Жеке тұлғаларды несиелеу. Пластикалық карточкалар. Western Union ақшалай аударымдар


Жоспар
Кіріспе1
ІІ. 1. Жеке тұлғаларды несиелеу2
Жылжымайтын тұрғынүй дүние-мүлігін сатып алуға3
Шұғыл мұқтажға кредит беру4
Автомобиль сатып алуға кредит беру4
ХТТ сатып алуға кредит беру5
ІІ. 2. Пластикалық карточкалар6
ІІ. 3. Western Union ақшалай аударымдар9
Қорытынды10
Кіріспе
1992 жылы 24 сәуірде Атырау облыстық әкімшілігінің қолдау көрсетуімен аймақ экономикасының дамуына ықпал ету мақсатында «Нұрбанк» Акционерлік Коммерциялық Банкі құрылды. Банктік операцияларды жүргізу лицензиясын Банк 1992 жылы 3 тамызда алды.
1995 жылы 14 ақпанда «Нұрбанк» Акционерлік Коммерциялық Банкі акционерлерінің Жалпы жиналысы оны «Нұрбанк» Ашық акционерлік қоғам түріне өзгертіп, оның жарғылық капиталын 20 млрд. рубльге (40 млн. теңге) дейін арттыру жөнінде шешім қабылдады.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шетелдегі банктің корреспонденттік шоттары арқылы халықаралық заңды ұйымдармен есеп айырысу мен азаматтардың ақшалай аударымдарын шетелдік валютамен жүзеге асыратындығын қоса есептегенде, клиенттерге кең ауқымды банктік қызметтер көрсету үшін Банкке Бас лицензия берді.
Банк осы кезден бастап Қазақстанда өзінің филиалдық желілерін құра бастады. 2003 жылдың басында Банк 10 филиал және Қазақстанның өнеркәсібі дамыған орталықтарында 11 есептесу-кассалық бөлімдерін (ЕКБ) ашты.
1998 жыл 10 ақпан Банк ҚР Үкіметінің ауыл шаруашылығын бес жылға қаржыландыру және елдің ауыл шаруашылық секторына берілген Азия даму банкінің қарызын игеру бойынша жүргізген тендерін жеңіп алды.
1999 жыл «Нұрбанк» ААҚ-ы Қазақстан қаржышылар Қауымдастығының мүшесі болды.
1999 жыл Банк Қазақстан қор биржасындағы валюта саудасына қатысушы ретінде тіркелді.
Ақпан 2000 жыл Банкке «Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарын (сақтандыру) кепілдендіру қоры» ЖАҚ-ының оған қатысатындығын растайтын сертификаты берілді.
Сәуір 2000 жыл Банк қатысушы құқығында VISA International Халықаралық төлем жүйесіне кірді.
Желтоқсан 2000 жыл - «Нұрбанк» ААҚ-ы SWIFT қоғамының қауымдастырылған мүшесі болып, осы компанияның ғалами телекоммуникациялық желілерінің арналары арқылы шетел валютасын аудару мүмкіндігіне ие болды.
Желтоқсан 2000 жыл «Нұрбанк» ААҚ-ы еуропалық және американдық ірі банктермен қатар «Казкоммерцбанк» ААҚ-ының 41 млн. АҚШ доллары сомасындағы бірлестірілген қарызын беруге қатысты.
2000 жыл American Express Co. компаниясымен оның төлемдік карточкаларын тарату туралы маркетингілік (агенттік) келісім жасалды.
2001 жыл Банк ипотекалық несие беру бағдарламасын жүзеге асыруда «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ЖАҚ-ының серіктесі деген мәртебеге ие болды.
2001 жыл American Express Co. компаниясымен оның жол чектерін сату туралы келісім жасалды.
22 қаңтар 2002 жыл «Нұрбанк» ААҚ-ына халықаралық контрагенттік несиелік рейтингі және B-Srable-C деңгейінде Standard & Poor’s агенттігі депозиттік сертификаттарының рейтингі берілді.
22 сәуір 2002 жыл «Нұрбанк» ААҚ-ының атаулы купондық индекстелген облигацияларының 1, 5 млрд. теңге (шамамен 10 млн. АҚШ доллары) сомасындағы бірінші шығарылымы ҚР Ұлттық Банкінде тіркелді.
Мамыр 2002 жыл Western Union FSI (АҚШ) компаниясының ғалами жүйесі арқылы азаматтардың ақша аударымдарын орындау туралы «Вестерн Юнион ДП Восток» ООО НКО компаниясымен агенттік келісімге қол қойылды.
5 маусым 2002 жыл «Нұрбанк» АҚҚ-ының атаулы купондық индекстелген облигациялары Қазақстан қор биржасының листингісінен өтті және «А» санатындағы құнды қағаздар қатарына енгізілді.
28 ақпан 2002 жыл Шетелдік банктер синдикаты «Нұрбанк» сауданы қаржыландыру мақсатында 15 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қарыз берді.
3 желтоқсан 2002 жыл «Moody’s Investors Service» рейтингілік агенттігі «Нұрбанк» ААҚ-ына Е± қаржылық тұрақтылық рейтингін, сол сияқты ВаЗ шетелдік валюта түріндегі банк депозиттерінің ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік рейтингілерін берді. Барлық рейтингілер болжамы - тұрақты.
17 сәуір 2003 жыл Бірінші сыныпты шетелдік банктер синдикаты 2002 жылы 28-қазанда сауданы қаржыландыру мақсатында «Нұрбанк» ААҚ-ына берген қарыз мерзімін ұзартты. Қарыз сомасы 18 млн. АҚШ долларына дейін арттырылды.
ІІ. 1. Жеке тұлғаларды несиелеу
«Нұрбанк» ААҚ қызметінің басым бағыттарының бірі болып жеке тұлғаларға тұтыну мақсаттарына кредит беру есептеледі.
Бөлшек (тұтынушылық) кредит беру:
- халық тұтынатын тауарларды (ХТТ) сатып алу үшін
- автомобильдер сатып алу үшін
- кезек күттірмейтін мұқтажға
- жылжымайтын тұрғын үй мүлігін сатып алуға
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ЖАҚ жобасының шеңберінде жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға «Нұрбанк» ААҚ-да бөлшек кредит берудің артықшылығы- кредит өтімін жедел қарау. Банк қызмет көрсетудің сапасын жақсарту үшін барлық күшін жұмсайды, оның нәтижесі болып жобаға шұғыл сараптама жүргізу есептеледі. Келермендердің талаптары мен тілектеріне байланысты кредитті өтеудің түрліше сызбалары. Кредит беру құнының жоғары еместігі. Кредитті өтеудің түрліше сызбаларын қолданып, Банк Келермендердің пайыздық шығындарын оңтай-ландыруға әсер етеді.
Пайыздық мөлшерлемелердің төмендеу мүмкіндігі. Кредиттік операциялар бойынша мөлшерлемелер нарық конъюнктурасының өзгеруіне сәйкес белгіленеді және түзету жасалады және Банкінің Келерменмен ыңтымақтасу ауқымы артқан сайын төмендеуі мүмкін. Бөлшек кредиттер бойынша кредит берудің қолайлы мерзімдері 15 жылға дейін арттырылған. Аймақтарда кредит беру. Бұл «Нұрбанк» ААҚ филиалдар жүйесінің тармақталғандығы арқасында мүмкін болды.
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ЖАҚ жобасының шеңберінде жылжымайтын тұрғын үй мүлігін сатып алуға «Нұрбанк» ААҚ, тұрғын үйді сатып алуды кредиттеу жобасына бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін бас келісімге қол қойып «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ЖАҚ-ның Серіктес-Банкісі болды.
Берілген жобаның 5 пайдасы:
- 15 жылға дейін, кредитті ұзақ мерзімге беру
- кредит теңгемен беріледі
- 12, 6%-дан жылдығы төмен сыйақы мөлшерлемелері
- тұрғын үйді еркін таңдау
- кредит бойынша төлем сомасы кредитті берудің барлық мерзімі ішінде (аннуитентті әдіс) бірдей, бұл Сізге бюджетті алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.
Тұрақты кірістері бар, бірақ меншікті үй немесе пәтер сатып алу үшін жеткілікті қаржы қорланымы жоқ азаматтар жоба шарттарына сәйкес, тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігін болашақ табыс есебінен бүгін пайдалана алады. Жоба шеңберінде ипотекалық кредиттер тек қана ұлттық валютамен берілетін болады, бұл валюталық баламада тіркелген табысы жоқ азаматтардың жобаларға қатысуына мүмкіндік береді. Сізге тұрғын үйді сатып алуға қол жеткізуге мүмкіндік беріледі. Сіздің табысыңызға байланысты, кредиттің ең үлкен-мүмкін сомасы белгіленеді.
Ипотекалық тұрғын үй кредиттерін жоба шеңберінде беру шарттары:
Кредитті беру мақсаты: Тұрғын үйді сатып алуға (жеке үй пәтерлері) .
Кредит мерзімі: 15 жылға дейін
Кредит валютасы: теңге
Кредит сомасы: тұрғын үй құнының 85%-на дейін
Сыйақы мөлшерлемесі: Құбылмалы, берілген кредиттер бойынша жылына екі рет қайта қаралады: инфляция индексінің өзгеруіне байланысты, 1 сәуір және 1 қазанда.
Өтеу мерзімділігі: Ай сайын тең үлестермен (аннуитентті төлемдер) .
Сақтандыруға қойылатын талаптар: Қарызға алушының өмірін және еңбекке қабылетін
сақтандыру және кепілдік (тұрғын үй) затын сақтандыру.
Төлем қабілеттігіне талаптар:
1) Кредит бойынша ай сайынғы төлемдердің сомасы қарызға алушының ай сайынғы жиынтық кірісінің (барлық ұстамдарды шегеріп) сомасынан 35%-дан артпауы керек
2) Барлық ай сайынғы міндеттемелердің сомасы, сондайақ басқа міндеттемелермен (тұтыну кредиттері, басқа бе-решек міндеттемелер, алименттер және басқа жүйелі тө-лемдермен) байланысты шығыстар қарызға алушының ай сайынғы жиынтық кірісінің (барлық ұстамдарды шегеріп) сомасынан 40%-дан артпауы керек.
3) Өтініш берушінің табысы жеткіліксіз болған жағдайда, қоса өтініш берушінің қатысуы мүмкін, мұндай жағдайда өтініш беруші мен қоса өтініш берушінің жиынтық табысы ескеріледі. Қоса өтініш беруші ретінде жақын туыстар немесе үшінші тұлғалар бола алады.
Кредит бойынша қамтамасыз ету: Сатып алынатын жылжымайтын мүлік
Жылжымайтын тұрғын үй дүние-мүлігін сатып алуға
Пәтер сатып алуға кредит беру. Ипотекалық кредиттерді беру шарттары:
- Алғашқы жарнаманың мөлшері пәтер құнының 15%-нан кем болмау керек.
- Қалған сомаға кредит ресімделеді.
- Кредиттердің берілу мерзімі 15 жылға дейін.
- Сатып алынатын дүние мүлік пен өтініш берушінің міндетті сақтандыруы.
- Өтініш берушінің кірістері жеткіліксіз болған жағдайда қоса өтініш жасаушының қатысуы мүмкін, мұндай жағдайда өтініш беруші мен қоса өтініш берушінің жиынтық кірістері ескеріледі.
- Қоса өтініш беруші ретінде өтініш берушінің бірге тұратын жақын туыстары (жұбайы, ата-анасы, балалары т. б. ) есептеледі.
- Сыйақы мөлшерлемесі - валютамен жылдығы 12%.
Өтеудің аннуитетті сызбасы - сіз кредитті өтеуге және ол бойынша сыйақы берудің барлық мерзімі ішінде жиынтығында ай сайын бір соманы жіберіп отыратын сызба. Егер Сіздің алғашқы жарнамаңыз болмаған жағдайда, бірақ Сіздің басқа пәтеріңіз болса, қосымша қамтамасыз ету бойынша кредитті беру вариантының қарастырылуы мүмкін, яғни алғашқы жарнаманың орнына сіз кепілдік ретінде қолыңызда бар пәтеріңізді табыс етесіз.
Кредит бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде кепілдіктің келесі түрлері қарастырылады:
- Сатып алынатын пәтер
- Басқа жылжымайтын дүние-мүлік
- Кепілдіктің құрамдастырылған түрлері
Шұғыл мұқтажға кредит беру
Кредит берудің таптырмайтын түрі, егер Сізге ақша мыналар үшін қажет болса:
- оқуға (өзінің және отбасы мүшелерінің) төлеуге
- емделуге
- түрлі шараларды (тойлар, мерейтойлар т. б. ) жүргізуге
- есте қаларлық демалысты (сапар, туризм, курорт т. б. ) ұйымдастыру
- көптеген басқа мақсаттарға
Өтініш берушінің кірістері жеткіліксіз болған жағдайда қоса өтініш жасаушының қатысуы мүмкін, мұндай жағдайда өтініш беруші мен қоса өтініш берушінің жиынтық кірістері ескеріледі. Қоса өтініш беруші ретінде өтініш берушіінің бірге тұратын жақын туыстары (жұбайы, ата-анасы, балалары т. б. ) есептеледі;
% молшерлекесі, min.
(аннуитетті
төлем)
ХЗҚ. *
Кредит
валютасы
Кредит
сомасы
Кредит
мерзімі
Теңге
АҚШ доллары
3 000-ға
дейін $
18 айға
дейін
30 000-ға
дейін $
36 айға
дейін
Банкіде (филиалда) қызмет көрсетілетін заңды тұлғаның келідігі
Автокөлік
Жылжымайтын дүниеөкүлык
30 000-ға
дейін $
36 айға
дейін
«Халықтық Зейнетақы Қоры» АЖЗҚ АҚ салымшылары үшін -0, 5% жылдық жеңілдік береді.
Автомобиль сатып алуға кредит беру
Автомобильді кредитке сатып алу үшін келесі талаптарды сақтау қажет:
- алғашқы жарнама автомобильдің құнынан 30%-дан кем емес (жылжымайтын мүлікті кепілдікке берген кезде алдын ала ішінара төлеу жоқ) ;
- тұрақты кіріс
- Кредит беру шарты:
- Алғашқы жарнаның мөлшері автомобиль құнының 30%-нан кем болмауға тиіс
- Қалған сомаға кредит ресімделеді
- Кредиттерді беру мерзімі 60 айға дейін
- Кредитті өтеудің қолайлы сызбасы және ол бойынша сыйақы беру
Өтініш берушінің кірістері жеткіліксіз болған жағдайда қоса өтініш жасаушының қатысуы мүмкін, мұндай жағдайда өтініш беруші мен қоса өтініш берушінің жиынтық кірістері ескеріледі. Қоса өтініш беруші ретінде өтініш берушіінің бірге тұратын жақын туыстары (жұбайы, ата-анасы, балалары т. б. ) есептеледі;
Кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде кепілдіктің келесі түрлері қарастырылады:
- Сатып алынатын автомобиль (міндетті сақтандырумен)
- Жылжымайтын мүлік кепілдігі
- "Нұрбанк" ААҚ-дағы банкі салымы
- Кепілдіктің құрамдастырылған түрлері
Сыйақы мөлшерлемесі:жылдығы 14, 5% (доллармен), жылдығы 16, 5% (теңгемен)
«Халықтық Зейнетақы Қоры» АЖЗҚ АҚ салымшылары үшін -0, 5% жылдық жеңілдік береді.
ХТТ сатып алуға кредит беру
Банк халық тұтынатын тауарларды сатып алу үшін кредиттерді келесі шарттармен береді:
- кредит теңге және шетел валютасымен беріледі;
- кредит беру мерзімі 18 айға дейін;
- кредит алу үшін алғашқы жарнаманы тауардың құнынан (тек сатып алатын тауардың кепілдігі болған кезде) 30%-дан кем емес мөлшерде енгізу қажет;
- кредитті өтеу - Келерменнің ұсынатын талаптары мен тілектеріне байланысты түрліше сызбалармен;
- Өтініш берушінің кірістері жеткіліксіз болған жағдайда қоса өтініш берушінің қатысуы мүмкін, мұндай жағдайда өтініш беруші мен қоса өтініш берушінің жиынтық кірістері ескеріледі. Қоса өтініш беруші ретінде өтініш берушінің бірге тұратын жақын туыстары (жұбайы, ата-анасы, балалары т. б. ) есептеледі;
Кредитті қайтару бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде кепілдіктің келесі түрлері қарастырылады:
- залалдан, бүлінуден сақтандыруы бар сатып аланатын тауардың кепілдігі;
- жылжымайтын мүлік кепілдігі
- автокөлік кепілдігі
- үшінші адамның кепілдігі
Қажет болған жағдайда Банк кепілдіктің құрамдастырылған түрлерін, оның ішінде нотариус арқылы расталған үшінші адамдардың кепілгерліктерін қарай алады.
%-дық мөлшерлеме, min.
(аннуитетті төлем)
Теңге
АҚШ доллары
300 ден
2 000 $ дейін
Жеке тұлғалар үшін құжаттардың тізбесі
1. Жеке басының куәлігі (төлқұжат) көбейтілген көшірмесі
2. СТН анықтамасының көбейтілген көшірмесі
3. Табысты (сатып алуға берілетін кредиттен басқа) алғандығын куәландіратын құжат
4. Кепілзатқа салынатын мүліктің тиістілігін анықтау үшін құжаттар және кепілдік шартын ресімдеу.
Жеке кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалардың қаржы-жағдайы мен төлем қабілеттілігін Банкі мамандары арнайы әзірленген әдістеме (тұрғые үйге берілетін кредиттен басқа) бойынша дербес анықтайды.
ІІ. 2. Пластикалық карточкалар
Нұрбанк жеке және заңды тұлғалар үшін халықаралық VISA Int. төлем жүйесінің карточкаларын шығару және ол бойынша қызмет көрсетуді ұсынады. Банк халықаралық Visa International төлем жүйесінің қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Банк бірінші пластик картаны 2000 ж. шығарды.
Visa Electron ең ыңғайлы пластикалық карточка болып табылады. Өтініш бергеннен кейін бірнеше күн ішінде-ақ карточкалық шотты ашуға болады, бастапқы жарна талап етілмейді. Бұл карталарды пайдалану төлемі өте төмен, ал оларды жер жүзі бойынша 5 млн. сауда нүктелерінде қабылдайды. Біздің Банк шығарған кез келген карта халықаралық болып табылады. Visa Electron карточкасымен әр түрлі елдердегі 100 мыңдаған банкоматтың кез келгенінен нақты ақша алуға болады. Visa Electron бойынша барлық операциялар міндетті авторизациялау арқылы жүргізілетін болғандықтан, өте жоғары деңгейде қауіпсіз карточка болып табылады. Бұл карточка кәсіпорындардағы жалақы төлеу проблемасының шынайы шешімі.
1. Нұрбанк шығаратын төлем карталарының түрлері.
- VISA Electron
- VISA Classic
- VISA Gold
- VISA Business
Visa Classic - шын мәніндегі классикалық карточка. Бұл - көрсетілетін қызмет түрлерімен спектрімен құнының оңтайлы арақатынасын көрсететін әлемдегі ең әйгілі карточка. Өз саласында үлгі бола отырып, ол ыңғайлылық пен жоғары сенімділікті біріктіреді, сатып алудың кез келген түрі мен нақты ақша алуға өте қолайлы. Сіз қайда бармасаңыз да, Visa Classic карточкасын қолдана аласыз - онымен дүние жүзіндегі жүз мыңдаған банкоматтар мен 22 миллионнан астам сауда нүктелері жұмыс істейді. Бұл - Қазақстанда да, шетелде де кең тараған, анағұрлым әмбебап карта.
Visa Business іссапарлар үшін ең таңдаулы шешім. Visa Business карточкасымен барлық шығындарды төлеу ыңғайлы, әрі қауіпсіз. Корпорациялық шығындарды, дүние жүзі бойынша қонақ үйлерде тұру құнын, іскерлік түскі астарды және іссапарға қатысты басқа да көптеген шығындарды төлеу. Карточканы қолдану ыңғайлы, әрі қауіпсіз - өзіңмен бірге көп мөлшердегі нақты ақшаны алып жүрудің қажеті жоқ.
Visa Gold қаржылық дәулетікті нақтылап, анағұрлым ауқымды қаржылық мүмкіндіктерді көрсетеді.
Беделді Visa Gold пластикалық карточкасы әрқашан да бедел мен табыстың нышаны бола білді. Алтын карточка, әдетте Classic карточкасынан несиелік жеңілдігінің едәуір жоғары мөлшерімен, сондай-ақ VISA төлем жүйесі мен Банктің көрсететін қосымша қызметтерімен де ерекшеленеді.
Халықаралық төлем карталары - бұл есеп айырысудың жаңаша құралы, ол көптеген операцияларды жүзеге асыруыңызға мүмкіндік береді:
картаның осы типін қабылдайтын барлық өкілетті мекемелер мен кәсіпорындарда (сауда нүктелерінде) өтемдік алымсыз аудару арқылы тауарлар мен көрсетілген қызметтерге ақы төлеу;
банктік нақты ақша беретін пункттері мен банкоматтар торабында нақты ақша алу;
шетелге шығар кезде төлем картасының шотындағы ақшаны мағлұмдау мүмкіндігін алу;
2. Картаның сыртқы түрі.
Картаның бергі бетінде:
- артаның 16 таңбалы нөмірі (электрондық карталар үшін - бірінші және соңғы төрт сан) ;
- карта әрекет етуінің аяқталатын күні (айдың соңғы күнін қоса есептегенде) ;
- карта иесінің фамилиясы мен аты;
Картаның арғы бетінде:
- қызметтік ақпараты бар магнитті жолақ;
- карта иесінің қол қоюына арнайы бөлінген орын;
- қол қоятын жердегі карта нөмірінің 4 соңғы таңбасы;
- одан кейін үш таңбалы тексеруші сан (CVV/CVC) тұрады, ол карта иесінен қосымша сәйкестендіруші ретінде сұралуы мүмкін (электрондық және интернет-карталарда бұл мәлімет көрсетілмейді) ;
3. Дербес сәйкестендірме нөмір (ДСН)
Төрт саннан тұратын ДСН картаны рұқсатсыз пайдаланудан сақтайтын қосымша тәсілді білдіреді. ДСН желімделген конвертте карта алған кезде беріледі. ДСН-ді жасау және басып шығару процесі оны ек конвертті ашқан адам ғана білетініне кепілдік береді. Картамен операцияларды жүзеге асыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, өз ДСН-ін үшінші бір адамдарға айтуға, картада жазып қоюға немесе картамен бірге сақтауға тыйым салынады. Сіздің ДСН-кодыңыз - өзіңіздің жеке ақшаңызға қол жеткізу деген сөз.
4. Төлем карталарды қолдану
Картамен жасалатын операциялар:
Картамен жасалатын операциялар нақты ақша алуға келсе, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге тапсырыстар беруде және оларды резервтеуде ақы төлеу үшін карта немесе карта нөмерін қолдану бойынша жасалатын кез келген операция болып табылады.
Авторизациялау
Картамен операция жасауға рұқсат алу үшін сауда нүктесі Банктен не төлеу жүйесінен сатып алынған сомаға авторизациялау сұрайды. Авторизациялау нәтижесінде карта иесінің шотындағы сұралған сомаға автоматты түрде тосқауыл қойылады да, оны ары қарай пайдалану мүмкіндігі болмайды. Егер сома сұралған келісім жүзеге аспаса (бұның жазбаша түрде дәлелі болса) немесе ол басқа сомада (ол үшін жеке авторизациялау сұралса) жүргісілсе, онда авторизациялау күшін жоюы мүмкін. Кейбір сауда орындары (қонақ үйлер, автомобилдерді жалаға беру пункттері) авторизацияны карта иесінің төлеу қабілетінің кепілі ретінде, қызмет көрсету алдында сұрауға құқылы. Бұл кезде авторизация саласына, төлеу кезіндегідей тосқауыл қойылады. Иегер картаны клиент шотындағы қалдыққа тең ақша мен авторизация нәтижесінде тосқауыл қойылған сома шеңберінде пайдалана алады. Клиент өз картасындағы қалдықты «қалдыққа сұрау салу» операциясы арқылы Банк банкоматынан немесе Банкке телефон соғу арқылы біле алады. Клиент қалдық соманы өзі қадағалап, операцияларды сол көлемде ғана жүзеге асыруы керек. Егер операцияны Авторизациялау карточкалық шоттағы қалдық сомадан асып кетсе немесе Банк операцияны заңсыз не алаяқтық жолмен жүргізіліп отыр деп тапса, онда Банк одан бас тарта алады.
Ағымдағы шотты толықтыру
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz