Ұзақ мерзімге жалға алынатын негізгі құралдардың тозуы


КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеументтік жағдайларына сәйкес өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өз ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. де Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки «Есеп - бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» деп атаған.
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Ұйымның табыстары мен шығындары және шаруашылық қызметінің нәтижесін сипаттайтын, жалпы қаржылық жағдайды жоспарлау, бағалау, бақылау мен талдауға мүмкіндік беретін ақпарат көзі болып табылады.
Бүгінгі күні ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты, жаңа кәсіпкерлік нысандарының пайда болуына байланысты бухгалтерлік есептің ролі мен маңызы арта түсті. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкестендіру мақсатында бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастырып ұсыну жүесіне елеулі өзгерістер енгізілуде.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастыру мен ұсыну талаптарын, есепке алудың негізгі қағидалары мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау мен сыртқы аудит талаптарын, сонымен қатар ұймдардың құқықтары мен міндеттерін «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі» заңы1 анықтайды. Кез-келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің басты шешімі болмақ. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және түскен қаражатты үнемді бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорынның шаруашылық үрдістерінің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады.
Ұйымның шаруашылық қызметінің жүзеге асырылуына оның қолда бар экономикалық ресурстары мүмкіндік береді. Экономикалық ресурстар, яғни ұйымның активтері шаруашылық үрдістеріне қатысуына қарай ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып екіге бөлінеді. Жалпы экононмикалық ресурстардың ішінде ұйымның шарауашылық қызметі үшін негізгі қорлардың маңызы зор, олар ұйымның материалдық-техникалық жарақтандырылу дәрержесін, оның өндірістік қуатын сипаттайды. Ақшалай өлшем бірлігінде көрсетілген негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады.
Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрі мен көлемін сақтай отырып, өзінің құнын сол арқылы өндіріліп шығарылатын жаңа өнімнің өзіндік құнына амортизациялық аударым шегінде біртіндеп қосатаын еңбек құралдары болып табылады. Өндіріс үрдісін негізгі құралдармен толық қамтамасыз ету үшін оларға жұмсалатын бастапқы шығындар мөлшері де өте жоғары болмақ. Сондықтан ұйымдар көп жағдайларда қаржыландыру мәселесін уақыттылы шеше алмайтын болғандықтан бұл объектілерді жалдауға тура келеді. Жалдық төлемнің дұрыс есептелуі жалға алушы мен жалға берушілер арасындағы құқықтар мен міндеттемелердің айқындылығын талап етеді. Сол себепті жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдар есебінің дұрыс ұйымдастырылуы бухгалтерлік есептің маңызды бөлімі болып табылады.
Қазіргі экономикалық қатынастар жағдайында жалдық қатынастар тіптен көбеюде, себебі жалға алу арқылы ұйымдар көп қаражатты бірден төлемей-ақ өндірістің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ете алады. Бүгінгі таңда жалдау қатынастарын шешуге банктер және банктік операцияларды іске асыратын несиелік серіктестіктер, тіпті жекелеген лизингтік ұйымдар саны да арта түсуде. Міне, жоғарыда аталған мәселелер зерттеу тақырыбының бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі ретінде анықтайды.
Жұмысты жазу барысында негізгі құрал объектілерінің жалға алынуы мен жалға берілуінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды зерттеу менің негізгі мақсатым болып табылады. Мақсатқа қол жеткізу жолында менің міндеттерімді келесідей сұрақтар анықтайды:
- негізгі құралдар есебінің ұйымдастырылуымен, олардың тозуы мен амортизациялық аударымды есептеу жолдарымен танысу;
- жал түрлерімен танысу;
- қаржылық және операциялық жал шарттарымен, жалға алушы мен жалға берушілердің құқықтары мен міндеттемелерін қарастыру;
- жал операцияларының бухгалтерлік есепке алынуы мен аудиторлық тексерілуін қарастыру;
- қаржылық есептілікте жалдық операцияларға қатысты ақпараттың ашылуын қарастыру.
Жұмысты жазу мақсатында «АҚ Желдірме» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің нақты деректері мен бухгалтерлік есеп пен аудиторлық қызметке қатысты заңдық нормативтік актілер, халықаралық есептілік стандарттары, отандық және шетелдік экономист авторлардың оқулықтары қолданылды.
1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЖАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҚР-ДАҒЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ЖАҒДАЙЛАРЫ
- Негізгі құралдар түсінігі, мәні және бухгалтерлік есебінің ерекшеліктері
Қазіргі кезде кез-келген ұйымдарды алып қарасақ та олардың бухгалтерлік есеп барысында негізгі құралдардың алатын орны, күн сайын өсуде. Сондықтан да негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі ретіндегі алатын орны зор. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалауда кездесетін көптеген мәселелер туындайды. Өйткені олар тікелей өндіріске немесе басқа да салаларда пайдаланылу барысында алатын орны үлкен. Сондай-ақ олардың амортизациялық аударымдарын дұрыс есептеу мен есептік әдістерін таңдау барысында олардың әр түрі өзіндік құнның мөлшерін өзгеріске ұшыратады.
Негізгі құралдар дегеніміз - өндірісте ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт бойы пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтамыз. Негізгі құралдарға ұйымның қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы тағы да басқаларын жатқызамыз. Көлемінің үлкен-кішілігіне, бағасының азды-көптілігіне (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына ұйымның қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып, салынып біткен бірақ әлі пайдаланылуға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есептегі мәнін ашып қарау үшін олардың бағалануын, пайдалану және шығындарын зерттеу керек. Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Ал өндірістік емес негізгі құралдар қатарына шаруашылықтың өндірістен тыс салаларында, яғни тұрмыстық үй-жай, денсаулық сақтау, әлеументтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатады.
Негізгі құралдарды халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің немесе орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады. Егер ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет жасайтын болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол ұйымның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады. Негізгі құралдардың бүгінгі таңдағы болсын бұрынғы болсын шаруашылықта алатын орны ерекше. Қай салада да болмасын қолданыстарында негізгі құралдар болады. Сондықтан да олардың пайдаланылуын және де оларға амортизация есептеуде бухгалтерлік мамандарға қойылатын талаптар жоғарылауда.
Халық шаруашылығының алдына қойған міндеттерін табысты шешуде оның басты буындары - экономиканың нақты секторындағы ұйымдарды басқаруды жетілдірудің маңызы зор. Негізгі құралдар ұлттық байлықтың бір бөлігі, еліміздің экономикасын дамытудың материалды техникалық базасы болып табылады. Сондықтан да, өндіріс тиімділігін әрі қарай арттыру негізгі құралдарды тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Қоғамдық өндірістің тиімділігі едәуір дәрежеде негізгі құралдардың ұтымды пайдаланылуына байланысты.
Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында ұйым қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйым басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріліп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартарының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде, оның шетел инвесторларымен қарым-қатынастарының нығаю кезеңінде маңызды болып саналады.
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшірді. Осы негізде әлеуметтік, күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе, соңғы жылдары экономика ілімінде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа өту барысында нарықтық қатынас заңдарына сәйкес өнімді өндіруге кеткен шығындарды анықтау өте маңызды орын алады. Себебі, қандай болмасын өнеркәсіп өзі шығарған өнімдерінің өзіндік құнын анықтап, яғни кеткен шығындарын біле отырып, оны нарыққа шығаруға тырысады. Ол өнімнің сапалы және бағасы жағынан арзан, яғни сұранысқа деген талабына сай келетіндей қылып жасауға ұмтылады. Сондықтан мұндағы шығындардың есебін жүргізудегі негізгі көрсеткіштердің бірі бұл - негізгі құралдардың амортизациясы және де ол бүгінгі таңда бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде басты орындардың бірін алып отыр.
Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі ретінде қаралатын ең негізгі көрсеткіштердің біріне жатқызылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептегі оның мәні мен ерекшелігі өте зор.
Негізгі құралдарды есептеу үшін 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің синтетикалық шоты қолданылады.
Негізгі құралдар құралына объектілердің есепке алу пайдаланудың нормативтік мерзі көрсетіледі. Негізгі құралдарды қабылдау - тапсыру актісімен ресімделеді. Субъектілер пайдалы қызмет ету мерзімін (негізгі құралдарды қолданудан экономикалық пайда алу көзделетін кезең нормативті қызмет мерзімін (субъект белгіленген нормаларға сәйкес негізгі құралдардың тозуы есептелетін кезең) және жойылу құнын (пайдалы қызметі мерзімі біткен соң, күтілген шығыны істен шыққан соң есептен шығарылып, негізгі құралдарды жоюда пайда болатын қалдықтар, қосалқы бөлшектердің болжанатын бағасы) өз бетінше белгілейді.
Негізгі құралдарды қабылдау - тапсыру (ауыстыру) актісі негізінде бухгалтерия да мүліктік карточка ашылып, негізгі құралдардың таңдамалы есебі жүргізіледі. Негізгі құралдардың әрбір объектісіне мүліктік нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік - сериялық жүйе бойынша жасалады. Мысалы, үй үшін 0001-ден 0299 дейінгі нөмірлер, ал ғимараттар үшін 0300-ден 0399-ға дейін және т. б. нөмірлер бөлінеді. Мүліктік нөмір негізгі құралдарды қабылдау - тапсыру актісінде келтіріледі және ол пайдалануда тұрған уақыт бойы объектіде сақталады, ал істен шыққанда қайта түскен объектіге ұзақ уақыт бойы (бес жылға дейін) берілмейді. Толтырылған мүлік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір данада жүргізілетін «Негізгі құралдарды есептеу мүлік түгендеу карточкаларының тізімдемелерінде» тіркеледі. Істен шыққан негізгі құралдар бойынша категорияларды «Архив» картотекасы бөліміне қояды.
Негізгі құралдарды тұрғызу, салу немесе алу жөніндегі барлық нақты болған қажетті шығындар, соның ішінде сатып алынғанда өтелмеген салықтар мен алымдарды төлеу (үйлер мен жаңа автомобильдерді алу кезінде төленген ҚҚС, сатып алу келісімшартты жасаған кезде төленетін мемлекеттік баж салығы және т. б. ), жеткізу, монтаж, пайдалануға беру, құрылыс кезінде берілген кредит үшін проценттер, белгілеуі бойынша қолдану үшін жұмыс істейтін жағдайға келтіруге тікелей байланысты басқа да кез келген шығындар кіретін бастапқы баға бойынша кіріске алу сәтінде негізгі құрал - жабдықтар кіріске алынады2.
Жер учаскесінің бастапқы құнына шотта көрсетілген сатып алу бағасы, жылжымайтын мүлік бойынша агенттерге комиссиялық сыйақылар, сатып алу - сату шартын ресімдеу жөніндегі заңгерлердің қызметіне төлеу, мұндайда туындайтын салықтар мен салымдар, жерді мақсатты пайдалану үшін дайындауға кететін шығындар (үйді бұзу кезінде алынған материалдарды өткізуден түскен кірістерді шығарып, шегеріп, ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу және т. б. ) кіреді; сатып алынған жабдықтың бастапқы құнына алу бағасы, тасу шығындары, соның ішінде тасымал кезіндегі сақтандыру, монтаж, пайдалануға берілетін жабдықтың жорамдылығын тексеру мақсатымен сынақ өткізу кіреді, үйлер мен ғимараттарды салғанда бастапқы құнға құрылыс жөніндегі шығындар: материалдар, еңбекті төлеу, қосымша шығындардың тиісті үлесі, архитекторлардың, заңгерлердің қызметіне төлеу, құрылыс кезінде сақтандыруға жұмсалатын шығындар, құрылысқа берілетін кредиттер бойынша проценттер, құрылысқа рұқсат алу үшін шығатын шығындар.
Қажетті болып саналмайтын шығындар (тасымал кезінде алынған зиянды жоюға кеткен шығындар, монтаж кезінде жабдықты бүлдіру салдарынан жасалған жөндеу және т. б. ) бастапқы құнға кірмейді, ал ағымдық шоттағы шығындар ретінде ескеріледі.
1-кесте. Негізгі құрал объектілерінің бастапқы құны былайша белгіленеді:
- Құрылтайшылардың жарғы капиталына олардың салымдары есебіне негізгі құрал-жабдықтарды серіктестіктерге қатысушылар арасында келісілген бағамен салған кезінде;
а) жарияланған жарғы капиталы сомасына
- субъектінің өзі негізгі құрал жабдықтарды дайындаған немесе оларға төлеп алғанда - нақты шығын сомасы бойынша
- басқа заңды немесе жеке тұлғалардан объектіні өтеусіз алғанда (бағалау эксперттік жолмен немесе қабылдау-тапсыру актісінің мәліметтері бойынша жүргізілді)
- алынған (тапсырылған) ақшалай қаражат сомасы түзетіліп, берілгендердің ағымдағы құнына тең алынған активтердің құны айырбас операциясы нәтижесіне өлшенеді
Негізгі құралдардың есебі үшін мынандай синтетикалық шоттары бар 2420 «Негізгі құралдардың тозуы» бөлікшесінің пассивті шоттары қолданылады:
2420 «Үйлер мен ғимараттардың тозуы»
2420 «Машиналардың, жабдықтардың, беріліс құрылғыларының тозуы»
2420 «Транспорт құралдарының тозуы»
2420 «Басқа да негізгі құралдардың тозуы»
Жоғарыда көрсетілген шоттардың әр қайсысына қосалқы шоттар ашуға болады:
1 . Меншікті негізгі құралдардың тозуы
2 . Ұзақ мерзімге жалға алынатын негізгі құралдардың тозуы
Толық амортизацияланған негізгі құралдар бойынша тозу сомасы есептелінбейді.
Тозуды есептегенде 8400 «Үстеме шығындар» бөлімшесіне өндірістік шоттары, 8410 «Үстеме шығындар - Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің істен шығуы» қолданылады.
Тозуды есептегенде:
8410 «Үстеме шығындар - Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің істен шығуы» дебеті.
2420 кредиті.
Жалпы шаруашылық мақсаттағы және коммерциялық құрылымдардың негізгі құралдарының тозуы 7210 «Әкімшілік шығындар» шотында ескеріледі.
Тозуды есептегенде:
7210 дебеті, 2420 кредиті.
Өткізілетін орындарда тауарларды сақтауға арналған негізгі құралдар бойынша 7110 «Тауарларды сату мен қызмет көрсету бойынша шығындар» шотында негізгі құралдардың тозуы көрсетіледі.
Тозуды есептегенде:
7110 дебеті 2420 кредитіне жазылады.
1. 2 Негізгі құралдардың жіктелуі және оларды бағалау
Неізгі құралдар - материалдық активтер олар:
А) компания немесе тауарлы - материалдық қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;
Ә) бір жылдан ұзақ мерзімі бойы астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізгі қаражаттың объектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі белгіленеді, бұл:
А) компания активтік пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең;
Ә) компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны.
Басқаша айтсақ, негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық пайдасын алу болжанатын кезең.
Негізгі құралдардың объектісі актив ретінде мынандай жағдайларда пайда алады деп сендіруге болатын болса:
А) компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда алады деп сендіруге болатын болса;
Ә) активтің өзіндік құны сенімді бағаланса.
Негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс - әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.
Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтер есеп жөніндегі 1996 ж. 13 қарашадағы Қаулысымен бекітілген № 6 «Негізгі құралдар есебі» Ұлттық Қаржылық Есеп Стандартына сәйкес іске асырылады.
Мақсаттық белгілеуіне және орындалатын іс - қызмет аясына байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық бухгалтерлік есеп бойынша 1996 ж. 18 қарашадағы № 6 қаулысымен бекітілген қаржы - шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының Бас жоспарына сәйкес негізгі құрамдар мынандай топтар бойынша мақсатты белгілеу мен орындалатын іс - қызмет аясына байланысты жіктеледі.
- Жер - субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы.
- Үйлер - еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік - мәдени қызмет көрсету және материалдық қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген архитектуралық - құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі болып саналады.
- Ғимараттар - еңбекке керек - жарақтардың емес (зат скважиналар, көпірлер және т. б. ) өзгеруіне байланысты емес міндетті іс - қызмет аясын атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік - құрылыстық объектілер.
- Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина егер ол басқа мүліктік объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал - аспаптармен, қоршаулармен, тірек - тұғырымен мүліктік объект болып табылады. Негізгі құралдардың бұл тобы 5 топшадан тұрады:
- Күш қуатты машиналар мен жабдықтар - жылу және электр қуатын өндіретін машина - генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын машина - двигательдер (тракторлар және өзі жүретін шассилер, бу двигательдері, трубиналар, электр двигательдері және т. б. ) ;
- Жұмыс машиналары мен жабдықтары - еңбек өнімін жасау процесінде керек - жараққа механикалық, термиялық және химиялық әсер ету үшін арналған машиналар, аппараттар мен жабдықтар (токарлық - винт, бұранда жасайтын станоктар, ағаш тілетін рамалар, насостар, электромоторлар, экскаваторлар, грейдерлер (жол құрылысына пайдаланылатын машиналар және т. б. ) ;
- Өлшеуіш және реттегіш құрал - аспаптар (приборлар, құрылғылар мен керек - жарақтар, лабороториялық жабдықтар) - өндірістік процестерді өлшеу, реттеу үшін құрал - аспаптар, құрылғылар мен керек - жарақтар (дозаторлар, амперметрлар, микроскоптар, су өлшеуіштер және басқалары) ;
- Есептегіш техника - процестерді түзету мен автоматтандыруға арналған машиналар, құрылғы, керек - жарақтар, құрал - аспаптар (компьютерлер мен басқа есептегіш техника) ;
- Басқа да машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдықтары, өрт сөндіру машиналары) .
- Табыстау қондырғылары - электр, механикалық және жылу энергиясы (электр беру желісі, тұрба құбыры) қондырғылары.
- Көлік құралдары - адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су, әуе автомобиль көлігі, арба көлігі) тасымал құралдары.
- Басқа да негізгі құралдар:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz