Несиенің қызметтері және оның экономикадағы маңызы
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1. Несиенің формалары мен түрлері 4
2. Несиенің қызметтері және оның экономикадағы маңызы 9
3. Несие жүйесінің құрылымы 10
4. Несие жүйесіне қатысушы субъектілер 11
Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 16
Кіріспе
Халықтың уақытша бос қаражатын жинау формалары әр түрлі: ең көп
тараған формасы - несие мекемелеріндегі (банктердегі, жинақ кассаларындағы)
шоттарға салған салымы; арнаулы несие мекемелеріне салған салымы;
сақтандыру компанияларындағы салымы; тұрақты процентті бағалы қағаздарға,
әсіресе, облигацияларға салған салымы; акция сатып алуға жұмсаған ақшасы.
Қазіргі уақытта несие мекемелері халықтың ақша қаражатын тартудың жаңа
формаларын іздестіруде, себебі ақша жинақтаудың бұрынғы әдістері қаржы
ресурстарының қажетті мөлшерде құйылуын қамтамасыз ете алмауда. Мысалы, 90-
жылдары АҚШ-та жүргізілген зерттеу бойынша: жылдық табысы 10 мың долларға
дейінгі халықтың сұраныс жүргізілген топтарының 14%-нің ақша нарығындағы
депозиттерде, 34%-нің жинақ шоттарында, 5%-нің әр түрлі НАУ-шоттарында
салымдары болған. Сол уақытта жылдық табысы жылына 50 мың доллардан асатын
халықтың сұраныс жүргізілген топтарының 59%-нің ақша нарығындағы
депозиттерде, 68%-нің жинақ шоттарында, 45%-нің несие мекелемерінің НАУ-
шоттарында салымдары болған.
Капиталды жинау барлық кезде бірдей болатын тұрақты фактор емес. Ол
көптеген конъюнктуралық факторларға, әсересе, экономиканың дамуына, ақшаның
айналысқа қажеттілігі мен жетімділігіне байланысты өзгеріп тұрады.
Өзгерістерде мынадай бағыт байқалуда: экономика қалыпты дамыса жинақ қоры
кемиді, себебі халықтың табысының өсуі олардың сақтық сезімдерін
төмендетіп, ақшаны сақтап қоюдан гөрі күнбе-күнгі қажетіне жұмсауына әсер
етеді. Бұл кезде жинақтағы ақша өндірістің дамуынан нарыққа түскен
тауарларды сатып алуға жұмсалады. Тауарларды артық өндіру кезінде ақша
айналыстан шығып, жинаққа айналады. Тұрақсыз экономика жинаудың себептерін
шиеленістіріп, олардын өсуіне әкеп соқтырады.
Жинақталған ақша ел экономикасын инвестицияландырып капиталға
айналады. Ақшаның капиталға айналуын қамтамасыз ететін құрал - несие.
1. Несиенің формалары мен түрлері
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері
сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.
Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен онын қолданылатын
түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және
банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы,
қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша
ажыратылады.
Коммерциялық несие - ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге
сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте
коммерциялық несиеде аударым векселі толтырылады. Коммерциялық несие
алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік ұдайы өндірістің қажетін
қамтамасыз етуден пайда болып, капиталистік несие жүйесінің негізін қалады.
Мысалы, кейбір объективті себептерге байланысты (тауар өндіру уақыты оны
сатып, ақша түсіру уақытымен сай келмейді, кейбір өндіріс жыл мезгілдеріне
байланысты ұйымдастырылып, онда өндірілген тауарларды сату да жыл
мезгілдеріне байланысты жүргізіледі) бір капиталист-өндіруші нарыққа
тауарын шығарғанда, екінші өндіруші-сатып алушыда қолма-қол ақша болмаған
жағдайда оған бірінші капиталист тауарын несиеге сатады. Коммерциялық несие
тауардың өндірістен тікелей тұтынушыға түсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп
тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама айналысын
жеделдетеді. Ол сонымен қатар кәсіпшілер мен сатушылардың да ақша қажетін
өтейді.
Дегенмен коммерциялық несиені қолдануда біраз шектеулер бар. Олар:
• бұл несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар қорының көлемімен
шектеледі;
• бұл несиенің көлемі ел экономикасының жағдайына байланысты
өзгереді, яғни дағдарыс кезінде капиталдың кері қозғалысы бұзылып,
коммерциялық несиенің көлемі қысқарады;
• бұл несие тек бір бағытта козғалыста жүреді: оны тек өндіріс құрал-
жабдықтарын шығаратын салалар оларды пайдаланатын салаларға береді,
керісінше болуы мүмкін емес. Мысалы, комбайн зауыты өз өнімін -комбайндарды
несиеге ауыл шаруашылығына сатуына болады, ал ауыл шаруашылығы комбайн
зауытына коммерциялық несие ретінде өз өнімін бере алмайды. Қорыта
айтқанда, коммерциялық несиенің банктік несиеден басты ерекшелігі - ол
тауар түрінде берілетін несие. Банктік несие - ол банкте шоғырланған
қаражат қорынан клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде
берілетін несие. Коммерциялық несие мен банктік несиенің бір-бірінен
бірсыпыра айырмашылықтары бар.
Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде берілсе, ал банктік несие
ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен сатушылар
бір-біріне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшін береді. Банктік несие
өндірушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде беріледі.
Екіншіден, коммерциялық несие мен банктік несие бір-бірінен,
субъектілер, яғни несие келісіміне қатысушылар бойынша да ажыратылады.
Коммерциялық несиеде несие беруші ретінде де, қарыздар ретінде де кәсіпкер
жүреді. Банктік несиеде несие беруші - банк, ал қарыз алушы -кәсіпкер.
Үшіншіден, коммерциялық несиенің шектеулері банктік несие берумен
жойылады, себебі банктік несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек
тауар айналысына қызмет көрсетсе, банктік несие халықтың барлық топтарының
уақытша бос ақшасын шоғырландырып, оны капиталға айналдырады.
Төртіншіден, бұл екі несиенің динамикасы (өсуі) да біркелкі емес.
Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымынын дамуына және
төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Өнеркәсіптің дамуы
кезінде оған ұсыныс пен сұраныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді.
Дағдарыстың әсерінен тауарды өндіру мен сату қысқарып, ал қарызды төлеу
үшін банктік несиеге сұраныс көбейеді. Өндірістің жанданып көтерілуі
кезінде нақты капиталдың көлемі өсіп, өндірістік мақсатқа жұмсау үшін
банктік несиеге сұраныс ұлғаяды. Осыдан банктік несиенің екі жақтылығы
туындайды: қарыз алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өсіру үшін
пайдаланса, онда капитал қарызы, ал қарыз міндеттемелерін өтеу үшін төлем
құралы ретінде пайдаланса, онда ақша қарызы болады. Банктік несиенің шартты
түрде мұндай екіге бөлінуі қарыздардың алған несиені пайдалану мақсатына
байланысты болады. Егер қарыздар несиенін кепілдігіне тауар, вексель,
бағалы қағаздарды беріп алса, онда қарыздардың банктен ақша қарызын алғаны.
Егер қарыз алушы банктен ештеңемен қамтамасыз етілмеген несие алса, онда
қарыздардың капитал несиесін алғаны.
Банктік несиені экономиканың кез келген салалары пайдаланады:
өндірістің бір саласынан босаған ақша капиталы оның кез келген келесі
саласына берілуі мүмкін (мысалы, ауыл шаруашылығынан өнеркәсіп өндірісіне).
Несиенің негізгі екі формасының - коммерциялық және банктік несиелер -
әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, шаруашылықаралық, ипотекалық, мемлекеттік,
халықаралық және т.б.
Тұтыну несиесі - ол төлемін кейінге қалдырып тұтыну тауарларын несиеге
сату. Несие алушы - халық, ал несие беруші - әртүрлі өндіріс орындары,
фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі коммерциялық
несие формасында (яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге
калдырып тауар сату) және банктік несие формасында (яғни тұтыну тауарларын
сатып алуға ақша беру - ұзақ қолданылатын тауарлар - жиһаз, жеңіл
машиналар, тоңазытқыштар, теледидарлар және т.б.) беріледі. Несиенің бұл
түрінде банк пен халық арасында делдал да болуы мүмкін. Мысалы, сауда
орындары халыққа белгілі бір сомаға тауарды несиеге сатады да, сол сома
келемінде банктен ақшалай несие алады. Тұтыну несиесі жас отбасыларына да,
(мысалы, егер жастары 30-дан аспаса және үйленгендеріне үш жыл өтпесе)
берілген. Мұндай несие кезінде Чехословакияда жоғары оқу орындарының
студенттеріне берілген.
Лизииг несиесі - ол тауар түрінде берілетін несие. Лизинг деп
маманданған қаржы (лизинг) компаниясының делдалдық етуімен машиналарды,
құрал-жабдықтарды, жылжымайтын мүліктерді және негізгі капиталдың басқа да
элементтерін орташа немесе ұзақ мерзімге үшінші жаққа жалга беруді айтады.
Тауар өндірушіге немесе сатушыға лизинг компаниясы оның құнын төлеп,
мүлікті меншіктеу құқына ие болады. Лизинг бойынша жалға бір өндірістік
циклда жойылмайтын кез келген экономикалық дербес объектіні алуға болады.
Экспортты және импортты қаржыландыру тұтқасы болып табылатын халықаралық
лизингте келісімге қатысушы субъектілер әр түрлі елдерде болуы мүмкін.
Ауыл шаруашылық несиесі - ол ауыл шаруашылығындағы негізгі капитал мен
айналмалы капиталдың қызметін қамтамасыз ету үшін берілетін қарыз капиталы.
Ауыл шаруашылығындағы өндірістік негізгі капиталдың (қордың) қалыптасуына
және дамуына қозғалмайтын мүліктің кепілдігімен банк ұзақ уақытқа күрделі
қаржы несиесін береді. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік айналмалы капиталға
және уақытша қажеттілікке қысқа мерзімді несие қызмет етеді. Ол әдетте сол
жылғы астық өнімдерін сатқаннан кейін өтеледі.
Шаруашылықаралық несие - бұрынғы КСРО-да кең қолданылған несие түрі.
Ол - жоғары басшы органдардың (министрлік, бірлестік, трест) өздеріне
әкімшілік жолмен бағынатын кәсіпорындар мен мекемелерге қаржы көмегі
ретінде берілетін несие. Банктік несиемен салыстырғанда ол несиенің көлемі
және оны пайдаланатын шаруашылық органдар көп болмаған. Себебі
шаруашылықаралық несие мемлекеттің қаулысымен кездесіп қалған қаржы
қиындығын жою мақсатына, не болмаса өндіріс жоспарын өзгерткенде ғана
беріледі.
Шаруашылықаралық несиенің басқа несиелерден айырмашылығы: бұл несие
субъектілері, міндетті түрде, бір шаруашылық жүйесінде пайда болады; несие
тек ақша түрінде беріледі; қайтарылғанда несие үшін ақы (процент)
төленбейді; несие алғанда кепілдік берілмейді және белгілі бір мезгілде
өтеу туралы міндеттеме толтырылмайды. Кәсіпорынында қаржы қиындығы жойылған
соң жоғары органның үкімімен несие қайтарылып алынады.
Соңғы уақытта шаруашылықаралық несиенің тауарлы түрі дамуда. Мысалы,
күрделі механизмдер, станоктар және өндірісте қолданылатын техникалар
несиеге берілуде. Мұндай жағдайларда несие қатынастарының ауқымы ұлғаяды.
Несиеге, мысалы, техника берілсе, ал оны қайтару несие алушының өндірген
тауарымен өтелуі мүмкін.
Ипотекалық несие - ол жылжымайтын мүліктерді жерді, өндірістік және
тұрғын ғимараттарды, үйлерді, пәтерлерді кепілдікке алып ұзақ мерзімге
берілетін ақшалы несие. Мүліктердің кепілдікке алынғаны туралы ипотекалық
банк несие алушыға қарыздар куәлігін береді. Ипотекалық несиенің ақшалы
қоры, негізінен, банктер мен корпорациялардың ипотекалық облигациялар
шығарып, сатудан түскен қаржыдан кұралады.
Мемлекеттік несие - ол мемлекет пен жергілікті үкімет органдарының
облигация сату арқылы жеке және заңды тұлғалардан несие алуы. Бұл несие
қатынастарының субъектілері: несие беруші - халық және заңды ұйымдар, несие
алушы - мемлекет және оның жергілікті органдары. Мемлекеттік несие - қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Қысқа мерзімді несие
қазыналық вексельдер түрінде шығарылып, 1-3 айдан кейін өтелуі керек, ал
ұзақ мерзімді несие мемлекеттік облигациялар түрінде шығарылып, көптеген
жыл өткен соң өтеледі. Бұл мемлекеттік заемдар (қарыз) мемлекеттік
шығындарды өтеуге, бюджеттің тапшылығын жоюға, инфляция кезінде айналымдағы
артық ақшаны шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл несие негізінен
шенеунік аппарат шығындарын өтеуге, әскер ұстауға және т.с.с. өндірістік
емес экономикалық және әлеуметтік қажеттерге жұмсалады.
Заемдар мемлекетке уақытша қосымша табыс түсіргенмен, кейін қарызды
өтеу және ол үшін процент төлеу кезінде мемлекеттік шығындарды өсіреді. Ол
төлемдерді өтеу үшін мемлекет халықтан алынатын салықтар мөлшерін көтереді.
Сөйтіп заемдар бойынша төленетін процент сомасы мемлекеттік қарыздардың
көтерілуімен бірге өседі.
Халықаралық несие деп мерзімді белгілеу, процент төлеу және кері
қайтару келісімімен тауар және валюта ресурстарын беруге байланысты
халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы қарыз капиталының қозғалысын
айтады. Халықаралық несие XІV-ХVғғ. әлемдік сауда-саттықта пайда болып,
одан әрі Еуропадан - Таяу және Орта Шығыс елдеріне қатынайтын теңіз
жолдарын игергеннен кейін дамыды, бертін келе Америка мен Үндістанды ашқан
соң халықаралық несиені пайдалану өрісі одан әрі кеңейді.
Әлемдік шаруашылық қатынастардың интернационалдануына, халықаралық
еңбек бөлінісіне және ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін бірге
пайдалануға байланысты халықаралық несиенің жылма-жыл масштабы ұлғаюда.
Халықаралық несие қатынастарына несие беруші және қарыз алушы ретінде
банктер, кәсіпорындар, мемлекет, халықаралық және аймақтық ұйымдар
қатынасады. Халықаралық несие түпкі негізіне байланысты төмендегідей
жіктеледі:
• берілетін мерзіміне байланысты - мерзімнен тыс (тәуліктік, апталық,
үш айға дейін), қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (бір жылдан
бес жылға дейін), ұзақ мерзімді (бес жылдан жоғары) несие. Кейбір
жағдайларда орта мерзімді деп 7-10 жылға дейін, ал ұзақ мерзімді 10 жылдан
аса уақытқа берілетін несиені айтады. Қысқа мерзімді несие айналмалы
капиталдың қозғалысынан туындайтын қарыздардың ағымдағы қажетіне беріледі.
Оның қайтарылу мерзімі әр елдің экономикалык жағдайына, инфляцияның
деңгейіне қарай өзгеріп отырады. Мысалы, 90-жылдарға дейін КСРО-да қысқа
мерзімді несие 3-6 айға дейін берілді. Жалпы әлемдік стандарт бойынша қысқа
мерзімді несие 1 жылға дейінгі уақытта қайтарылуы тиіс. Орта мерзімді және
ұзақ мерзімді несиелер өндірісті жаңарту, оны кеңейтуге байланысты
туындайтын ұзақ мерзімді қажеттіліктерге беріледі;
• қызметіне байланысты - коммерциялық несие - тікелей сыртқы сауда мен
көрсетілген қызметке байланысты беріледі; қаржылық, яғни күрделі қаржы,
объектілер салу, бағалы қағаздар сатып алу, сыртқы қарызды өтеу;
аралық - аралас істелетін қызметтерге (яғни капитал мен тауарларды шығару,
құрылыс жұмыстарын орындау немесе "инжиринг", қызмет
көрсету) берілетін несие;
• несие түріне байланысты - ол тауарлы, импортшыға экспортшы сатылған
тауарға төлемді кейінге қалдырып беретін несие; валюталық - банктерде ақша
түрінде беретін несиесі;
• несие валютасы бойынша – қарыздар - мемлекеттің валютасымеи, несие
беруші-мемлекеттің валютасымен, үшінші мемлекеттің валютасымен және
халықаралық ақша өлшемімеи (СДР, ЭКЮ, ЕУРО) берілетін несие;
• қамтамасыз етілуі бойынша - қамтамасыз етілген (тауар құжаттарымен,
вексельдермен, бағалы қағаздармен, қозғалмайтын мүліктермен және т.б.);
бланктік, яғни қарыздардың міндеттемесімен (бір кісі қол койған соло -
вексель) несие;
• берілуі бойынша - қолма-қол (қарыздардың шотына жазу), акцептті
(төлеуге келісім берілген), депозиттік сертификаттар, облигациялық заемдар.
Несиенің түрлері - ол ұйымдастыру-экономикалық нышандарына байланысты
әрбір несиені сипаттау. Несиені түрлерге бөліп жіктеуде әлемдік біркелкі
стандарт жоқ. Несие қатынастарының дамуына және тауар-ақша айналысының
өрістеуіне байланысты несие ақшалы және тауарлы болып бөлініп, одан әрі
несиенің жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.
Несие түрлері төмендегі жағдайларға байланысты жіктеледі:
• несиемен қамтамасыз етілетін ұдайы өндірістің сатысына. Өнім
өндіретін шаруашылық субъектісі несиені құрал-жабдықтар алуға, шикізат,
жанар-жағар майлар алуға және т.б. қажетіне жұмсаса, халық тұтыну заттарын
алуға пайдаланады. Жалпы алғанда несие айырбас категориясы ретінде
жиынтық өнімді өндіруге, бөлуге және тұтынуға қолданылады;
• экономиканың салаларында қолданылуына. Өнеркәсіп мекемесіне берілген
несие өнеркәсіптік несие деп аталады. Сонымен қатар жоғарыда айтып
кеткеніміздей, ауыл шаруашылығы несиесі, саудалық несие (коммерциялық)
түрлері болады;
• несиенің қамтамасыз етілуіне. Тікелей қамтамасыз етілген несиеге,
мысалы, нақты тауарды сатып алуға берілген несие жатады. Жанамалай
қамтамасыз етілген несие, мысалы, өз ақша қаражаты аз болған жағдайда тауар
қорларының жетіспей қалған бөлігін төлеуге алған несие.
• несие үшін төлем. Несие ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz