ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРIНIҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРIНIҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ2

АҚША АУДАРЫМДАРЫНЫҢ БАНКАРАЛЫҚ ЖҮЙЕСI (ААБЖ) 3

Ақша аударымдарының банкаралық жүйесiнiң3

жұмыс iстеу ерекшелiктерi3

БӨЛШЕК ТӨЛЕМДЕР ЖҮЙЕСI (БТЖ) 6

Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығының клирингтiк жүйесiнiң жұмыс iстеу ерекшелiктерi7

Пайдаланылған әдебиеттер10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРIНIҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ

Қазақстан тәуелсiздiгiн жариялау, ұлттық валютаны енгiзу және экономиканы реформалау мемлекеттiң экономикалық шаруашылығының неғұрлым жетiлген формасын құру қажеттiлiгiн туғызды.

Банк жүйесiн реформалау, бұрынғы есептесу технологиясынан бас тарту сенiмдiлiгiмен, қауiпсiздiгiмен, тиiмдiлiгiмен ерекшеленетiн жаңа төлем жүйесiн құру қажеттiлiгiн қоса туғызды. Қажет етiлушi төлем жүйесi шаруашылық процесiне қатысушылар арасында неғұрлым жоғары жылдамдықпен, шағын шығындармен және ақшаның мақсаты бойынша қатесiз аударылуымен қамтамасыз ете отыра, неғұрлым төмен тәуекелдiлiкпен төлемдер жүргiзуге мүмкiндiк бере алу қабiлетi талап етiлiп отыр.

Тиiмдi төлем жүйесiн құру мәселесi ең белсендi сұрақтардың бiрi болып табылады. Ақша аударымдарының жылдамдығына шаруашылық процесiне әрбiр қатысушының қаржылық жағдайының тұрақтылығы, бюджетке салық және басқа төлемдердiң өз уақытында түсуi, сәйкесiнше, жалпы мемлекеттiң экономикалық және саяси тұрақтылығы тiкелей байланысты. Сонымен қатар, қазiргi таңдағы талаптарға сәйкес келетiн, яғни, дамыған нарықтық қатынастар шарттарында оның жұмыс iстеу перспективаларына бағытталған және төлемдердiң сапалы жүруiн қамтамасыз ете алуға қабiлеттi төлем жүйесiн құру төлемдердi тез және нақты жүргiзу тауар және қаржылық нарықтағы операцияларының өз уақытында орындалуының кепiлдiлiгi болып, шетелдiк қаржы салымын тартудың белгiлi бiр алғы және негiзгi шарттарын туғызады.

Төлем жүйесiнiң мәнi нарықтық инфрақұрылымының маңызды элементтерiнiң бiрi ретiнде, экономикалық өзгерiстерге сәйкес жетiлу қажеттiлiгi, сонымен қатар, заң шығарушылық базасының жеткiлiксiз өңделуi, төлем жүйесi сұрақтары бойынша методологиялық өңдеулерiнiң жетiспеушiлiгi мақала белсендiлiгiн сипаттайды.

Қазақстан Республикасы аумағында келесiдей төлем жүйелерi жұмыс жасайды:

  • Нақтылы уақыт режимiндегi бүтiндей (жалпы) есеп айырысу жүйесi ( ақша аударымдарының банкаралық жүйесi) ;
  • Клирингтiк жүйе (бөлшек төлемдер жүйесi) .

АҚША АУДАРЫМДАРЫНЫҢ БАНКАРАЛЫҚ ЖҮЙЕСI (ААБЖ)

Қазақстан Республикасы аумағында нақтылы уақыт режимiнде жұмыс iстейтiн бүтiндей төлемдер жүйесi Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) негiзiнде 1996 жылдың тамызынан бастап жұмыс iстеп келедi. Бұл жүйе бұрын Iрi төлемдер жүйесi деп аталған болатын (IТЖ) .

IТЖ жетiлдiру және оны дамыған шет елдердiң жұмыс iстеп тұрған жалпы негiздегi есеп айырысу жүйелерiне жақындату мақсатында Ұлттық Банк тарапынан жұмыстар жүргiзiлдi. 2000 жылдың соңында IТЖ жүйе қатысушыларының есепшотындағы ақша қаражаттары шегiнде нақтылы уақыт режимiнде есеп айырысуларды жүргiзетiн (RTGS нақтылы уақыт режимiндегi есеп айырысулар) және халықаралық қаржы ұйымдарының жалпы негiздегi төлемдер жүйесiне қойылатын барлық негiзгi талаптарға жауап беретiн ақша аударымдарының банкаралық жүйесi болып қайта құрылды. Кез - келген ел үшiн RTGS жүйесiн құру қаржы сферасында ең жоғары басымдыққа ие. Мұндай жүйенiң болуы мемлекеттiң банк жүйесiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн сипаттайды. ААБЖ-ң мақсаты осы жүйе пайдаланушыларының Ұлттық Банктегi шотындағы ақша қаражаттарын қолдана отырып және осы қаражаттардың шегiнде операциялық күн iшiнде ұлттық валютада қайтарымсыз және түпкiлiктi есеп айырысуларды қамтамасыз етуден тұрады. ААБЖ де iрi және үлкен басымдыққа ие төлемдер жасалады.

Ақша аударымдарының банкаралық жүйесiнiң

жұмыс iстеу ерекшелiктерi

ААБЖ-де мәлiметтердi беру және қабылдау тек қана электронды тәсiлмен жүзеге асады.

ААБЖде электронды мәлiметтердi берудi куәландыруға және оларды беру кезiнде қателердi табуға бағытталған ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету процедуралары сақталады. ҚБЕОрталығы мен пайдаланушылар, жiберiлген және қабылданған электронды мәлiметтердiң есебiн қамтамасыз етiп, оның бақылауын жүргiзiедi. ААБЖде өңделетiн барлық электронды мәлiметтер аудиторлық iз қалдырады.

Жоғарыда аталып өткендей, ААБЖде төлемдер пайдаланушылар шотындағы ақша қаражаттары шегiнде нақтылы уақытта жүзеге асырылады. Пайдаланушы позициясында төлем құжатында көрсетiлген сомаға сәйкес төлем жасауға ақшаның болмауы немесе жеткiлiксiздiгi жағдайында ҚБЕО да төлем тапсырымдары кезекке тұрады. Кезекте тұрған құжаттар басылымдылық кодтарына сәйкес өңделедi. Басылымдық кодтары шеңберiнде кезекте тұрған төлем тапсырымдарының орындалуы FIFO - бiрiншi келген, бiрiншi шығысқа қағидасы бойынша, олардың кезекке келiп түсу тәртiбiмен жүзеге асады. Пайдаланушылар төлем тапсырымдарының орындалу кезектiлiгiн белгiлеуге және өзгертуге құқылы. Пайдаланушылар кезекке төлем тапсырымдарының орындалу кезектiлiгiн белгiлеуге және өзгертуге құқылы. Пайдаланушылардың кезекке орналастырылған төлем құжаттарын қайтарып алуға мүмкiндiктерi бар. ААБЖде мәлiметтердi өңдеу жылдамдығы орташа алғанда секундына 5 7 өңделген трансакциялар.

Ақша аудару банкаралық жүйесiнiң пайдаланушысы болып ҚБЕОрталығы мен осы жүйеде қызмет көрсету туралы келiсiм шарт жасасқан банк немесе банкiлiк емес қаржы ұйымы табылады. Жұйенiң әрбiр қатысушысының Ұлттық Банкте корреспонденттiк шоты болуы тиiс.

2004 жылдың 1 қазанындағы жағдай ААБЖ қатысушылары ның саны 52 болып, оның iшiнде:

  • 36 екiншi деңгейлi банктер;
  • Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң Казначейлiк Комитетi;
  • 12 банк қызметiнiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар;
  • Мемлекетаралық Банк;
  • ҚРҰБ және Мемлекеттiк зейнетақы жинақтау қорының Банк Кастодианы (ҚРҰБ монетарлық операциялар департаментi) .

2004 жылдың 3шi тоқсанында ақша аударымдарының банкаралық жүйесi сомасы 7 269, 1 млрд. тенге құрайтын 1 959, 9 мың трансакция жасалған. 2003 жылдың 3шi тоқсанымен салыстырғанда төлемдер саны 2, 1 есе артып, ал төлемдер сомасының 28, 2% ға артуы болған.

ААБЖгi төлемдер саны мен көлемiнiң артуы нәтижесiнде қарастырылып отырған кезеңде ААБЖде өңделген төлемдердiң орташакүндiк санының артуы да байқалады. Төлемдердiң орташакүндiк саны 30, 2 мың трансакция болып, сомасы 111, 8млрд. теңге құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiнiң деңгейiнен саны бойынша 16, 1 мың трансакцияға (2, 1 есе), ал сомасы бойынша 24, 6 млрд теңгеге (28, 2%) артық. Бұл ретте, бiр төлемнiң орташа сомасы 2004 жылдың 3шi тоқсанында 3, 7 млн. теңге құрап, 2003 жылдың 3шi тоқсанымен салыстырғанда 2, 5 млн. теңгеге (40, 2%ға) кемiдi.

Ақша аударымдары банк аралық жүйесiндегi төлем айналымының пайдаланушылар топтары бойынша бөлiнiсi

Топ: Топ
Төлемдер көлемi (млрд. тг): Төлемдер көлемi (млрд. тг)
Өзгерiс: Өзгерiс
Топ: 2003 жылдың
3 тоқсаны
Төлемдер көлемi (млрд. тг): 2004 жылдың 3 тоқсаны
Өзгерiс: млрд. тенге
%
Топ: Бес iрi банк
Төлемдер көлемi (млрд. тг): 1 202. 0
Өзгерiс: 1 998. 6
796. 6
66. 3
Топ: Шетел қатысуындағы банктер
Төлемдер көлемi (млрд. тг): 1 331. 1
Өзгерiс: 1 509. 0
177. 9
13. 4
Топ: Басқа да банктер
Төлемдер көлемi (млрд. тг): 420. 8
Өзгерiс: 713. 7
292. 8
69. 6
Топ: Банкiлiк ұйымдар
Төлемдер көлемi (млрд. тг): 1 617. 3
Өзгерiс: 2 045. 7
428. 4
26. 5
Топ: Басқа да қатысушылар
Төлемдер көлемi (млрд. тг): 1 097. 7
Өзгерiс: 1 002. 1
- 95. 7
-8. 7
Топ: Жалпы нәтиже
Төлемдер көлемi (млрд. тг): 5 669. 0
Өзгерiс: 7 269. 1
1 600. 1
28. 2

БӨЛШЕК ТӨЛЕМДЕР ЖҮЙЕСI (БТЖ)

Бөлшек төлемдер жүйесi клирингтiк палаталар (клирингтiк жүйе) арқылы кiшiгiрiм сомадағы төлемдердiң электрондық аударымдарының жүйесi.

Бөлшек төлемдер жүйесiнiң негiзгi ерекшелiгi мұнда төлемдер жеке дербес негiзiнде емес, операциялық күн iшiнде жүйе қатысушыларынан келiп түскен төлемдер бойынша олардың өзара талаптары мен мiндеттемелерi бойынша таза айырмашылықтары анықталып, тек сол анықталған әрбiр жүйе қатысушының таза позициялары көлемiнде ақша аударымын жүзеге асырудан тұрады.

1995 жылдың қаңтарынан 1998 жылдың қарашасына дейiн клирингтiк палата ретiнде ҚБЕОғы клиринг қатысушыларының күнделiктi дебеттiк және кредиттiк шектеулер қойылатын (қазiргi уақытта бұл шектеулер алынып тасталған) облыстық клирингтi жүзеге асырды. Мұндағы тәуекелдiктердi басқару жүйесi мен жұмыс iстеу қағидалары клирингке қатысушылар шеңберiн iрi екiншi деңгейлi банктердiң аздаған санымен шектедi. Дегенмен, банк жүйесiнiң өсiп келе жатқан қажеттiлiгi Қазақстанның барлық қаржылық ұйымдары мен аймақтары үшiн ашық клирингтi құру қажеттiлiгiне алып келдi.

1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚБЕОрталығында Қазақстанның барлық банктерiн және Казначейлiк, Зейнетақы қорларын қоса алғанда, басқа да банкiлiк емес мекемелердi қосуға мүмкiндiк беретiн жаңа клирингтiк жүйе пайдалануға болатын.

1999 жылдың тамызына дейiн БТЖ кiшiгiрiм сомадағы банкаралық төлемдердi жүзеге асыратын ҚБЕО жанындағы Алматы клирингтiк палатасы мен Ұлттық Банктiң облыстық филиалдары жанындағы клирингтiк палаталардың желiсiнен тұрған болатын. Қазiргi кезеңде банкаралық клирингтi ҚБЕсептеу Орталығы мен ЖШС ``Тимей`` қаржы өндiрiстiк компаниясы аймақтық клирингтiк палатасы жүзеге асыруда (2003 жылдың маусым айынан бастап ЖШС ``Тимей`` банкаралық клирингтi жүзеге асыруын тоқтатты) . 1998 жылдың соңынан бастап Алматы клирингтiк палатасы АҚШ автоматтандырылған клиринг палатасы нұсқасына сай жұмыс iстей бастады. Қазiргi уақытта ҚБЕсептеу Орталығы төлем жүйесiнiң пайдаланушыларына байланыс арналарының барлық түрлерiн ұсынатын озық коммуникациялық жабдықтарға ие.

Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығының клирингтiк жүйесiнiң жұмыс iстеу ерекшелiктерi

ҚБЕОң клирингтiк жүйесiнде банкаралық клиринг есеп айырысу үшiн есеп айырысу үшiн алдын ала ақша депондаусыз көпжақты негiзiнде жұмыс iстейдi. Төлемдер жүйеге тәулiк бойы (24 сағат) жiберiле алады және осы төлемдердi жiберушi жүйе қатысушысы белгiлеген басымдық кодтарына сәйкес кезекке тұрады. Әрбiр қатысушы операциялық күн iшiнде нақтылы уақыт режимiнде өздерiнiң жүйеге жiберген барлық төлемдерi жайында ақпаратқа қол жеткiзе алады. Банкаралық клирингке құжаттарды қабылдау тәулiк бойы жүредi және оның нәтижесi бойынша қатысушылардың таза позицияларын анықтау мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәулiгiне бiр рет сағат 15. 00 пен 16. 00 аралығында жүредi. Пайдаланушылар операциялық күн жабылғанға дейiн клирингке жiберген төлем құжаттарын керi қайтарып алуға мүмкiндiктерi бар. Егер операциялық күн соңында қандай да бiр пайдаланушының шотындағы ақша қаражаты клиринг нәтижесi бойынша ақша аударымдарын жасауға жеткiлiксiз болған жағдайда, пайдаланушының төлемдерi жеткiлiксiз ақша көлемiнде орындалмастан жойылып, қайта есептесу жасалады. Мұндай нұсқа қатысушыларға өзiнiң өтiмдiлiгiн басқаруға және қарсы төлемдер ағынын барынша пайдалануға мүмкiндiк бередi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клиринг оның түсінігі, түрлері
Мемлекеттің ақша – несие саясаты жайлы ақпарат
Қазақстандағы инфляциялық жағдай
Ұлттық банк – ақша-кредит жүйесінің ортақ буыны, ақша айналымын реттеуші орган
Ұлттық банктің ақша нарығындағы ашық операциялар және оның ақша – несие реттеуіндегі мәні
Банкаралық ақша аударымдары жүйесі
Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы
Макроэкономикалық үрдістер
Қазіргі тандағы ҚР-дағы ұлттық банктің ақша-несие саясатына талдау жасау
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің ақша-несие саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz