SWIFT жүйесінің архитектурасы


Жоспар:
Кіріспе . . . 3 б.
I. SWIFT жүйесінің шығу тарихы . . . 4 б.
II. Жүйенің артықшылықтары мен кемшіліктері . . . 4 б.
III. SWIFT хабарламасы . . . 5 б.
IV. SWIFT жүйесінің архитектурасы . . . 5 б.
V. SWIFT жүйесінің қорғалуы . . . 6 б.
Қорытынды . . . 7 б.
Кіріспе:
SWIFT (Society for word-wide interbank financial telecommunications) - Бүкіл әлемдік банктердің қауымдастығы. SWIFT жүйесінің негізгі қызметі сенімді, тиімді, қорғалған, шұғыл телекоммуникациялық қызмет көрсету. 1950 жылдың соңына қарай халықаралық сауданың өсуіне байланысты банк аралық операциялардың көбейюіне байланысты пайда болды. Дәстүрлі байланыс құралдары (пошта, телеграф) бантердің ақпараттарымен жұмыс істей алмады. Банк аралық есеп айырылысуда - құжаттарындағы сәйкессіздіке, қателерге, бірнеше рет тексеруге байланысты өте көп уақыт кететін. Қағаз жүзіндегі ақпараттың көп болуына байланысты автоматтандыру технологиялары пайда бола бастады. Автоматтандырылған банк жүйесінің дамуына байланысты банк аралық есеп айырылысу қағазсыз түрде болуы керек еді. Бірақ банк құжатарының әртүрлі болуына байланысты, сенімді жүйені және ақпаратты өңдеу жүйесін құруға мүмкіндік бермеді. Одан басқа банк аралық стандарттау болмады.
SWIFT- бұл акционерлік қоғам, мүше банктер иелігінде. Бельгияда тіркелген (штаб-пәтері Ла - Ульп қаласында Брюссельден алыс емес жерде ) Жоғарғы орган - банк мүшелер жиналысы. Шешім дауыс берген акционерлерге байланысты, бір акция - бір дауыс үлгісі бойынша. SWIFT жүйесін пайдаланушылар банк-мүше мен қатар бірлескен және қатысушы болып бөлінеді. Бірлескен мүше банктер - мүше банктердің филиалдарымен бөлімшелері болады. Және олар акционерлер бола алмайды және қоғамды басқаруға құқылы емес. Ал қатысушы банктерге келсек олар қаржы институттары: брокерлік және диллерлік конторалар, клирингтік және сақтандыру компаниялары, инвестициялық компаниялар. Батыс Еуропа және АҚШ-ң банктері жоғарғы орган болып табылады. Акциялардың басым бөлігін АҚШ, Гермаия, Швейцария, Франция, Ұлыбритания мемлекеттері иемденеді. SWIFT жүйесіне кез келген халықаралық банк операцияларын жүзеге асыру құқығы бар банк кіре алады.
Жүйеге қосылу 2 кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде банк құжаттарды SWIFT-ке жібереді, оларға: қабылдауға арыз, SWIFT жарлығын орындау міндеті және шығындарды өтеу (операциялық шығындар), банктің мекен жайы және т. б. SWIFT жүйесінің директорлар кеңесі бұл банкті қабылдауды қарастырады. SWIFT жүйесіне кірген банк жарна төлейді және қоғамның бір акциясын сатып алады.
SWIFT жүйесіне кіру арзан емес: жарнаның көлемі 400 000 бельгиялық франк. Бір акцияның құны 55 000 бельгиялық франк тұрады. Екінші кезең банктің жүйеге қосылумен байланысты. Бұл кезеңде техникалық сұрақтар шешіледі, коммуникациялық жабдықтар сатып алынады (олардың құны жүздеген мың доллар тұрады), банк қызметкерлерін қайта оқыту жүргізіледі. Жүйеге қосылу: наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан айларының дүйсенбілерінде жүргізіледі. Жүйеге қосылуға кеткен шығындар 5 жыл ішінде ақталады.
Тиімді жұмыс жасау үшін 1960 жылы банк аралық стандарттау мәселесі бойынша 60 Американдық және Еуропалық банктердің жиналысына әкелді. Компьютерлік телекоммуникациялық құралдарды пайдалану шешімі қабылданды. Жобаға келесі талаптар қойылды: төлем операциялары қағазсыз жүргізілуі тиіс; банк аралық ақпарат алмасу барынша тез жүргізілуі тиіс; банк тәуекелділігі (мысалы, жоғалу, төлем құжатының дұрыс емес жіберілуі, төлем тапсырысының фальсификациялануы) барынша азаюы керек. 1972 жылы бұл талаптар ресми түрде жоба ретінде қабылданды.
1973 жылдың мамыр айында 239 банк 15 мемлекеттен Бельгиялық заңдарға сәйкес SWIFT жүйесін бекітті. Алдағы төрт жыл ұйымдастыру және техникалық мәселелерді шешуге арналды, 1977 жылдың 9 мамырында SWIFT жүйесінің ресми ашылуы болды. 1977 жылдың соңына қарай мүше банктер саны 586-ға дейін көбейді. Олар күніне 500 000 хабарлама жіберіп отырды.
Қазіргі күні SWIFT жүйесі 4 800 банк және қаржы ұйымдарын байланыстырады. 155 мемлекетте орналасқан (соның ішінде 2 700 банк ) 20 000 терминалдары бар. Географиялық орналасуына байланысты болмай олар жылына 365 күн бойы байланыста болады. SWIFT жүйесі арқылы бүгінгі күні 10 млн. қаржы ақпаратты жіберіледі.
SWIFT жүйесі ашылған әрбір мемлекетте қоғам өзінің аймақтық өкілеттілігін ашады. Рессейде бұл функцияны рессей-британ бірлескен "Совам Телепопрт" компаниясы атқарады. Бұл компания Alcatel және Motorola компанияларының жоғары технологиялы жабдықтарымен жабдықталған. Қызметкерлері маманданған және бұл салада жұмыс істеу тәжірбиесі бар. "Совам Телепорт" компаниясы басқару қызметін ғана атқармайды техникалық функцияларды да атқарады: құрал-жабдықтарды сатып алады және кеңес береді, меншікті желілері бар, қызметкерлерді оқытады.
II Жүйенің артықшылықтары мен кемшіліктері.
SWIFT жүйесі банктерге көптеген артықшылық береді. Хабарламаның жіберуінің беріктігі, жіберілген ақпараттың қауіпсіздігін, толық сақталуын, құпиялылығын қамтамасыз етеді. Мәліметтің жеткізілу уақыты 20 мин. оны 1-5 мин. қысқартуға болады. Ал телеграф бойынша жіберу 90 мин. уақытты алар еді. Төлем құжаттары жүйеге стандартталған түрде түскендіктен бұл банктің жұмысын тиімді етеді. Құжаттардың бәрі тіркелгендіктен олар бойынша толық есептеме жүргізуге мүмкіндік береді, тілтік кедергілерді жеңілдетеді. Халықаралық несиелік айналым SWIFT жүйесіне негізделетіндіктен банктедің бәсекеге қабілеттілігі жоғарлайды. SWIFT жүйесі мүше банктерге қажылық қорғау береді басқа сөзбен айтқанда қоғам кесірінен банк тәулік ішінде хабарлама жеткізілмесе, SWIFT шығынды банкке төлейді.
SWIFT жүйесінің негізгі кемшілігі оның қымбаттылығы болып табылады. Банктің шығыны 160-200 мың долл. -ға тең. Бұл орта және кіші банктерге ыңғайлы емес. Кемшілік ретінде ішкі ұйымның техникалық жүйеден қатты тәуелділігін айтуға болады. SWIFT жүйесінде стандартталған ақпаратпен жұмыс істеу келесі артықшылықтар береді:
- алушымен жіберуші арасында әртүрлі түсіндірменің қажеті болмайды
- жүйедегі ақпараттың жіберілуін толық қадағалауға болады;
- банк пайдаланушы күнделікті жүргізілген операциялар бойынша
автоматты түде есеп алады.
Негізгі ақпаратты өндеуші орталық компьютерлер АҚШ және Голландияда орналасқан. Бұл орталық компьютерлер аймақтық хост-компьютерлермен байланысқан, олар SWIFT жүйесіне қосылған мемлекеттерде орналасады. Банк жіберген ақпарат модем арқылы аймақтық хост-компьютерлерге жіберіледі. Аймақтық хост-компьютерлерге жіберген ақпарат үшін банк жіберуші жауап береді. Аймақтық орталықтарда ақпарат стандартарға тексеріледі, жинақталады, шифрланады және белгіленген мекен жайға жіберіледі. SWIFT жүйесінде көп деңгейлі ақпаратты қорғау жүйесі қолданылады, бұл жіберілетін ақпараттың сақтандыру кепілдігін және жасырындылығын кепілдік етеді. Криптографикалық әдіс кең қолданылады, ISO стандартарына сәйкес келеді.
III SWIFT хабарламасы.
Қоғамның негізгі бағыттарының бірі қаржылық ақпарытты алмасуды біріктіру болыр табылады. Бұл мақсатқа байланысты жасалынған және жетілдірілген қаржылық ақпарат жүйесі, оның көмегімен банктік және басқа қаржылық операцияларды, валюталық және қор биржасында атқаруға болады.
Жіберілетін стандартталған ақпарат мемлекеттің ұлттық ерекшелігіне тәуелсіз жасалады. SWIFT жүйесіндегі жинақталған ақпаратқа банктік идентификациондық арнайы код беріледі (сегіз таңбалы) . ISO кепілдемесі бойынша. SWIFT жүйесінің стандарттары банктердің дамуына үлкен әсер етеді. Мысалы, SWIFT жүйесінің стандарттарына сүйене отырып кейбір мемлекеттер клирингтік жүйелер ашты (CHAPS Англияда, Sagritter Францияда ) .
IV SWIFT жүйесінің архитектурасы.
SWIFT-тің техникалық инфрақұрылымы 1970 жылдары басталған, құрамында дүние жүзі бойынша компьютерлік орталықтар болды. Қаржылық ұйымдар SWIFT жүйесіне әртүрлі терминалдар арқылы қосылды. Ең бірінші рет SWIFT өзіне:
Екі АҚШ және Нидерландтағы операциондық орталық;
АҚШ және Нидерландтағы бес белсенді жүйе;
Әртүрлі мемлекеттердегі аймақтық процессорлар;
Байланыс каналдары жалпы және арнайы.
Қолданушылар санының өсуіне, техниканың моральдік тозуына байланысты SWIFT-1 орнына SWIFT-2 жаңа жүйелік архитектура пайда болды. SWIFT-2 жүйесіне өту 1989-1995 жылдары жүрді. SWIFT-2 жүйесінде өнімді процессорлар және жүйелік техника бірнеше жыл бойы ақпараттың ұлғаюын ұстап тұра алады, ақпараттық жабдықтау жетілдірілген. SWIFT-1 сияқты SWIFT-2 де екі операциондық орталықтар жұмыс істейді(АҚШ және Нидерландтағы) . SWIFT-2 жүйесі 4 деңгейлі архитектураға негізделеді, олар:
- пайдаланушы терминалы, оған жүйеге қосылуға мүмкіндік береді.
- аймақтық процессорлар. Олар қолданбалы деңгейдегі хаттамалардың тірегі болады. Келген ақпаратты стандартқа тексереді, жалпы санын тексереді, пайдаланушыларға олардың хабары жеткендігі туралы мәлімет береді.
- топтасқан процессорлар, операциондық орталықтарда орналасқан, құрамында 3 компьютерден. Ол жүйелік ақпаратты өндейді, ұзақ және қысқа мерзімге ақпаратты архивтейді, жүйелік есеп жасайды, қайта келген хабарды өндейді және т. б. SWIFT-2 де ақпарат 4 ай сақталады.
- жүйені басқару процессорлары, бұл SWIFT-2 жаңа енгізілген деңгей. Бұл деңгейдің негізгі қызметі - жүйені басқару. Жүйенің жұмыс істеуін қадағалайды, жүйенің қорын басқарады, жүйеге заңды түрде кіргендігін карайды, мәліметтер мен жұмыс істейді.
SWIFT тасымалдау желісі бұл дүние жүзілік жоғары жылдамдықтағы желі, үлкен көлемде ақпарат тасиды, Х. 25 коммуникациялық хаттамасын пайдаланады. Пайдаланушы терминалы SWIFT тасымалдау желісімен жергілікті желілер арқылы қосылады. Жергілікті желі жету пунктеріне қосылған немесе оны SWIFT жету пунктері деп атайды. Әрбір жету пункті коммутаторлық (ауыстыру) құжаттарымен жабдықталған, ол коммутаторлық хаттаманы стандартталған Х. 25 желілік хаттамаға ауыстырады. Х. 25 желілік хаттамаға ауысу желімен пайдаланушылардың шығынын азайтады.
V SWIFT жүйесінің қорғалуы.
SWIFT жүйесі ақпаратты жоғары деңгейде қорғайды. Жүйенің қауіпсіздігі үшін барлығына назар аударылады: программалық жабдықтауға, терминалдарға, техникалық инфрақұрылымға, қызметкерлерге, қызмет орындарына. Сыртқы аудиторлық қауіпсіздікпен тексерулер жүргізіледі. SWIFT жүйесінде қауіпсіздікті сақтау үшін пайдаланушымен компания арасында жауаптылық бөлінген. Пайдаланушы дұрыс жұмыс істеуге, терминалдың, модемнің, байланыс желісінің қауіпсіздігіне, хабардың дұрыс хатталуына жауап береді. Қалғанына SWIFT жауап береді, немесе жүйенің тоқтаусыз жұмыс істеуіне, қауіпсіздігіне, жіберілген ақпараттың қорғалуына.
Қауіпсіздіктің маңызды элементі болып, қызмет орындарының қауіпсіздігі болып табылады. SWIFT ғимараттарына кіру қатаң бақыланады.
Опрациондық орталықтарда қызметкерлер тек қана анықталған аймақтарда жүре алады. 1993 жылдан бастап смарт-карталар енгізілген. Терминал автоматты түрде өзі өшіп қалуы мүмкін, егер кедергілер пайда болса, желі өшіп қалса, бірнеше рет қателер табылса, хабарламаның нөмірі дұрыс емес қойылса және т. б. Жүйеде терминалдың өшуі туралы әдейі файлда тіркеледі. Сапасы төмен және маманданбаған терминалдарды анықтау үшін. SWIFT жүйесінде халықаралық желі арқылы жіберілетін хабарламалардың бәрі кодталады, үшінші тұлғалар оны қолдана алмайды. Байланысқа шыққан сайын хабарламаға кіру және шығу номерлері беріледі. Кірген ақпарат SWIFT пен өңделеді, шыққан алушымен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz