Кіші мектеп жасындағы балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері



Мектепке келген бастап, баланың психологиялық даму деңгейі жекелік ерекшеліктерінің дамуы ұлғая бастайды. Бұл ерекшеліктер ең алдымен олардың ақыл-ой, моральдық даму деңгейлерінің көріністерінен байқалады. Олар ортақ нұсқаулар және психодиагностикалық жағдайларға түрліше әсерлене алады. Кейбір балалардың көзқарастары өз деңгейінде қалыптасқан, психодиагностика тапсырмаларын қиналмастан орындайды, ал кейбір 4-6 жастағы әлсіз дамып келе жатқан балалар мектепке дейінгі тапсырмаларды ғана орындайды.
Сондықтан да кіші мектеп жасындағы балаларға қандай да бір психодиагностикалық әдістемені пайдаланбас бұрын, психологиялық даму деңгейін шынайы бағалау үшін, баланың ақыл-ой деңгейіне сәйкестігін, тіпті жеңіл болып кетпеуін қадағалау қажет.
6-7 жастағы балалардың мектепте оқуға даярлығын қарастыратын болсақ, орта есеппен алғанда олардың 50-80% қандай да бір ерекшелігі және кіші мектеп бағдарламасы бойынша материалдарды толық игеруге, жалпы мектепте оқуға әлі дайын болмайды. Көпшілігі дене бітімі бойынша оқуға дайын болса, психологиялық даму деңгейі бойынша мектепке дейінгі баланың (5-6 жас) деңгейіне сәйкес болып тұрады. Егер мұндай балаға жеткілікті күрделі, жас ерекшелігіне сәйкес ырықты, ырықсыз зейін, есте сақтау және қиялға арналған психологиялық тест ұсынсақ, бала оны орындай алмайды.
Мұндай қиындық ақыл-ой қабілетінің жетіспеуінен емес, тұлғалық-психологиялық даму деңгейінің жетіспеушілігі себебінен туындайды. Егер, керісінше, тура сол тест тапсырмаларын ойын түрінде ұсынатын болсақ, тестілеу нәтижелері жоғары болуы

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   
Кіші мектеп жасындағы балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері
Мектепке келген бастап, баланың психологиялық даму деңгейі жекелік
ерекшеліктерінің дамуы ұлғая бастайды. Бұл ерекшеліктер ең алдымен олардың
ақыл-ой, моральдық даму деңгейлерінің көріністерінен байқалады. Олар ортақ
нұсқаулар және психодиагностикалық жағдайларға түрліше әсерлене алады.
Кейбір балалардың көзқарастары өз деңгейінде қалыптасқан,
психодиагностика тапсырмаларын қиналмастан орындайды, ал кейбір 4-6
жастағы әлсіз дамып келе жатқан балалар мектепке дейінгі тапсырмаларды
ғана орындайды.
Сондықтан да кіші мектеп жасындағы балаларға қандай да бір
психодиагностикалық әдістемені пайдаланбас бұрын, психологиялық даму
деңгейін шынайы бағалау үшін, баланың ақыл-ой деңгейіне сәйкестігін,
тіпті жеңіл болып кетпеуін қадағалау қажет.
6-7 жастағы балалардың мектепте оқуға даярлығын қарастыратын болсақ,
орта есеппен алғанда олардың 50-80% қандай да бір ерекшелігі және кіші
мектеп бағдарламасы бойынша материалдарды толық игеруге, жалпы мектепте
оқуға әлі дайын болмайды. Көпшілігі дене бітімі бойынша оқуға дайын болса,
психологиялық даму деңгейі бойынша мектепке дейінгі баланың (5-6 жас)
деңгейіне сәйкес болып тұрады. Егер мұндай балаға жеткілікті күрделі, жас
ерекшелігіне сәйкес ырықты, ырықсыз зейін, есте сақтау және қиялға арналған
психологиялық тест ұсынсақ, бала оны орындай алмайды.
Мұндай қиындық ақыл-ой қабілетінің жетіспеуінен емес, тұлғалық-
психологиялық даму деңгейінің жетіспеушілігі себебінен туындайды. Егер,
керісінше, тура сол тест тапсырмаларын ойын түрінде ұсынатын болсақ,
тестілеу нәтижелері жоғары болуы ықтимал.
Бұл жағдайды мектепке келген, әсіресе бірінші және екінші сынып
балаларын диагностикалауда міндетті түрде ескеру қажет.
Үшінші және төртінші сынып оқушыларына қатысты айтатын болса, оларды
психодиагностикалау үшін ересек адамдарға арналған тесттерді қолдануға
болады, бірақ тест тапсырмалары оларға түсінікті болуы керек. Түсінікті
дегеніміз ол тапсырмалардың бала қабілеттеріне сәйкес болуы. Ескеретін
жайт, күшті мотивация, қызығушылық, тестілеуге белсенді ұмтылыс болса, оның
нәтижелері жоғары болады.
Психодиагностикалық тестілеу нәтижелері сенімді және шынайы болуы
үшін психодиагностикалық әдістерді келесі жүйе бойынша жүргізу тиімді:
1. Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлығы
2. Танымдық процестер.
3. Бейімділік
4. Өзіндік бағалау.
5. Мотивация
6. Эмоционалды –еріктік өріс
7. Тұлғалық ерекшелік қасиеттері
8. Тұлғааралық қарым-қатынас
9.Тәрбиелілік
Бөлім бойынша баланың мектепке қай жағынан дайындығын, дамуында қаншалықты
жетілгенін нақты анықтауға болады. Бұл әдістемелер баланың бейімділігін,
нышаны мен қабілетін анықтауға мүмкіндік беріп, дамыту және түзетумен
байланысты мақсатты түрде жұмыс жасау негізін қалайды.
Жүйелі психодиагностиканы кешенді түрде жүргізу мектептегі оқу-тәрбие
жұмысының мәнділігін бағалауға мүмкіндік береді.

1-сыныпта оқуға дайындығын анықтауға арналған әдістеме

1. Сенің аты-жөнің кім ?
2. Ата-анаңның есімдері кім ?
3 .Сенің ата-анаң кім болып жұмыс істейді ?
4. Сен қай жерде тұрасың ?
5. Сен ұлсың ба ,әлде қызсың ба? Өскенде әпке боласың ба, тәте боласың ба
?
6. Сенің ағаң немесе әпкең бар ма ? Олардың қайсысы үлкен ?
7. Сен нешедесің, бір жылдан кейін неше жаста боласың, екі жылдан соң
нешеге толасың ?
8. Қазір кеш мезгілі ме, әлде түс мезгілі ме ?
9. Сен таңғы асты таңертең ішесің бе, әлде кешке ішесің бе ?
10. Алдымен кешкі асты іше ме, әлде түскі асты іше ме ?
11.Қазір қай жыл мезгілі:қыс па әлде көктем бе ; жаз ба, күз бе?
Неге олай ойлайсың ?
12. Шанамен қай кезде сырғанайды, қыста ма, әлде жазда ма ?
13. Не үшін қар қыста жауады, неге жазда жаумайды ?
14. Почташы не істейді? Мұғалім ше, дәрігер ше ?
15. Мектепте қоңырау не үшін беріледі ? Парта, сумка не үшін
қажет ?
16. Сенің мектепке барғың келе ме ? Не үшін барғың келеді ?
17. Оқушы жауап бергісі келсе қай қолын көтереді ?
18. Сенің сурет салғың келе ме? Сенің қарындашыңның түсі қандай?
19. Оң көзің қайсы, сол құлағыңды көрсетші. Құлақ пен көз не үшін
керек ?
20. Қандай жануарларды , құстарды білесің ?
21. Сиыр үлкен бе, ешкі үлкен бе ; құс үлкен бе ,ара ма ? Иттің аяғы
көп пе, әтештің аяғы көп пе ?
22. Қай сан үлкен: 8 әлде 5; 5 әлде 3 ? 6-дан 9-ға дейін және 5-
тен 3-ке дейін сана.
23. Біреудің затын сындырып алсаң, не істер едің ?

Нәтижені өңдеу.
1.Барлық сұраққа дұрыс жауабы үшін - 1 ұпай беріледі
(бақылау жұмысынан бөлек).
2.Бала дұрыс ,бірақ толық емес жауабы үшін - 0,5 ұпай ала алады.
3.Дұрыс жауап деп, сұраққа мағыналас жауап беруді есептеуге болады.
Мысалы:”Менің әкем Қарағанды шахтасында істейді”, “Әтешке қарағанда
иттің аяғы көп: итте 4 аяқ, әтеште 2 аяқ ”.

Жауап мына жағдайда қате болады:
Мама Айша, “Әкем 1 жұмыста істейді” және жылдардың белгілерін
білмесе немесе ажырата алмаса; көп, аз ұғымдарын ажырата алмаса.

4.Зерттеуге келесі сұрақтар жатады: 4 , 7, 10, 14,22.
Олар былай бағаланады: 4- қаланың атын атап, толық мекенін айту- 2 ұпай;
7- егерде бала өзінің нешеде екенін білсе -1 ұпай, егер айын есептей алса-
3 ұпай;
10- жыл мезгілдерін белгілеріне сәйкес айта білсе (ең болмағанда 3
белгісін)- 2 ұпай; 3-ке дейін атаса -1 ұпай;
14- мектеп атрибуттарын дұрыс атаса- 1 ұпай;
22-дұрыс жауапқа –2 ұпай;

5. 15-ші сұрақ 14 және 16-шы сұрақтар бойынша бағаланады. Егер ұпай саны
14-сұраққа-3 ұпай және 15,16 сұрақтарына дұрыс жауап берсе--Мектепте
оқуға дайын деп саналады.

Бастауыш сынып оқушыларының зейін деңгейін анықтау әдісі

1. Мыналардың ішінде асық ойыны қайсысы ?
а) көкпар, ә) ханталапай, б) тоғызқұмалақ
2. Мыналардың қайсысы үй жануары ?
а) мысық, ә) тиін, б) түлкі
3. Төрт түлік малға қайсысы жатады ?
а) қабылан, ә) түйе, б) қасқыр
4. Ішекті музыкалық аспап қайсысы ?
а) сыбызғы, ә) домбыра, б) керней

Зейіннің бөлінуін анықтау
Жүргізуші шағын сөйлемді дауыстап оқып отырып қарындашпен столды ақырын
тықылдатып отырады. Балалар мәтінді естерінде сақтап қалуы, әрі неше рет
тықылдатқанын есептеулері керек.
Оқылатын сөйлемдер:
Жақсы сөз жарым ырыс
1. Ақылды бол, арлы бол,
бақытты бол, малды бол,
өз қатарыңның алды бол.

Қорытынды баға
Тапсырма Баға Ұпай
Түгел есінде сақтап, дұрыс Жоғары 10
есептеген
2-3 қате жіберген Орташа 7
Жартысын есінде сақтаған, дұрыс Төмен 5
есептемеген
Есінде сақтай алмаған Өте төмен 3

Ландольт сақиналары әдістемесі зейіннің тұрақтылық және өнімділік
қасиетін анықтау

Мақсаты: Баланың зейінінің тұрақтылық және өнімділік қасиетін анықтау
көрсетілген нұсқауы арқылы жүргізіледі.
Нұсқау: “Мен сенімен қазір ойын ойнаймын, бұл ойынның аты “Мұқият бол және
жылдам жұмыс жасауға талпын”. Бұл ойында сен басқа балалармен жарысасың,
одан кейін біз сенің қандай нәтижеге қол жеткізгеніңді байқаймыз. Менің
ойымша, сен басқа балалардан гөрі жақсы орындайсың.”
Ары қарай балаға Ландольттың сақиналар бейнеленген іс қағаз көрсетіліп,
түсіндіріледі: ол сақиналар қатарын мұқият қарап шығып, бір жерден үзілген
сақиналарды тауып белгілеу керек.
Тапсырма 5 минутқа созылады. Әр минут сайын жүргізуші белгілеу деген
сөзді айтып тұрады және сол уақытта бала бұйрық берілген кезде тоқтаған
сақинаны белгілеу керек.
5 минут өткен соң жүргізуші бітіреміз дейді. Осындай сөзден кейін, бала
келген жерінен тоқтау керек және тігінен екі белгі қояды.
Нәтижені өңдеуде жүргізуші баланың әр минут сайын және бес минут
аралығында қарастырған сақина санын анықтайды. Сонымен қатар әр минутта
жіберілген қателер саны анықталады. Мына формула бойынша баланың зейінінің
тұрақтылығын және өнімділігін анықтауға болады

S = 0,5 N – 2,8 n ,
60
бұл жердегі: S –зейіннің өнімділігі мен тұрақтылығы;
N – баланың бір минутта қарастырған сақина саны
(егерде осы формуланың көмегімен зейіннің 5 минут ішіндегі тұрақтылық
өнімділігі анықталатын болса, онда N – бес минут аралығында қарастырылған
сақинаның санына тең болады, ал келесі n көрсеткіші –бес минут
аралығында жіберілген сандардың қатесіне тең. Ал осы формуланың бөлгіші –
300);
n – баланың осы уақыт аралығында жіберген қателер саны.
Нәтижені өңдеу барысында әр минуттық S көрсеткіші және барлық бес минутқа
байланысты S көрсеткіші есептеледі. Алған нәтижелері бойынша график
сызылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың интерпретациясы сияқты
жүргізіледі.

Зейіннің бөлінушілік қасиетін бағалау.

Мұнда Ландольттың шеңбер әдістемесіндей нұсқау беріледі. Сол ынталандырушы
материалы қолданылады. Бірақ бұл жағдайда балалар әр жерінен үзілген екі
түрлі сақинаны тауып бір мезгілде әр түрлі етіп белгілейді, мысалы:
жоғарыдан және сол жағынан, сонымен қатар бірінші сақинаны бір тәсілмен ал
екіншісін басқа тәсілмен белгілеу қажет.
Сандық өңдеу процедурасы мен нәтижелерді график түрінде көрсету
тәсілі алдыңғы әдістемедегідей, бірақ нәтижелері зейіннің бөлінушілік
қасиетін белгілейтін мәліметтер ретінде қарастырылады.

Ойлан, тап
Нұсқау: жанармай құюшы қызметкер жүргізушіге қай майдан құюды ұсынып тұр?
(қарындаш немесе қаламсап қолдануға болмайды)

Пиктограмма

Мақсаты: Тікелей емес есте сақтауды зерттеуге
бағытталған
Ынталандырғыш құрал: Пиктограмма жүргізу үшін балаға ақ парақ
(А4), қалам және есте сақтау үшін сөздер жинағы беріледі. 5-10 жастағы
балалар үшін келесі 12 сөз жинағы қолданылады:
Көңілді мейрам алдау
Дәмді кешкілік ас қоштасу
Қатал тәрбиеші даму
Ауыр жұмыс соқыр бала
Жылы жел қорқыныш
Ауру көңілді орта

Нұсқау: Мен қазір саған сөздерді оқимын, сен оларды есіңде сақтап
сабақтың соңында қайталауың керек. Сөздер көп, сондықтан есте сақтау қиын,
тапсырманы жеңілдету үшін параққа осы сөз сен үшін нені еске түсіреді,
соны салуыңа болады. Бірақ әріптерді емес суреттерді салу керек. Сөздер
көп, ал парақ біреу ақ болғандықтан суреттерді параққа сыятындай етіп сал.
Суреттің сапасы емес сөздің дұрыс мағынасы маңызды болып табылады.
Тесттің жүргізілуі: Балаларға жоғарыдағы берілген сөздер және сөз
тіркестері асықпай оқылады. Сонымен қатар зерттеуші бала әріптерді емес,
бейнелерді салуын бақылайды. Егер бала парақтың көп бөлігін алатын үлкен
фигуралар сала бастаса оған ескерту жасау керек. Ескерту 2-3 сөзден кейін
бір рет айтылады.
Егер зертеуші баланың ешқандай мақсатсыз және мағынасыз, ойына
келген, сөзбен ешқандай қатысы жоқ суретті салып жатқанына яғни ол нұсқауды
естімегеніне және түсінбегеніне күдіктенсе, баладан оның қандай сурет
салып жатқанын және оның сөзге қандай қатысы бар екенін сұрау керек.
Баланың сөзді ұмытпағанын анықтау керек.
Әр сөзді салуға берілетін уақыт шектелген және 1-2 минуттан аспау
керек. Егер балалар суретке қызығып, алғашқы суреттерге бөлшектер салып
жатса, зерттеуші балаға суреттің сапасы емес, оның айтылған сөзбен
байланысы маңызды екенін ескертеді.
Жұмыс аяқталған соң, зерттеуші қай сурет қай сөзге жататыны көріну
үшін суреттерді нөмірлеу керек. 20-30 минуттан соң балаларға өздерінің
сурет салған парақтары беріледі, оларға қарап бала сөздерді есіне түсіру
керек. Еске түсіргенде дұрыс еске түсірілген сөздер саны және қателер саны
есептеледі. Сондай-ақ дәмді кешкілік ас – тәтті кешкілік ас немесе
қоштасу – айырылысу сияқты сөздер дұрыс болып табылады.
Нәтижені талдау. Ең алдымен дұрыс еске түсірілген сөздердің саны
есептеледі. Бұл жастағы балалар үшін қалыпты норма 10-12 сөздер (яғни 100%
еске түсіру).
Бейнелі ойлаудың даму деңгейі суреттерді талдау арқылы зерттеледі.
Сондай-ақ ойлау деңгейі төмен балалардың суреттерінің тақырыппен байланысы
аз, ал бейнелі ойлау деңгейі жоғары дамыған балалардың суреттері заттың
мағынасын нақты көрсетеді. Мысалы: дәмді кешкілік асқа торт, тағам түрі
салынады. Балалардың бір типті, сөздің мағынасымен байланысы жоқ суреттерді
салуын ескеру керек. Бірақ бала сөздерді дұрыс еске түсіреді. Бұл жағдайда
ойлаудың төменгі деңгейі жақсы механикалық есте сақтаумен орны
толтырылады.
Суреттердің парақта бір келкі емес, орналасуы, шектен тыс үлкен болуы
ұйымдастырушылықтың төменгі деңгейін көрсетеді.

Есте сақтау типін зерттеу
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау түрлерінің (көру, есту,
қимыл-қозғалысты) ерекшеліктерін және деңгейін зерттеу.
Қажетті құралдар: Есте сақтауға арналған тесттік сөздер жиынтығы.
Орындалуы: Оқушыларға есте сақтау үшін 4 топтағы сөздер біртіндеп
ұсынылады.
0. бөлім
Нұсқау: Мен қазір сендерге бірқатар сөздерді оқимын. Сіздер зейін қойып
тыңдаңыздар және барлық сөздер ұсынылып болғаннан кейін естеріңде қалған
сөздерді жазыңдар
Бірінші жиындағы сөздер арасында 4-5 секунд үзіліс болады (оқу барысында).
10 секундтық үзілістен кейін оқушы есінде қалған сөздерді жазып шығады.
Бірнеше уақыттан кейін (10 минут) оқушыларға көру арқылы есте
сақтауға арналған сөздердің екінші жиынтығы ұсынылады.
1. бөлім:
Нұсқау: Қазір тақтада жазылған сөздерді зейін қойып оқып алып, соңынан
есінде сақтағаның бойынша жазып шығасың.
2. бөлім:
Нұсқау: Қазір мен сөздерді дауыстап оқимын, ал сен артынша сөздерді
саусақтарыңмен ауада жазып отырасың. Барлық сөздер оқылып болғаннан кейін,
есіңде қалған сөздерді параққа жазып шығуың қажет.
5-10 минуттық үзілістен кейін көру-қозғалысты есту арқылы есте сақтауға
арналған сөздер ұсынылады.
3. бөлім:
Нұсқау: Қазір мен сөздерді оқимын, ал сендер осы уақытта үлестірмелі
қағаз бойынша сөздерді байқап және әр сөздерді іштей жәймен қайталаңдар.
Соңынан естеріңде қалған сөздерді жазыңдар.
Нәтижелерді өңдеу:
Алдымен әр жобада дұрыс жаңғыртылған сөздер анықталады.
Алынған көрсеткіштер келесі кестеге енгізіледі:

Оқушылардың Есте сақтау типтері
аты-жөні
Көру 0,7 Есту 0,5 Қозғалысты Көру-қозғалыс
0,6 ты 0,8
1
2
3
4
5
6
7

Топтық көрсеткіштер бойынша негізгі талдау:
- Сынып оқушыларының есте сақтауының басым типі қандай ?
- Есте сақтаудың қандай типі жақсы дамыған ?
- Топ мүшелерінен ерекшеленетін жеке нәтижелер бар ма ?

Зерттеуге арналған қосымша сұрақтар:
1) Есту есте сақтауға арналған:
қанат, тау, ағаш, сарай, таяқ, қағаз, сия, ара, қияр, терезе.
2) Бейнелі есте сақтауға арналған:
жер, шаш, теңіз, тас, қабық, үй, белгі, тышқан, тал, ертегі.
3) Қозғалысты есте сақтауға арналған:
дене, оқ, аспан, құм, кітап, бұтақ, шатыр, шам, ит, жұмбақ
4) Көру-қозғалысты есте сақтауға арналған:
өзен, өсімдік, арба, ешкі, мұғалім, апельсин, шөп, қасқыр, карта, саңырау
құлақ.

Санды есте сақта

Мақсаты: Бұл әдіс баланың қысқа уақытта есту есінің
көлемін анықтауға арналған.
Нұсқау: Қазір мен саған сандарды айтамын, ал сен
тез қайталап айтуың керек.
Орындалуы: Ары қарай зерттеуші балаға ретімен төмендегі суретте
берілген сандарды жоғарыдан төмен қарай оқиды , әр санды атағанда арасы 1
секунд болу керек. Әр қатардағы сандарды оқығаннан кейін бала зерттеушінің
ізінен кейін қайталауы керек. Бала қате жібергенше жалғаса береді. Егер
дәл сондай қате жіберілген сан қатарына ұқсайтын қате жіберілсе, оң
жақтағы сан қатарын қайталап, балаға еске түсіруін сұрайды. Егер бала
екінші рет сан қатарын еске сақтап, атағанда да дәл солай қателессе,
онда мына берілген бөлімдегі психодиагностикалық зерттеу аяқталады, өткен
қатардағы ең болмаса бір рет толығымен және қатесіз есте сақтаған
қатардың ұзындығы белгіленеді және қарама-қарсы реттегі сандарды оқиды.
(А,Б суреті)
Нәтижесінде баланың қысқа уақытта есту еске сақтау көлемі
анықталады.

