ҚР Ұлттық банкі: қызметтері және операциялары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 1
ҚР-дағы банк жүйесі. 3
ҚР Ұлттық банкі: қызметтері және операциялары 7
Қорытынды 9
Пайдаланылған әдебиеттер 11

Кіріспе

Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда
болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды
орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің
мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияеың жекелеген қалаларында
(Венеция, Генус) ХІУ-ХУ ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк
тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының
дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған
делінеді.
ХУІ-ХУІІ ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте,
Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп
айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер
өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан
жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің
бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және
артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде – феодализм
тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында
банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда
болғандығын тілге тиек етеді.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының
екі мыңжылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Өкінішке орай, банк сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана
белгісіз етіп қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің
жорамалымыздың ақиқаттығына күмән туғызады.
Банк сөзі banco деген ағылшын тілінен аударғанда айырбас
столы дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда
жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың,
жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта
монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттық
барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда
болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің
ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына
айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл
салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз
алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп
банкирлерге айналады.
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың
айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда
пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы
болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге
қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына
байланысты түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда
компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен
қатар, ссудалар берген. Олар б.э.д. УІ ғ. Ежелгі Вавилонда салым
операциялары: салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу
операцияларының жасалғандығын еске сала кетеді. Мұндай операциялар
б.э.д. ІУ ғ. Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі
гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы
ақшалар айырбасын жүргізіп отырған көрінеді.
Сонымен, бұл алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер?
деген сұрақ туады. Тарихшылардың пайымдауынша, олар жекелеген тұлғалар
және қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері
екен. Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған.
Сол уақыттары белгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе)
ақша сақтаумен айналысқан.

ҚР-дағы банк жүйесі.

Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сәйкес5 ҚР-дағы банк
жүйесі екі деңгейден тұрады.
ҚР Ұлттық банкі – мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші
деңгейді білдіреді.
Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) –
екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс – жүзінде екінші
деңгейдегі банктер деп атайды.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не
бары он үш жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның
ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп
болғандығын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі
реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат – отандық банктеріміздің қызметін
халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да жасырын емес. Бұл
талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу не
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар
болып құрылу қажеттігі ұсынылады.
5ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы. ҚР заңы 31.08.95
Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз
жатуға болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу
қажеттігін түсінеді.
Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізуімен қатар салым
иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп
айырысулар банктердігі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа
аудару арқылы жүргізілді.
Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс
қалмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз
кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісімшарттарды құруда сенім
қызметтерін көрсетіп, сауда-саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп
айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік
билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста
жүрді. Ағылшан елінде алғашқы акционерлік банк – Ағылшын банкі 1694 ж
құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады.
Әрине мұның бәрі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура
жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырмайды.
Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда
болуының тек алғышартын ғана сипаттайды.
Ендеше осы жерде несие берушінің қандай жағдайларда банкке
айналғаны таң қалдырады. Сонымен бізге белгісіз болатын келесі бір
нәрсе – бұл несиенің жеке формасы мен банктік несие арасындағы
айырмашылықтың болуы. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың бір
тарабы жеке тұлға емес, несиелік мекеменің қалай болғаны түсініксіз
болуы мүмкін.
Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі кездегі сөздіктердегі банк
ұғымына мән берелік. Анықтамалық басылымдарда банк ірі несиелік
мекеме1 ретінде сипатталады. Несиелік істің даму деңгейіне
байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге
айналу нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беруін тоқтатады.
Несие тек нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беруін
тоқтатады. Несие тек қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық
операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік
мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиенттерінің
тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды
жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына
өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас
орталыққа айналады. Демек, алғашқы банктер капитализімнің мануфактура
сатысынан да бұрын, яғни мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған
негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында
болғандығына тарих куә.
Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған. Осы
нормаларға сәйкес б.э.д. ІІІ ғ. айырбас ісіне мамандандырылған
Римдік банкирлерді кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды
жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон
банктері тек қана несие беріп қоймай, сондай-ақ жер бөлімшелерін
сатып алу-сату және басқа да операцияларды орындаған.2
Банктің пайда болуы туралы қарастырғандар оның мәнін ашуға
жақындайды, бірақ та банктің толық мәні әлі де болса жұмбақ болып
қала бермек.
Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер
әр түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын
қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда
делдалдық мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы
БАНК ІСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУЫ
Экономикадағы банктердiң мәні мен рөлі
ҚР банк жүйесі элементтерінің функциялары. Даму жолдары
Банктердің экономика дамуындағы рөлі
Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Ұлттық банктiң экономикадағы рөлi және жүргiзетiн саясаттары
Ақша эмиссиясы
Экономиканың ақшалай-несиелік тұрақтылығындағы орталық банктің атқарылатын рөлі
Қазақстан Республикасының Орталық банкі
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
Пәндер