Банктердің мәні және оның қызметтері. АҚШ және Германия банктері
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Банктердің мәні және оның қызметтері 2
АҚШ банк жүйесі 7
Германияның банк жүйесі 10
Қолданылған әдебиеттер 16
Кіріспе
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас
құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен
қатар өсіп өзара тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп
айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа кредит бере отырып, капиталдарды қайта
бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі
түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.
Қазіргі банктік жүйе – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық
шаруашылығының маңызды саласы. Оның практикалық ролі мемлекетте төлемдер
мен есепайырысулар жүйесін басақаратындығымен, өзінің коммерциялық
мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және кредиттік
операциялар арқылы жүргізуімен анықталып, басқа да қаржы делдалдарымен
қатар банктер халықтың жинақ ақшасын фирмаларға және коммерциялық
құрылымдарға бағыттайды. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-кредит
саясатына сәйкес әрекет ете отырып ақша ағындарының айналымына,
эмиссиясына, жалпы массасына, оған қоса айналымдағы қолма-қол ақша санына
әсер ету арқылы қозғалысын реттейді.
Коммерциялық кәсіпорындардың бір түрі ретінде банктік мекемелер де
өз қаржы ресурстарын жеке меншік қаржыларынан емес, тартылған қаржы
ресурстарынан құрайды.
Елдегі дұрыс жүргізілген қаржылық кешендік саясаттың арқасында
коммерциялық банктердегі жеке тұлғалар мен қатар заңды тұлғалардың да
қаржылық салымдары көбеюде. Нәтижесінде, елдегі инфляция қарқыны біршама
төмендеп ақша қаражаттарының қорлануына жағдай жасалынды.
Банктердің мәні және оның қызметтері
Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны
туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы
туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің
мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында
(Венеция, Генуя) XIV—XV ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар
шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте
кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша
айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVI—XVII ғғ. Венецияда, Генуяда, Миланда, Амстердамда, Гамбургте,
Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды
жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері
арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері
арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын
жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға
ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде — феодализм тұсында
пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің
төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек
етеді.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі
мыңжылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Өкінішке орай, банк сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп
қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына
күмән туғызады.
Банк сөзі banco деген ағылшын тілінен аударғанда айырбас столы
дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын
алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың
әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі
болмағандықтан олармен сауда-саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар
кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері
саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің
ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар
бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз
алу үшін пайдалана бастайды.
Өйткені, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың
айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда
болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік cayда орталығы болғандығын
ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып,
банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты
түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда
компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар,
ссудалар берген. Олар б.э.д. VI ғ. Ежелгі Вавилонда салым операциялары:
салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғандығын
еске сала кетеді. Мұндай операциялар б.э.д. IV ғ. Ежелгі Грецияда да
жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі
бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған көрінеді.
Сонымен бұл алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер? деген
сұрақ туады. Тарихшылардың пайымдауынша, олар жекелеген тұлғалар және
қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен.
Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары
белгілі гректің шіркеулері (Дельф, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен
айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің
салымдары, ал Дельфтегі Аполлон шіркеуінде барлық еуропалық Грецияның бос
ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға
болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін
түсінеді.
Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне
біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі
салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.
Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс
қалмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз
кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісімшарттарды құруда сенім
қызметтерін көрсетіп, сауда-саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп
айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік
билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді.
Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк — Ағылшын банкі 1694 ж. құрылып,
үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады.
Әрине мұның бәрі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура
жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырмайды. Мұндағы
несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек
алғышартын ғана сипаттайды.
Ендеше осы жерде несие берушінің қандай жағдайларда банкке айналғаны
таң қалдырады. Сонымен бізге белгісіз болатын келесі бір нәрсе — бұл
несиенің жеке формасы мен банктік несие арасындағы айырмашылықтың болуы.
Банктік несие бойынша несиелік қатынастың бір тарабы жеке тұлға емес,
несиелік мекеменің қалай болғаны түсініксіз болуы мүмкін.
Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі кездегі сөздіктердегі банк ұғымына
мән берелік. Анықтамалық басылымдарда банк ірі несиелік мекеме ретінде
сипатталады. Несиелік істің даму деңгейіне байланысты және несие
берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналу нәтижесінде жеке несие
беруші өзінің несие беруін тоқтатады. Несие тек қана тұтыну мақсатына ғана
берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра
бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің
клиенттерінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды
жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте
отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналады.
Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын, яғни
мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай
қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандығына тарих куә.
Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған. Осы нормаларға
сәйкес б.э.д. III ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді
кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат
етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие
беріп қоймай, сондай-ақ жер бөлімшелерін сатып алу-сату және басқа да
операцияларды орындаған.
Банктің пайда болуы туралы қарастырғандар оның мәнін ашуға жақындайды,
бірақ та банктің толық мәні әлі де болса жұмбақ болып қала бермек.
Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр
түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын
қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда делдалдық
мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңды және
экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы, банктік операциялар ұғымының
маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген
операциялар тізімі жатады.
Қай жағынан алсақ, та, банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз
болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын
білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнің оған рұқсат етілген операцияларын
анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы
анықтайды.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта
айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы кез
келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны
немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде
ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына
мән берген дұрыс.
Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашылығына байланысты
қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып
саналады. КСРО тұсында кәсіпорын ретінде тек фабрика, зауыт немесе
материалдық өнім жасайтын өндіріс сферасы түсінілген. Бірақ экономиканың
басқа да буындарына кәсіпорын деген атақты иеленуге ешқандай да тыйым
салынбаған.
Ежелгі Русьте кәсіпорын деп қандай да бір іспен немесе қызметпен
айналысатын субъектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір қызметпен
айналысатын банк сияқты субъектіге банк — бұл кәсіпорын деп айту өзінше
дұрыс нәрсе. Мұнымен біз нүкте қоюға тиіс емеспіз, себебі кәсіпорын бұл
біздің ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды.
Сонымен бірге ол дұрыс нақтылауды қажет етеді, себебі, банк шын
мәнінде фабрика да, зауыт та емес. Ол бұлардан өзіндік ерекше қызмет
көрсетуіне қарай ажыратылады. Ең бастысы — банктің өнеркәсіптік
кәсіпорындардан өзара ажыратылатыны, оның қызметінің өндіріс аясында емес,
айналыс және айырбас аясында жүзеге асуына байланысты болуы.
Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс
аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, онын
тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан
ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі несие
болғандықтан банкті несиелік мекеме деп атаған.
Сондай-ақ банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына
да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да бағалы
қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын
есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда, делдал кәсіпорны десе болады. Жалпы банктің саудамен
ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып
алып, оларды сатумен айналысады.
Сауда кәсіпорны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің
кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы, ірі сауда кәсіпорындары да банк
сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда
кәсіпорнынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады.
Банктің негізі деп оның басты өнімі — несие ісі түсіндіріледі.
Сонымен қазіргі түсінікте коммерциялық банк — бұл ерекше өнім
шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада
төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып
табылады.
ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы заңның 1-бабына сәйкес,
банк — осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық
ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктік қызмет — бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты
қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға
мыналар жатады:
— заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
— жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
— банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
— заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
— кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта
санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
— аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен
байланысты тапсырмаларын орындау;
— есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін
және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
— заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару
шартымен ақшалай формада несиелер беру;
— заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде, корреспондент-банктердің
тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу
операцияларын жүргізу;
— сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша
және оның мүддесіне сай ақшасын құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын
басқару;
— клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау,
сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және
клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
— сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы
қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-
ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
— ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын
мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
— төлем карточкаларын шығару;
— банкнота мен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және
жөнелту;
— шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
— төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
— чек кітапшаларын шығару; :
— бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
— аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
— ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілхаттарды беру;
— үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік
кепілдеме беру.
АҚШ банк жүйесі
АҚШ банктік жүйесі 1776 жылы өзінің тәуелсіздігін жариялаған күннен
бастап пайда болды. АҚШ-та алғашқы банк 1791 жылы құрылған. Ол Конгрестен
ақшаны эмиссиялау құқығын ала отырып, коммерциялық банктердің бірқатар
қызметтерін қатар атқарған.
Орталық банктің құрылуы туралы 1913 жылы қабылданған заңға сәйкес,
осы уақытқа дейін жұмыс жасап отырған үш деңгейлі Басқарушылар кеңесінен
Федералды резервтік жүйеге мүше банктерден тұратын Федералды Резервтік
жүйенің (ФРЖ) негізі қаланды.
АҚШ-тың ФРЖ-сы басқару және ұйымдастыру қағидаларына қарай басқа
дамыған елдердің орталық банктерінен ерекшеленеді. ФРЖ 12 федералдық
резервтік банктерден және ФРЖ-ға мүше жеке коммерциялық банктерден тұрады.
ФРЖ-ның құқықтың мәртебесі өзгеше, федералды резервтік банктер үкіметі
және қаржы министрімен тығыз байланыста болғанымен ол заңды түрде
мемлекеттік институт болып табылмайды. ФРЖ-ның жарғысына сәйкес, оның
капиталы ФРЖ-ға мүше жеке меншік коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан
құралады. ФРЖ-ның құрылуы туралы заңда оның мемлекеттік басқару жүйесі
тұрғысындағы тәуелсіздік қағидалары қарастырылады. Бұл қағидалар ФРЖ-ның
ұйымдастырылу және қызмет ету ерекшеліктерін анықтайтын кейбір
заңдылықтарда да көрініс тапқан.
ФРЖ-ның Басқару кеңесі — бұл банктік жүйені басқаратын ең жоғарғы
орган болып табылады. Оның құрамына АҚШ-тың Президентімен ұзақ уақытқа (14
жылға) тағайындалатын (Сенаттың келісімінен соң) 7 негізгі мүше кіреді.
Олар Президенттің рұқсатынсыз қызметтен босай алмайды.
Басқару Кеңесі Сенатқа емес, ең жоғарғы заң шығарушы орган —
Конгрестің алдында есеп береді. Басқару Кеңесінің мүшелері мемлекеттік
ұйымдардың, резервтік банктердің және ірі өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық,
сауда және банктік монополиялардың өкілдерінен сайланады.
ФРЖ-ның құрылымы оның функционалдық кешенін құрайтын 5 буынға
бөлінеді:
1. ФРЖ-ның басқару кеңесі;
2. Ашық нарықтағы операциялар жүргізетін федералды комитеті;
3. Федералдық кеңес беру кеңесі;
4. 12 федералдық резервтік банктер;
5. ФРЖ-ға мүше 6000 коммерциялық банктер. Басқару кеңесі Федералды
резервтік банктердің қызметін бақылауға ФРЖ-ның саясатының басты бағыттары
бойынша шешім қабылдауға өкілетті мемлекеттік құрылым ретінде құрылған.
ФРЖ-ның басқару кеңесінің басты қызметі — ақша-несие саясатын
дайындау. Бүдан басқа бұл Кеңес әр түрлі банктік институттар мен федералды
резервтік банктерге қатысты қадағалау және реттеу қызметтерін де жүзеге
асырады.
Басқару кеңесі елдің төлем жүйесінің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз
етеді, сол сияқты тұтыну несиесі аумағындағы қызметтерді реттеуге
бағытталған (жеке несиелеу туралы, тең несиелік мүмкіндік туралы және
тұрғын үй ипотекалары бойынша ашың ақпараттар туралы) федералдық заңдардың
орындалуын қатаң бақылап отырады. ФРЖ-ның Басқару кеңесі Федералдық
резервтік банктердің қызметін бақылаумен қатар, резервтік банктер мен ФРЖ-
ға мүше басқа да резервтік округтерде, сол сияқты шет елдерде филиалын
құруы туралы шешім қабылдайды және жылына бір рет резервтік банктердің
қызметіне ревизия жүргізеді.
Кеңестің төрағасы халықаралық валюта — қаржы мәселелері бойынша
үкіметтің осы төңіректегі саясатын ретке келтіріп отыратын Ұлттық кеңес
беру Кеңесінің мүшесі болып табылады.
ФРЖ-ның Басқару Кеңесі ФРЖ-ның ақша-несие саясаты аясында кең
өкілеттіліктерге ие болып келеді:
— федералды резервтік банктердің бюджетін бекітеді;
— барлық. 12 федералды резервтік банктердің есепке алу мөлшерін
бекітеді және қайта қарайды;
— ФРЖ-ның ашық нарықтағы операциялары жөніндегі Комитеті арқылы ФРЖ-
ның бағалы қағаздарымен жасалатын операциялардағы саясатын анықтайды;
— бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға қатысты барлық басты
талаптарды реттейді.
1978 жылы ФРЖ-ның Басқару кеңесі АҚШ-та қызмет ететін шетелдік
банктердің филиалдары мен бөлімшелері үшін жоғарғы шекті пайыз
мөлшерлемесін және резервтік талаптарды белгілеу, федералды резервтік
банктердің оларға несие беру және басқа да қызметі туралы сұрақтарды шешу,
олардың АҚШ аумағында жүзеге асыратын банктік операцияларын бақылау туралы
өкілеттігін алады.
Ашық нарықтағы операциялар бойынша федералды комитет ФРЖ-ның
құрылғанына 20 жыл болғаннан кейің 1933 жылы құрылды. Алғашқы жылдары
комитеттің ашық нарықтағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялары әр
резервтік банк орналасқан жерде жекеше түрде жүргізіледі.
Комитеттің құрамына 12 адам кіреді: 7 — ФРЖ-ның басқару кеңесінің
мүшелері, 5 — федералды резервтік банктерден алынған өкілдер. Нью-Йорктің
федералды резервтік банкісінің Президентіне Комитеттің төрағалық қызметі
жүктелген.
Федералдық кеңес беру кеңесі де 12 адамнан тұрады. Бұл кеңестің
мүшелері 1 жыл мерзімге федералды резервтік банктерден тағайындалады. Кеңес
беру (консультациялық) кеңесі ФРЖ-ның қызметтері: ақша-несие саясатына,
алтынмен жасалатын операцияларға, банкноттарды эмиссиялау және шетел
банктерінің операцияларына байланысты сұрақтар жайлы қызмет көрсетеді.
ФРЖ операцияларын 12 федералды резервтік банктер жүзеге асырады. Бұл
банктер және олардың 25 бөлімшесі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz