Автосервистегі бухгалтерлік есеп



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Автосервистегі бухгалтерлік есеп

1.Автокөлікті жөндеуге жұмсалатын шығыстар есебі.

2.Көлік-экспедиторлық қызметтер есебі.

1.Автомобиль көлігін жөндеу туралы мәселе меншіктің барлық
нысандарындағы және қызметтің барлық түрлеріндегі кәсіпорындардың
бухгалтерлерін толғандырады,өйткені автокөлікті көптеген кәсіпорындар мен
ұйымдар пайдаланады.Пайдаланудың жиілігі,нашар жолдар,машинадағы бөлшектің
сапсыздығы,машинаға күтімнің дұрыс жасалмауы,жол-көлік оқиғалары және т.б
сияқты көптеген себептерден автомобиль көлігін тұрақты түрде жөндеуге тура
келеді.
Автомобиль көлігінің жұмыс істеу жай күйін қалпына келтіру жөніндегі
жұмыстар ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу арқылы жүзеге асырылады.
Көлік құралдарының ағымдағы және орташа жөндеуіне алдын алу шараларын
ұдайы және дер кезінде жүргізу жөніндегі жұмыстар мен ұсақ бұзылу және
ақауларын жою,оларды уақытынан бұрын тозуынан сақтау мен жұмыс жай-күйінде
ұстау жөніндегі жұмыстар жатады.Автомобильді ағымдағы жөндеу кезінде
агрегатты ішінара ашып көру жүргізіледі,агрегаттар мен тораптардағы
бұзылулар жойылады,негізгі тораптар мен бөлшектер ауыстырылмайды және
жөнделмейді.
Күрделі жөндеуге неғұрлым қиын жөндеу,көп жағдайларда ағымдағы
жөндеуге қарағанда көлемі мен құны жағынан аса көп жөндеу жатады.
Жөндеудің бухгалтерлік және салық есебі.
Салық органдары бақылау жүргізген кезде техникалық тексеруді жөндеу
жұмыстарына жатқызу жөнінде даулы жағдайлар да туындайды.Бухгалтерлік және
салық есебі үшін техникалық тексеру жөндеу жұмыстарына жатпайтыны
негізделуге тиіс.Бұл үшін есеп саясатында техникалық тексеруге жататын
жұмыстардың түрлерін көрсеткен жөн.
Жөндеу екі әдіспен жүргізілуі мүмкін:лолар-мердігерлік және шаруашылық
әдістер.Жөндеудің жүргізілуі туралы жазба бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде
бастапқы құжаттардың негізінде қатаң түрде жүргізіледі.Бастапқы есеп
құжаттарында толық әрі шынайы деректер болуға,олар,әдетте,операция жүргізу
кезінде уақтылы жасалуға тиіс.
Автомобиль көлігіне жөндеу жүргізудің фактісін растау үшін мына
төмендегі бастапқы құжаттар қажет:
Мердігерлік әдіспен жөндеу жүргізу кезінде:
• Автосервис ұйымымен жөндеу жүргізуге жасасқан шарт;
• Жөндеу жұмыстарының сметасы;
• Автосервис ұйымына қосалқы бөлшектерді беруге арналған жүк
құжаты;
• Автосервис ұйымынан ҚҚС сомасын көрсете отырып,ҚҚС бюджетке
есепке жатқызуды негіздеуге арналған шот – фактура;
• Автосервис ұйымы көрсеткен қызметтерге төлемақы фактісін
растайтын төлем құжаттары (төлем тапсырмасы,кіріс ордеріне
түбіртек,шығыс касса ордері, аванстық есеп, бақылау – касса
апаратының фискалдық чегі);
• Жөндеуді жүргізген фактісін растайтын шарттың немесе наряд –
тапсырысының күніне және номеріне сілтеме жасай
отырып,орындалған жұмыстардың актісі.
Шаруашылық әдіспен жөндеу жүргізу кезінде:
• Автомобильді жөндеуге арналған ақаулық ведомості;
• Жеткізуші ұйымнан қосалқы бөлшектерді босатуға арналған жүк
құжаты;
• Қосалқы бөлшектерді жеткізушіден алынатын шот фактура;
• Жұмсалған қосалқы бөлшектерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есепті теориялық жағынан зерттеп, кәсіпорынның есеп саясаты және қабылданған басқару шешімдерінің дұрыстығын анықтау үшін бухгалтерлік есептің орнын, маңызын, рөлін көрсету және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттау
Бухгалтерлік құжаттарды ұйымдастыру жолдары
Бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі
Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негіздері мен жалпы принциптері
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық негіздері
Бухгалтерлік есепке алу туралы қазақстан республикасының заңы. 1995 жылғы 26 - желтоқсаннан, қосымшалары мен өзгертулері
Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру
Пәндер