Қара қарақаттың тканіне төменгі температураның әсері
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ 4
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 5
1.1. Криобиологияның даму 5
1.2. Криосақтау әдістері 6
1.3. Жеміс және жидек өсімдіктерін криосақтау мәселесінің 12
қазіргі жағдайы
2. МАТЕРИАЛДАР МЕН ЗЕРТЕУ ӘДІСТЕРІ 14
2.1. Зерттеу объекттері 14
2.2. Зерттеу әдістері 14
2.2.1Іn vitro жағдайында көбейту 14
.
2.2.2Криосақтау әдістері 15
2.2.3Пробиркалық өсімдіктерді топырақтық культураға көшіру 16
.
3. АЛЫНҒАН НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ 17
3.1. Криосақтау әдістерінің тиімділігін салыстыру 17
3.2. Пробиркалық өсімдіктердің суықтық акклиматизациясы 22
ұзақтығының криосақталған меристемалардың тіршілік
қабілетіне әсері
3.3. Пробиркалық өсімдіктерді топыраққа отырғызу 24
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31
Р Е Ф Е Р А Т
Қара қарақаттың тканіне төменгі температураның әсері тақырыбына
жазылған бітіру жұмысы компьютермен терілген 33 беттен, 6 суреттен, 2
кестеден, 22 қолданылған әдебиеттер көзінен тұрады.
Негізгі қолданылатын сөздер – криосақтау, апикалдық меристама, қара
қарақат, витрификация, инкапсуляция-дегидратация.
Зертеу объектісі: қара қарақаттың (Ribes nigrum L.) Оджебин және Керри
сорттарының асептикалық өсімдіктері.
Зерттеу жұмысының мақсаты: қара қарақаттың бөлініп алынған ұлпаларының
тіршілікке қабілеттілігінің сақталуына пробиркадағы өсімдіктерінің суықтық
акклиматизациясының және криосақтау әдістерінің әсерін зерттеу.
Бұл жұмыста қара қарақаттың апикалдық меристемаларын криосақтауға
арналған витрофикация және инкапсуляция-дегидратация әдістерінің
тиімділігіне салыстыру жүргізілді. Зерттеу барысында витрификация әдісін
қолданудың нәтижесінде 31,4% тіршілік қабілетін сақтап қалған
меристемалардың саны көрсетілді. Осы культура ұлпаларын криосақтауының ең
жақсы жолы инкапсуляция-дегидратация әдісі екендігі айтылған. Бұл әдісті
қолданған кезде меристемалардың 56,6% тіршілікке қабілеттілігін сақтап
қалды және мұздатылып, қайта ерітілген өсімдіктерде регенерация жақсы
жүрді.
Пробиркада өсірілген өсімдіктердің суықтық акклиматизацияның
криосақталған қарақаттың екі сортының меристемаларының тіршілік қабілетіне
әсері зерттелді. Пробиркалық өсімдіктерді суыққа үйрету меристема
клеткаларының сұйық азот (-196 0 С)температурасына төзімділігін арттырады.
Суықтық акклиматизацияның оптимальды ұзақтығы Оджебин сорты үшін 2
апта, ал Керри сорты үшін 2 ден 5 аптаға дейін жететіндігі анықталды. Онда
Оджебин сорты апекстерінің 77,3 % және Керри сортының 65,0-75% тіршілікке
қабілеттілігін сақтады және сұйық азотта мұздатылған өскіндер ерітілгеннен
кейін регенрацияланды.
Осы жұмыста пробиркалық қара қарақаттың өсімдіктерінің әртүрлі
топырақтық субстраттарға жерсініуіне салыстыру жүргізілді. Топырақтық
культураға қара қарақаттың асептикалық өсімдіктерін отырғызу үшін перлит,
сондай-ақ 1:1 қатынасындағы топырақ пен құмның қосындысы ең қолайлы
субстрат болып табылатныдығы көрсетілді. Тамырланған өсімдіктердің, сондай-
ақ тамырсыз өскіндердің жерсінуі, топырақтық қоспаның құрамы мен тамыр
жүйесінің дамуына байланысты 66,7 ден 100% -ға дейін болады.
Зерттеу нәтижелерін биотехнологияда және өсімдік шаруашылығында
пайдалануға болады.
К І Р І С П Е
Жеміс беретін өсімдіктерді генетикалық жақсартудың негізгі
жағдайларының бірі - шаруашылыққа қажетті құнды белгілері бар, мәдени және
жабайы өсімдіктердің генофондының қолда болуы және сақталуы болып саналады.
Қазіргі кезде өсімдіктердің генетикалық материалын сақтаудың бірнеше
жолдары бар. Ең алдымен бұл олардың табиғи өсу орталарындағы егістіктегі
гендік банктер және помологиялық коллекциялар.
Әлемдік тәжірибеде генетикалық материалды сақтаудың әдетегі
формаларымен қоса in vitro гермоплазмасының үлгілерін криосақтаудың
биоинженерлік әдістері кең қолданыладанады. Криосақтау – бұл өсімдіктердің
клеткаларын, ұлпаларын және мүшелерін қатты мұздатып алып өте төмен
температурада (-196оС) сақтау. Бұл объекттердің генетикалық сипаттарының
кез-келген мерзім бойы сақталуын қамтамасыз етеді.
Экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты өсімдіктер әлемінің
биологиялық әртүрлілігін сақтау қазіргі уақытта көкейтесті мәселелердің
бірі болып тұр. Осындай мәселелерге байланысты өсімдіктердің құнды
түрлерінің генофондын ұзақ мерзім сақтауға мүмкіндік беретін криосақтау
әдістерін қолдану актуальды екендігі күдік тудырмайды.
Қазіргі уақытта криосақтау әдістерін жақсарту барысында зерттеу
жұмыстары жүргізілуде. АҚШ-та криосақтау баяғыдан ақ жеміс, жидек
өсімдіктерінің, жүзімнің және өсімдіктердің басқа да түрлерінің генетикалық
материалын сақтаудың негізгі әдісі болып табылады. Өсімдіктердің
гермоплазмасын сақтаудың Ұлттық жүйесі құрылған, онда 1983 ж. бастап in
vitro-ны суықта сақтау, ал 1987 ж. бастап – криосақтау әдістері
қолданылуда.
Осы жұмыстың мақсаты пробиркалық өсімдіктердің суықтық
акклиматизациясының және криосақтау әдістерінің қара қарақаттың оқшауланған
ұлпаларының тіршілік қабілетігінің сақталуына әсерін зерттеу.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1. Криобиологияның дамуы
Өсірілетін материалды сақтаудың болашағы зор және сенімді әдістері
болып криогенді әдістер саналады. Сақтау кезінде өте төмен температурада
мұздатқан кезде молекулаларда зат алмасу процесі толық тоқтайды, және
ешқандай физико-химиялық өзгерістер болмайды 1.
Өсімдік келткаларын сақтаудың криогенді әдістері өткен ғасырдың 60
жылдары жасала бастады, бірақ бұрын 1905 жылы алғаш рет дәндер сұйық
азотта мұзадатылып қатырылған болатын, ал өсімдіктер мен олардың
клеткаларының суыққа төзімділігін зерттеуді 1908 жылы Н.А.Максимов бастады
2.
Клеткалық және ұлпалық культураларды алғаш рет мұздатып қатыру 30 жыл
бұрын басталды. Бұл И.И.Туманов, Р.Г.Бутенко және И.В.Оголевецтің жемістік
өсімдіктердің каллустық культураларында жасалған жұмыстары еді, олардың
мақсаты клеткалық деңгейдегі суыққа төзімділікті зерттеу болды.
Каллустарды сұйық азот температурасына дейінгі температурада сақтауды
И.Сугавара мен А.Сакаи терек ұлпаларында көрсетті. Бұл жұмыстарда
каллустарды алдын ала үйрету және оларды қант мөлшері жоғары қоректік
орталарда өсіру қолданылды. Суспензиялық культураларда зерттеу жұмыстарын
Квантан зығыр клеткасында бастады, ал одан кейін Латто, Сугавара, А.Сакаи
және Б.Финкием әртүрлі клеткалық культураларды криопротекторлар қосып этап
бойынша бақылаусыз мұздату жағдайында жалғастырды 2. Қазіргі уақытта
әртүрлі жеміс-жидек өсімдіктерінің меристемаларын криосақтау әдістерін
жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. АҚШ-та криосақтау баяғыдан ақ
жеміс және жидек өсімдіктерінің және жүзімнің генетикалық материалын
сақтаудың негізгі тәсілі болып келеді. Өсімдіктердің гермоплазмасын
сақтаудың Ұлттық жүйесі құрылған, онда 1983 ж. бастап in vitro суықта
сақтау, ал 1987 ж. бастап – криосақтау әдістері қолданылуда.
Қазақстанда криосақтау бойынша жұмыстар 2002 жылы ҚР ҰҒА академигі,
профессор И.Р.Рахимбаевтың басшылығымен Өсімдіктер физиологиясы,
генетикасы және биотехнологиясы институтында басталды 3.
1.2 Криосақтау әдістері

тәсілдері бар. Ең алдымен, бұл олардың табиғи жағдайларда өсетін
жерлеріндегі егістіктік гендік банкі және помологиялық коллекциялар. Соңғы
жылдары әлемдік тәжрибеде құнды өсімдіктер материалын сақтаудың әдеттегі
формаларымен қоса in vitro культураларын өсіру мен сақтаудың
биотехнологиялық әдістері де кең қолданылуда. Мұндай әдістер өсімдіктердің
өсуін жыл бойы сақтап тұруға, егістік жерлердің көлемін қысқартуға,
вирустар мен патогенді микроорганизмдерден таза өсімдіктер алуға,
өсімдіктердің көбею коэффицентін мың есе арттыруға, сирек кездесетін және
жойылу қаупі төніп тұрған түрлердің генофондын сақтауға мүмкіндік береді.
Криосақтау – өсімдік материалын мұздатып қатырып алып, өте төмен
температурада (-196оС) сұйық азотта сақтау. Қазіргі кезде бұл тірі
клеткаларды, ұлпаларды және мүшелерді ұзақ уақыт сақтудың жалғыз тәсілі.
Бұл тәсіл кезінде клеткалардағы зат алмасу толық тоқтайды және барлық
молекулалық физико-химиялық өзгерістер де тоқтатылады. Өсімдік клеткалары
мен ұлпаларының культураларын in vitro жағдайында тиімді криосақтау
өсімдіктердің шамамен 110 түрі үшін қол жеткізілген табыс болып табылады.
Өте төмен температурада мұздатып қатыру үшін өсімдіктердің әртүрлі
клеткалары, ұлпалары және мүшелері: каллустық және суспензиялық
культуралар, протопластар, эмбриоидтар, тозаң, дәндер пайдаланылады.
Бірақ вегетативті жолмен көбейетін өсімдіктер үшін тек апикальді
меристемаларды қолдану өсімдіктің толық регенерациясын қамтамасыз етеді.
Мұндай меристемалар клон, яғни генетикалық тұрғыдан алғанда бастапқы
өсімдіктің дәл көшірмесі болып табылады 2.
Өсімдіктер клеткасын криосақтау жолындағы қиындықтар өсімдіктерге ғана
тән ерекшеліктерге: көлемінің үлкендігіне, күшті вакуольденуіне, құрамында
айтарлықтай судың көп болуына байланысты. Жасалған криосақтау әдістерінің
мақсаты өте төмен температуралардың зақымдайтын әсерін азайту: клетка
ішінде және клетка сыртындағы кеңістікте мұз кристалдарының пайда болуына
жол бермеу, сондай-ақ
шарасыз деградация шақыратын стресстік әсерлерді
бәсеңдету болып табылады 4.
Қазіргі кезде өсімдіктерді криосақтаудың бірнеше әдістері бар, олар:
• Баяу біртіндеп бағдарланған мұздату әдісі. Бұл әдісте химиялық заттар –
криопротекторлар қолданылады. Криопротектормен өңделген өсімдік ұлпалары
бағдарламанған мұздатқыш-құралдың көмегімен -40оС-ге мұздатып, 0,1 ден
1оС-ге дейін минутына жететін жылдамдықпен мұздатылады. Осы
температураға жеткеннен соң клеткаларды сұйық азотқа (-196оС) апарып
салады 5.
• Витрификация әдісімен өсімдік материалы криопротектордың жоғары
концентрациялы ерітіндісімен өңделеді 6. Өңделген ұлпаларды дереу
сұйық азотқа салады. Төменгі температурадағы витрификация нәтижесінде
клеткалардағы су амфорлық күйде қатады, сөйтіп клеткаішілік мұз
кристалдарының пайда болуы және клеткалық мембраналардың зақымдануы
тоқтатылады. Бірақта витрификациялаушы ерітінділер клеткалар үшін
токсикалық болуы мүмкін, сондықтан клеткалардың өлуін тоқтату жолында
оларды қолданудың ұзақтығы қатаң бақылануы тиіс (сурет 1).
• Инкапсуляция-дегидратация әдісі, мұнда өсімдік ұлпаларын жоғары
молекулалық сахароза ерітіндісінде альгинат гельге қосады, содан соң
оларды жартылау сусыздандырады және ылғалдың белгілі бір мөлшеріне дейін
(шамамен 20%) залалсыздандырылған ауа ағымында кептіреді 7. Клеткада
мұз кристалдарының пайда болуын тоқтататын, осындай өңдеуден кейін,
инкапсуляциаланған ұлпаны тез арада сұйық азотқа салады (сурет 1).
Витрификация және инкапсуляция-дегидратация әдістерінің
көмегімен жеміс, жидек өсімдіктерінің апикальді
меристемаларын криосақтаудың этаптары
Сурет 1
Баяу біртіндеп бағдарланған мұздату әдісі жалпылай қабылданған және
ең кең таралған әдіс болып табылады. Бұл әдіспен меристемалық ұлпаларды
да, сондай-ақ клеткалық культураларды да мұздатып қатырады 2, 8. Соңғы
кездері витрификация және инкапсуляция-дегидратация әдістерін қолдануды,
ең қолайлы, іске асыруда айтарлықтай қарапайым және қымбат жабдықтарды
сатып алуды қажет етпейтін әдістер ретінде келешегі зор.
Жеміс, жидек және басқа да ауылшаруашылық дақылдарының бір қатары
үшін бұл әдістер Б.Рид, Э.Бенсон және олардың қызметтестерінің
еңбектерінде үлкен нәтижелерге жетті 9, 10, 11.
Өсімдіктердің әртүрлі түрлерін криосақтау бойынша алынған нәтижелер,
апикалдық меристемалардың (өскіндердің төбесінің) дайындық – мұздату –
еріту циклдарынан кейін тіршілікке қабілеттілігін жоғалтпауы өте көптеген
факторларға байланысты. Бұл факторлар қатарына қолданылатын әдістердің
ерекшеліктері де, сондай-ақ сорттық және түрлік ерекшеліктер де кіреді.
Криосақтау әдістерінің көбінде өсімдіктер ұлпасын алдын ала өңдеу
ерекше маңызы зор кезең болып саналады. Ұлпаларды алдын ала өңдеу
қатарында: осмостық немесе жақсы енетін криопротекторларды пайдалана отырып
химиялық өңдеу, пробиркалық өсімдіктердің суықтық акклиматизациясы, ауа
ағымында немесе кептіретін заттарды қолдана отырып кептіру арқылы өңдеу.
Алдын ала өңдеу өсімдіктердің токсикалық криопротекторлар әсеріне және
мұздатып қатыру процедурасына шыдамдылығын күшейту үшін қолданылады.
Алдын ала өңдеудің негізгі міндеті – клеткаларды сусыздандыру және
клеткалық мембраналарды тұрақтандыру.
Диметилсульфоксид (ДМСО) клеткалар мен ұлпаларды химиялық өңдеуден
өткізу үшін басқаларға қарағанда жиірек қолданылады. Ол алдын ала
сіңірілу үшін де, сонымен бірге криосақтау кезінде де қолданылады.
Өсімдіктер клеткасын алдын ала өңдеудің жалпы қабылданған әдісі - 48 сағат
бойы құрамында 5% ДМСО болатын қоректік ортада меристемаларды өсіру. Мұны
Карт өзінің қызметтестерімен құлпынайдың меристемасында анықтады 5.
Құрамында ДМСО концентрациясы 5%-дан төмен болатын қоректік ортада
өсірілген меристемалар, мұздатқаннан кейін тіршілік қабілетін жоғалтты, ал
ДМСО концентрациясы жоғарырақ қоректік орталарда ұсталған меристемалар
тірі қалды, бірақ өсімдік регенерациясы жүрмеді, тек дифференцацияға
ұшырамаған ұлпалар түзілді. ДМСО өсімдіктердің әртүрлі түрінің клеткалары
мен ұлпаларын алдын ала өңдеуде тиімді пайдаланылуда.
Клеткаларды, ұлпаларды және пробиркалық өсімдіктерді алдын ала өңдеу
үшін осмотикалық белсенді қосылыстар (сахароза, манит) немесе абциз қышқылы
(АБҚ) секілді өсуді реттеушілер жиі қолданылады. Уизерс пен Стриттердің
12 ертеректегі жұмыстарында, клеткаларды осмотикалық потенциялы жоғары
ортада алдын ала өсіру олардың тіршілікке қабілеттілігін арттыратындығы
көрсетілген. Алдын ала өңделген клеткалар бақылауларға қарағанда көлемі
жағынан кіші болды, бірақ бұл жалғыз айырмашылық емес, сондай-ақ
клеткаларда қантты деңгейі жоғарылайды. Бұл айырмашылықтар, өсімдіктерді
табиғи және қолдан суықтық акклиматизациялау кезінде жүретін өзгерістерді
еске салады.
Қоңыржай климаттың көптеген өсімдіктер түрлерін криосақтау үшін
алдан ала өңдеу ретінде пробиркалық өсімдіктерді суыққа үйрету қолданылады.
Суыққа үйретудің ұзақтығы бір аптадан бірнеше айға дейін ауытқиды. In vitro
өскіндерін алдын ала акклиматизациялау үшін үйрету кезеңінің бүкіл мерзімі
бойынша тұрақты төменгі және жоғарғы температура (4-5оС), сондай-ақ
температурасы тәулік бойы өзгеріп тұратын режим қолданылады 13. В.Чанга
және Б.Рид еңбектерінде алмұрт меристемаларын криосақтау үшін температурасы
тәулік бойы өзгеріп тұратын режим (+22оС, жарық – 1оС, қараңғы) , тұрақты
температура әсеріне қарағанда тиімдірек болатыны көрсетілді 14.
1.3. Жеміс және жидек өсімдіктерін криосақтау мәселесінің қазіргі кездегі
жағдайы
Жидек өсімдіктері арасында қой бүлдіргенді Fragaria x ananassa Duch.
криосақтау кезінде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Бағдарламаланған
мұздатып қатыруды қолдану материалдың 95%-тік тіршілікке қабілеттілігіне
қол жеткізуге мүмкіндік берді 5. Жапонияда, натрий альгинатының
қабатымен жабылған қой бүлдіргеннің меристемалары криогендік жағдайларда
тиімді түрде сақталуда 15. Францияда криоконсервацияланған Prunus
ferlenaria өскіндері төбелерінің тіршілікке қабілеттілігінің әртүрлі
параметрлері зерттелуде 16.
Ресей ғылым академиясының К.А.Тимирязев атындағы Өсімдіктер
физиологиясы институтында А.С.Поповтың басшылығымен қойбүлдіргеннің,
кортофельдің, сәбіздің, түйме гүлдің, жень-шень клеткаларының диоскореидің
– экономикалық құнды заттар беретін өсімдіктердің және кейбір тропикалық
орхидеялардың меристемаларын криосақтаудың тәсілдері жасалған. Ресей
ғалымдары in vitro криосақтау процесіндегі криозақымдануды зерттеу
жүргізілуде 2.
Жүзімнің, картофельдің меристемаларын криосақтау әдістерін жақсарту
жұмыстары Украинаның Криобиология және криомедицина мәсеелелері
Институтында жүргізілуде 8. Авторлар деконсервацияланған картофель мен
жүзімнің меристемаларының тез және баяу мұздатып қатыру режимдерін
қолданған кездегі тіршілікке қабілеттілігін көрсеткен.
АҚШ-та криосақтау баяғыдан ақ жеміс және жидек өсімдіктерінің және
жүзімнің генетикалық материалын сақтаудың негізгі тәсілі болып келеді.
Өсімдіктердің гермоплазмасын сақтаудың Ұлттық жүйесі құрылған, онда 1983 ж.
бастап in vitro суықта сақтау, ал 1987 ж. бастап – криосақтау әдістері
қолданылуда 9. Бүкіл әлем өсімдіктерінің гермоплазмасы жинақталып сұйық
азот температурасында -196оС сақталынып жатыр.
АҚШ-тың, Корваллис қаласындағы Клондық Репозиторийінде әртүрлі жеміс
және жидек өсімдіктері: алмұрттың, қара қарақаттың, таңқурайдың
меристемаларын криосақтаудың тәсілдірі жасалынуда (14, 17, 18, 19). Қара
қарақат меристемаларын тиімді криосақтауға баяу біртіндеп бағдарланған
мұздату, витрификация әдісінің немесе инкапсуляция-дегидратация әдісінің
көмегімен қол жеткізді. Витрификация әдісі үшін меристеманы алдын ала
өңдеудің әдістерін таңдады: 1) 2 сағат бойы 5% немесе 10% пролин
ерітіндісіне меристемаларды батырып ұстау; меристемаларды 2 сағат бойы 1%-
тік БСС ( бұқа сары су) ерітіндісімен, 0,4 М сахароза ерітіндісімен өңдеу.
Витирификация әдісінің өңделуінің барлық тәсілдерін қолданған кезде
мұздатып сақтау және содан кейінгі еріту кезінде меристемалардың
регенерациясын жақсартылды. 1%-дық БСС ерітіндісін қолдану ең тиімді әрі
қолайлы әдіс ретінде қолдану ұсынылған 17.
Шотландиядағы Данди университетінде криосақтау әдістерін жақсарту
мақсатында криозақымданудың физикалық және биохимиялық зерттеулері кең
қолданылуда 11.

2. МАТЕРИАЛДАР МЕН ЗЕРТЕУ ӘДІСТЕРІ
2.1. Зерттеу объекттері
Зерттеу объектісі ретінде Қара қарақаттың (Ribes nigrum L.) Оджебин
және Керри сорттарының асептикалық өсімдіктері алынды.
Оджебин сорты, Керри сорты – Корвалис штат Оригон репозиторий
калекциясынан алынған
2.2. Зерттеу әдістері
2.2.1. Іn vitro жағдайында көбейту
Қарақаттың өркені 20 гл глюкоза, 0,5 мгл 6-бензиламинопурин, 0,1
мгл идолилмай қышқылы (ИМҚ), 6гл агар рН-5 (Sigma) болатын Мурасиге және
Скуге (МС) 20 ортасында көбейтілді.
Қарақаттың меристемасы МС сәйкес минералдық тұздар мен витаминдер бар,
бірақ концентрациясы 30% аммоний нитраты мен калий нитраты бар және 1 л:
50 мг аскорбин қышқылы, 20 г глюкоза, 0,1 мг БАП, 0,2 ме гиббериллин
қышқылы (ГҚ), 3,5 г агар, 1,45 джелрайт (Sigma), pH 5,7. қосылған ортада
өсірілді.
Пробиркалық өсімдіктердің суықтық акклиматизация режимі: 22оС-де 8
сағ. жарық беру, -1оС-де 16 сағ. қараңғы да ұстау 9. Культураларды 1-6
апта бойы акклиматизацияладық. Акклиматизациядан өткен өсімдіктерден
көлемі 0,8-1,0 мм болатын апикалдық меристемалар (2-3 жапырақ примордиясы
бар өскіндердің төбе бүршіктері) алынды.
2.2.2 Криосақтау әдістері
Витрификация және инкапсуляция-дегидртация әдістері қолданылды.
Витрификация әдістері :Акклиматизацияланған өскінтерден бөлініп алынған
меристемалар 2 тәулік бойы суықтық акклиматизация жағдайында 0,3 М
сахарозасы бар МС қоректік ортасында өсірілді. 2 М глицерин ерітіндісінде
алдын ала өңдеуден кейін меристемалар 20 минут бойы 0,4 М сахорозасы бар,
рН 5,8 МС сұйық қоректік ортадағы PVS2 (30% глицерин, 15% этиленгликолия,
15% диметилсульфоксид (ДМСО) криопротекторы бар мұзда тұрған
криопробиркаларға салынды.
80 минуттан соң кариопробиркалар сұйық азоттқа батырылды. Үлгі 1
минуттың ішінде 45оС температурадағы су моншасында ерітіліп, содан соң 1
минутқа 22оС-дегі су моншасына ауыстырылды. Меристемалар 1,2М сахарозасы
бар МС сұйық ортасында 2 рет жуылды және өсуінің қалыптасуы үшін МС
ортасына ауыстырылып отырғызылды.
Инкапсуляция-дегидратация әдісі: Оқшауланған меристемалар тұтқырлығы
төмен альгинат ерітіндісіне [кальцийі жоқ, 0,75 М сахарозасы бар, рН 5,7 МС
сұйық қоректік ортасындағы альгинаттың (Sigma) 3% ерітіндісі]салынды,
кальций хлоридінің ерітіндісінде альгинанттық шариктер 20 мин. бойы
полимеризденді және 0,75 М сахарозасы бар сұйық ортада 18-21 сағат бойы
качалкада дегидратацияланды. Дегидратациядан кейін шариктер ламинарда
Петри табақшасында 4 сағат бойы залалсыздандырылған ауа ағымымен
кептірілді (ылғалдық шамамен 20%), содан соң криопробиркаларға салынып,
сұйық азотқа батырылды. Криопробиркалардың ерітілуі 20 мин. ішінде бөлме
температурасында жүргізілді. Содан кейін альгинантты шариктер сұйық ортада
5 мин. бойы регидратацияланды. Инкапсулданған меристемалар қалпыра
келтіретін ортаға орналастырылды.
Тәжірибе нәтижелерін талдау: Криосақтауды зерттеу мақсатында қойылған
эксперименттің әр вариантына, жеке екі криопробиркаға салынған 20 меристема
қолданылды; әр бір протокол үшін бақылау ретінде қосымша 5 меристема
қолданылды. Тәжірибенің әр варианты 2-3 қайтара жасалды. Меристемалардың
тіршілікке қабілеттілігі 6 апта бойы әр апта сайын бағаланып тұрды. Тірі
меристемалар (жасыл түс) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz