Коммерциялық банктердің түрлері, ұйымдастыру және басқару құрылымы
Жоспары
Кіріспе 3
Қазақстандағы банк реформасы және қазіргі банк жүйесінің қалыптасуы 4
Коммерциялық банктердің түрлері, ұйымдастыру және басқару құрылымы 5
Темірбанктің функциялары, ұйымдастыру құрылымы және қызметі 10
ҚОРЫТЫНДЫ 14
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі 15
Кіріспе
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас
құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен
қатар өсіп өзара тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп
айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа кредит бере отырып, капиталдарды қайта
бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі
түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.
Қазіргі банктік жүйе – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық
шаруашылығының маңызды саласы. Оның практикалық ролі мемлекетте төлемдер
мен есеп айырысулар жүйесін басқаратындығымен, өзінің коммерциялық
мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және кредиттік
операциялар арқылы жүргізуімен анықталып, басқа да қаржы делдалдарымен
қатар банктер халықтың жинақ ақшасын фирмаларға және коммерциялық
құрылымдарға бағыттайды. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-кредит
саясатына сәйкес әрекет ете отырып ақша ағындарының айналымына,
эмиссиясына, жалпы массасына, оған қоса айналымдағы қолма-қол ақша санына
әсер ету арқылы ақша қозғалысын реттейді.
Коммерциялық кәсіпорындардың бір түрі ретінде банктік мекемелер де
өз қаржы ресурстарын жеке меншік қаржыларынан емес, тартылған қаржы
ресурстарынан құрайды.
Қазіргі банктік жүйе – кез-келген дамыған мемлекеттің ұлттық
шаруашылығының маңызды саласы. Оның негізгі ролі мемлекеттегі төлем және
есеп айырысу жүйесін басқару; өздерінің коммерциялық мәмілелерінің
көпшілігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүзеге
асыру; банктер, басқа да қаржылық делдалдармен қатар халықтың жинақ ақшасын
фирмаларға және өндірістік құрылымдарға бағыттайды. Мемлекеттің ақша-несие
саясатына сәйкес әрекет ете отырып коммерциялық банктер айналыстағы қолма-
қол ақшаның санын қосқанда олардың айналымына, эмиссиясына, жалпы массасына
әсер ете отырып ақша ағындарының қозғалыстарын реттейді. Ақша массасының
өсуін тұрақтандыру – инфляция қарқынын төмендетудің, бағалар деңгейінің
тұрақтылығын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Мұндай жағдайға қол
жеткізген кезде нарықтық қатынастар халық шаруашылығының экономикасында
тиімді түрде жүреді.
Қазіргі банк жүйесі – бұл банк ісінің негізін айқындайтын дәстүрлі
депозитті-несиелік және есеп айырысу кассалық операциялардан бастап банк
құрылымдары пайдаланып жүрген қазіргі заман талабына сай ақша-несие және
қаржылық құралдарға (лизинг, факторинг, траст және т.б.) дейінгі өз
тұтынушыларына көрсететін сан-алуан қызметтер саласы.
Қазақстандағы банк реформасы және қазіргі банк жүйесінің қалыптасуы
1987 жылғы банк реформасы, банк жүйесінің құрылымын, оның жұмысының
мазмұнын, іс әдістерін жетілдіру мақсатымен басталған. Бірақ, дұрыстап
ойланбаған, асығыс жүргізілген шаралар көзделген мақсатқа жеткізген жоқ.
Керісінше, көптеген жаңа, күрделі проблемалар туғызды. Мысалы, бұрын жұмыс
істеп жүрген банктердің негізінде мамандандырылған бес банк жүйесі құрылды:
КСРО-ның өнеркәсіптік құрылыс банкісі; КСРО-ның аграрлық өнеркәсіптік
банкісі: КСРО-ның тұрғын үй және әлеуметтік банкісі; КСРО-ның сыртқы
экономикалық банкісі және КСРО-ның жинақ банкісі. Ондағы мақсат, біріншіден
банктерді қызмет көрсететін шаруашылық салаларына, кәсіпорындарға мейлінше
жақындату, екіншіден банктерді, халық шаруашылығының бекітілген салаларына,
қызмет жасауға мамандандыру болатын. Яғни, банк өз жұмысын сол салалардың
жұмыс ерекшеліктерін ескеріп ұйымдастыруға тиісті болмақ еді. Нәтижесінде,
осындай мамандандырылған банктер кәсіпорындарының сенімді серіктесі болуға
тиіс еді. Іс жүзінде мамандандырылу да, серіктестік те шықпады.
Мамандандыру, тек жоғарғы эшелонда (одақ, республика, облыс деңгейінде)
ғана болды, ал жергілікті жердегі банктер тек өзінің маңдайшадағы жазуын
ғана өзгертіп іс жүзінде бұрынғы әмбебап банк болып қала берді. Олар
бұрынғы, сол аумақтың шаруашылықтарына, бұрынғы қызметтерін көрсете берді,
тек кейбіреулеріне "өзінің" клиенті ретінде, ал кейбіреулеріне "бөтен"
клиент ретінде. Мысалы, ауылдық аудан орталығындағы КСРО мемлекеттік
банктің бөлімшесін енді Агропромбанктің қарауына берді. Ол ауылшаруашылық
кәсіпорындарына өзінің клиенті деп қарады, ал өнеркәсіптік өндіріс
орындарына ол қызметі үшін Промстройбанктен тиісті ақы алатын болса да
бөтен клиент деп қарады.
Оның есесіне жоғарғы эшелонда банктердің саны бірнеше есе көбейіп,
Одақ бойынша банк жүйесінің әкімшілік аппараты 80%-тен артық көбейтілді.
Осының нәтижесінде банк жүйесі төңкерілген пирамиданың кейіпсіз нысанына
көшті.
Жоғарыда көрсетілген көптеген әкімшілік топтары төмендеп бір нүктеге -
банк бөлімшесіне салмағын салды. Әрине, мұндай жағдай банк жұмысының
мазмұнын жақсарта алмады. Керісінше, көптеген қосымша міндеттер, қосымша
қағаз жазысу пайда болды. Өйткені, жоғарыдағы төрт-бес банктің әрқайсысы
кейде бірін-бірі қайталайтын, кейде біріне-бірі қайшы келетін нұсқауларын
жіберетін болды. Бұрын банк бөлімшесі, жоғарыдағы бір банктің алдында есеп
беретін болса, енді ондай есепті төрт-бес банктің алдында беретін болды.
Осының бәрі банк қызметкерлерін бұрынғы, маңызды жұмысынан айырып пайдасы
аз, қағазбастылыққа ұшыратты. Осы сияқты қайшылықтарды жою үшін Үкімет
қосымша шаралар белгіледі. Ол шараларды, халық арасында банк реформасының
екінші кезеңі деп атады. Бірақ, бұл шараларды іске асыру кезі барлық
экономиканы басқаруды нарықтық үлгіге ауыстыру кезімен тоқайласып кетті.
Дегенмен, осы кезде Кеңес үкіметі банктің жұмысын нарық жағдайында
реттеу, оны нарықтың талаптарына икемдестіру жөнінде бірнеше заңдар шығарып
үлгерді. Мысалы, банк жүйесін екі дәрежелікке көшірді. Оның ішінде бірінші
дәрежелі банк болып Орталық (Ұлттық) банктер аталды, барлық басқа
банктерді, екінші дәрежедегі банктер деп атады.
ТМД-ның басқа елдеріндегідей жаңа банк жүйесі Қазақстаңда да тәуелсіз
елдің қажетті құрамы, қажетті атрибуты ретінде 1991-1993 ж.ж. арасында
қалыптаса бастады.
Нарықтық қатынастарға ауысудың бастапқы кезеңінде банктер
кооперативтік, коммерциялық жеке меншіктік, бірлескен банк болып құрылды.
Оның үстіне жаңа құрылған нарықтық банктер бұрынғы мемлекеттік
мамандандырылған банктер жүйесімен қатар істеді. Кейіннен барлық екінші
дәрежелі банктер ашық, немесе жабық акционерлік банк болып қайта құрылды.
1999 жылдың басында Қазақстанда 76 екінші дәрежелі банк істеді. Оның
ішінде 1 мемлекетаралық 6-мемлекеттік 20 шетелдік капитал мен бірлескен
банктер болды. Бұл 1994 жылы істеген банктердің тек 33% ғана болды.
Басқалары түрлі-түрлі себептермен жабылды, бірімен бірі қосылды, әйтеуір
жұмыстарын тоқтатты. Ашығын айтсақ, бұл кездейсоқ жағдай болған жоқ, Үкімет
пен Ұлттық банктің жүргізген саясатының нәтижесі еді.
1997 жылдан бастап Ұлттық банк барлық екінші дәрежелі банктерден
халықаралық стандартқа сәйкес болуды талап ете бастады. Сол үшін көптеген
көрсеткіштер бекітілді. Оның ішіндегі ең қиыны, банктің негізгі қоры 1,0
млрд. теңгеден кем болмауы керек. Осы тұрғыдан қарай, Ұлттық банк жоғарыда
көрсетілген 76 банкті үш топқа бөлді. Бірінші топқа ең ірі, негізгі қорлары
1,0 млрд. теңгеге жеткен 29 банк енді, екінші топқа көрсеткіштері орташа,
бірақ 2000 жылдың басына дейін негізгі қорды 1 млрд. теңгеге жеткізуге
мүмкіншіліктері бар 31 банк, енді қалған 16 банк ешқандай келешегі жоқ,
жабылуға тиісті банктер болып танылды. Осы саясаттың нәтижесінде
Қазақстанда банктердің саны жылдан жылға кеміп келеді 2000 жылдың басында
56 банк, 2001 жылдың басында 47 банк, ал 2004 жылдың басында 35 банк
қалды).
Коммерциялық банктердің түрлері, ұйымдастыру және басқару құрылымы
Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып
есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан № 2443 заңдық күші бар "Қазақстан
Республикасыңдағы банктер және банк қызметтері туралы" Жарлығы. Қазақстан
Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып
қалыптасты.
Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер заңды
тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншік нысанына қарамастан коммерциялық
жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты – пайда табу.
Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа заңды және жеке
тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан өз
қаражатына, қайтарымдылық, мерзімділік және төлемділік талаптарымен
орналастыру және клиенттердің тапсыруымен есеп айырысу, тағы басқа да
операцияларды жүргізуге құқық берілген.
Сөйтіп, басқа елдердегідей, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер,
бір жағынан, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың уақытша
бос қаржыларын жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншілік жасайды, екінші
жағынан, жұмылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер мен
жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабуға береді. Сонымен қатар,
банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілген қаржы үшін
тиісті өсім (процент) алады. Объективтік процесс ретінде, банктердің мұндай
операцияларының экономикалық негізі болып, қарызға беретін құнды
қалыптастыруға және пайдалануға әсер ететін ақшалай қаржылардын қозғалысы
болып табылады.
Коммерциялық банктер қаржылық делдалдар категориясына жатады. Қаржылық
делдалдар салааралық және аймақаралық ақша капиталының қайта бөлу механимін
қамтамасыз ететін маңызды функцияны орындайды. Қаржылық делдалының негізі
жаңа міндеттемелерді жасау және оларды басқа контрагенттердің
міндеттемелеріне айырбастау болып табылады.
Екінші дәрежелі банктер Қазақстан Республикасының аумағында және одан
тыс жерде өздерінің бөлімшелерін, еншілес банктерін ашуға құқықты. Бұл
банктердің қызметтері Қазақстан Республикасының конституциясымен, басқа да
заңдармен және де олардың негізінде, оларды орындау мақсатында, өзінің
құзіретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік құқықтық
актілермен реттелінеді.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы"
Заңның 30-бабына сәйкес банк қызметтерінің қатарына төмендегі операциялар
кіреді:
- заңды және жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау;
- банктерге жене кейбір банктік операцияларды жүргізуге құқықты
ұйымдарға корреспонденттік шот ашып, оларды жүргізу;
- кассалық операциялар жүргізу: банкноттар мен монеттерді қабылдау,
қайта санау, айырбастау, ауыстыру, сұрыптау, буу-түю, және сақтау;
- ақша аудару: заңды және жеке тұлғалардың талаптарымен ақша аудару,
- есептеу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың қарыз
міндеттемелерін және вексельдерін есептеу;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның, ішінде банктер-
корреспонденттердің, талаптарымен олардың банктегі шоттары арқылы есеп
айырысу;
- сенімгерлік (трасталық) операциялар: сенімгердің талабымен ақшаға
билік жасау;
- клирингілік есеп айырысу операциялары: жинау, салыстыру, сұрыптау,
төлемдерді қуаттау, өзара талаптарды есепке алу және клирингіге
қатынасушылардың таза жайғасымын анықтау;
- сейфтік операциялар: клиенттердің құнды қағаздарын, құжаттарын,
басқа да құндылықтарын сақтау, сейфтерді, шкафтарды және үй-жайларды жалға
беру;
- ломбардтық операциялар: жылдам өтімді құнды қағаздар мен қозғалатын
мүліктерді кепілзатқа алып, қысқа мерзімді несие беру;
- банкноттар мен монеттерді, басқа да құндылықтарды кассаға жинау және
салып жіберу;
- басқа елдердің валюталарына ақша айырбастау бекеттерін ұйымдастыру.
Банктер аталған операцияларды Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің рұқсат
қағазы (лицензиясы) негізінде жүргізеді.
Коммерциялық банктер екі типті болады:
- операциялардың кең көлемін жүзеге асыратын әмбебап банктер;
- бір немесе бірнеше банктік операцияларды жүзеге асыратын арнайы
маманданған банктер.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
— мемлекеттік;
— акционерлік;
— жеке;
— пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
— аралас (шетел капиталының қатысуымен).
2. Операцияларының түрлеріне қарай:
— әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді
банктік қызмет көрсететін банктер;
— маманданған яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
3. Аумақтық белгісіне қарай:
— халықаралық;
— мемлекетаралық;
— ұлттық;
— аймақтық;
4. Салалық белгісіне қарай:
— өнеркәсіптік банктер;
— сауда банктері;
— ауыл шаруашылық банктері;
— құрылыс банктері;
— басқа.
5. Филиалдар санына қарай:
— филиалсыз;
— көп филиалды.
ҚР-дағы банктік жүйеде 01.07.2003 жылғы статистикалық мәліметтер
бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік
акционерлік қоғам формасындағы банктер, соның ішінде, екі банк қана
мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға: Қазақстан даму банкі мен
Эксимбанк, ал шетел капиталының қатысуымен (100% — 10 банк, 50 % — аса — 4
банк) құрылған банктердің саны — 14, оның ішінде, еншілес банктер — 10.
Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан
түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және
артықшылығы бар.
Жай акция — оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның
пайдасына қарай дивиденд алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар
акция — оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен уақтылы,
яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам
банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз
үлесін алуға құқық береді.
Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса,
онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық
құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе құрылтайшылары
өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасына байланыссыз, оның
жарғылық капиталы оның қатынасушылары жеке және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz