Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және сапасын бағалау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3

1.Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және сапасын бағалаудың теориялық
негіздері 3

1.1. Банктің несиелік портфелі: мәні және құрылымы 3

1.2. Банктің несиелік портфелін басқару. 13

Қорытынды 17

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 18

Кіріспе

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің қызмет ету сапасы
соңғы жылдары едәуір жоғары деңгейге көтеріліп, экономика секторларының
барлығына толық қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңдағы бұл жетістіктерді олардың
несиемен қамтамасыз етуінен көруге болады. Жалпы несие дегеніміз – бұл
пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін
ссудалық капитал қозғалысын білдіреді. Несие ақшалай капиталдың ссудалық
капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар
арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және
жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе
төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға
беріледі.
Сөйтіп, несие қазіргі кездегі банктік жүйенің ең маңызды элементі
болып табылғандықтан, оның қажеттілігі күннен күнге өсіп жатыр. Өйткені
еліміз нарық экономикасына көшкен кезде көптеген шағын және орта бизнестер
дами және көбее бастады. Сондықтан да қазіргі кезде жақсы бізнес жобасы бар
көптеген тұлғалардың, банк жүйесіндегі алдыңғы қатардағы кез келген банктен
әртүрлі шартпен, әртүрлі мерзімге несие алу мүмкіндігі бар.

1.Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және сапасын бағалаудың теориялық
негіздері

1.1. Банктің несиелік портфелі: мәні және құрылымы

Несиелік портфель белгілі күнге коммерциялық банктің балансы бойынша
несиелік берешектің қалдығын білдіреді. Қазақстандық экономикалық
әдебиеттерінде: несиелік портфель белгілі критерий негізінде жіктелінген
несиелер бойынша банктің талаптар жиынтығы негізінде анықталады. Отандық
және шетелдік тәжірибедегі критерийлердің бірі – несиелік тәуекел деңгейі
болып табылады. Осы критерий бойынша несиелік портфель сапасы анықталады.
Банк менеджерлері несиелік портфельдің сапасын бағалау және талдау
негізінде өздерінің несиелік операцияларын басқарады.
Отандық тәжірибеде несиелік портфельді несиелік сипаттаманың мәмілесі
бойынша жасалынған өзара шарт жиынтығымен анықтайды. Оған ссуда,
факторингтік операциялар, лизинг, берілген банктік кепілдеме және
кепілгерлік бойынша міндеттерді орындау жатады.
Несиелік портфель – бұл белгілі критерийлер бойынша жіктелінген және
берілген несиелердің сапасы мен құрылымының сипаттамасы. Сонымен қатар
несиелік портфель – бұл несиені ұсыну бойынша банк қызметінің нәтижесі,
яғни белгілі уақыт кезеңіндегі банктің берген барлық несиелер жиынтығы.
Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай
түрде берілетін несиені білдіреді
Банктік несие – бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік
қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік
қатынастардың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады.
Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал
қарыз алушылар ретінде кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы
ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады.
Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты – бұл пайыз түрінде табыс алу.
Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие қаржылық мекемелерінің
қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие
коммерциялық несиелердің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез
келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие кез келген бағытта
қозғала алады.
Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені
қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал
банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және
жинақтарынан капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет
етеді.
Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта
бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық секторларында қолданыс табады.
Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің
дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан
бөлектенген.
Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, сандық
және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің
қатысушыларымен байланысты. Бір жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден
басқа әр түрлі мекемелер (қаржылық компаниялар, өзара несие банктері)
жүзеге асырады. Екінші жағынан, қарыз алушылардың құрамы өзгереді. Қарыз
алушылар – несиелік-қаржылық мекемелер, тұрғындар, үкімет, жергілікті
үкімет органдары болып табылады.
Банктік несиенің шамасына ақшалай-чектік эмиссиямен толтырылған
нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке
тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген
сұраныс та әсер етеді.
Банктік несиелер әртүрлі белгілеріне байланысты жіктелінуі мүмкін:

I.Несие беру мерзімі бойынша:
• қысқа мерзімді;
• орта мерзімді;
• ұзақ мерзімді.
Қысқа мерзімді несиелер – қарыз алушының уақытша қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін бір жылға дейін берілетін несиелер. Қазіргі жағдайда
мақсатты қысқа мерзімді несиелер кең тараған болып табылады. Қысқа мерзімді
несиелер нақты келісім шарттарға қызмет көрсетеді. Мақсатына қарай қысқа
мерзімді несиелерді өндірістік мақсаттарға, сауда-делдалдық операцияларға,
уақытша қажеттіліктерге бөлуге болады.
Өндірістік мақсаттағы несиелер шикізаттарды сатып алуды қаржыландыру
үшін берілетін несиелер.
Сауда-делдалдық операцияларға несиелер қысқа мерзімді сипатта болады
және клиенттің дебиторлық қарызының пайда болуымен байланысты. Қарыз
алушыны несиелеу өндірістік мақсаттарды несиелеумен көрінеді. Қарыз алушы
ретінде көтерме сауда және бөлшек сауда кәсіпорындары болып табылады.
Уақытша қажеттіліктерге несиелер клиенттің қажеттілігін ақшалай
қаражаттарда қысқа мерзімді қанағаттандыру үшін, яғни еңбекақы және
бюджетке төлемдерді төлеуді ұсынады.
Орта мерзімді несиелер – бір жылдан бес жылға дейінгі өтеу мерзімімен
сипатталады. Орта мерзімді несиелер жабдықтау, көліктерді сатып алу, жаңа
кәсіпорындарды, бағдарламаларды, жобаларды бастапқы қаржыландыру үшін
қолданылады.
Ұзақ мерзімді несиелер елдің экономикасында маңызды рөл атқарады.
Ұзақ мерзімді несиелер экономиканың нақты секторына қаражаттарды салумен
байланысты және өндірістің техникалық деңгейін көтерудің негізгі көзі болып
табылады.
Ұзақ мерзімді несиелер – бес жылдан жоғары мерзімге берілетін несиелер
болып табылады. Ұзақ мерзімді несиелер жылжымайтын мүлікке несие жұмсаумен
байланысты. Бұл несиелік операциялар саласы негізінен өндірісті, қоғамды,
жеке құрылысты қаржыландыру үшін және кәсіпорынның негізгі капиталын құру
үшін қажет. Бұл несиенің ерекшелігіне: ұзақ мерзімді өтеу, қарыз алушының
қорланым қаражатының ең төменгі деңгейі, мүліктік кепілдікке берілген
несиелердің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігі, мүліктің құнынан,
яғни кепілдік құнынан (60-70%) несие мөлшерінің тәуелдігі, қысқа мерзімді
несиемен салыстырғанда несие пайызы мөлшерінің төмен болуы, банктің
ресурсын ұзақ мерзімге оқшауландыру, банк пен қарыз алушының несиелік
қатынастарының дамуына болжау жасау қиындығы жатады.
Несиелердің мерзімі несиелік тәуекелге және банктің өтімділігіне әсер
етеді. Егер несиенің мерзімі неғұрлым ұзақ болса, онда қысқа мерзімді
несиемен салыстырғанда соғұрлым өтімді болады. Несие мерзімінің ұзартылуы
тәуекелдің өсуіне әкеледі. Сондықтан да банктің маңызды міндеті –
несиелерді беру мерзімі бойынша оңтайлы жиынтық құру болып табылады.
Қазіргі кезде ұзақ мерзімді несиелер банктік тәжірибеде дамып отырған
жоқ. Оның негізгі себептері:
• несиелеу үшін сәйкес ресурстың жоқтығы;
• несиелік тәуекелдің жоғарылығы;
• несиелеу қағидаларының сақталмағандығы;
• несиені өтеу көздерінің дұрыс таңдалмауы;
• несиелеу механизмінің жетілмеуі.
II.Қарыз алушылардың түрлері бойынша:
• кәсіпорындар мен ұйымдарға несиелер;
• жеке және заңды тұлғаларға несиелер;
• банкаралық несиелер.
III.Экономика салалары бойынша:
• өнеркәсіп салаларына;
• ауыл шаруашылығына;
• құрылыс;
• көлік;
• байланыс.
Өнеркәсіп саласына берілетін несиелер – бұл кәсіпорындар мен ұйымдарға
өндірісті дамыту үшін, материалдарды сатып алу үшін ұсынылады.
Ауыл шаруашылығына берілетін несиелер – бұл фермерлерге, шаруа
қожалықтарына жерді өндеу бойынша, егін жинау мақсатында берілетін несие.
IV.Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
• негізгі қорларға жұмсалатын;
• айналым қаражатына жұмсалатын.
V.Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
1.Қамтамасыз етілген:
• кепілхатпен;
• кепілдемемен;
• кепілдікпен.
2.Сақтандырылған.
3.Қамтамасыз етілмеген:
• сенім несиесі.
VI.Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1.Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер.
2.Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған
активтердің жіктеу ережесіне сәйкес күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-
санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 4-
санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.
3.Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
несиелер шотына жазылған несиелер.
VII.Валютамен берілуіне қарай:
• ұлттық валютамен;
• шетел валютасымен.
VIII.Берілу шартына қарай:
1.Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу
үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несиені беріледі.
Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды
ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты:
бір жағынан тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен
қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты
несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттігін ұлғайтады. Мұндай
тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда
болуда.
Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиенің бір
бөлігі ретінде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей байланысты
болып келеді. Сондықтан да, несиенің бұл формасының экономикасы дамыған
елдерде кеңінен пайдалануының екі түрлі себебі бар: біріншісі, субъективті,
яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы деңгейде материалдық игіліктерге қол
жеткізуге қолайлы жағдай жасаса; екіншісі, объективті, яғни кез келген
қоғамның дамуының басты бір экономикалық мәселесі – бұл дайын өнімді өткізу
десек, ендеше тұтыну несиесін қолдану аталған мәселені шешуге мүмкіндік
береді. Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл
атқарады, сондықтан да, оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде
реттеп отыру отыру қажет. Мұндай реттеуді екі түрге бөледі: берілу және
пайдалану деңгейінде реттеу. Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларды
ынталандыруға тиіс.
2. Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді,
өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге
берілетін несиені білдіреді.
Ипотека несиені қамтамасыз етудің сенімді әдістерінің бірі болып
табылады. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты біздің мемлекетімізде
ипотекалық несиенің дамуы өсе береді. Бірақ ипотеканың дамуы экономикаллық
шарттардың болмауынсыз мүмкін емес, яғни мүлік иелерсіз. Кепілдік құқықтың
әмбебап мөлшері бойынша мүлікті тек меншік иесі ғана кепілге сала алады.
Қазіргі кезде ипотеканың дамуын ұстап тұрған фактор – бұл жерге жеке
меншіктің болмауы. Ал кепілге салынған осы мүліктер меншік иесіне тиісті
емес ғимараттар мен жер телімдері (участок) ипотеканың дамуына не
способствует. Жердің өзі кепілдің ең сенімді объектісі болып табылады.
Ипотекалық несиелендірудің дамуының жақын келешегі Қазақстандағы
жылжымайтын мүлік нарығының құрылуына байланысты болады, оны негізгі
белгілері қарастырылуда.
Ипотеканың басты артықшылығы – бұл жерде адамдар тұрғын үйлерін бірден
алады. Құрылысжинақ жүйесіне қарағанда, олар пәтерлерін сатып алғаннан
кеін, бірден ішіне кіріп, банкке қарызын бірте-бірте пайызымен бірге
қайтарады. Ал құрылысжинақ – бұл жүйе бойынша қарыз алушы алдымен несие
алатын банкте қажетті соманың жартысын жинақтап алу керек, содан кейін ғана
барып банктен жетпеген қаражаттарды несиеге алып, пәтерді сатып алып ішіне
кіреді және қарызын қайтара бастайды. Сонымен қатар жинақтау процесі қатаң
анықталған уақытта болу керек, яғни 2-3 жылдан кем емес.
Ипотекалық несиелендірудің ұзақ мерзімді проблемаларын шешудің негізгі
жолдары – нарықтық механизмдердің дамуы үшін жағдайлар жасау және қоғамның
бюджеттен тыс ресурстарын жұмылдырып қаржы-несиелік салаға оларды бағыттау
болып табылады.
Қазақстандық Ипотекалық Компаниясының жұмысының барысында қызмет етіп
жатқан заңдардың ішінде кейбір проблемалр табылған. Ипотекалық несиелендіру
жүйесінің енгізілуі кезінде мәмілелерді мемлекттік тіркеу жүйесінің
дамымауы байқалған, яғни тіркеу үшін алынған төлемақының үлкен болуы
халыққа берілетін несие қымбат болуына әкеледі, сонымен қатар азаматтарға
салық жеңілдіктері болған жоқ.
Ипотекалық несиенің негізгі проблемасы болып – ипотекалық
несиелендіруге қаражат тартуы табылады. Оның шешілуіне тұрғын үй
несиелендіру жүйесінің дамуы байланысты болады.
Осыған байланысты қаражаттарға ішкі нарықтан Қазақстандық Ипотекалық
компаниясымен қамтамасыз етілген ипотекалық облигацияларды шығару арқылы
тарту болып табылады. Ал негізгі отандық институционалдық инвесторлары –
жинақтаушы зейнетақы қорлары және сақтандыру компаниялары болып табылады.
Қазақстандағы ипотекалық несиелендірудің дамуына әсер ететін, шешілуге
қажетті проблемалар:
• салық салу жүйесі, мысалы, ипотекалық бағалы қағаздар бойынша
инвесторлардың табысына салық салу, ал мұның өзі халыққа
берілетін несиелердің құнын анықтайтын негізгі элемент болып
табылады;
• ипотекалық несие көмегімен тұрғын үйді сатып алу үшін
мәмілелерді мемлекттік тіркеу процедураларының қымбат және ұзақ
болуы;
• бағалы қағаздар эмитентінің жойылу жағдайында ипотекалық бағалы
қағаздардың инвесторларын, талаптарды қанағаттандыру бойынша
бесінші топқа енгізу.
Бұл проблемалардың жиынтығын шешуі ипотекалық несиелендірудің көлемін
өсіруге мүмкіндігін береді.
Сонымен қатар ипотекалық несиені сақтандыру жүйесін құру арқылы да бұл
несиені алатын халықтың санын өсіруге себебін тигізеді. Осыған байланысты
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен мұндай сақтандыру компаниясының
қызметін нормативтік-құқықтық базасымен қамтамасыз етілуі дайындалып,
ипотекалық несиелерді сақтандыру компаниясының құрылуы қарастырылуда.
Ипотекалық несие – бұл массалық өнім емес, ол тек қана орта табыс
алатын азаматтарға тиесілі болу қажет.
3.Овердрафт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік
қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
Бүгінгі күнге овердрафт – клиенттердің бөлек категориялары үшін
несиелендірудің перспективті формасы болып табылады.
Овердрафттың мақсаты – кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі кезінде
пайда болған төлем қабілетсіздікті жою.
Овердрафт түріндегі несиелік шығындар көлемінің есеп айырысу шотына
түскен қаражаттарға қарағанда уақытша жоғарлауы кезінде есеп айырысуларды
уақытылы жүргізуге мүмкіндігін береді, сондай-ақ бұл несие клиенттердің
ақшалай қаражат түріндегі уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында
беріледі, оның ішінде айнымалы қаражаттарды толықтыруға (тауарлы-материалды
құндылықтарды алу, тауарлар запастарын құру), жалақы төлеуге, бюджетке
міндетті төлемдер, басқа да өндірістік шығындарға бағытталады.
Қазіргі кезде овердрафтты тәжірибеде қолданған кезде алдымен заңи
проблемаларды реттеу керек. Нәтижесінде коммерциалық банктер бақылау
органдарымен келіспеушілікке түспей, сондай-ақ айыппұлдарды төлемей
овердрафт несиесін клиенттеріне бере алады.
4.Овернайт несиесі – өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін
банкаралық несиенің түрі. Овернайт несиесінің басты бір ерекшелігі өзінің
атына байланысты бір түнге ғана беріледі. Бұл несиенің банктер көбіне аяқ
асты қаржылық қиындықта туындай қалған жағдайларда алады.
5.Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа
мерзімді несие. Онкольдық несие келесідей жолмен жүзеге асырылады. Банк
бағалы қағаздарды немесе тауарлы-материалдық құндылықтарды кепілдікке ала
отырып, қарыз алушыға арнайы ағымдық шот ашады. Қамтамасыз етілген несие
шегінде банк кәсіпорынның барлық шоттарын төлейді. Несиенің өтелуі банктің
алғашқы талабы бойынша қарыз алушының қаражаты есебінде төленеді. Қарыз
алушыны алдын-ала, яғни 2-7 күн ішінде ескерте отырып, онкольдық несие
өтеледі. Мерзімді несиеге қарағанда онкольдық несиенің пайыздық
мөлшерлемесі төмен. Онкольдық несие қайтару мерзімі және қамтамасыз ету
сапасына байланысты банктің актив бабындағы кассадағы қолма-қол ақшадан
кейінгі өтімді бап болып табылады.
6.Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі.
Банкаралық несиенің ролі мен орны коммерциялық банктердің тарихи
қалыптасқан функцияларымен анықталады:
• ағымдық (есеп айырысу) шоттарына және мерзімді салымдарға
қаражат тарту;
• төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық қағидаларына сәйкес
қаражаттарды ссудаларға беру;
• есеп айырысуларды жүргізу.
Жалпы банкаралық несиенің несиелік қатынастар жүйесіндегі орны ерекше,
сондай-ақ банктік жүйенің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Кәзіргі банктік
жүйеге сәйкес банкаралық несиенің екі деңгейі бар. Біріншісі, Ұлттық Банк
пен коммерциялық банктер арасындағы және екіншісі, коммерциялық банктер
арасындағы ақшалай қаражаттардың қозғалысын көрсетеді. Сондықтан да банктік
жүйенің тұрақты болуының міндетті шарты – банкаралық несиенің бірқалыпты
қызмет етуі болып табылады.
Банкаралық несиенің несие мультипликациясының жеделдету ерекшелігі,
керісінше, банкаралық ссудалардың берілу мерзімін қысқа және тым қысқа
мерзімді етеді, ал бұл өз кезегінде банктік жүйенің банкаралық несиен
нарығының тұрақтылығына тәуелділігін күшейтеді.
Қаржылық нарықтың сегменттері арасында банктік ресурстарды қайта бөлу
ерекшелігі – банкаралық несие балансталмаған өтімділік тәуекелін төмендету
және банк-қарыз алушының төлем қабілеттілігінің жоғарлауы арқылы көрінеді.
Сонымен банкаралық несие банктің ағымдағы төлемділік позициясын және
өтімділігін бір қалыпты ұстап тұрудағы қаражаттардың жедел қайнар көзі
болып табылады.
Егер банк банкаралық несиелер нарығында кредитор ретінде шықса, банк
әдеттегідей қарыз алушыға баға береді және несиенің қамтамасыз етілуін
қарастырады.
Несиелендіру үш бір-бірімен байланысқан бағыттары бойынша қабылданған
шешіммен байланысты болады:
• қарыз алушыға баға;
• несиелендіру объектісіне баға;
• несиені қамтамасыз етуге баға.
Банк-қарыз алушының бағасы келесі бағалардан құрылады:
• банк-қарыз алушының қаржылық нарықтағы жағдайы және мемлекеттік
органдар мен кәсіби бірлестіктердің ұсынған ақпараттары мен
жарияланған сенімділік рейтингтерінің нәтижиелері бойынша оның
беделі;
• берілген құжаттар бойынша, қаржылық жағдайының талдауы бойынша
банк-қарыз алушының қаржылық жағдайы;
• бұрын алынған несиелер мен олар бойынша есептелген пайыздарды
өтеуінің нәтижелері бойынша банк-қарыз алушының несиелік
тарихы.
Банкаралық несиелендіру негізінен қысқа мерзімді болып келеді, сондай-
ақ келісім шартты жасау мерзіміне үлкен талаптарды қояды. Осыған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің несиелік портфелін басқару
Коммерциялық банктердің несие портфелінің сапасын басқару мен бағалау
Банктің несие саясаты
Проблемалық несиелермен банктердің жұмысы
Несиелік портфельді басқаруды талдау
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің несиелік портфель және оның сапасын бағалауды теориялық және тәжірибелік жағынан зерттей отырып, несиелік портфель құрылымын қарастыру
Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктердiң несиелiк портфелiн басқару
Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқарудың экономикалық негізі
Коммерциялық банктердің мазмұны, құрамы, құрлымы
Коммерциялық банктердің несиелік cаясатын қалыптастыру
Пәндер