Коммерциялық банктердің ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ТАБЫСТАРЫ
Мазмұны:
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР, ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ 2
Коммерциялық банктердің ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ТАБЫСТАРЫ 5
БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ 7
Банктердің несиелік жүйесі 15
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР, ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға,
сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер
деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
- мемлекеттік;
- акционерлік;
- жеке;
- пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
- аралас (шетел капиталының қатысуымен).
2. Операцияларының түрлеріне қарай:
- әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең
көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
- маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
3. Аумақтық белгісіне қарай:
- халықаралық;
- мемлекетаралық;
- ұлттық;
- аймақтық;
4. Салалық белгісіне қарай:
- өнеркәсіптік банктер;
- сауда банктері;
- ауыл шаруашылық банктері;
- құрылыс банктері;
- басқа.
5. Филиалдар санына қарай:
- филиалсыз;
- көп филиалды.
Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан
түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және
артықшылығы бар.
Жай акция – оның иелерінің сол қоғамдық басқару ісіне араласуына,
оның пайдасына қарай дивиденд алып отыруға құқық береді.
Ал артықшылығы бар акция - оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына
құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты
пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен
бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға құқық береді.
Коммерциялық банктердің ұйымдастырылуы құрылымы банкті басқару
құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің
құрылымына бөлінеді.
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің
қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары
басқару органына тікелей қатысады.
Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы акционерлердің жалпы
жиналысы болып табылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл
жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:
- банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
- банктің жарғылық капиталын өзгерту;
- банктің Кеңесін сайлау;
- банктің жылдық есебін бекіту;
- банктің табысын бөлу;
- банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерінқұру және тарату.
Екінші басқару органы банктің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің
бақылау кеңесі банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде мынадай
міндеттерді атқарады:
- нормативтік актілерді бекітеді;
- Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған
мәмілелерді бекітеді.
Келесі басқару органы - бұл басқарма (банк кеңесі). Басқарма (банк кеңесі)
– атқарушы немесе өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның
акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды.
Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:
- банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
- банктің саясаттарын жасау;
- жетекшілік қызметке кадрлар таңдау;
- ссудалық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау.
Басқарма төрағасы банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол банк
қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрағасына мынадай міндеттер
жүктеледі:
- банктің қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша бұйрықтар
шығару және нұсқаулар беру;
- барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде,
оның ішінде, шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық
мәселелері бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;
- банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;
- банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту;
- еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен
келісімдер (контрактілер) жасасу.
Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан
бақылау жасаушы орган болып табылады.
Несиелік комитет – бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы
орган.
Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды:
- несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік
қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
- несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
- несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
- несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
- несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар
белгілейді;
- несиелеу шартынбекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
- берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
- банктің несиелік стратегиясын жасайды;
- несиелеу бойынша бөлімшеердің жұмысын талдайды;
- несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және
хаттамаларды тіреку кітабын жүргізеді.
Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік-
шаруашылық бөлімі және т.с.с. кіреді.
Коммерциялық банктердің ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ТАБЫСТАРЫ
Пассивтік операциялар – бұл нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті-
пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту
формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.
Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:
- коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
- банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
- басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
- депозиттік операциялар.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу
мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивиденті төлегеннен кейін және
резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.
Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі
бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде немесе өз
меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік
емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы
бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктік шорттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Талап етуіне дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің бастапқы талап
етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр
түрлі шоттардағы қаражаттар.
Мерзімді салым (депозит) - белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз
төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.
Депозиттік және жинақ сертификаттары – бұл салым иесіне белгілі мерзім
өткен соң тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық
беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын
эмитент банктің жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып
келеді:
1. атаулы сертификаттар;
2. мәлімдеуші сертификаттар.
Банкаралық несие – бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін
несиелері. Банкаралық несиенің бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық
банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп
отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт және күндізгі
заемдар.
Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік
қадықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.
Күндізгі заем – банктің жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан
корреспонденттік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне
байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін
несие.
Бұл аталған несиелер қысқа мерзімді несиелер. Ұлттық банк екінші
деңгейдегі банктерге бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімде несиелер
бермейді.
БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін
қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге
асыратын операцияларды білдіреді.
Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай
әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған
түрлеріне мыналар жатады:
➢ ссудалық (несиелік) операциялар;
➢ инвестициялық операциялар;
➢ депозиттік операциялар;
➢ қаржылық операциялар;
➢ басқа да операциялар.
Банктің инвестициялық операциялары – несиелік операциялардан кейін банкке
табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары бағалы
қағаздар портфелі қалыптасады. Банктің бағалы қағаздар портфелін
қалыптастыруының екі мақсаты болады:
1. банкке табыс әкелу;
2. өтімді активтер қатарын толықтыру.
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа
бөлінеді: мемлекеттің бағалы қағаздары және корпоративтік бағалы қағаздар.
Бүгінгі таңда ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық
операциялары бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы
қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға
салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада
қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен
болғанымен тәуекел немесе жоқ десе де болады.
Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы
қағаздарға мыналар жатады:
➢ акциялар;
➢ облигациялар;
➢ депозиттік және жинақ сертификаттары;
➢ ипотекалық куәліктер;
➢ депозитарлық қолхаттар.
Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын
куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне
табыс әкелетін бағалы қағаз.
Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және
эмитенттің осы қаражат сомасы мен пайызды қайтарып беру туралы
міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.
Қазақстанда айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай екі түрге
бөлінеді: купондық және дисконттық.
Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды,
машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және
қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу
шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру
шартын білдіреді.
Барлық лизингтік операциялар екіге бөлінеді: шұғыл және қаржылық
лизингтер.
Коммерциялық банктердің ең көп тараған делдалдық қызметінің бірі –
факторинг.
Факторинг – клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-
комиссиондық операциясының бір түрі. Факторингтің мақсаты – кез келген
несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына
келтіруін шешуге бағытталады.
Фактор – сөзі ағылшын тілінен factor, аударғанда маклер,делдал деген
мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда – бұл делдалдық операция.
Факторинг операциясы – жабдықтаушының жабдықтаған тауары мен көрсеткен
қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын банкке сатумен байланысты
комиссиондық-делдалдық операция. Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
факторингтік компания, клиент, кәсіпорын.
Факторинг операциясы бүгінгі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz