Қазақстан Республикасында депозиттік рыноктың құрылуы және дамуы


ЖОСПАР
Кіріспе2
Қазақстан Республикасында депозиттік рыноктың құрылуы және дамуы3
Қорытынды20
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі21
Кіріспе
Банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен қатар өсіп өзара тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа кредит бере отырып, капиталдарды қайта бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.
Қазіргі банктік жүйе - бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы. Оның практикалық ролі мемлекетте төлемдер мен есепайырысулар жүйесін басақаратындығымен, өзінің коммерциялық мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және кредиттік операциялар арқылы жүргізуімен анықталып, басқа да қаржы делдалдарымен қатар банктер халықтың жинақ ақшасын фирмаларға және коммерциялық құрылымдарға бағыттайды. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-кредит саясатына сәйкес әрекет ете отырып ақша ағындарының айналымына, эмиссиясына, жалпы массасына, оған қоса айналымдағы қолма-қол ақша санына әсер ету арқылы қозғалысын реттейді.
Коммерциялық кәсіпорындардың бір түрі ретінде банктік мекемелер де өз қаржы ресурстарын жеке меншік қаржыларынан емес, тартылған қаржы ресурстарынан құрайды.
Құрамы жағынан банктердегі тартылған қаржылар әр түрлі болып келеді. Тартылған қаржылардың ең негізгісіне банктердің клиенттермен жұмыс жасау барысында тартылған қаржылары - депозиттер жатады.
Коммерциялық банктер қазіргі нарықтағы бәсекелік тартыс кезеңінде өзінің несиелік ресурстарының көлемінің ұлғаюына ғана емес, сонымен қатар тартылған депозиттердің сапасына да мән беруі қажет. Депозиттік нарықты талдау барысында байқағанымыздай Қазақстан Республикасындағы резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттерінің жалпы көлемі 2000 жылдың 11 айы ішінде 22, 8%-ке көтеріліп 2002 жылдың 1-ші желтоқсанында 546, 4 млрд. теңгені (АҚШ долл. шаққанда 3, 5 млрд. долл. ) құрады.
Негізгі оң нәтижелер мерзімді депозиттердің ұлғаюына көрініс тапты. Тек, 2002 жылы мерзімді депозиттер 23, 5%-ке ұлғайып 376, 9 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде мерзімді депозиттердің үлес салмағы 68, 6 %-тен 71 %-ке дейін өсті. 2002 жылы халықтық депозиттердің өсу тенденциясы тұрақты түрде сақталды. Қаңтар айы мен қараша айын қоса алғанда, халық салымдары 32, 2%-ке өсіп, 246 млрд. теңгені құрады. (шамамен 1, 6 млрд долл. ) .
Негізінен банктің депозиттік саясаты әр түрлі сатыдағы, әлеуметтік және жастық топтағы халықтың қызығушылығын көмектесуі тиіс. Қазіргі уақыттағы кең ауқымды депозиттердің түрлері клиенттерге ақша-қаражаттарын қартайған жақтарын қамсыздандыруға және алдағы уақыттағы шығыстарын жоспарлауға сонымен қатар, басқа да мақсаттарға қаржы жинақтауға көмектеседі.
Соңғы уақыттарда орташа сыйақы мөлшері теңгелік мерзімді депозиттер бойынша 12% - ті, ал шет ел валютасында 6, 7% - ті құрады.
Елдегі дұрыс жүргізілген қаржылық кешендік саясаттың арқасында коммерциялық банктердегі жеке тұлғалар мен қатар заңды тұлғалардың да қаржылық салымдары көбеюде. Нәтижесінде, елдегі инфляция қарқыны біршама төмендеп ақша қаражаттарының қорлануына жағдай жасалынды. Сонымен қатар, депозиттердің ұлғаюына қосымша жүргізілген біршама іс-шаралар әсер етті.
Қазақстан Республикасында депозиттік рыноктың құрылуы және дамуы
1-кезең. 1994-1996 жж.
Негізінен жинақ және жинақтау рыногы туралы тек 1994 жылдың ортасынан бастап қана айтуға болады. Себебі дәл осы кезеңде жинақтауға нақты жағдайлар пайда болды. Тура осы кезеңде теңге бағамының біршама тұрақтап, ай сайынғы инфляция деңгейі едәуір төмендеп, бюджеттіктерге бірнеше айлар үшін төлемдер жасалынды. Осы уақыттан бастап экономикалық «жинақтау бейімділігі» көрсеткішінің нөлдік деңгейден айырмашылығы көріне бастады, кәдімгі сөзбен айтар болсақ, әрбір адам жинақтауға қанша ақша қалдыру туралы ойланып және қандай салымдарға салудың пайдалы екендігіне талдау жасай бастады.
Банктік депозиттік рынок депозиттер бойынша проценттік ставкалар оң бола бастағанда 1994 жылдың соңында айқын байқала бастады.
Сол кездегі қаржы рыногында қалыптасқан жағдайды зерттеу кезінде банктердің депозиттік саясатпен белсенді айналысуына мәжбүр еткен себептерді көрсету керек. Бұл себептерді конъюнктуралық деп атауға болады, өйткені олар қысқа кезеңде маңызды және жағдай өзгерген кезде қажеттілігі жоқ болуы да мүмкін.
Халықтың бірқатар жинағы болғанын атап өткеніміз жөн. Ресми деректер бойынша 1994 жылдың соңында қолдағы жиналған ақша мен қолма қол ақша 5096, 2 млн. теңге болды. Шындығында біздің бағалауымыз бойынша азаматтар жинағының нақты көлемі көрсетілген сомадан асып түсті, өйткені халық өз жинақтарын қайта капитализациялады. Және осы сома бұл қаржыларды тарту үшін банктердің қызығушылығын тудырарлықтай өте үлкен болатын. Мұны ең бірінші жергілікті себептердің бірі деуге болады. (Қазақстан халқының жинақ көлемін бағалаудың нәтижелері негізінен 1, 5-2 млрд. АҚШ доллары шамасында деген тұжырымға алып келді) .
Халық өз жинақтарын салудың белсенді түрде тиімді және ең маңыздысы сенімді жолдарын іздестіре бастағанын атап өткен дұрыс. Тәуекелдігі жоғары әртүрлі салымдар халықтың сенімін жоғалтты. Әртүрлі трасттық, венчурлық кәсіпорындардың сол кездері банкротқа ұшырау толқыны осы жөнінде куә деуге әбден болады. Сондықтан 1994 жылдың соңында халық психологиялық тұрғыдан тұрақты, заңды жария қаржы мекемелері болып табылатын банктерге ақша салуға дайын болды. Осы оқиғалардан кейін біз нарықтық тұрғыдан есейіп шамадан тыс жоғары проценттер беретін салымдарды іздеуден аулақ бола бастадық. Бұл депозиттік саясаттың өзгерістерін және терең талдауды талап еткен жергілікті екінші себеп десек болады.
Мұның бәріне бірқатар банктердің салымшылар үшін тартымды әртүрлі бағдарламалар әзірлей бастағанын қоса айтып өту керек. Яғни қаржы рыногында банктердің арасында бәсекелестіктің пайда болғанын көрсетеді. Депозиттік рыноктағы бәсекелестік сол уақыттан бастап бұл салада банктердің жұмысы ретінде күшейе түсті. Бұл белсенді, тіпті агрессивті депозиттік саясатты жүргізу үшін үшінші жергілікті себеп болып табылады.
Сонымен қатар халық үшін қаражатты банктік депозиттерге салу кезінде салықтық жеңілдіктер (бастапқыда уақытша ретінде ресімделген) аса тартымды болды. Жеке тұлғалар депозиттер бойынша табыс салығынан босатылды.
Дамыған банктік жүйелерде банктер экономиканың дамуына қомақты ақша массаларын жұмыс істеуге жұмылдыра отырып, халықтың, кәсіпорындардың жинақ ақшасын тартудың маңызды ролін атқарады. Әлемдік ірі банктердің пассивтеріне талдау жасау халықтың жинақ ақшасын және кәсіпорындардың қаражаттарын банктердің міндеттемелерінде жинақталуы орташа шамамен 70-80% болатындығын көрсетеді. Қазақстанда есеп айырысу шоттарындағы, салымдардағы, депозиттердегі қаражаттарды қосқанда мұндай көрсеткіш 1994 жылдың соңында банктер үшін орташа шамамен бар болғаны 15-35% болды. Банктердің пассивтеріндегі салымдардың және депозиттердің жалпы сомасы орташа алғанда бірнеше проценттерден 25%-ке дейінгі аралықта болды. Бұл ол кездері Қазақстан банктерінің халықтың және кәсіпорындардың қаражатын тарту жөніндегі өз мүмкіншіліктерін толық пайдаланбағандығын көрсетеді. Депозиттік рыноктағы содан кейінгі болған оқиғалар банктердің өз жағдайларын күшейтуге белсене ұмтылғандығын көрсетеді. 1994 жылдың бірінші жартысында қабылданған банктік жүйені реформалау бағдарламасына сай Ұлттық Банк аукциондық ресурстарды тек өтімділік мәселелерін шешу үшін ғана беруге тиіс болды. Бұл белсенді саясатты жүргізу жөніндегі мәселеге біршама мәжбүрлі сипат берді.
1994 жылдың соңынан бастап банктер депозиттер түрлерін диверсификациялады, бірнеше депозиттер түрлері бойынша қосымша лотерея жүргізе бастады. Клиенттерге арналған құжаттардың кескіні өзгерді. Арнайы карточкалық шоттарға клиенттердің қаражаттарын тарту қызығушылық тудыратын бағыт болып отыр.
Сонымен қатар 1994 жылдың соңында инфляцияның едәуір төмендеуіне байланысты салымдар және депозиттер бойынша банктік проценттер нақты қатынаста оқиға оң үрдіс (сол кезеңдегі қаржы рыногының көптеген сегменттері үшін ортақ сипатта) ала бастағанын атап өткен жөн. Бұл айғақ банктер жүйесіне қаражат салымдарын жұмылдыруды тартымды етті. Қазіргі уақытта банктер арасында әлеуетті клиенттер үшін проценттік күрес жүруде. Әрбір банк өздерінің мүмкіншіліктеріне байланысты жоғары проценттік ставкалар береді.
Мынадай қызғылықты фактор байқалады: егер бұрындары банктердің проценттік ставкаларын құру кезінде едәуір дәрежеде қайта қаржыландыру ставкасын бағытқа алса, қазір банктер проценттік ставкаларды есептеу кезінде экономикалық тұрғыдан қолайлылықты бірінші кезекке қояды. Бұл айғақ депозиттік және банкаралық рыноктарда ресурстар құнының айырмасымен расталады.
Аймақтардағы депозиттер түріндегі ресурстар құнының әртүрлілігі қызықты факті болып табылады. Бірінші кезекте бұл жергілікті рыноктарда банктердің клиенттер үшін проценттік күресінің басталуымен анықталады, соның нәтижесінде кейбір аймақтық депозиттік рыноктарда барабар емес проценттік ставкалар қалыптасуда. Мысалы, сол кезде жалпы банктік жүйеде проценттік ставка 50-60%-ті құраса, 1996 жылдың басында Семейде, Ақтауда 3 және 6 айлық депозиттерге айлық төлем 70-80%, ал жекелеген банктерде жылдық төлем 90% болды.
1994 жылдың соңында банктердің пассивтерін талдау банктердің жақын уақыттарда міндеттемелер портфельдерін өзгертуін жалғастыратынын және бұл жекелеген ресурстар рыноктарында банктік бәсекелестіктің ұлғаюына алып келетінін көрсетті.
Салымдар және депозиттер рыногының жағдайын талдау.
1994 жылдың соңындағы жалпы Қазақстан бойынша қалыптасқан депозиттер құрылымын қарастырайық. 59, 7%-ті немесе 4, 6 млрд. теңге болатын негізгі үлесті халықтың салымдары құраса; мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың депозитіне 39, 3% немесе 3 млрд. теңге болып; кәсіпкерлердің есепшоттарында 1% (75 млн. теңге) болды. Бұл айғақ халықтың жинақ ақшасының депозиттік рынокта үлкен роль атқара бастауын көрсетеді.
Қысқа мерзімді депозиттердің және азаматтардың шетел валютасындағы үлес салмағы едәуір ұлғайып: Әлембанкте олар мысалы, 1994 жылдың соңында барлық депозиттердің тиісінше 62, 3% және 26, 97%, Тұранбанкте - 28% және 45, 35%, Казкоммерцбанкте - 76% және 23%, Крамдсбанкте - 56, 4% және 43, 6% болды.
1994 жылдың соңындағы банктердің пассивтік операцияларының жалпы көлемдегі шет ел валютасындағы депозиттік міндеттемелердің үлес салмағы, мысалы, Әлембанкте - 9, 54%, Тұранбанкте - 12, 2%, Кредсоцбанкте - 20, 9% болды.
1994 жылы халықтың ақша табысы салымдарға қарағанда 1, 2 есе алда болды, яғни халық өз ақша қаражатын жоғары табысты нысандарда сақтауды дұрыс көрді. Халықтың ақшалай қаражатының қолма-қол емес нысанда сақталатын үлесі халықтың барлық ақшалай табысында 1993 жылдың 1 қаңтарындағы 17, 3%-тен 1994 жылдың қаңтарында 7, 1%-ке дейін және 1995 жылдың 1 қаңтарындағы 4, 8%-ке дейін төмендеді.
Банктер бөлігіндегі және салымшылардың санаттары бойынша 1994 жылдың соңындағы келтірілген ақпараты бар кестені келтірейік.
1-кесте.
Банк жүйесі: салымдар және депозиттер, млн. теңге
*Мәлімет көзі: ҚРҰБ статистикалық бюллетені
Салымдардың үлкен бөлігі (38%) Халық банкі мекемелерінде орналастырылды. Бұл айғақ Халық банкі филиалдары желісінің кең ауқымды екендігімен түсіндіріледі. 1994 жылы шет аудандарда Халық банкі халықтың жинақ ақшасын банк жүйесіне жинақтаудағы бірден-бір банк болып табылғандығын атап өткен жөн. Тұранбанк 10, 2%-пен екінші орынды иеленді. Бұл Тұранбанктің депозиттік рыноктағы жеткілікті түрде кең сегментіне ие болғандығын көрсетеді.
1995 жылғы банктік депозиттер.
1995 жылдың ішінде банктік жүйедегі депозиттік процент ставкалары әлеуетті салымшылар үшін оң және аса тартымды болды. Ол жөнінде 1995 жылдың 1 қаңтарындағы 7, 7 млрд. теңгеден 1995 жылдың 1 қарашасындағы 18, 15 млрд. теңгеге дейін депозиттердің ұлғаюы дәлел болады. Проценттік ставкалар қаржы рыногындағы басқа индикаторлар тәрізді өзгерістерге душар болды. Проценттік ставкалардың тұрақты төмендеуі жүріп отырды. Бұл жөнінде төменде келтірілген кесте дәлел болады.
2-кесте.
1995 жыл ішінде депозиттер бойынша проценттік ставкалардың өзгеруі
* Мәлімет көзі: ҚРҰБ статистикалық бюллетені
Мемстаткомның деректері бойынша 1995 жылғы инфляцияның жалпы деңгейі 160, 4% болды. Республика бойынша орташа алғанда жыл бойына инфляция деңгейі алдыңғы айға процентпен алғанда мынадай болды:
Келтірілген деректерден инфляцияның ең жоғарғы деңгейі 108, 9% - қаңтарда және 106, 7% - ақпанда, ең азы 102, 1% - тамызда және 102, 4% - қыркүйекте байқалды. Бұл депозиттік рыноктағы біршама тұрақтанудың болғанын байқатып және ұзақ мерзімде банк қызмтерін енгізуге жағдай туғызғанын көрсетеді. Банктерге салымшылардың қаражаттарын ұзақтау кезеңге тартуға мүмкіндік беретін көптеген банктердің қандай-да бір жинақтаушы, жинақтық және басқа да осындай жобаларды ұсына бастауы қисынға келеді. Осы уақыт ішінде банктердің депозиттік портфельдерінде талап етуге дейінгі салымдар және қысқа мерзімді депозиттер елеулі үлесті құрады. Пассивтер мен активтердің құрылымын бірқалыпты инфляция деңгейінде сәйкестендіру қажеттілігі депозиттік рынокта банктерді белсенді позиция ұстануға мәжбүр етеді.
Инфляция деңгейіне орай 3 айлық салымдар бойынша проценттік ставка 1-тоқсанда 88, 5%-тен, 2-тоқсанда - 33, 7%-тен, 3-тоқсанда - 30%-тен, 4-тоқсанда - 50%-тен астам болуы тиіс еді.
Яғни бірінші, екінші және үшінші тоқсандарда банктердің депозиттік ставкалары инфляция барысын ескере отырып және инфляция деңгейінен едәуір асып түсіп оң үрдіс танытты.
1996 жылы инфляция деңгейі 26-28% шегінде болды. Салымдардың ең жоғарғы өсімі инфляцияның жылдық қарқынына тең болуы тиіс екенін ескере отырып депозиттер бойынша айлық проценттік ставканы есептеп шығуға болады (І) :
128 = (1+I/100) ^12*100, I = 2, 2104:
3 айлық депозит бойынша жылдық ставка 27, 1% шамасында болады және бағалардың деңгейінің өсуіне байланысты салымшылардың қаражаттарын құнын жоғалтудан қорғап қалады. Инфляциядан қорғаумен қатар банк өзінің депозиторлары үшін оның қаражатын пайдаланғанына сыйақы төлеуді қарастырады.
Банктің депозиттер бойынша проценттік ставкасы екі шамадан құралады: инфляция деңгейін жабатын процент және депозитордың қаражатын пайдаланғанына төленетін процент. Екінші шаманың мөлшері депозиттің мерзіміне және депозит мөлшеріне байланысты болады әрі жеңіл анықталады. Бірінші шаманың жағдайы басқаша: инфляция деңгейін жабатын процентті анықтау қиын, өйткені ол бірнеше факторларға қатысты. Дәл осы міндетті шешу банктерге нарықтық объективті проценттік ставкаларды жасауға мүмкіндік береді.
1995 жыл депозиттық рыноктың тұрақталуы және кеңейе түсуі болды деп сеніммен айтуға болады. Дәл осы жылы банктер аздап болса да банк жүйесінің бұрынғы абыройын банктердің жоғары сенімділігіне (басқа қаржы органдарымен салыстырғанда) және басқа салым түрлеріне қарағанда проценттік ставкалардың бәсекелес бола алатындығының арқасында қалпына келтірді. Банктер арасында әлеуетті депозиторлар үшін бәсекелестік элементі байқалып, ол жарнаманы белсенді қолдануда және банктің мүмкіншілігіне байланысты депозиттер бойынша проценттік ставкаларды көтере бастауда айқын көрініс тапты.
Нақты проценттік ставкаларды талдау коммерциялық банктердің жылдың көп бөлігінде едәуір дәрежеде қайта қаржыландыру ставкасының деңгейін бағытқа алғандығын көрсетсе, бірақ жыл соңына қарай біршама дербес проценттік ставкалар құра бастады. Бұл депозиттік және банкаралық рыноктарда ресурстар құнының әртүрлілігімен расталады. Депозиторлардың қаражаттарын банкаралық рыноктағыға қарағанда төмендеу проценттік ставкалармен тартып банктер біздің пікірімізше ролі тұрақты ұлғайып отыратын жеткілікті түрде сыйымды және аса қымбат емес ресурстар рыногын құрады. Жақын арада банктердің міндеттемелер портфелінде заңды және жеке тұлғалардың жинақ ақшалары (есепайырысу және ағымдағы есепшоттарымен қоса) басымдылыққа ие болады.
Депозиттік рыноктың талдауы 1995 жылы қаржы рыногының бұл сегменті жоғары бәсекелестік жағдайларына өте жақын болғандығын көрсетеді, мүмкін сондықтан болу керек банктердің проценттік күресі ең сапалы, сенімді және диверсификацияланған банк атағы үшін бәсекеге ауысты.
Осы жылдың басқа жаңалығы депозиттер бойынша проценттік ставкалардың аймақтық диверсификациялануы болып табылды, бұл аймақтардың әртүрлі экономикалық жағдайларының көрініс табуы болатын. Жоғары көтеріліп жатқан аймақтардың келешекте табыс беретіні байқалып, әдетте ресурстарға жоғары ставкалар құрады.
1996 жылғы депозиттік рыноктың жағдайы.
Қайта қаржыландыру ставкаларының төмендеуі екінші деңгейдегі банктерде теңгедегі депозиттері бойынша проценттік ставкалардың төмендеуіне алып келді. Проценттік ставкалардың төмендеуі тоқсан ішінде бірқалыпты жүрді.
Бұл банктердің арасындағы бәсекелестіктің күшейгендігі жөніндегі болжамды толығымен растайтынын аңғартады. Банктер жоғары проценттік ставка деңгейіне төтеп бере отырып депозиттік рынокта әртүрлі салымшылардың назарын аудару үшін қызметтерін тұрақты диверсификациялап отырды. Бұл жөнінде «айырбас» депозитті енгізу айқын куә бола алады. Бірнеше банктер бір мезгілде жаңа жүз долларлық купюралардың пайда болуын депозиттерді тартудың ұлғайуымен байланыстыруға тырысып бақты.
3-кесте.
1996 жылдың басындағы депозиттер бойынша ставкалар
*Мәлімет көзі: ҚРҰБ статистикалық бюллетені
1-тоқсанның соңында теңгедегі депозиттер бойынша табыс деңгейі валютадағы депозиттердің табысымен (инфляцияны ескере отырып) бірдей болды. Бұл бірдей табыс кезінде салымшылар үшін қолайсыз айырбас бағамының өзгеру тәуекелінің жоқтығынан валютадағы депозиттер тартымды болатынына алып келуі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz