Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін ақша - кредит саясаты. Ақша айналысын басқару


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ

Кіріспе2

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін ақша-кредит саясаты3

1-тармақ. Ақша айналысын басқару3

2-тармақ. Ақша-кредит саясатының құралдары6

Қорытынды13

Пайдаланылған әдебиет тізімі14

Кіріспе

Орталық банктер елдің барлық кредит жүйесінің бас үйлестіруші және реттеуші органының ролін орындай отырып ерекше орын алады және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болады. Олардың бас ролі мемлекет берген кең өкілеттіктермен негізделген.

Орталық банк елдік эмиссиялық, резервтік, кассалық орталығы болып табылады, нормаларды шығару, бақылау құқығына ие болады, “банктердің бас банкі” ролін атқарады, ақша-кредит және валюта саясатын айқындайды; оның қызметінің негізгі мақсаты - пайда табу емес, елдің ақша-кредит саясатын және кредиттік жүйеге басқаруды жүзеге асыру болып табылады.

Мемлекет берген эмиссиялық құқыққа ие Орталық банк экономиканы тұрақтандырудың, тауар-ақша тұрақтандырудың жалпы мемлекеттік саясатты жүргізеді.

“Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” ҚР Заңы бойынша ҚР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және республиканың банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді. КСРО Мемлекеттік банкінің бұрынғы Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қайта құрылды. Ол күнделікті клиенттерге қызмет көрсететін әдеттегі мемлекеттік банкіден орталық эмиссиялық банкіге айналып, “банктердің бас банкі” болды.

Іс жүзінде барлық кассалық резервтер Ұлттық Банкіде шоғырланатынын және олардың шаруашылық айналымға түсімдері Ұлттық Банктің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассасын толықтыру арқылы болатынын білдіреді.

Ұлттық Банк - өзінің алтын-валюта резервтерін, басқа да материалдық құндылықтарды қоса алғанда, ақша резервтерін құрайтын оқшауланған мүлікке ие заңды тұлға. Мүліктің қалыптасуының көздері банк қызметінен алынған кірістер мен шығыстар, бағалы қағаздардан түскен кірістер, тиісті бюджеттерден алынған дотациялар болып табылады.

Ұлттық Банк іс жүзінде унитарлық орган болып табылады. Мемлекет - жарғылық қордың жалғыз жазылушысы және иесі. Негізгі қорлар үй-жайлардан, ғимараттардан, жабдықтан, көлік құралдарынан және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты - банкке тиесілі өзінің ақша қаражатынан. Ұлттық Банк резервтік және басқа қорларды құрады. Резервтік қор жарғылық қор мөлшерінде қалыптасады, өз табысы есебінен толықтырады және осы қор жөніндегі ережеге сәйкес жүргізетін операциялар бойынша залал мен шығындарды өтеуге арналған.

Ұлттық Банктің қаржы жылы ішіндегі табысы осы қаржы жылына қатысты кірістер мен шығыстар арасындағы айырма ретінде айқындалады, оған активтердің амортизациясын есептен шығару жатады; оның ішінде мерзімі бір жылға амортизациялануы мүмкін банкноттар мен металл ақшаны шығару құнының бір бөлігі. Жарғылық, резервтік және басқа қорларды қалыптастырғаннан кейін қалған табыстың бөлігі республикалық бюджетке аударылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін ақша-кредит саясаты

1-тармақ. Ақша айналысын басқару

Ұлттық Банк - борышты төлеуге қабылдауға міндетті елдегі жалғыз заңды төлем құралы банкноттарды шығарудың эмиссиялық құқығына ие жалғыз мемлекеттік орган. Олар қолма-қол ақшасыз баламасын алумен банктерге сату нысанында Ұлттық Банк эмиссиясында орындалады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі теңге болып табылады.

Ұлттық Банк банкноттар мен металл ақшаның қажетті санын белгілейді, олардың шығарылуын қамтамасыз етеді, оларды сақтау, жою және қолма-қол ақша қаражатын инкассациялау тәртібін белгілейді.

Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен металл ақша номиналдық құрамына, нысанына және әшекейленген графикаға ие болуы тиіс. Валютаны айырбастау құқығына ҚР Жоғары кеңесі ие. Ұлттық валютаның қызмет ету тәртібін, мерзімін және талаптарын белгілеу құқығы ҚР Президентіне тиесілі.

Ұлттық Банк ҚР ұлттық валютасының шетел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбас бағамын айқындау тәртібін белгілейді.

Қолма-қол ақшаның айналымы банктердің кассаларына тұрақты қайтару арқылы жүреді. Ұлттық Банкке қолма-қол ақша айналысын ұйымдастыру жүктелген.

ҚР ақша банкноттарын шығару бойынша өз қуаттарын енгізуге және коммерциялық банктерге ақшаны инкассациялауға лицензияны беруге байланысты қолма-қол ақшамен жағдай 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда күрт өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттардағы қаражат қалдығы шегінде қосымша қолма-қол ақшаны алады, мұндайда операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығының шектеуі белгіленбейді.

Эмиссия - мемлекеттің банкноттарды, металл ақшаны, бағалы қағаздарды шығаруы. Ол қолма-қол ақшамен, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз да болуы мүмкін.

Қолма-қол ақша нысанындағы эмиссия айналысқа қосымша банкноттар мен металл ақшаны шығаруды білдіреді.

Қазақстандағы қолма-қол теңге эмиссиясының елеулі көлемінің ең басты себебі кәсіпорындар арасында әдеттегі қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың қолма-қол ақшаға ішінара ауысуы болып табылады, бұны теріс құбылыс деп санауға болады.

Бірақ 1995 жылдың өзінде-ақ жағдай өзгере бастады, кассалық түсімдердің кассалық шығыстармен салыстырғанда өсуі нәтижесінде банктер кассаларында берілетін қолма-қол ақша эмиссиясының үлес салмағы қысқарды.

Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік-несиелік операциялар процесінде жүзеге асырылады. Банктердегі депозиттер сомасы кредиттік ақшаны құру үшін олардың потенциалын құрады. Соңғылары банк салымдарды чектердің эмиссиясы немесе заемдарды ұсыну арқылы шоғырландырған кезде құрылады. Осы операцияның нобайы мынадай: 100 ақша бірлігі депозитіне міндетті резерв 15 ақша бірлігі құрады; қалған 85 ақша бірлігін банк заемдарға айналдыруы мүмкін. Сонда айналыстағы ақша массасы мынадай болады: 100 + 85 = 185 ақша бірлігі, бұл 85 ақша бірлігі сомасына жаңа ақша құруды білдіреді. Осылайша құрылған ақша өз кезегінде басқа депозиттердің пайда болуына әкеліп соғады, олар өздері ақша эмиссиясының себебі болуы мүмкін. Ақшаның мультипликативті кеңеюі болады.

Депозиттік банктердің эмиссиясын Ұлттық Банк ақша базасы сияқты ақша агрегатына және ақша мультипликациясына бақылау жасау арқылы жүзеге асырады.

Ақша базасы - Ұлттық Банк құратын ақша. Оған айналыстағы қолма-қол ақша, міндетті және артық резервтер кіреді. Міндетті резервтер, өз кезегінде, банктер депозиттерінің бір бөлігін білдіреді, оларды белгіленген нормативтерге сәйкес Ұлттық Банктің арнайы шотында немесе өзінің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотында (Ұлттық Банктің рұқсаты бойынша тек қаржылай тұрақты банктер қолданатын резервтеудің альтернативті тәсілі) сақтауы тиіс. Артық резервтер - Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотындағы өзге қалдықтар.

Айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі банктердегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттың болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық Банк ақша базасының көлемін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттарындағы қаражат көлемін реттеу арқылы, яғни банктердің өтімділігін реттеу арқылы реттейді.

Бұл ақша-кредит саясатының құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Осы құралдар ақша мультипликаторының көлеміне әсер етеді, ол массаның ақша базасына кеңею шегін көрсетеді.

Ақша мультипликаторының көлемі міндетті резервтеу нормасына тәуелді болады, өйткені міндетті резервтерді банктер кредит ресурстарының көзі ретінде пайдаланбайды, сондай-ақ айналыстағы қолма-қол ақшаның үлес алмағына тәуелді болады. Бұл айналыстағы қолма-қол ақша банктерден тыс бола отырып, байланысты. Айналыс жылдамдығына ақша мультипликациясының қарқыны әсер етеді.

Ақшаның экономикадағы айналыс жылдамдығын (бұл жағдайда төлемдердің банк жүйесі арқылы өту жылдамдығы назарға алынбайды) Ұлттық Банк тікелей реттемейді, бірақ оның көлемі инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-кредит саясаты үшін маңызы бар. Ақшаның экономикадағы айналыс жылдамдығының төмендеуі ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық кредиттік салымдардың өсуі туралы айтады, бұл экономиканың жалпы алғанда тұрақтануы, халықтың ұлттық валютаға сенімінің артуы кезінде мүмкін болады. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға сенімсіздік көрсеткіші болады және ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесінің өсуімен, ұзақ мерзімді жинақ ақшаның төмен үлес салмағымен, шаруашылық субъектілерінің ұлттық валютадан тезірек құтылуымен және оны сенімді активтерге аударумен ілесе жүреді.

Ақша айналысы жылдамдығының көлемінен экономиканың монетаризация деңгейіне тәуелді болады, ол ақша массасының ІЖӨ қатынасын белгілейді. Айналыс жылдамдығы неғұрлым төмен болса, соғұрлым монетаризация деңгейі де жоғары болады.

1989 ж. Франциядағы монетаризация деңгейі 68, 5%, Германияда - 64, 5%, Ұлыбританияда - 89, 1%, АҚШ-та - 77, 5% және Жапонияда - 116, 7% болды. 1995 ж. Қазақстанда монетаризация деңгейі шамамен 12% болды, бұл жеткіліксіз еді.

2-тармақ. Ақша-кредит саясатының құралдары

Проценттік саясат ақша-кредит саясатының бірден-бір құралы болып табылады. Ұлттық Банк қайта қаржыландырудың бірыңғай ставкасын белгілейді, ол ақша рыногының жалпы жағдайына, кредиттер бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне және инфляциялық күтілімдерге тәуелді болады. Ұлттық Банк өзінің проценттік саясатын мемлекеттік ақша-кредит саясатын іске асыру мақсатында нарықтық проценттік ставкаларға әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру ставкасын белгілеген кезде Ұлттық Банк проценттік ставкаларды оң ұстауға сүйенеді.

Теңгені айналысқа енгізгеннен кейін проценттік саясаттың негізгі мақсаты оны кредитке деген сұраныстың төмендеуін қамтамасыз ететін деңгейге көтеру болды, ал соның артынан ақша массасының өсімін, тиісінше инфляцияны төмендету болды. Жоғары проценттік ставкалар, нақты айтқанда проценттер бойынша төлемдер - шығыстың бірден-бір құрамдас бөлігі. Яғни, жаңа проценттік саясат өз нәтижелерін қандай да бір болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруші еді.

Қазақстанда инфляциямен күресте жоғары проценттік ставкаларды пайдалануды мәжбүр еткен маңызды факторларының бірі шетел валютасына артық сұранысты (сыртқы экономикалық қызметтің қажеттілігімен негізделмеген) төмендету қажеттілігі болды. Теңгені енгізгеннен кейін жарты жыл ішінде валюталардың бағамдық айырмасы есебінен спекулятивті кіріс алу мүмкіндігі банктердің қысқа мерзімді капиталдарының елдің валюталық рынокқа ағымын болжады. Теңгенің айырбас бағаммен айқындалатын оның сыртқы құнының көрсеткіші және несиелер бойынша проценттік ставкалар деңгейлерінің және бағалы қағаздар бойынша кірістіліктің инфляциясынан басқа айқындалатын ішкі құнының көрсеткіштері арасындағы ара қатынасты бұзу ұлттық валюта тұрақтылығы үшін теріс әсері болуы мүмкін.

Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру ставкаларының өзгеру серпінділігі мынадай. 1994ж. қаңтары-ақпанында қайта қаржыландыру ставкасы 270% деңгейінде болды, наурыз-тамызында 300% болды. 1994 ж. орта шенінен бастап инфляцияның төмендеуіне және теңгенің айырбас бағамының тұрақтануына байланысты ставка қыркүйек айында 280% дейін төмендеді және ай сайын төмендеп отырды. 1994ж. аяғына ол 230%, 1995ж. - 52% және 1996ж. қыркүйегінде 30%, 1997ж. - 24% болды.

Қаржылық операциялардың барлық түрлері бойынша проценттік ставкалардың деңгейі Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру ставкасымен айқындалады. Әр түрлі несиелер бойынша төленетін проценттік ставкалардың өзара бірнеше басты себептермен айырмашылығы бар. Олардың арасынан заемдардың әр түрлі ұзақтығын, уақыт ішіндегі төлемдерді бөлудің бірдей емес сипатын, проценттерді төлемеу мүмкіндігіне байланысты тәуекелдің әр түрлі дәрежесі, сондай-ақ проценттік ставканы өзгерту мүмкіндігін атап көрсетуге болады.

Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер, банкаралық кредиттер, Ұлттық Банктің ноттары бойынша проценттік ставкалар сауда-саттықта белгіленеді және олардың нарықтық мағыналарына сәйкес келеді. 1994ж. тамыз айынан бастап барлық нақты нарықтық проценттік ставкалар оң сипатта болды (тек Ұлттық Банктің ноттарынан басқа, олар 1995ж. қазаны мен 1996ж. қаңтары кезеңінде нақты мағынада теріс болды, бұл Үкіметтің бағалы қағаздарымен бәсекелестікті болдырмау тұрғысынан ақталды) .

Ұлттық банктің қазыналық вексельдері мен ноталары бойынша табыстылық Ұлттық банктің банкаралық несиелері бойынша табыстылықтан төмен болды. Бұл несиелермен салыстырғанда қарыз бен пайыздар бөлігінде МҚО және Ұлттық банк ноталарының үлкен сенімділігімен түсіндіріледі.

Резервтік талаптар. Банктер ұсынған несиелер көлемін реттеу, өздерінің міндеттемелері бойынша банктердің өтелмеген төлемінің тәуекелдігін төмендету, сонымен қатар банк салымшылары мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады.

1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген «ҚР коммерциялық, кооперативтік және жеке меншік банктердің қызметін реттеу туралы Ереже» 18-20 % міндетті резерв бойынша нормативті көздеді. Теңге және шетел валютасындағы банктердің жалпы депозиттік міндеттемелерінен норматив 30 %-ке дейін артқан 1994 жылдың мамырына дейін Ереже қолданыста болды, 1994 жылдың 1 тамызынан бастап шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелер бойынша норматив 15%-ке дейін төмендеді.

Банктердің міндетті резервтерінің нормативінің артуы 1994 жылдың бірінші жартысында ақша мультипликаторының күрт өсуіне байланысты болды. Егер 1994 жылдың 1 қаңтарына дейін ақша жиынының көлемі ақша базасының шамасын 1, 61 есе арттырса, 1994 жылдың 1 сәуіріне дейін бұл шама 2, 21 құрады, ал 1 шілдеде - 3, 1. Ақша-несие саясатының осы құралын пайдалану, сондай-ақ қарыз алушылардың несиені өтеу қабілеттілігі бағасына банктердің барынша қатал қарауынан 1994 жылдың 1 қазанына дейін ақша мультипликаторының шамасы 1, 66 дейін төмендетілді, 1995-1996 жылдар бойы ақша мультипликаторы 1, 8-1, 9 деңгейінде сақталды.

Банктердің артық резервтерінің (Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттар) өсуіне байланысты резервтік талаптардың шамасын азайту мүмкіндігі ғана емес, сонымен бірге экономикалық нормативтерді орындаушы банктер резервтік талаптардан төмен емес корреспонденттік шоттардағы қаражаттар шамасын қолдауы тиіс резервте сақталудың баламалы тәртібіне көшу мүмкіндігі де пайда болды. Ал резервтік талаптардың нормативі 1995 жылы 20%-ке дейін, 1996 жылдан бастап 15%-ке дейін төмендеді.

Банктің корреспонденттік шоты жөніндегі (резервтік талаптардан аспайтын) орташа айлық қалдық бойынша Ұлттық банк проценттер төлейді. Резервтер бойынша проценттер төлеу жоғары резервтік талаптар жағдайында несиелер мен қатыстырылған депозиттер бойынша банктердің проценттік мөлшерлемесі арасындағы айырмашылықты қысқарту қажеттілігінен туындады.

1995 жылдың басында баламалы резервте сақталушы банктердің үлес салмағы банктердің жалпы санының 32, 6% құраса, ал жылдың соңында - 48, 4% болды.

1995 жылы банктердің жалпы санының орташа есеппен 13, 5% резервтік талаптардың орындалуын бұзды. Жөнсіздіктерді жіберген банктерге айыппұл жазалау шаралары түрінде ықпал ету шаралары қолданылды.

Әлемдік тәжірибе міндетті резервтердің шамадан тыс жоғары деңгейі ең төменгі резервтердің нормасының артуы экономикаға несие ресурстарын қосуды тоқтататындықтан, қаржы делдалы ретіндегі банк жүйесінің тиімділігін әлсірететіндігін көрсетеді. Міндетті резервтердің неғұрлым жоғары нормалары АҚШ-да және Германияда белгіленген.

АҚШ-да міндетті резервтердің сомасы банктің санатына, депозиттің шамасы мен түріне байланысты. Ол федералдық резервтік банктердегі процентсіз депозит шоттарында сақталады, жасалатын операциялары АҚШ ақша рыногында бірден бір ең маңызды процесс болып табылатын федералдық резервтік банктерінің негізгі көзін артық резервтер құрайды. Коммерциялық банктердің несие операцияларына бақылау АҚШ банк жүйесіндегі резервтердің басты тағайындауы болып саналады. Заңмен белгіленген резервтер болып коммерциялық банктердің несие беру қабілеттілігіне ықпал ете алатын банктердің Федеративтік резервтік жүйесінің (ФРЖ) басқарушылар Кеңесі табылады. Мақсат банк несиесінің артықтығын немесе жетіспеушілігін болдырмауда болып табылады. Коммерциялық банктің несие көлеміне бұл саясат неғұрлым табысты әсер ету дәрежесі тұрғысында банктерде талаптардың қаптауын, ақша жүйесінің банкроттығы мен күйреуін тудыратын іскерлік белсенділіктің ауытқуын болдырмауда экономикаға басқарушылар Кеңес көмектесе алады. Дәл осындай жанама жолмен - коммерциялық банктің несиесіне бақылау жасау құралы ретінде және, солай болғандықтан, экономиканы тұрақтандыруға бақылау жасау - бұл резервтер өтімділіктің көзі болып табылмайды, салымшыларды қорғайды.

ФРЖ іскерлік белсенділіктің дамуын осылайша ынталандыруға тырыса отырып, экономикалық құлдырау кезеңінде міндетті резервтердің деңгейін қысқартуға жиі иек артқан еді. Керісінше, 1973-1974 жылдары құнсыздану процесін ауыздықтау мақсатында ФРЖ проценттік тармақтың жартысына міндетті резервтердің деңгейін көтерді.

АҚШ-та несие қарым-қатынасына бақылау жасау мен оны реттеуге арналған осы механизм ашық рыноктағы операциялардың және есеп мөлшерлемелерінің өзгерістері болғанмен, анағұрлым сирек және асқан сақтықпен қолданылатындығын атап өту керек.

Несиелік операциялар. Ұлттық банк пен ҚР Министрлер кабинеті арасында өткен меморандумға сәйкес 1994 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық банк үш негізгі ереже бойынша несиелер ұсынды: Үкімет анықтаған басымдылық бойынша коммерциялық банктер арқылы директивалық несиелер, мемлекеттік бюджет тапшылығын өтеуге, сонымен қатар несие аукциондарының жәрдемімен банктерге.

Министрлер кабинетінің өкімдігінде 1994 жылы Ұлттық банк ұсынған барлық несиелердің 27, 5 млрд. теңгесінен 75% бөлінді. Одан басқа, бюджет кірісіне бөлінбеген пайда және 16, 5 млрд. сомасында депозитке төлем бөлінген. Бұл таза төлемдер бюджет кірісінің 17% құрады.

Директивалық несиелер айналасында күрделі жағдай бірден орнады. Олардың несиені өтеу қабілеттілігіне қатыссыз барлық шаруашылық органдарына Қаржы министрлігі мен Экономика министрлігінің рұқсат қағазы бойынша тікелей байланысты несиелер берілгендіктен Үкімет кепілдігі бойынша несиелердің төленетініне үміттене отырып, осы несиелерді қайтару жөніндегі жұмыстардан банктер мүлдем босатылды. Нәтижесінде 1994 жылы қайтарылуы тиіс 4, 6 млрд. теңгенің 1, 8 млрд. теңгесі ғана өтелді. Банк несиелерін бюджет демеу қаржысына айналдыра отырып несиені өтеуге қабілетсіз кәсіпорындарға ықпал етуге банк жүйесі арқылы тырысқан кезде, несиелерді қайтару жөніндегі барлық жұмыстар Қаржы министрлігіне көшкенде, осылайша, өткен жылдардың рецидиві пайда болды.

Жекешелендіру саясатының жеткіліксіз қолданысы жағдайында сауықтыру және банкроттық механизмдерді іске қоспай, болашақ өндірістерді іріктемей басым саланың қаржы мәселелерін шешудің кезекті сәтсіз әрекеті нәтижесінде 1995 жылдың ақпанынан бастап директивалық несиелерді беруден бас тартуға тура келді. 1994 жылдың ақпан-сәуірінде кәсіпорындардың өзара талаптары мен міндеттемелерінің ішкі республикалық шаруашылықаралық есепке алуы жәрдемімен өтелмеген төлем мәселелерін шешу әрекеті өткен жылдардың тағы бір рецидиві болып табылды. Есепке алу нәтижесінде өткен айдың көрсеткіші турасында өткен жылдың наурызында ақша жиыны 40, 6%-ке, сәуірде - 56, 4 %-ке өсті. Қандай да мөлшерде мәселелерді шеше отырып, шаруашылықаралық есеп алу жәрдемімен өтелмеген төлем мәселесін шешу, орындалудың айналым қаражатын жоғалтуына себеп болатын басты факторды - бағаның өсуін ынталандырады. Ақша-несие саясатының бұл құралы да өткен уақытта қалды. Қаржылық тәртіпті кәсіпорындардың сақтауы кезінде өтелмеген төлем мәселелерін біртіндеп шеше алатын үнемі қолданыстағы клиринг оның орнын басуы тиіс.

Үкіметтің несиелендіру көлемі бюджет тапшылығының көлемімен және баламалы көздердің есебінен оны өтеу мүмкіндігімен әрқашан анықталған. Бюджет тапшылығы неғұрлым көп болса, сыртқы қарыз, үкіметтік бағалы қағаздар болып табылатын баламалы, құнсызданусыз көздердің кеңеюі соғұрлым маңыздырақ, құнсыздануда әрқашан көрінген несие эмиссиясының мүмкіндігі соғұрлым көп болады.

Мемлекеттік қысқамерзімді міндеттемелердің алғашқы аукционын Ұлттық Банк арқылы 1994 жылдың 4 сәуірінде өткізе отырып, Қаржы министрлігі сатудың көлемін 1994 жылдың желтоқсанында 1, 5-2, 3 млн. теңгеден алғашқы үш айда 171, 7 млн. теңгеге дейін және 1996 жылдың маусымында 3 млрд. теңгеге жуық ұлғайтты. 1994 жылдың маусымында 55, 65-тен 1996 жылдың маусымының ортасына қарай 92, 92-ге дейін дисконттық баға өсті.

Аукциондық несиелер 1-ден 6-ға, сонан соң 3 айға дейінгі мерзіммен ұсынылды.

1995 жылғы жаңа қаржы рыногының ашылуы Банкаралық қаржы палатасы ұйымдастырған банкаралық несиелер сауда-саттығы болды.

1995 жылы Ұлттық банк ломбардтық негізде несиелерді ұсыну тәжірибесін бастады. Олардың экономикалық мәніне байланысты көрсетілген несиелердің көлемі үлкен емес. Банктер асқан қажеттілік жағдайында оларға өтініш етеді.

Республикадағы жалпыэкономикалық жағдайға, атап айтқанда, төлем және есеп айырысу жағдайына теріс әсер еткен, құнсызданудың жоғары деңгейімен атап өтілетін, 1993-1995 ж. ж. берілген несие бойынша жоғары проценттер мен төлемақы өсімі түріндегі жинақталған және өсіп жатқан қарыздар қаншалықты позитивті бағаланатын орталық несиелер бойынша банктердің берешегін қайта құрылымдау процесі 1995 ж. басталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін ақша - кредит саясаты
Ұлттық банк және оның банктік жүйедегі мәртебесі
Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі жүргізетін саясаттары мен қолданатын шаралары
Ақша айналысы және формалары
Экономиканың ақшалай-несиелік тұрақтылығындағы орталық банктің атқарылатын рөлі
Ақша-несиелік реттеу саясаты
Ұлттық банк
Ақша айналысын басқару, реттеу әдістері
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы
ҚР-ның Ұлттық банкі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz