенің нәтижесінде коммерциялық
банктердің несиелендіру резервтері мен қабілетшіліктері өседі. Өздерінің
артық резервтерін ұлғайтқан коммерциялық банктер барлық осы соманы қарыз
беруге құқығы бар.
Келесі қарастыратын мәселе – бұл Орталық банктің ашық рынокта
мемлекеттік облигацияларды сату.

Ашық рынокта бағалы қағаздардың сатылуы.

Орталық банк
Активтер Міндеттемелер мен жеке капитал

+ Бағалы қағаздар (а) + Коммерциялық банктердің резервтері (в)

(а) Бағалы қағаздар (в) Резервтер

Коммерциялық банктер

Активтер Міндеттемелер мен жеке капитал

- Бағалы қағаздар (а)
+ Резервтер (в)

2 – сурет.

Мысалы, Орталық банк мемлекеттік облигацияларды коммерциялық банкке
сатады, ал коммерциялық банктер өз тарапынан осы облигациялар үшін
Орталық банк төлем беріп, орталық банктегі өздерінің салымдары немесе
резервтеріне чектер жаздырып береді. Осы чектерді Орталық банк есепке алып,
коммерциялық банктердің резервтерін мәміле арқылы қысқартады. Нәтижесінде
несие беруге коммерциялық банктердің резервтері мен қабілеттіктері
төмендейді. Сонымен қатар, мемлекеттік облигациялардың қаржылық емес
фирмалар мен халыққа сатулы тура сол нәтижеге әкеледі. Чектерді есепке ала
отырып Орталық банк коммерциялық банк резервтерін белгілі бір сомаға
азайтып, банктердің несие беру қабілеттігін төмендетеді. Коммерциялық
банктердің резервтерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша-несиелік реттеу саясаты
Ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Ақша - несие саясатының құралдары
ҚР-ғы Ұлттық Банктің ақша-несие саясаты
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының ақша-несиелік саясаты
Ақша-несие саясаты
Қазақстан Республикасыдағы ақша.несие саясатын жүргізу ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақша-несие саясатына талдау
Қазақстан Республикасы қазіргі кездегі ақша-несие саясаты және оның даму жолдары
Ұлттық банктің қызметтері және ақша-несие жүйесі
Пәндер