Қорытынды баға

Тапсырма Ұпай
Бала орташа 9 санды дұрыс атаса 10
Бала орташа 7-8 санды дұрыс атаса 8-9
Бала орташа 5-6 санды дұрыс атаса 6-7
Бала орташа 4 санды дұрыс атаса 4-5
Бала орташа 3 санды дұрыс атаса 2-3
Бала орташа 0-2 санды дұрыс атаса 0-1

10 ұпай - өте жақсы
8-9 ұпай –жоғары
4-7 ұпай –орташа
2-3 ұпай –төмен
0-1 ұпай -өте төмен

А Б
1 3
24 79
386 154
1585 6852
46239 35961
489173 796483
5174238 9852163
14259763 42701895
А Б
19163258 45719283
8592346 1795846
165298 317692
41372 28591
9265 4937
417 152
25 83
3 6

Сөздерді жатта.
Мақсаты: Осы әдістеменің көмегімен ес процесінің қайта жаңғырту түрін
анықтаймыз.
Орындалуы: Бала бірнеше мүмкіншіліктен кейін қатесіз 12 сөзді айтып шығуы
керек. Олар : ағаш, қуыршақ, шанышқы, гүл, телефон, стакан, құс, пальто,
шам, сурет, адам, кітап.
Қатарды есте сақтау былай жүреді. Әрбір естіген сөзден кейін бала
барлық қатарды қайта жаңғыртуға мүмкіндік алады. Жүргізуші баланың еске
түсірген және дұрыс атаған сөзінің сапасын белгілейді, одан кейін сол
қатарды одан әрі есептей береді. Мұнан кейін барлық нәтиже толық алынып
болғанға дейін алты мүмкіндік жасалады. Жаттығудың нәтижесі келесі
графикте көрсетіледі, графиктегі көлденең баланың жаңғыртқан қатары.
Тігінен әрбір мүмкіндікте баланың дұрыс айтқан сөзінің сапасы.

Бағалау нәтижесі.
10 ұпай – бала қатесіз 12 сөзді айтып 6 мүмкіндік жасады.
8-9 ұпай - бала 6 мүмкіндікте 10-11 сөзді айтты.
6-7 ұпай - бала 6 мүмкіндікте қатесіз 8-9 сөзді атады.
4-5 ұпай - бала 6 мүмкіндікте қатесіз 4-5 сөз атады.
2-3 ұпай - бала 6 мүмкіндікте қатесіз 5-4 сөз атады.
0-1 ұпай – бала қатесіз 6 мүмкіндікте 3 сөзден артық айта алмады.

10 ұпай -өте жоғары.
8-9 ұпай - жоғары.
4-7 ұпай - орташа.
2-3 ұпай -төмен.
0-1 ұпай-өте төмен.

Ілмек әдісі
Мақсаты: бастауыш мектеп жасындағы баланың санды есте сақтауын анықау .
Қажетті құралдар: үлкен анық етіп жазылған 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8
сандары
Нұсқау: Қазір мен сендерге әр санды жеке-жеке 3 секунд аралығында көрсетіп
шығамын, содан кейін сендер әр санды бейнесіне қарай неге ұқсатасыңдар, сол
бойынша сандарды бейнемен ауыстырыңдар.
Үлгі: 0 – шеңбер
1 – ілмек
2 – құлақ
3 – З әрпі
4 – орындық
5 – жұлдыз
6 – ожау
7 – қазына-нота
8 - өрмекші, т.с.с

0 1 3 4

5 6 7 8

Есте сақтау үрдісінің динамикалық ерекшеліктері

Орындалуы: Балаға 10 сөзден тұратын сөздер қатары беріледі. Әрбір реттің
қайталануынан бала қателеспейтіндей қатардағы сөздің саны анықталады.
Балаға есте сақтау үшін сөздер қатарының ішінен біреуін таңдау
ұсынылады:
1. Үй, парта, ақ, жақсы, алмұрт, бор, күшті, кесе, шырақ, үстел;
2. Мысық, қаламсап, қызыл, машина, биік, бояу жаққыш, мама, кітап, тауық;
3. Ит, терезе, гүл, кілем, төмен, конверт, аспан, әріп, түс;
4. Сағат, жел, балық, жұлдыз, піл, кәмпит, қағаз, стөл, жіп;

Ескерту. Бастауыш сыныптағы және мектепке енді баратын балалардың есте
сақтау үрдісінің динамикалық ерекшеліктерін анықтауда , әртүрлі сөздердің
жинағын тиімді қолдануға болады.
Қайталаудың саны және оның қайта жаңғырту бұл әдісте 6 рет қана жасалады.
Есте сақтауды тексеру қорытындылары график түрінде беріледі. График
негізінде есте сақтаудың 2 түрлі динамикалық көрсеткіші анықталады.
1) есте сақтау динамикасы
2) есте сақтау жемістілігі

Сөз қатарының қайталану саны.
Есте сақтау процесінің динамикасы мінез бойынша қисық құрылады. Қайталаудан
қайталауға дейін қисық жоғары бағытталса, бұл жеткілікті динамикалық болып
табылады.
Егер қайталаудан қайталауға дейін нәтиже жақсармаса, орташа динамикалық
болып табылады. Егер керісінше жақсарса динамикалық емес процесс болып
табылады.

Нәтиже бағасы
Алынған мәліметтер бойынша келесі шкалалар бойынша 3 бағаның біреуіне ие
болады.

Есте сақтаудың жеткілікті динамикасы -өте жақсы.
Орташа динамикалық – қанағаттандырарлық.
Динамикалық емес – қанағатсыз.

Есте сақтау өнімділігі ұпай бойынша көрсетіледі.
10 ұпай – бала 10 сөзді де қатесіз есте сақтайды.
8-9 ұпай – бала 6 рет қайталанғанда 10 сөзді есте сақтайды.
6-7 ұпай - 6 рет қайталанғанда бала 7-9 сөзді дұрыс есте сақтайды.
4-5 ұпай - 6 рет қайталанғанда бала 4-6 сөзді дұрыс есте сақтайды
2-3 ұпай - бала тек 2-3 сөзді ғана есте сақтады.0-1 ұпай -6 рет
қайталанғанда бала тек 1 ғана сөзді есте сақтайды.

Тікелей емес есті анықтау
Қажетті құралдар: парақ, қағаз, қалам.
Нұсқау: Мен қазір саған әр түрлі сөздер мен сөйлемдерді айтамын, мұнан
кейін шағын үзіліс болады. Бұл уақытта сен параққа суретін саласың немесе
есіңде қалған сөздерді жазуың керек. Суреттерді немесе жазбаларды тез арада
орындау қажет, әйтпесе біз барлық тапсырмаларды орындап үлгермейміз. Сөздер
мен сөйлемдердің айтылуын міндетті түрде есте сақтау керек.
Үй. Таяқ. Ағаш. Жоғары секіру. Күн жарқырап тұр. Көңілді адам. Балалар доп
ойнап жүр. Сағат тоқтап тұр. Қайық өзеннің бойында жүзіп жүр. Мысық балық
жеп отыр.
Балаға әрбір сөзді немесе сөз тіркестерін оқығаннан соң зерттеуші 20
секунд үзіліс жасайды. Осы уақыттың ішінде бала параққа бір нәрсені
бейнелеп үлгеру керек, сол сурет арқылы ол қажетті сөздерді және айтылуын
еске түсіреді. Егер осы берілген уақытта бала тапсырманы орындай алмаса,
онда зерттеуші оны тоқтатып келесі сөздерді оқиды.
Зерттеуді аяқтаған соң психолог баладан суретті және жазуларды
қолдану арқылы оқыған сөздерді еске түсіруін сұрайды.
Бағалау нәтижесі
Әрбір дұрыс айтылған өзіндік сурет немесе жазылған сөздер және сөз
тіркестеріне бала 1 ұпай алады. Дұрыс айтылған сөздер мен сөз тіркестері
есептеліп қана қоймай, есте сақтаудың қалпына келуі тура мағыналы
сөздермен тексеріледі. Шамамен дұрыс айтылғандар 0,5 ұпаймен,ал қате
сөздер 0 ұпаймен бағаланады.
Әдістеме қорытындысы бойынша жоғары баға 10 ұпайға тең. Мұндай
бағаны бала тек қана сөздер мен сөздің айтылуын дұрыс еске түсіргенде
алады. Төменгі баға - 0 ұпай: бала өзінің суреті бойынша және жазылуы
бойынша бірде – бір сөзді жаза алмайды, сурет сала алмағандықтан есіне
түсіре алмайды.

Даму деңгейінің қорытындысы.
10 ұпай - өте жоғары дамыған есту есі;
8-9 ұпай – жоғарғы дамыған есту есі;
4-7 ұпай – орташа дамыған есту есі;
2-3 ұпай – төмен дамыған есту есу;
0-1 ұпай - өте төмен дамыған есту есту

Естің әртүрлі қасиетін зерттеуге арналған тесттер

Тест. (6-8 жас)
Көру, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді есті бағалау.
Балаға таныс заттар бейнеленген 10 суретті кезекпен көрсетеді, әр суретті
көрсету уақыты 1-2 секунд. Барлық 10 суретпен танысып болғаннан кейін,
баладан еске сақтаған заттарды кезекпен айтып шығу сұралады. Рет саны
маңызды емес.
Баланың есте жалпы саннан қанша затты атағаны ескеріледі. Балаға ұмытып
қалған суретті қайта көрсетіңіз. 10 минуттан кейін барлық суреттерді еске
түсіруі сұралады.
Нәтижені белгілеп қойыңыз. 1 сағаттан кейін суреттердің барлығын еске
түсіру ұсынылады. Әдетте, 6-7 жастағы бала 10 заттың 7-8 сіздің көмегіңіз
арқылы қайта жаңғыртады.

Тест. Сөзді еске сақта
Ұзақ және қысқы мерзімді – есту есін бағалау. Балаға келесі он сөз оқылады
– үстел, дәптер, сағат, ат, аға, алма, ит, терезе, шам, от.
Жүргізуші осы сөздердің есте қалғанын айтып шығуды өтінеді.
6 – 7 жасар бала 5 – 6 сөзді қайталайды. Бұл қысқа мерзімді ес үшін жақсы
көрсеткіш.
Бала атамаған сөздерді атау және 5 рет қайталау, әдетте 5 қайталағанда бала
9 – 10 сөздің бәрін айтады. Бір сағаттан кейін бұл жаттығуға қайта оралып
баладан еске түсіру сұралады. 6 – 7 жастағы бала үшін 7 – 8 сөзді еске
түсірсе жақсы көрсеткіш.

Тест. Сөз тіркесін есіңе сақта
Мағыналық есті бағалау.
Балаға сөз тіркестерін оқу, мысалы:

1. Күзде жауын жауады.
2. Балалар ойнағанды ұнатады.
3. Бақта алма мен алмұрт өседі.
4. Әуеде ұшақ ұшады.
5. Бала апасына көмектеседі.
Баладан есте қалған сөз тіркесін қайталау ұсынылады. Мұнда ең бастысы сөзбе-
сөз қайталау міндетті емес, әрбір сөз тіркесінің мағынасын жеткізсе болады.

Бірінші рет бала сөз тіркесінің бәрін айта алмаса тағы бір рет қайталаңыз.

Есту, көру, моторлы-естуді анықтау.
Көру есі (8 жасар)
Оқушыларға 10 сөзді көру арқылы қабылдау ұсынылады (сыныпта тақтаға баған
түрінде жазылады).
Мұнан кейін балаларға еске сақтаған сөздерін жазып шығу айтылады. Алты
қайта жаңғыртылған сөз көру есінің дамуы.

Моторлы – есту есі (8 жастан)
Келесі сөзді дауыстап оқимыз – дене, оқ, құм, кітап, жел, шам, ит, жұмбақ,
аспан, жаңбыр.
Балалардан осы сөздерді ауада жазу ұсынылады. Мұнан кейін осы сөздерді
дәптерді жазулары қажет.

Әңгіме құрайық әдістемесі

Мақсаты: Қиял деңгейін анықтауға арналған.
Орындалуы: Балаға әңгіме құрауға тапсырма беріледі. Ойланып, әңгіме
құруға 1 минут, ал оны қайталап айтуға 2 минут уақыт беріледі.

Қорытынды баға
Бұл әдістемеде баланың қиялының даму деңгейі төмендегі көрсеткіштер
бойынша бағаланады:
1. Әңгімені ойлану жылдамдығы;
2. Әңгіменің өзіндік құрылымы, ерекшелігі;
3. Әңгімеге пайдаланған бейнені түрлендіру;
4. Әңгімеде алынған бейнені анықтауы және талдауы;
5. Әңгімеде алынған бейненің сезімділігі, әсерлілігі;

Әрбір көрсеткіш бойынша төмендегі тәртіппен 0,1 не 2 ұпай қойылады:
1- көрсеткіш бойынша:
а) Егер бала әңгіме құруға 30 сек уақыт жұмсаса –2 ұпай
б) 30 секундтан 1 минутқа дейін уақыт жұмсаса –1 ұпай
в) 1 минут ішінде әңгіме ойлап таба алмаса – 0 ұпай
2 – көрсеткіш бойынша:
а) Егер бала бұрын көргенін, не естігенін жай жаттанды түрде әңгімелесе
–0 ұпай
б) Бұрын көргеніне, не естігеніне өз ойын қосса – 1 ұпай
в) Әңгіменің құрылымы мен ерекшелігін түгел өзі ойлап тапса –2 ұпай
3 – көрсеткіш бойынша:
а) Егер бала әңгіменің басынан аяғына дейін бір кейіпкердің (жағдайын,
затын) мінез-құлқын жалаң түрде қайталап айта берсе – 0 ұпай
б) Әңгімеде әртүрлі бейне қолданса, 2-3 кейіпкер кездессе және оларға
әртүрлі мінездеме берілсе – 1 ұпай
в) Әңгімеде 4 және одан да көп кейіпкерлер болса және әңгімелеуші оларға
әртүрлі бағытта мінездеме берсе – 2 ұпай
4 –көрсеткіш бойынша:
а) Егер бала әңгімеде кейіпкерді атап қойып, оған қосымша мінездеме
бермесе – 0 ұпай
б) Әңгімеде кейіпкерді атаса және басқа 1-2 белгі көрсетсе –1 ұпай
в) Әңгімеде айтылған зат үш және одан да көп белгімен
сипатталса – 2 ұпай
5 – көрсеткіш бойынша:
а) Егер әңгімедегі бейне тыңдаушыға ешқандай әсер
қалдырмаса, әңгімелеуші өз тарапынан ешқандай сезім
тудырмаса –0 ұпай
б) Әңгімелеуші өз сезімін жеткізе алмаса, тыңдаушы оны әсерсіз қабылдаса –1
ұпай
в) Әңгімелеуші әңгімесін үлкен сезіммен, мәнерлеп жеткізсе және
тыңдаушыларға жақсы әсер қалдырса –2 ұпай

Қиял деңгейінің көрсеткіші
10 ұпай - өте жоғары
8-9 ұпай – жоғары
4-7 ұпай – орташа
2-3 ұпай – төмен
1. ұпай - өте төмен
Ойлау.
Нысаналардың ұқсастығы, айырмашылығы және себебін анықтау.
Себептерді анықтау, түсініктің анықталуы – бұл бала дамуындағы
интеллектуалдық процесті бағалай отырып ойлау операциясы болып табылады.
Ойлаудың ерекшеліктері баланың келесі сұрақтарға дұрыс жауап беруімен
анықталады.

1. Жануардың қайсысы үлкен: ат немесе ит?
2. Адамдар таңертеңгілікті азанда ішеді. Түскі және кешкі тамақты ішіп
не істейді? (түстенеді, кешкі тамақты ішеді).
3. Күндіз көшеде жарық, ал кешке? (қараңғы)
4. Аспан көк, ал шөп ? (жасыл)
5. Алма, шие, өрік, алмұрт –(жеміс –жидектер)
6. Поезд жүргенде, неге шлагбаумды жабады?
7. Москва, Киев, Хабаровск? (қалалар)
8. Қазір сағат қанша (балаға сағат көрсетіп, сұрайды)
9. Кішкентай сиырды бұзау дейді. Ал кішкентай күшік пен кішкентай қойды
не деп атайды? (күшік, қозы)
10. Ит қайсысына көбірек ұқсайды? Мысыққа немесе тауыққа? (өз ойынша
түсіндіру керек)
11. Машинаға тежегіш не үшін керек?
12. Балға мен балта бір-біріне несімен ұқсайды? (ұқсас қызмет атқаратын
құралдар)
13. Мысық пен тиіннің өзара қандай ұқсастықтары болуы мүмкін, ортақ? Бұл
сұрақта екі мағынада болуы керек, мысалы; бұл талға міне алатын,
жұмсақ терісі, құйрығы, төрт аяғы бар жануар)
14. Шеге, винт және шуруптың бір бірінен қандай айырмашылығы бар? (Дұрыс
жауап: шегенің беті тегіс, ал винт және шуруп кесілген, шегені
балғамен ұрады, ал винт пен шурупты бұрайды)
15. Футбол, ұзындыққа секіру, теннис, шомылу бұлар не ? (спорт түрлері)
16. Көліктің қандай түрлерін білесің? (кем дегенде көліктің екі түрін атау
керек)
17. Кәрі адам жас адамнан қалай ажыратылады? (қарттардың жастардан
айырмашылығының екі белгісін атау керек)
18. Адамдар спорт және дене тәрбиесімен не үшін айналысады? (денсаулық
сақтау, мықты, әдемі, ұзын болу үшін)
19. Егер адам жұмыс істегісі келмесе, неге оны жаман деп санайды? (дұрыс
жауаптар: себебі барлақ адамдар жұмыс істеу керек, жақсы өмір сүру
үшін, жұмыс істемесе тамақ, үйің, киімің болмайды)
20. Неге хатқа марка жабыстыру қажет? ( дұрыс жауап: марка – бұл хат
жіберу үшін төленген ақының белгісі)

Нәтижесін шығару
Бала әрбір дұрыс жауабы үшін 0,5 ұпай алады. Сондықтан бұл әдісте бала ең
жоғарғы 10 ұпайға ие болады.
Ескерту. Дұрыс жауап осы мысалдарға сәйкес келетіні ғана емес, баланың
басқа дұрыс жауаптары да есептеледі. Егер баланың дұрыс жауап бергеніне
сенімсіз болсаңыз, онда 0,25 ұпай қоюға болады.

Даму деңгейінің қорытындысы

10 ұпай - өте үлкен
8-9 ұпай –үлкен
4-7 ұпай –орташа
2-3 ұпай –төмен
0-1 ұпай - өте төмен

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың ақыл-ой дамуының деңгейін анықтау.
(З.Ф.Замбициявич ұсынған)

Вербальды тапсырмаларды қосқанда тест төрт субтестен тұрады,бастауыш
сыныптардың бағдарламалық материалынан жинақталып алынған.

1. Субтест.Заттардың нақты белгілерін ,дифференциациясын және нақты емес
белгілердің пайда болуын және сыналушы білім деңгейін зерттеу.

2.Субтест.Нақты заттардың белгілерін және пайда болуын ажырата білу
қабілеті,жалпылау және бұрмалау операцияларын зерттеу.

2. Субтест.Логикалық ойлау қабілетін және
түсініктер аралығындағы қатынасты зерттеу.

4. Субтест.Жалпылау қасиетін анықтау.
Бұл тест сыналушы мен жеке өткізілгені дұрыс.Бұл
қосымша сұрақтар арқылы қателіктерін анықтауға және ойын зерттеуге
көмек береді.
Жүргізуші тапсырманы дауыстап оқиды,себебі бала бірге ішінен
қайталап отырады.

1. Субтест.
а) етікте бар ...(бау,тоқыма,табан,белбеулер,түймел ер)
б) жылы жақта өмір сүреді... (аю,бұғы,түйе,тюлень)
в) бір жылда...(24,3,12,4,7) айлар бар.
г) қыс айы ...(қыркүйек,қазан,ақпан,қараша,науры з)
д) ең үлкен құс ...(қарға,түйеқұс,қаршыға,торғай,бүрк іт,үкі)
е) раушан-бұл... (жеміс-жидек,гүл ,тал)
ж) үкі әрқашан ұйықтайды (түнде,таңертең,күндіз,кешке)
з) су әрқашан (мөлдір,суық,сұйық,ақ,тәтті,)
и)талда әрқашан бар... (жапырақ,гүл,жеміс,тамыр,көлеңке)
к)Ресей қаласы (Париж,Москва,Лондон,Варшава,София)

2-Субтест.Бұл жерде әр қатарда бес сөз берілген,бұлардың төртеуін топқа
біріктіре бір ұғым береміз,ал бір сөз бұл топқа жатпайды.Осы артық сөздің
астын сызып көрсет.

а)жауқазын,лилия,ас бұршақ,түймедақ,қоңырау гүл.
б)өзен,көл,теңіз,көпір,саз.
в)қуыршақ,қонжық,құм,доп,күрек.
г)Киев, Харьков, Москва, Донецк,Одесса.
д)ақ қайың,жаңғақ тал,үйеңкі,терек,қарағай
е)шеңбер,үшбұрыш,төртбұрыш,тіктөртб ұрыш,шаршы.
ж)Иван,Петр,Кестеров,Макар,Андрей
з)тауық,қораз,аққу,қаз,үндік.
и)күні,бөлу,қосу,көбейту.
к)көңілді,тез,мұңлы,тәтті,ұқыпты.

3-Субтест.Мына мысалдарды мұқият оқы.Бір-бірімен байланысты бір топ сөздер
сол жақ бағанада жазылған.(мысалы,орман,талдар). Оң жақта асты сызылған
бір сөз (мысалы,кітапхана) және сызықтың астында бес сөз
(мысалы,бақша,аула,қала,театр,кітап тар).Саған сызықтың астындағы бес сөздің
біреуін таңдап алып,сызықтың үстіндегі бір сөзбен қосу керек.Бірінші
мысалдағыдай.
Мысалдар:
Орман (ағаш =кітапхана)бақша,аула,қала,театр, кітаптар.
Жүгіру (тұру=айқайлау) Үндемеу,еңбектеу,шулау,шақыру,жылау .
Яғни,сол жақ пен оң жақ сөздер арасындағы байланысты табу керек.
а) қияр георгин
------------ = --------- ----- --------------------------
жидек арам шөп,шық,бақша,гүл,жер

б)мұғалім дәрігер
-------- ----------------------------------- ----------
оқушы төсек,науқастар,палата,термометр

в)бақша бау-бақша
----------- ----------------------------------- -----------
--
сәбіз дарбаза,алма тал,құдық,орындық,гүл

г) гүл құс
--------- ----------------------------------- ------
-------
құмыра тұмсық,шағала,құстың ұясы, жұмыртқа

қолғап етік
д) ---------- ----------------------------------- -------
-------
қол шұлық,табан,тері,аяқ,шөтке

е) қараңғы дымқыл
----------- ----------------------------------- -----
-------
жарық жарық,сырғанақ,құрғақ,жылы,суық

ж) сағат термометр
--------- ----------------------------------- --
----------
уақыт шыны,температура,төсек,науқас,дәрі

з) машина қайық
----------- ----------------------------------- --
----------
матор өзен,теңізші,саз,желкен,толқын

и) орындық ине
------------- -----------------------------------
-----------
ағаш өткір,жұқа жылтыр,қысқа,темір

к) стол еден
------------ ----------------------------------- ---
-----------
скатерть жиқаз,кілем,шаң,тақтай,шегелер.

Субтест.Бұл жұп сөздерді бір ұғым мен атауға болады.
Мысалы;сым,көйлек,...киім,ұшбұрыш ,тік төртбұрыш...фигура.

Әр жұптарға ат ойлап тап.
а)сыпырғы,күрек...
б)окунь,карась...
в)жаз,қыс...
г)қияр,қызанақ...
д)сирень,итмұрын...
е)шкаф,диван...
ж)күн,түн...
з)піл,құмырсқа...
и)маусым,шілде...
к)ағаш,гүл ...

Дұрыс жауаптар.
а)Асбұршақ
б)көпір
в)құм
г)Москва
д)жаңғақ тал
е)укзка
ж)Нестеров
з)Аққу
и)күні
к)тәтті

1-Субтест

а)табан
б)тұйе
в)12
г)ақпан
д)түйеқұс
е)гүлдер
ж)күн
з)сұйық
и)тамыр
к)Москва

3-Субтест.

а)георгин,гүл
б)дәрігер,науқас
в)бақша,алма ағаш
г)құс,ұя
д)етік,аяқ
е)дымқыл,құрғақ
ж)термометр,ткмпература
з)қайық,желкен
и)ине,темір
к)еден,кілем

4-Субтест

а)жұмыс құралдары
б)балық
в)жыл мерзімі
г)жидек
д)куст
е)жиһаз
ж)өсімдік
з)тәулік мерзімі
и)жануар
к)жаз айы

Баға және интерпретация қорытындысы.
1-Субтест.
Егер бірінші тапсырманың жауабы дұрыс болса,не үшін бау емес?деген сұрақ
қойылады.Дұрыс түсіндірілгеннен кейін дұрыс жауап 0,5 ұпаймен
бағаланады.Егер жауап қате болса,балаға дұрыс ойланып жауап таңдау үшін
көмек беріледі.Екінші мүмкіндіктен кейін дұрыс жауапқа 0,5 ұпай
беріледі.Бұл субтестіге е және к дайындықтарына жауап қайта қате болса,онда
әрқашан сөзінің мағынасы зерттеледі.Дұрыс жауап-сұрақтары үшін – субтестіге
дайындық сұрақтары қойылмайды.

2-Субтест.Егерде 1 сұраққа жауап дұрыс болса, “неге ?” сұрағы
қойылады.Дұрыс түсндірілген жауапқа 1 ұпай,ал дұрыс емес жауапқа 0,5
ұпаймен бағаланады.Егер де жауап қате болса,жоғарыда айтылғандай
қолданылады. Екінші мүмкіндіктен кейін дұрыс жауап үшін 0,5 ұпай қойылады.
2 Субтест дайындықтарына да қосымша сұрақтар қойылмайды.

3-Субтест.Дұрыс жауап үшін -1 ұпай,- мүмкіндіктен кейінгі жауап үшін 0,5
ұпай.

4-Субтест.Егер де жауап қате болса,тағы да келтірілген жауаптарға бағалар
теңдестірілген.3-4 субтестерді шешкен кезде анықтаушы сұрақтар қойылмайды.
Қорытындыларды зерттеу үшін әр баланың алған әр субтесте алынған және
барлық субтестерді қоса алынғандағы ұпай сандары есептелінеді.Әр зерттелуші
барлық субтестерді қосқанда ең жоғары 40 ұпай алу керек(100 пайыздық
үлгеріммен).Сонымен қатар 2 мүмкіндіктен кейін алынған дұрыс жауаптар
ұпайларын есептеу дұрыс болады.Экспериментатор балаға қайта ойлануға
мүмкіндік бергеннен кейін,дұрыс жауаптар көбейетін болса,бұл баланың
алғашқы зейінінің дұрыс еместігін және ойланбай жауап бергендігін
көрсетеді.
2 Мүмкіндіктің дұрыс жауаптарының ұпайларын қосу – баланың психикалық
дамуында кешеуілдеу бар екенін және қай кезеңіне жататынын анықтауға
мүмкіндік береді.
Субтестердің үлгерімділік бағасының шешуі мына формула арқылы шешіледі
ҮБ=X.100%

Мұндағы Х-сыналушы адам алған ұпай саны.
Ұпайлау негізінде жекелік белгілерін бөлу үшін келесі үлгерімділік
деңгейлері таңдалды;
4 .үлгерімділік деңгейі -32 ұпай және одан жоғары (80-100%ҮБ).
3 .үлгерімділік деңгейі-31,5-26 ұпайлар (79,9-65%)
2 .үлгерімділік деңгейі 25,5-20 ұпайлар (64,9-50)
1.үлгерімділік деңгейі 19,5 және одан төмен ұпйлар (49,9% және одан төмен)

Оқушылардың өзін бағалауын зерттеу әдістемесі

Егер сен осы сұрақтарға жауап берсең,міндетті түрде өзіңді тағы бір қырынан
танитын боласың.Тестің сұрақтарын оқы. Ойлан.Толған. Оларға жауап бер.

1.Сабақ үстінде сен өзіңнің парталас бір досыңмен бір маңызды тақырыпқа
сөйлесіп отырсыңдар. Сен мұғалімнің сендер жаққа жақтырмай қарағанын
аңғардың. Сонда сен не істейсің?
А.Түк болмағандай сөзіңді жалғастыра бересің -1 ұпай;
Ә.Мұғалімнің ары қарағанын күтіп, көршіңе қайта бұрыласың -2 ұпай;
Б. Сен ескерту алатыныңды түсінесің -3 ұпай;
В.Сол сәттен қоңырау соғылғанға дейін тыныш отырасың -4 ұпай.

2. Анаң сен ұнататын 200 грамм кәмпит сатып әкелді. Бұл тәттілер сенің
үйіңде қанша күн сақталады ?
А. 200 грамм ба? Ол аз. Мен оны бір отырғанда-ақ жеп қоямын! -1 ұпай;
Ә. Мен сол сәтте кем дегенде оның жартысын жеймін – 2 ұпай;
Б.Мен бірден бірнешеуін жеп,қалғанын кейінге қалдырамын – 3ұпай;
В. Мен асықпаймын. Рахаттана түсу үшін,күніне бір тал кәмпиттен ғана жеп
отырамын -4 ұпай;

3.Жұма күні саған дүйсенбіге дейін орындалуы тиіс үй тапсырмасы берілді.
Сен оны орындаауға қашан кірісесің?
А.Оны орындамасам да болады ... -1ұпай;
Ә. Жексенбі күні кешкісін -2 ұпай;
Б. Сенбі күні -3 ұпай ;
В.Тура жұма күні мектептен келісімен -4 ұпай;

4.Досың сенің көзіңше бір күлкілі жағдайға ұшырады. Сен оны қанша уақытқа
дейін мазақтап жүресің?
А.Ұзақ уақыт сол оқиға ұмтылғанша -1ұпай;
Ә. Бірнеше күн деп ойлаймын -2 ұпай;
Б. Бір-екі күн күліп ұмытып кетемін -3 ұпай;
В. Мен оны мүлдем мазақтамаймын – 4ұпай;

5. Сенің туған күніңе әжең 500 теңге сыйлады. Сен оны қашан, қалай
жұмсайсың?
А. Сол күні-ақ дүкенге барып,сағыз,газды сусын, шокалад,балмұздақ
сатып аламын -1 ұпай;
Ә. Мен оны жұмсамас бұрын ойланамын. Содан кейін барып керек затымды
аламын – 2 ұпай;
Б. Мен асықпаймын. Қашан маған керегі болғанша ,оны сақтап қоямын -3 ұпай;
В.Мен өзім жинап жүрген қорыма қосып қоямын -4 ұпай;

6. Мінекеи, көктем де келді! Кешқұрым жылы, қараңғылық кештеу түседі ...
Сен достарыңмен қызықты ойын ойнап жатырсың. Үйге кешігіп келуің мүмкін
бе?
А.Әрине! Мен бір нәрсемен айналысып жатқанда, дүниенің бәрін ұмытып
кетемін -1 ұпай;
Ә. Егер шынымен қызықты болса ,мен ойынды жағастыра бермін -2 ұпай;
Б. Әрдайым мен уақытты бақылай білемін – 3 ұпай;
В. Мен ойын барысында да үйге кеш бармау үшін, сағатыма қарап отырамын -4
ұпай;

Сен айтысуды қашан тоқтатасың?
А. Мен қарсыласымды мойындатқанда ғана тоқтаймын -1 ұпай;
Ә. Өз пікірімді айтып болғаннан кейін – 2 ұпай;
Б. Айтысудың қажетсіз екеніне көзім жеткенде ғана -3 ұпай;
В. Айтысуды мүлдем ұнатпаймын -4 ұпай;

8. Әлбетте ,компьютерлік ойындарды жақсы көресің. Саған керемет бір ойын
кездесті. Сен онымен қанша уақыт ойнай аласың?
А. Өмір бойы – 1ұпай;
Ә. Күні бойы – 2 ұпай;
Б.Бірнеше сағат -3 ұпай;
В.Бір сағаттан артық емес. Өйткені компьютерде ұзақ отыру денсаулыққа
зиянды -4 ұпай;

9.Өміріңде таңғажайып бір оқиға болды. Мысалы,ата-анаң саған туристік
жолдама алып келді, немесе армандап жүрген затыңды сыйлады, немесе журналда
сенің суретің басылды. Осы жайында кімге айтар едің?
А.Барлығына -тіпті мысығыма да , итіме де -1 ұпай;
Ә. Сыныптастарыма,мұғалімдеріме, туыстарыма, достарыма,жақындарыма,
көршілеріме -2 ұпай;
Б.Достарым мен туыстарыма -3ұпай;
В. Ең жақын адамдарыма -4 ұпай;

Ал, енді жинаған ұпайларыңды қос. Оның қорытындысы сенің қандай адам
ееніңді көрсетеді.
-9 дан 14 ұпайға дейін жинасаң: қанағат сезімі сен үшін белгісіз. Сенің
талаптарың мен тілектеріңді аз ғана шектеу керек. Ол қасиетің сенің
болашақтақтағы естияр өміріңе көмегін тигізеді;

-15 тен 22 ұпайға дейін жинасаң: албырт,қызыққұмар адамсың. Сен өзіңнің
ішкі Меніңді басқарып үйренуің қажет.Оған ақыл, ой, сезім, әрекет
секілді құндылықтар көмектеседі.

-23 тен 30 ұпайға дейің жинасаң: сен қанағат сезімін жақсы білесің,сол
себепті өзіңнің сезіміңді,ойыңды,әрекетіңді басқара аласың;

-31- ден 36 ұпайға дейін жинасаң: сен бір әрекетті жасарда,немесе сөзді
айтарда артық кетпеу үшін жалтақтап тұрасың. Оның қажеті шамалы. Өзіңді-
өзің еркін ұстауды үйрен.

Мақсаты:
Оқушылардың өзі туралы, өзіндік бағасын білуін анықтау .
Өзін жане өзгелерді дұрыс бағалауды қалыптастыру. Алдын ала оқушылармен
келесі сұрақтарды қойып әңгімелесуге болады немесе тест сұрақнама түрінде
ұсынуға болады .
1) Сені мақтаса саған ұнайды ма?
2) Сені жиі мақтай ма ? Сен жиі мақтағанды қалайсың ба? Егер сені мақтаса
,неліктен ұнамайды?
3) Қалай ойлайсың,сенің жолдастарыңа сенімен бірге болу ұнайды ма?
4) Балалар саған қандай роль береді ?
5) Сен өзіңе қандай роль таңдар едің ?
6) Сен қалай ойлайсың сенің достарың, мұғалімдер, туған-туыстарың саған
әртүлі қатынас жасайды ма?
7) Сенің ойыңша өзіндік баға деген не?
Өзіндік баға жеке адамның өзін, өзінің мүмкіндіктерін бағалау - өзіңе деген
талап,табыс пен сәтсіздікке деген қатынасты анықтайды Өзін бағалау адамның
бейімділігі мен өзіндік жетілу ынтасына байланысты.Оған келесі формуланы
қолданылады:
табыс
Өзіндік баға=----------------
талаптану

Өзіндік бағаны анықтауға арналған “Мен қандаймын” әдістемесі
6-9 жастағы балаларға анықтауға арналған. Іс-қағазды ұсына отырып,баладан
әр түрлі жағымды қасиетін бағалауын сұрайды.
“Иә” жауаптары 1 ұпай “жоқ” жауаптары 0 ұпай “білмеймін” немесе “кейде” 0,5
ұпаймен бағаланады. Өзіндік бағалау деңгейі баланың барлық мінез сапалары
бойынша жинаған ұпай санымен анықталады.
“Мен қандаймын” әдістемесінің хаттамасы
№ Бағаланатын сапалар Вербальды шкала бойынша
Баға
1 Сапалар Иә Жоқ Кейде Білмеймін
2 Жақсы
3 Қайырымды
4 Ақылды
5 Ұқыпты
6 Тіл алғыш
7 Зейінді
8 Сапалы
9 Қабілетті
10 Еңбексүйгіш
11 Адал

10.Ұпай өте жоғары 2-3 төмен
8-9 –жоғары 0-1 өте төмен.
4-7 орташа

Де-Греефэ бойынша оқушының өзіндік бағасын анықтау.

Нұсқау: Сенің алдыңда үш шеңбер тұр. 1-ші шеңбер –мұғалімді, 2-ші
шеңбер - өзіңді, 3-ші шеңбер- сенің жолдасыңды білдіреді. Әр шеңберден
төмен қарай тіке сызық түсіру керек. Шеңберлердегі үш адамның қайсысы ең
ақылды болса, сол адамнан ең ұзын тіке сызық түсіресің; ақылы орташа болса
орташа сызық; төмен болса – қысқа сызық түсіресің.

Содан кейін оқушыдан оның мұғалімінің, жолдасының есімдерін сұрап, оларды
шеңберлерге жазып қоюын сұраңыз. Бала сызықтарды шеңберден төмен түсіреді.

Нәтижені өңдеу.

Егер оқушының сызған сызықтарының ұзындығы бірдей болса немесе ең ұзын
сызықты өзіне қойса – ол оның ақыл-ойының толық жетілмегенін білдіреді;
психикасы қалыпты оқушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқуға дайындығын анықтауға арналған әдістемелер
Психодиагностиканың ғылыми-теориялық негізі
Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі
Мектеп жасындағы балалардың даму ерекшелігін психодиагностикалау ерекшелігі
Мюнстенберг әдістемесі
Тіл бұзылыстары бар балалардың мектепте оқуға психологиялық даярлық деңгейін анықтау
Кіші мектеп оқушысының психологиясында дарындылығының көрінуі
Кәсіби біліктілікке психодиагностика
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың психикалық ерекшеліктерінің педагогикалық мәселелерін теориялық және әдістемелік тұрғыда негіздеу
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДА АУЫТҚУШЫЛЫҚ (ДЕВИАНТТЫҚ) МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер