АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
1 АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУ СТАДИЯСЫ 4
2 БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ АҚПАРАТТАРЫ 11
2.1 Ақпараттық жүйенің қолдану сферасы 11
2.2 Басқарушылық есеп ақпараттарын қолдану 13
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 23

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындар өз бетінше
жоспарлар, өндірістік бағдарламалар жасайды, өндіріс пен өнімді
өткізу, баға саясаты сияқты саласында стратегияны белгілейді.
Көрсетілген және ұқсас міндеттерді шешу үшін, сондай-ақ басшы
тиімді басқару шешімдерді қабылдауы үшін кәсіпорынның қаржылық
жағдайы туралы ең анық жедел ақпарат қажет. Мұндай ақпаратты
бухгалтерлік басқару есебі жүйесі ұсынады, және де олардың
міндеттері күрделенеді.
Дамыған батыс елдерінде басқару есебі – құрамына қаржылық есеп
те кіретін бухгалтерлік есептің біршама оқшауланған жүйеше
(подсистема), бұған сондай-ақ қаржылық есеп те кіреді, және де
олардың әрқайсысының өз мақсаттары мен міндеттері бар.
Еске сала кетейік, қаржылық есептің мақсаты - өз әкімшілігіне
де, сыртқы пайдаланушыларға да мәліметтер беру.
Басқару есебінің мақсаты – ішкі пайдаланушыларды – кәсіпорынды
басқарудың барлық деңгейлеріндегі басшылықты есептік ақпараттың
барлық түрлерімен қамтамасыз ету.
Ақпарат – тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар мен
процестер жайлы мәліметтер мен байқаудың фактілері, мағлұматтары,
нәтижелері яғни зерттеу объектісі туралы берілген, біздің
білімімізді кеңейтетіннің бәрі 100 саны өзінен-өзі ақпарат болмайды,
ал ұйымда 100 адам жұмыс істейді деп жазу ақпарат болады.
Күнделікті жұмыс процесінде ұйымда қаржылық және басқару
есебінде көрсетілетін қорытынды ақпарат үшін негізгі материалдар
болып қызмет ететін оперативті ақпараттардың біразы пайда болды.
Менеджерлер үшін кез келген ақпарат ол есеп объектісі болу-
болмауына, сандық бағалауға келу-келмейтіндігіне қарамастан маңызды.
Ірі тапсырыс берушіні ұйымның өнім сапасына көңілі толмайды және
де ол басқа жабдықтаушыны іздеуге әзір деген қауесет есеп пен
бақы лаудың объектісі болмаса да, сандық бағалауға келмесе де бұл
өте маңызды ақпарат. Басқару себіне қажетті, ақпараттың басқа типті
ақпараттан, оның ішінде, қаржылық есепте пайдаланатын ақпараттан
негізгі айырмашылығын анықтау қажет.
Басшылық пайдалануы үшін жасалған және дайындалған бухгалтерлік
басқару ақпаратына сыртқы пайдаланушыларға арналған ақпаратқа
қарағанда, басқаша талаптар қойылады.
Басқару есебінде сандық емес ақпаратта (қауесет, әлеуметтік
пікір сұрау, және тағы сондай сияқты нәтижелері) есептік және
есептік емес болып бөлінетін сандықта да қолданылуы мүмкін.
Есептік ақпараттың құжаттық негізділік принципі басқару есебінде
ескерілмеуі мүмкін, сондықтан нақты және болжамдық бағалар да
қолданады.
Шұғыл басқару шешімдерін қабылдау үшін зерттеу объектісі туралы
толық немесе толық емес ақпаратты қолдануға болады. Сонымен бірге
кейбір жағдайларда тез өңделетін, толық емес ақпаратта жеткілікті
болатын жуық ақпарат та қолданылуына болады.
Экономикалық ақпарат кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін
дәйекті және толық көрсетеді.

1 АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУ СТАДИЯСЫ

Басқару есебінде ақпараттар мынадай талаптарды қанағаттандыруы
керек:
• Атаулылық. Ішкі өндірістік есептік ақпарат нақтылы
басқарушыларға ұсынылуы тиіс;
• Жеделділік. Ақпарат менеджерлер сұрауынан соң бірден,
уақытылы шаруашылық шешімін қабылдай алуы үшін қысқа
мерзімде ұсынылғаны жөн. Олай болмаса, басқару мақсаттары
үшін оның тиімділігі аз;
• Жеткіліктік. Ақпарат басқару шешімін қабылдауға қажетті
көлемде ұсынады;
• Талдаушылық. Басқару есебі құралында құрылымдық бөлімшелердің
іс-әрекеті нәтижелерін өте анық және күмәнсіз сенімді көрсету
мен кәсіпорынның пайда алуға қатысу үлесін анықтау
мақсатымен ақпарат жиналады, топтастырылады, оқылып,
зерттеледі;
• Икемділік пен бастамашылық. Ақпараттың нақтылы бөлігі
жоғарыда аталған принциптерге сай болып және өзгермелі
басқару ахуалы жағдайында немесе өндіріс факторлары
өзгеруіне байланысты ақпараттық мүдделердің барлығын түгел
қамтамасыз етуі тиіс. Бұдан басқа, жауапкершілік
орталықтарына осы ақпаратты қолдану бойынша өз ұсыныстарын
жасау және жоғарыда тұрған буынның қарауына жібері
мүмкіндігі берілуі тиіс.
• Пайдалылық. Ақпарат болуы ықтимал тәуелділік аумағына
менеджерлердің назарын аударуға тиіс және мазмұнда
басқарушылардың жұмысына әділетті баға болуы керек;
• Жеткілікті дәрежедегі үнемділік. Ақпарат алудың пайдасы
онымен қамтамасыз ету құнынан артса, басқару есебін жүргізу
мақсатқа сәйкес немесе ұтымды деп саналады. Пайда мен
шығынды бағалау, әдетте, кәсіби пайым негізінде анықталады
(өзіндік құнды әрі қарай төмендету жағымды қаржылық
нәтижелерді көбейту мүмкін).
Экономикалық ақпарат кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін
дәйекті және толық көрсетеді, мынадай түрлерге бөлінеді:
- жоспарлы;
- нормативті-анықтамалық;
- есептік.
Жоспарлы ақпарат – болашақта жасалуы мүмкін іс-әрекетті таңдау
үшін мәліметтер ұстайды.
Жоспарлы-экономикалық ақпараттық негізгі мазмұнын техникалық-
экономикалық және оперативті-өндірістік жоспарлау құрайды, кез келген
құрылымдық бөлімшенің және тұтастай кәсіпорынның қызметін қамтиды.
Уақыттың (жылдың) нақты кезеңіне арналып, тұтастай кәсіпорын
үшін смета (бюджет) жасау техникалық-экономикалық жоспарлаудың
маңызды бөлігі болып табылады. Сметаны жасаған кезде әкімшілік
қоятын басты мақсат – құрылымдық бөлімшелердің жеке жоспарларын
үйлестіру, келісімді қамтамасыз ету.
Дайын өнім немесе дайындаудың әр түрлі деңгейіндегі өнім (не
болмаса көрсетілетін қызмет, жұмыс түрлерін атқару үшін осы кәсіпорын
немесе құрылымдық бөлімше ұйымдастырылса) тұтастай кәсіпорын немесе оның
дербес құрылымдық бөлімшелерінің іс-әрекеті түпкілікті нәтиже болып
табылуына байланысты, сметалардың мақұлдануы жоспарлау объектісі өнім,
сол өнімді өндіру бойынша шығындар, оның тиімділігі арқылы жүзеге
асады.
Оперативті- өндірістік жоспарлауға – кәсіпорындар, жеке бөлімшелер,
уақыттың қысқа мерзіміндегі (бір айдан сағатқа дейін) жұмыс орындары
бойынша өндірістік бағдарламаның көрсеткіштерін анықтау егжей-тегжей
қарастыру және нақтылау бойынша жоспарлы жұмыстар кіреді.
Оперативті-өндірістік жоспарлаудың айрықшалықты ерекшелігі – ол
кәсіпорынның экономикалық нормалы жоспарын бүге-шүгесіне дейін
әзірлеумен үйлеседі және өндірістік бағдарламаны орындаудың тепе-
теңдігін тікелей бақылайды.
Жоспар әзірлеудің оның орындалуан кепілдік бермейді. әрбір бөлімші
басшысы бұл үшін нақты шаралар қолданады.әрбір менеджер жоспардың
орындалу барысын қадағалауға, қайсыбір ауытқуды тапқанда араласуға,
қажет болған жағдайда бұрынғы жоспарды жаңа жағдайларды ескере
отырып, өзгертуге міндетті.

1.1-сурет. Ақпарат түрлері

Өндірісшілік жоспарлаудың 2 бөлімінің түсінігін анықтау бір
кәсіпорын аясында олардың мақсаттары мен міндеттері үйлеседі деп
айтуға мүмкіндік береді.
Жоспарлаудың 2 бөлімінің негізін бірдей көрсеткіштер мен
экономикалық нормалау құрайды.
Нормалы-анықтамалық ақпарат-экономикалық ақпараттың қалған түрлері
арасындағы байланыстырушы буын. Оның құрамында өндіріс түрімен,
шығарылатын бұйымдардың номенклатурасымен және күрделілігімен,
өндірісшілік еңбекті болумен, ішкі шаруашылық байланыстарының даму
деңгейімен белгіленеді.
Бұл белгілер техникалық-экономикалық және оперативті-өндірістік
жоспарлаудың, өндіріс есебінің, өндіріске және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялауға жұмсалған шығындар есебін тәсілдерін қолдануға
негіз қалаушылар болып табылады.
Экономикалық ақпараттың басқа түрлері сияқты есептік ақпараттың
да жалпы белгілері, нормалы-ақпаратты сияқты есептік ақпараттың да
жалпы белгілері, нормалы-ақпаратты және жоспарлы түрлердегі
принциптері мен объектілері бар.
Есептік ақпараттық жүйе мынадай сатылардан тұрады:
- алғашқы мәліметтерді жинау;
- өзгерту;
- тіркеу;
- есептеу;
- орталықтары;
- басқару аппаратына өңдеу үшәін беру;
- оперативті басқару үшін;
- мәліметтерді өңдеу;
- мағлұматтарды талассыз түсуі;
- белгілі бір принциптер бойынша жинақтау мен топтастыру;
- аналитикалық;
- синтетикалық есепте қолданылатын жиынтық ақпаратты;
- есептеу өндірісін қалыптастыру ;
- ішкі және сыртқы есеп беруді жасау.
Бастапқы есеп қаржылық және басқару есебін алғашқы
мәліметтерімен қамтамасыз етеді. Қаржылық есеп барлық кәсіпорындарға
тән жалпы жүргізу ережелерін қолдана отырып, ішкі және сыртқы
пайдаланушыларға ақпарат дайындайды.
Алғашқы ақпараттың үлкен көлемі менеджерлерге оны толығымен
түсінуге, талдауға, өз жұмысында қолдануға мүмкіндік бермейді.
Оларға қысқаша шолулар мен өздерінің міндеттемелерін орындау үшін
топтастырылған ақпарат керек.
Әр түрлі деңгейдегі басшылар үшін арнайы дайындалған есептік
ақпарат – басқару есептік ақпарат деп аталады.
Басқарма есебі – кәсіпорынның ақпарат жүйесінің құрамдас
бөлігі. Ол оперативті (бастапқы) ақпаратты сандық өлшеміне қарамастан,
қолданады.
Өндірістік іс-қызметті басқарудың тиімділігі құрылымдық
бөлімшелер, қызметтер, кәсіпорын бөлімдерінің қызметі туралы
ақпаратпен қамтамасыз етіледі. Бұл ақпаратты басқару есебі кәсіпорын
ішіндегі басқарудың әр түрлі деңгейіндегі басшылар үшін, олардың
дұрыс басқару шешімдерін қабылдауы үшін жасайды.
Басқарма мен ақпараттың міндетті іс-қызметі оның ықпалдылығын
қамтамасыз ете отырып, басқару есебінің міндетті ролін де
тұжырымдауға мүмкіндік береді:
• жедел (оперативті) басқару шешімдерін бақылау мен
қабылдауға, ағымдағы жоспарлауға қажетті ақпарат пен
басқарудың барлық деңгейдегі басшыларын қамтамасыз ету;
• бір деңгейдегі әр қилы құрылымдық бөлімшелер мен басқару
деңгейлері арасындағы ішкі қатынастың байланыс құралы
болып қызмет ететін ақпарттың жасалуы;
• ішкі бөлімшелер мен тұтас кәсіпорынның мақсатқа жету
жолындағы іс-әрекетінің нәтижелерін оперативті бақылау мен
бағалау;
• талдау мен іс-әрекеттің нақты нәтижелерін бағалау
негізінде кәсіпорынның болашақта дамуын жоспарлау мен
үйлестіру.
Бухгалтерлік басқару есебінің ақпараты құпия сипатта және
қорғауды талап етеді. Осыған байланысты, біріншіден, қызметкерлерді
жеке құрамға айқын бөлу керек немесе бөлімшелерді тұтас тығыз
топтастырып бір-бірінен алшақ орналастыру қажет.
Екіншіден, бөлмеге бөгде адамдар немесе басқа бөлімше
қызметкерлерінің кіруін шектеген жөн. Оларды жұмыс аяқталған соң
күзетке тапсырар алдында мөрлеп жабу керек, бұл бөлмеге рұқсатсыз
кіру фактісін болдырмаға мүмкіндік береді.

1.2-сурет. Есептік ақпарат түрлері

2 БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ АҚПАРАТТАРЫ

2.1 Ақпараттық жүйенің қолдану сферасы

Сфераға қажетті есеп ақпараттарға ішкі және сыртқы бойынша
анықталады.
Ішкі есеп ақпараты басқару объектісінде шығарылады (кәсіпорын,
цех, участок), ал сыртқы – сырт ортадан келеді. Тұтыну сфера бойынша
есептің ішкі ақпараты басқару объектісінде, ал сыртқы есеп
ақпаратты сырт жағынан пайдаланады. Басқару объектінің ішінде ішкі
және сыртқы ақпарат пайдаланады.
Бухгалтерлік есептеу ақпараттық мүмкіндіктерін оқуда, басқарушылық
шешім қабылдау процесі мен ақпаратты керек ететін адамдар шеңберін
түсінуді керек етеді. Шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпаратты
қолданушылар, олар негізінен кәсіпорын иелері мен басқарушылары,
менеджерлер акция ұстаушылар, кредиторлар, кәсіпорын жұмысшылары,
мемлекеттік салық органдары, биржалар, банктер, басқада қаржылық
институттар, жеткізушілер мен сатып алушылар, инвесторлар мен
серіктестіктер.
Есеп ақпаратын қолданушыларды 4 топқа бөлуге болады:
- ішкі қолданушылар;
- сыртқы қолданушылар;
- тура қаржы қызығушылығы бар;
- жанама қаржы қызығушылығы бар.
Қолданушылар сатып алушылардан тұрады, менеджерлер өндірістегі
міндеттемелерді, жалға алынған жұмысшыларды, жұмыстарға жауапты болу
керек.
Есеп ақпаратын қолданушылар кен айналымда болады, бірақ
өндірісте жұмыс істемейді, кейде қаржы нәтижесін қызығып қызмет
жасайды. Ең алдымен олар қор сатушылар, акция ұстаушылар, банктің
әр түрлі кредиторлары, әсіресе өнеркәсіптегі ұзақ мерзімді немесе
қысқа мерзімді кредит алушылар.
Жанама қаржы қызуғышылығы бар ортақ тұлғалар әртүрлі есеп
ақпаратын қолданушылар болып табылады. Бұлар: салықтық органдар,
фондалық биржа, экономикалық жоспарды орындаушы, сонымен қоса бағаны
қадағалау, экспорт пен импорт, аудиторлық фирмалар, баспасөз және
т.б.
Есеп қаржы ақпаратын көптеген қолданушылар қолданады. Есеп
ақпаратын қолданушылар өздерінің өндіріске деген көзқарастары және де
оның қаржы жөніндегі экономикалық қызығушылық болып бөлінеді.
Өнеркәсіптің жұмыс жағынан бұл - сыртқы өнеркәсіптің қаржылық
тұрақтылығы мен дамуы жағына экономикалық көзқарасы жағынан
бөлінеді.
Бұлар тікелей, жанама және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары жайында
Электрондық үкіметтің әлемдік тәжірибесі және оның Қазақстандағы қалыптасуы (салыстырмалы саяси талдау)
Н.Ә.Назарбаевтың елімізде Конституциялық реформасы
Қазіргі тұлғаның əлеуметтену ерекшеліктері
КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Бағалы қағаздар есебін жүргізуде ақпараттық жүйені тиімді пайдалану және автоматтандыру
Несиелік қор менеджментінің экономикалық ақпараттық жүйесі
Әлемдік жүйе
Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
Пәндер