Банктік операциялар мен қызметтердің жаңа түрлері. Лизинг, траст жаңа қызмет нысаны ретінде


МАЗМҰНЫ
Кіріспе3
I-бөлім. Банктік операциялар мен қызметтердің жаңа түрлері7
1. 1. Лизинг, траст жаңа қызмет нысаны ретінде7
1. 2 Банктік форфейтинг және франчайзинг операциялары18
1. 3 Пластикалық карточкалар - банктің жаңа қызмет түрі24
II-бөлім. Жаңа банктік қызметтердің бухгалтерлік есебi30
2. 1 Лизинг операцияларының бухгалтерлiк есебi30
2. 2 Төлем карточкалармен есеп айырысу32
2. 3 Форфейтингтік операция есебі35
III-бөлім. Банктiк операциялардың даму перспективалары мен мәселелерi37
Қорытынды42
Қолданылған құралдар тізімі46
Кіріспе
Қазіргі таңда қазақстандық кәсіпорындарының алдында тұрған мәселелердің бірі - ұзақ мерзімді инвестицияларды (бір іске, кәсіпке капитал салынуы) өнеркәсіптің дамуын табу және оны енгізу, жаңа құралдарды сатып алу, жаңа технологияны пайдаландыру. Санақ бойынша, Қазақстандағы 70 пайыздан астам құралдар он жылдың көлемінде пайдаланылған. Кәсіпорындардағы жаңа құрал-жабдықтардың пайызы 1990 жылмен салыстырғанда 29% 2000 ж 5% түскен. Банктің жүйесінің нашар дамығандығынан инвестициялық несие алу мүмкіндігі шектеулі, әрине осы тұрғыдан лизинг әдісі өте қолайлы және қаржылық әдістің өнеркәсіпті жаңартудың ең тиімді тәсілі.
Өнеркәсіпті дамытуда және жаңа кейіпке енуінде, ең бастысы қаржыландырудың бастапқы қайнар көзін табу, әрине, өздігінше жаңа жабдықтарды сатып алуға және оны үйлестіруге болады, бірақ кейбір кәсіпорындарды бұл қатарға жатқыза алмаймыз. Жаңа заманның талабына сай құралдарды сатып алу үшін де кіріс салығын төлеу қажет.
Қаржыландырудың басқа жолы - несие. Алайда қазіргі несие берушілердің инвестициялық жобаларды қаржыландыруда ақша қорын ескерсек, несие берушілер қаржымен қамтамасыз ету алдында қатаң талаптар қояды. Мысалы, жылжымайтын мүлік салу (бұны несие алушылардың барлығының қалтасы көтермейді) .
Бұл мәселені шешудің үшінші әдісі бар, яғни қаржылық жалға беру (лизинг) . Бұл жалға беру түрі қазіргі халықаралық әдістерде көп пайдаланылуда. АҚШ бүкіл инвестициялық лизингі 31 пайыз, Ұлыбритания 24 пайыз, Швеция және Франция 15 пайыз, испания 14 паыз. Қазақстанда лизингке үлкен назар аударуда. Мемлекеттік тұрғыдан бірнеше қаулылардың қабылдауына байланысты, біздің елімізде кең етек жаюда.
Лизинг - инвестициялық әрекеттің бір түрі, яғни қаржыландырушының ережесіне сәйкес мәлім бойынша лизинг алушының бүкіл мүлігі (нақты төлемақыға) лизинг беруші компанияның еншісіне өтіп, белгіленген мерзімде және белгіленген ережелер бойынша, лизинг алушы өз мүлігін қайта сатып алады.
Өнеркәсіп иелерінің ойы бойынша, лизинг бүгінгі күні үлкен ауқымды капитал салымда материалды-техникалық жағынан әрбір өнеркәсіп саласын дамытуда қолайлы.
Жабдықтандырудың басқа түрлерімен салыстырғанда (банктік несие, төлем-ақылық уақытты ұзартуды сатып алу) лизингтің өзіне тән тиімді жақтары да бар.
Лизинг, біріншіден - лизинг алушының өнеркәсіп орнын кәсібін жаңартуда және кеңейтуге артық шығынсыз техникалық қызметпен қамтамасыз етіледі;
екіншіден - жойылатын құралдардың мәселесі жеңілдетіледі, жаңа кұрал - жабдықтарды сатып алуда ай сайын уақтылы тепе теңдей қаржы бөлінеді, басқа ұсақ- түйектерге қаржы болу жағдайлары қарастырылады.
үшіншіден - кіріс-шығыс капиталы енгізілмейді; яғни өнеркәсіп қорында өзіндік және жалға алынған несие арасында тепе-теңдік, үйлесімділік сақталып қалады. Оған қоса банктен несие алу мүмкіндігі жетерлік. Өнеркәсіп орнына лизингке мүлік алу, несиеге мүлік алумен салыстарғанда, анағұрлым ұтымды, лизингттің мүлік алу шарт ережесі бойынша жүреді. Ең керектісі, лизинг заңды түрде бизнесте салық азаяды. Лизингтік төлемақы өзіндік құндылығы бар және кіріс салығының мөлшерін кемітеді немесе шегереді.
Лизинг бойынша шартқа отыру үлгісі несиемен салыстырғанда оңай. Құрал-жабдықтарды алу үшін үлкен бизнес - жоба талап етілмейді, ең бастысы кәсіпорынға өтініш толтырылып, оған занды құжаттар жапсырылады. Қаржыны бөлу мәселесі арыз (өтініш) толтырылған күннен бастап 10-14 тәулік арасында шешіледі.
Бүгінгі күні, ешкімге де беймәлім емес екендігі айқын, лизинг қазақстандық өнеркәсіптің дамуына, яғни сапалы отандық тауармен алмастыруды жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуде және кәсіпкерлердің және мемлекеттің кірісінің молаюына үлес қосуда. Лизингтік қызметтік қазақстандағы мөлшерін алсақ 2002 жылы 4, 3 % немесе 1, 4 млрд АҚШ доллары, соңғы жылдарда 9 % дамыды, ал 2003 ж болжамы бойынша сала 5 пайызға өскен. Қазір қазақстанда 350 ден астам лизингтік компаниялар жұмыс жасауда.
Ең бірінші рет факторинг әрекет ретінде сауда делдалдарының арасында, кейінірек сауда банктерінде (орталықтарында) пайда болды. Ол жөнінде XVI-XVIII ғ. ғ. мәлім болған. Тек XX ғ. 60 ж. ғана коммерциялық несиенің орнына (вексель түрінде) келді және тауарды жеткізу процессінде кең етек жайды. Бұған көптеген елдерде ақшаның құнсызданды, экономикалық тұрақсыздық әкеліп соқтырды. Бұл, яғни заттың тауар күйінен ақша қалпына келтіруді талап етті. Нарықтың экономикасы бар елдерде вексельдің түрдегі төлем әрдайым құралдарды мерзімінде алуда және тауар шығарудағы шығыс көзін табуда тиімсіз болды. Борышқорлық қарыздану сол уақыттарда өзекті мәселеге айналды.
Мерзімінде төленбеген несиені сотқа жүгініп алды, алайда еңбегіне ұстайтын пайызы (ақысы) жоғары болып, ол өнеркәсіп орнының жабылуына соқтырды. Фирмалар қарызданбауға сот аузына түспеуге қам жасады. Қиындықтардан шығу үшін фирмалар банктерден және холдингтік арнайы компаниялардан тұғырықтан шығуға көмек сұрайды. Осының салдарынан өнеркәсіптік фирмалармен банктердің коммерциялық несие берушілердің арасында тығыз байланыс туындайды.
Банктер өздерімен тығыз байланыстағы фирмаларға және корпорацияларға өз контрагенттерінің борышты төлей алушылығы жөніндегі мағлұмат берді, мұндай жол, шоттың уақтылы, тез арада төленуін, қарыздың орнын толтырылуын тұтынушыға ұжым көрсетуге, яғни «банкпен құрмалас фирманың» тәртіптерін сақтауын қамтамасыз етті соңғы он жылдықта факторинг немесе факторингтік несие кең етек жаюда. Факторлық несиенің коммерциялық несиеден айырмашылығы, тауар сатушы сатылған тауардың құнына нақты ақша алды, ал несиеге сатылғанда сатушы жай ғана вексельді алды. Алынған вексельде сатушы есептеп, банктен нақты, бірақ пайызы ұсталған ақшаны қолға түсірді.
Электрондық есептеу жүйесі қазіргі заманның ағымына сай, пластикалық карточкалар, олардың иелігіндегі операциялар, іс жүзінде банкоматтар арқылы жұмыс жасайды: сауда орталықтарында банктік қызметті үй ішінде көрсету, жұмыс орнында.
Пластикалық карточка ол біртұтас термин бұл карточкалардың қай түрі болмасын, қандай іс әрекетіне арналса да, осы замандағы алдыңғы қатарлы дамып келе жатқан электронды құралдардың бір түрі электронды қаржы есептеуде батыста арнайы ұйым ISO (international Standarts organization) құрылып, ол төлем карточкаларының бірыңғай стандартын, шоттың нөмерлеу ережесін жазып магнит формат хабарламалар үлгісін жасап шығарады. I SO мүшелерінің қатарына: Visa, Master Card, American Express жатады.
Бүгінгі күні дүниенің 200 астам елдері пластикалық карталарды пайдалануда. Бұдан қысқаша қортынды жасай келе пластикалық карталар төлем айналымында қолайлы және «технологиялық революцияда» жаңа элемент болып табылады. Пластикалық қарта алдынғы қатарлы құрал орнын алып, индустриалды дамыған елдердің ақша айналымдарына еніп, чек және чек кітапшаларын алдыңғы қатардан ығыстыруда.
Жұмыстың құрылысы. Жұмыс кіріспе, 3 бөлімнен (әрқайсысында 2-3 бөлімшеден), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда автор банкте II дәрежелі факторингтік операция ұйымдастыруға назар аударып, біршама лизингте түсініктеме - яғни, оның жаңа қызмет түрінде сипатталып, пластикалық карточкаларға да тоқталып кетеді: жұмыстың 2 тарауында банктің дәстүрлі емес операцияларын есепке алу жөнінде, факторинг және лизинг сынды операцияларға баға береді. 3 тарауда лизингтік және факторингтік операциялардың, пластикалық карточкалардың ҚР жетістіктері мен қиыншылықтарына қарасты мәселелерді қарастырады.
I-бөлім. Банктік операциялар мен қызметтердің жаңа түрлері
1. 1. Лизинг, траст жаңа қызмет нысаны ретінде
Халықаралық қаржылық нарыққа көз жүгірте отырып лизингтік әрекетті басқарудың төрт жүйесін айтамыз:
- өндіруші - өнеркәсіп қызметіне (өндірістің, маркетингтің) . Лизингтің мәміле жасаудың негізгі себебі, сауда-саттық потенциалды несие алушылардың есебінен өсіру;
- банк құрылымың құрамында (тікелей банкпен немесе еншілес лизинг компаниялар арқылы. ) Лизинг қызметінің басты мақсаты - қосалқы қаражат бөлетін сфераны іздеу
- дербес лизинг компанияның құрамына (мамандандырылған немесе тараулық)
Лизингтің бизнес негізгі қызмет түріне енеді.
- әртүрлі құрама компанияларға ( холдинг-жолға алынған телім, актив) . Бастанғы мақсаты еңбек өндіріс дамыту, шығыста азайту, ғылыми-техникалық прогрестің негізгі есептерін шешу.
Шағын кәсіпорындарда, әкімшілік басқару фукцияларын бөлінбеген жағдайда лизинг операцияларын даярлау және жүзеге асыру жұмыстары өндіруші кәсіпорнының маркетинг қызметі бөлімінің иелігінде: жаңа техниканың өтімдігі жөндеу жұмыстары және несие берушілерге қызмет жасау. өндіруші фирмаларда жоғары дәрежелі еңбеккерлер жұмыс істейді өндірісте тәжірибесі және шығаратын техниканы кепілділік беруші.
Лизингтік мәміле жасау 2 сызба берілген.
2 сурет. Лизингтік жобаны ұйымдастыру өнім өндірушімен біркелкі жүреді.
Бұл жағдайда қызмет көрсету орталығы өндіруші фирманың құрылымында. Мұнда сызба бойынша мұндай субъектерді қауіпсіздендірушінің керексіздігі байқалады (яғни өндірушінің тапсырыс берушілерінің санының көптігі, өндірушіге сатуға не лизингке өткізудің қиынсыздығы), қамсыздандырушы, несие беруші, лизинг берушінің функциялары бірігеді. Бұл ұйымдастыру құрамы өндірушілермен лизинг берушілердің арасында көп кездеседі, әрі тиімді: лизинг объектісінің конструкциясына көптеп жаңалықтар енгізуге, тиімді қолдануға септігін тигізеді. Қызмет жасау орталығымен жұмыс жасай отырып, өндіруші-зауыт жедел түрде ақпараттар алады (егер өнімнің жетіспеушіліктері болса), яғни ол өнімнің тауарлар арасында бәсекелесуге жарамдылығын, және конструктивті ерекшеліктерін айқындайды.
Бірақ мұндай ұйымдық форма бірлі-жарым лизингтік мәмілелерде ғана нәтижелі. Лизинг қызметін шоғырландыруда мұндай ұйымдастыру екі жақтың экономикалық талабына сәйкес келмей, жаңа тәсілді қолдануға әкеліп соқтырады.
Лизингтік операциялардың ұйымдарын дербес бөлімшелерге бөлу (еншілес лизинг компания) өндірілетін өнімді (тауарды) лизингтің қызметке шығаруға (профессионалды түрде) жол береді: мұндай ұйымдастыру 3 суретте бейнеленген.
Бұл сызба лизинг субъектілерінің қатынасы алдыңғы мен салыстырғанда, лизинг берушінің функциясы дара субъект ретінде бөлініп тұр, бірақ өндіруші-фирма мәміленің несие берушісі.
Тәуекелділіктен сақтандыру әр түрлі әдістермен болады (мысалы, қауіпсіздендірушінің ұсынысы бойынша) . Негізгі артықшылығы және тапшылығы 1 таблицада келтіріледі.
3 сурет. Еншілес тауар. Өндірушілер құрылымының лизинг жобасын ұйымдастыруы.
Кесте 1. Еншілес тауар өндірушілердің бәсекеге түсе алатын қаблеттіліктері.
- Әрдайым алушы. Тұтынушылар контингенті пайда болады.
- Алдынғы қатарлы технология енгізіледі.
- Техника құралдарын жөндеу.
- Жоғары дәрежелі қызмет көрсету: оны өндіруші қамсыздандырады.
- Қордың кәсіпкерлігінің артуы
- Сатып алушыны бүткіл құралдар түрімен қамтамасыз ете алмау.
- Айналым құралдарының өсуі, капиталдың айналым бәсендейді.
- Тауар өндірушінің заңдық және құқықтық функциялары көбейеді.
- Сұраныстық ұсыныс көлемінен арту тауар өндірушінің лизинг операцияларында қажетсіздігін туғызады.
- Лизинг операциясы ең керекті функциялар қатарында, осыдан мардымсыз хабардарлық.
- Құралдардың қайтпау қаупі туады.
- Жергілікті нышаны және габариты.
- Бөлек бухгалтерияның тапшылығы лизингтің әрекеттің тиімділігіне баға бермейді.
Әр түрлі елдерде және түрлі салаларда лизинг берушілердің нышаны және орны, қайталанбайды. Мысалы, АҚШ лизингтің ықпалы зор (ЭВМ, авиатехника, жол-құрылыс құрал-жабдықтары, электротехникалық бұйымдар) . Ал Ұлыбритания, Алмания, Австрия елдерінде және бірнеше Батыс Еуропа елдерінде бұл салаларда мардымсыз. Жапонияда болса лизинг нарығының кеш дамығандығынан анағұрлым ықпалы аз.
Лизинг торапынан бәсеке туғандықтан, банктер бұл операцияларды өз қызметтерінің құрамына қосуда. Бұл концепция мәміле жасауда женілдіктерді табуға көмек құрал (4 сүрет)
4 сурет. Қаржыландыру структураларының лизинг жобасын ұйымдастыруы.
Берілген сызба лизинг беруші мен несиеберушінің функцияларын біріктіреді. қатысуы керек емес, өйткені банк мәміле жасауда кепіл беруші, яғни қаржы қатерінде қауіпсіздендіруші.
Негізгі жетістіктері мен тапшылығы 2 кесте көрсетіледі.
Кесте 2. қаржыландыру құрылымының бәсекелесуге жарамдылығы.
- Банктер ұйымшыл дайындалған.
- Бастапқы капиталды жасау
- Тұтынушылар саны көбейеді; нарықта орнының үлкеюі қызмет түрінің көбеюінен.
- Лизинг мәмілелерін жасауда несие қауіпінің минимумға жетуі.
- Банктің бәсекелес ортада нақ тұруы.
- Банк тұтынушыларының артуы.
- Инвестициялардың кірістік деңгейінің ортаңғы дәрежеге жетуі.
- Мемлекеттік мәселелерді шешуде банктің ролі артады.
- Қаржыландырудың қолайлы жолдарын ұсыну (несиені төлеу және маржамен бірге)
- Функциялардың көптігінен бақылау жұмыстарының қамтамасыз ете алмаулық.
- Ұзақмерзімді салымдардың көбеюінен қатер туады.
- Лизинг объектілерірін пайдаланудағы қиындықтар (ерте мәлім қаржылық лизингте аяқтау) банктерде көп кездеспейді.
- Банк өтімдігі лизинг операциясы өскенде байқалады (лизинг объектілері банк иелігінде)
- Әкімшілік функциялардың көбеюі және мәміле жасауда қиындықтардың тууы.
- Әр түрлі маман иелерінің жеткіліксіздігі мәміленің (техникалық шаралар жағынан)
- Көбінесе қызмет көрсету шаралары болмайды.
- Дербес бухгалтерияның болмауы лизинг әрекетіне толық баға бере алмайды.
Банктегі қаржылық операцияларды лизинг әрекеті ролінің өсуінен, бұл саланы бұдан да тереңірек қарастыруда талап етеді: яғни, еншілес лизинг фирмасының банк құрылымынан бөлініп шығуын. Лизинг әрекеті мұндай компанияларға негізгі еңбек болады. Мәмілеге отыруды ұйымдастыру жеңілдетіліп біркелкі мәміле түрлері пайда болады. (5 сүрет)
5 сурет. Қаржыландыру ұйымдарында еншілес структуралардың лизинг жобасын ұйымдастыруы.
Бұл құрылым бойынша банк тек ғана лизингтің мәмілеге келуде несие беруші, ал лизингтік мәлім жасауды құрастыруда, сауда-саттық мәлімде қол қоюда, еншілес лизинг компаниясы зауыт-өндірушімен біріге шешеді.
Берілген сызба бойынша, әрбір тұлғаның өз міндеттері бар (банк-несие беруші; өндіруші- қамсыздандырушы, еншілес компания-лизинг беруші), бірақ қауіпсіздендірушінің қажеті біршамалы, мұнда қауіпсіздендіруші банк.
Негізгі жетістіктері және кемшіліктері 3 таб. Беріледі.
Кесте 3. Банктің еншілес компанияларының бәсекеге түсе алатындығы.
- Лизингтік операциялар-негізгі әрекет түрі, жоғары жете біліушілік.
- Бір ұйымның ішінде лизинг мәселесі бойынша шоғырлау.
- Тұтынушылар мен қамсыздандырушылар жөнінде ақпарат көздеріне қол жеткізу.
- Тұтынушыларға зарарсыздана яғни (банк тарапынан)
- Мәселелерді шешудің жеңілдігі, шығыстың азаюы және лизинг фермаларының жұмысшыларының өнімділігін арттыруы.
- Шартқа отырғанда қауіп-қатер азаюы әрдайымға, нақты тұтынушылар, олардың қаржылық жағдайын толық білу ж/е т. б.
- Банк бөлімшелері арқылы шығынсыз жарнамалық акцияларын өткізу.
- Төлей алмайтын қатерді банкпен еншілес компанияның бөліп алуы.
- Құрылу кезінде қосалқы құралдар (қаржы) керек.
- Өз банкісінің тұтынушыларына ғана назар болу.
- Мәмілелер ұзақ мерзімге жасалар, осыдан нақты (қаржы) жоғалту тәуекелдік туады.
- Бәсекелестің туу қаупі, несие беруші банкпен еншілес лизинг компаниясы арасында.
Банктің еншілес лизинг компанияларының лизинг қызметінде орны капиталистік елдерде (АҚШ ты қоспағанда) орасан зор.
Лизингтік мәмілелерге келуі салдарының көптігінен ұйымдастырудың басқа үлгілерінің функциялары едәуір аз. Қоғамдық еңбек бөлімшесі заңына сәйкес, жаңа концепция туындайды, лизинг әрекеті кәсіпорын-өндірушінің шарқынан шыққан жағдайда, жаңа мамандырылған сала пайда болды. Мына 6 суретте бейнеленген.
Дербес лизинг берушілер көптеген елдерде лизинг операцияларында орны елемес. АҚШ бұл қатарға жатқызбағанда, онда дербес лизинг берушілер қаржыландыру және лизинг саласында мамандырылған компаниялардың атынан болғандықтан, орны үлкен. Мұндай жағдайды түсіндіруде американдық компаниялар көбінесе акционерлік қоғамның да ролін атқарады. Қосалқы инвестициялық капитал көзі болып эмиссия (бағалы қағаздармен қағаз ақшалар шығару) шығады. Бұл таблицада қауіпсіздендіруші нақты берілген. Оның негізгі жетістіктерімен кемшіліктерін 4 кестеден көре аласыздар.
6 сурет. Лизинг компаниялары лизинг жобасын ұйымдастыруда.
Кесте 4. лизингтік компаниялардың бәсекеге түсе алуы.
- Лизинг операция-компанияның бастапқы функциясы, осыдан жете біліушілік және қызметтің сапалығы.
- Жұмыстық құралды жүргізу (жарнама, нарқты талдау, коньюктураны бағалау ж/е т. б. )
- Қамсыздандырушы таңдаудың көп варианттығы.
- Лизингтік құрал. жабдықтарға бақылау және лизинг алушылық еңбегін тиімді ету.
- Лизинг алушының өнімді шығарудағы қадамдарының өрбуі.
- Әртүрлі банктерде несие алу мүмкіндіктері.
- Мәміле көбінесе ұзақ мерзімді болғандықтан, қатер тууы мүмкін, шығыстың да болуы.
- Несиелендірушіні табудағы қиындықтар мәселесі.
- Бәсекелес ортада өз орның әлсіз болуы.
- Тұтынушыны табардағы шығыс.
Соңында айта кететін жағдай, нақты қойылған талаптарға сәйкес лизинг әрекетін басқаруда бір уақыта тіршілік етеді, отырып, әр түрлі комбинацияларды.
Лизинг нарығының билеушілері бәсекелес артықшылығын көрген жағдайда ғана, лизинг қызметінің өркендеу дәуірі басталады.
«Траст» ағылшын тілінен аударғанда «сенім» деген сөзді білдіреді. Траст бұл сеніммен басқаруға берілген мүлікке деген құқықты анықтайтын және меншікті иеленудің ерекше нысаны.
Траст операциясы - клиенттің сенімді тұлғасы ретінде онын, мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.
Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
1. Траст құрылтайшысы (немесе онын, негізін қалаушы) - сенімді меншік иесіне сенімхат арқылы басқаруға беретін, мүліктің немесе мүліктік құқықтардың меншік иесі. Траст құрылтайшысы ретінде кез келген қолында мүлкі бар заңды немесе жеке тұлға бола алады.
2. Трастыны иемденуші (сеніп тапсырған тұлға) - траст келісімшартындағы көрсетілген жағдайға сәйкес, мүлікті басқару құқығын өзіне қабылдайтын тұлға. Мұндағы мүлікке жылжитын және жылжымайтын мүліктер де жатады.
3. Бенефициар - траст келісімшартын өзінің пайдасына жарататын кез келген заңды және жеке тұлға. Яғни ол трастыны иемденушіге берілген мүліктен түсетін табысты алып отыруға құқылы тұлға.
Сонымен, банктің траст операциясы - бұл банктің өз клиенттеріне (заңды және жеке тұлғаларына) көрсететін әр түрлі қызметі түріндегі сенім операцияларын білдіреді.
Траст қызметіне: біріншіден, жылжымайтын және жылжитын мүліктерді басқару; екіншіден, инвестициялық портфельді қалыптастыру және оны басқару; үшіншіден, құндылықтарды сақтауға қабылдау; қабілетсіз меншік иесінің мұраға қалдырған мүлкін басқару; төртіншіден, тұрақсыздыңқа ұшыраған фирмаларға қатысты несие берушілердің қоятын талаптарын реттеу; бесіншіден, мұраға қалдыруға байланысты мүлікті басқару қызметтері жатады.
Коммерциялық банктің траст бөлімінің атқаратын қызметі үлкен үш топқа бөлінеді:
І. Клиенттердің мұраға қалған мүлкін иемдену;
II. Сенімхат бойынша операцияларды жүзеге асыру;
III. Агенттік қызметтер.
Траст қызметі жеке тұлғаларға, сондай-ақ фирмаларға да көрсетіледі.
Жеке тұлғаларға көрсетілетін траст қызметі.
Мұраға қалдырған мүлікті иемдену. Мұраға қалдырған мүлікті пайдаланудың басты міндеті - бұл сот шешімін алу үшін мұраға қалдырған мүлікті жинау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әкімшілік шығыстарды төлеу және қарыздары бойынша есептесу, салықты төлеу, қалған мүлікті отбасы мүшелері арасында бөле отырып, оларға жекелей қызмет көрсету болып табылады.
Келісімшарт негізінде клиенттің мүлкін басқару. Бұл операция сенім білдірген тұлға мен сенім иесінің арасындағы мүлікті жауапкершілігі бар тұлғаға берумен байланысты жасалатын келісімнен туындайды.
Агенттік (делдалдық) қызметтер.
1. Активтерді сақтау:
• бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау;
• бағалы қағаздар бойынша табыс алу;
• бағалы қағаздар бойынша шотына түскен қаражаты туралы сенім білдірушіге уақтылы хабарлап отыру;
• бағалы қағаздарға айырбастау;
• мерзімі өткен облигациялар бойынша қарызды қайтару;
• активтердің жалпы құнын (табыстың жалпы сомасын) сақтап қалу мақсатында бағалы қағаздарды сатып алу және сату;
• мүлік куәлігі бойынша сомаларды алу;
• клиенттерге бағалы қағаздар жеткізіп беру;
• сейфтерді жалға беру.
2. Агенті немесе өкілі ретінде клиенттің активтерін басқару:
• бағалы қағаздарды сатып алу-сату;
• бағалы қағаздар қоржынындағы сақталған бағалы қағаздардың бағамдарын бақылап отыру және бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыру;
• клиенттің тапсырмасы бойынша барлық табыстарды алу;
• сенім білдірушінің шоттарын төлеу;
• сақтандыру полисін рәсімдеу.
Клиент келісімшартқа сәйкес немесе сенімхат негізінде коммерциялық банкке, өзінің атынан агенттік қызметті жүзеге асыруды тапсырады. Ол үшін банктің мынадай құқықтары болуға тиіс:
• клиент атынан келісімшарт жасау;
• акциялар мен облигацияларды беру;
• банктің комиссионды-делдалдық операциялары
• несие алу;
• чек жазу;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz