Ұлттық банк - Қазақстан Республикасының Орталық банкі. Елдің алтын валюта қорларын басқару


ЖОСПАР
Кіріспе2
Ұлттық банк - Қазақстан Республикасының Орталық банкі2
Ұлттық банктің негізгі міндеттері2
Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы4
Меншік формасындағы банктер мен несиелік мекемелер5
Банктің ұйымдық құрылымы7
Қорытынды9
Қолданылған әдебиеттер:13
Кіріспе
Ұлттық банк - Қазақстан Республикасының Орталық банкі
ҚР Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан соң ҚСРО Мемлекеттік банкінің негізінде 1990 жылы желтоқсан айында алғашқыда Қазақстан Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банк деп аталады. Ол республикадағы банк жүйесінің Жоғары деңгейдегі банк, өз қызметін ҚР Президентінің 1995 жылғы 30-наурыздағы, , ҚР Ұлттық банк туралы,, Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді. Және осы Жарлыққа сай президентке есеп береді.
Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелермен бірге тікелей бағыныстағы біртұтас орталықтырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әр түрлі салық жинауда, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқысы бар. Үкімет Ұлттық банкінің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.
Ұлттық банктің негізгі міндеттері
Ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сондағы:
- ақша айналымы, несие мен валюталық қатынастарды ұйымдастыру
- ақша, несие, банк жүйелерінің қызметін қамтамасыздандыру.
- Несие берушілер мен салымшылардың, шетел валютасын сатып алу-сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау экономикалық саясатын жүргізеді.
Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады.
- Қазақстанда мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу. Яғни ақша массасының көлемін реттейді. Және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады.
- Банкнота және монетаны эимиссиялау. Банк номиналдық құрылымын, теңге мен тиындардың пішінін, олардың қажет мөлшерін анықтап дайындығын қамтамасыз етеді.
- Банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып бірінші классты бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты айға дейін береді.
- Үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті қызметін атқару. Ол республиканың ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады.
- Банктердің ісін бақылау және қадағалау. Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін және басқа құжаттарын тексереді.
- Валюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк шетел валютасы мен шетел валютасындағы бағалы қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп шетел валютасымен жүргізілетін операциялаға қажентті кезде, оның ішінде пайыз мөлшер деңгейіне шектеу қояды.
- Елдің алтын валюта қорларын басқару. Онда алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен операция жүргізеді.
Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы
Ұлттық банк - мемлекеттің Орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғары деңгейіндегі банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі деңгейдегі банктер болады.
Ұлттық банктің статистикалық көрсеткіштері бойынша 2000 жылдың басында республикада екінші деңгейдегі 55 банк тіркелген, оның ішінде 1 мемлекеттік банк, яғни жарғылық капиталының 100 пайызы республика үкіметінің қатысуымен құрылған банктер, Республикада шетел банктерінің 17 өкілдігі ашылған. Республикада сондай-ақ тіркеуден өткен 44 ломбард, 7 несие серіктестігі және кейбір банктік операциялар жүргізетін 46 басқа мекемелер бар. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің қазыналық департаменті, оның 14 облыстық басқармасы мен Алматы қалалық басқармасы, Ұлттық банктің қазақстандық банкарлық есеп айырысу орталығы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталығы, Қазақстан қор биржасы, Бағалы қағаздар Орталық депозитарий Кіші кәсіпкерлік дамыту қоры, несиелік қор, шағын несие, үкіметтік емес ұйым және т. б.
Меншік формасындағы банктер мен несиелік мекемелер
Мемлекеттік банк - үкімет қаулысымен құрылған екінші деңгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.
Инвестициялық банк - негізінен тікелей және портфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын екінші деңгейлі банк.
Шетелдік қатысумен құрылған банк. Акциясының 50 пайызы астамы төмендегі иеленушілердің қарамағында және басқаруында болатын 2 деңгейдегі банк.
- ҚР резиденті емес.
- Акцияның 50 пайызының астамы ҚР резиденті еместің меншігінде немесе басқаруында.
- ҚР резиденттері еместің қаражатын басқаратын сенімді адамының резиденті.
Мемлекеттік банк - халықаралық келісім негізінде құрылған банк, оның жарғылық қорының иеленушісі ҚР үкіметі және келісімге қол қойған мемлекеттердің үкіметі.
Банк емес несие-қаржы мекемелері - Ұлттық банктің лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банк емес заңды тұлғалар.
Коммерциялық банктер - кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа тікелей және жан-жақты кешенді қызмет көрсететін банктер.
Енші банктер - жарғылық қорының 50 пайызымен астамы енші беруші бас банкке қарайтын екінші деңгейлі банк. Ол - дербес заңды тұлға.
Ұлттық банктен басқа банктер өзінің атауына кез келген тілде толық немесе қысқартып ұлттық, орталық деген сөздерді келтіруге, дәл сол сияқты мемлекеттік банктен басқа банктер мемлекеттік деген сөзді пайдалануына болмайды.
Банктің кеңесі:
- банк мүшелерін қызметке бекітіп және одан босатады.
- Жиналыста қаралатын мәселелер жөнінде акционер жиналысына ұсыныс жасайды
- Несие берудің негізгі жағдайларын анықтайды
- өз филиалдарының құқықтық мәселелерін шешеді.
- Банктің экономикалық нормативтері мен дамыту үшін қажет.
- Шығындар мөлшерін бекітеді.
- Басқарма жұмысын бақылайды.
Банктің басқармасы
- Күнбе-күнгі оперативті жұмсалады, ұйымдастырлып, акционерлер жиналысының және банк Кеңесінің шешімінің орындалуын қамтамасыз етеді.
- Филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді.
- Кадрларды таңдау, әзірлеу және пайдалану мәселелерін шешеді.
- Өзінің ережесіне сәйкес банк қызметінің басқа да мәселелелерін шешеді.
Банктің ұйымдық құрылымы
Әрқайсысы белгілі бір міндеттер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады. Оның түрлері:
- Несие басқармасы
- Валюта басқармасы
- Депозиттік операциялар басқармасы
- қор бөлімі
- есептеу-кассалық басқармасы
- банктің филиалы
- банктің өкілдігі
- есеп айырысу - касса бөлімі
- талдау және статистика
- кадрлар
- әкімшілік - шаруашылық бөлімі
- заң бөлімі
- тексеру бөлімі
- ЭЕМ енгізу және қолдану
- Маркетинг басқармасы
Банктің ішкі ережелеріне төмендегідей мәліметтер болуы шарт: бөлімшелердің құрылымы, міндеттері, қызметі мен өкілеттілігі, ішкі аудит қызметінің, несие комитеті мен басқа да органдардың құрылымы, міндері, қызметі, мен өкілеттлігі, құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттері.
Қорытынды
Қазіргі кезеңде қаржы секторы өз дамуының сапалы жаңа деңгейінде тұр және оның алдағы уақытта жемісті жұмыс істеуі үшін негіз құруға бағытталған реформалардың көпшілігі жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанның банк жүйесі банк қызметінің негізгі халықаралық стандарттарына сай келеді және одан әрі нығая түсуде. Банктердің ресурстық базасы өсуде. Экономиканы долларсыздандыру процесі жалғасуда.
Банктер үшін экономиканың нақты секторын кредиттеу операциялардың басым түрі болып отыр. 2003 жылы банктердің экономикаға кредиттерінің жалпы көлемінің өсуі 45, 5% болды. Экономиканың оң дамуы экономикаға кредиттердің жалпы көлеміндегі орта және ұзақ мерзімді кредиттер үлесінің өсу үрдісінің жалғаса түсуі болып табылады. Теңгелік кредиттердің үлес салмағы өсті.
2003 жылдан бастап Қазақстанның барлық банктері қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша жұмыс істейді.
Қазақстанда толыққанды қаржы рыногы, дамыған жинақтаушы зейнетақы жүйесі және ТМД елдерінің ішінде едәуір озық төлем жүйелері жұмыс істейді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің активтері 37%-ке 368, 3 млрд, теңгеге дейін артты.
Қаржы рыногының құрамдас бөліктері тұрақты жұмыс істейтін банкаралық ақша рыногы, валюта рыногы, бағалы қағаздар рыногы, кредит және депозит рыноктары, сондай-ақ сақтандыру рыногы болып табылады.
2003 жылы АҚШ долларына қатынасы бойынша теңгенің нығаюы Қазақстан экспортерлерінің бәсекелік қабілетіне әсерін тигізген жоқ, өйткені ол еуро мен Ресей рубліне қатынасы бойынша теңгенің әлсіреуімен теңескен болатын.
Қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің зор карқынмен өсуіне ықпалын тигізді. Таза халықаралық резервтер ағымдағы жылдың басында 4 958, 9 млн. доллар болды. Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда, яғни Ұлттық қордың ақшасын қосқанда 8 565, 2 млн. долларды құрады.
Биылғы жыл Ұлттық Банктің жаңа даму кезеңімен белгіленеді.
Осындай дамуға сапалы баға беру үшін тарихқа аздап тоқтала кеткенді жөн көрдік.
Ұлттық Банк 90-шы жылдардың басында өндіріске қолдау көрсету мақсатында жеңілдікпен кредиттер беруді жүзеге асыруға мәжбүр болғаны белгілі. Сонымен бірге, дамымаған банк жүйесі жағдайында кредиттер алу үшін кәсіпорындардың Ұлттық Банкке тікелей өтініш жасауы орын алды. Үкіметке бюджет тапшылығының орнын жабу үшін кредиттер берілді. Осы функциялардың бәрі орталық банктің функцияларына сәйкес келмейтін еді.
Осындай жағдайларда Ұлттық Банк олардың рыноктық жағдайлармен үйлесуіне ықпал ету мақсатында банк жүйесін реформалауды жүргізе бастады. Сонымен қатар банктерді қайта қаржыландыру тетігін өзгерту бойынша қарқынды жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, кредиттік ресурстар кредиттік аукциондар арқылы орналастырыла бастады, директивалық кредиттер беру және бюджет тапшылығын тікелей кредиттеу тоқтатылды. Екінші деңгейдегі банктер халықтың уақытша бос қаражатын тарту есебінен кредиттік ресурстар қалыптастыра бастады және экономиканы кредиттеу функциясын өздеріне алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz