Бухгалтерлік қорытынды есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар


ЖОСПАР
Бухгалтерлік қорытынды есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар2
Бухгалтерлік қорытынды есептің құрамы мен түрлері туралы ұғым4
Бухгалтерлік қорытынды есепке қойылатын негізгі талаптар7
Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі8
Бухгалтерлік қорытынды есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар
Халықаралық практикада бухгалтерлік есеп үдерісін төрт түрлі негізгі сатыға бөлу қабылданған.
Бірінші сатыда әр түрлі шаруашылық фактілері (іскерлік мәліметтер) құжатталады.
Екінші сатыда - есеп деректері жіктеліп және оларды бухгалтерлік есепшоттарына, бухгалтерлік есептеу тіркелімінде бас кітапта көрсету жолымен біріктіріп жазады.
Үшінші сатыда мазмұнына қарай бухгалтерлік есептің мемлекеттік жүйесінің талабына сай бухгалтерлік қорытынды есеп жасалады.
Төртінші бухгалтерлік есеп үдерісінің қорытындылама сатысында ұйымның шаруашылық кызметіне талдау жүргізіліп, оның нәтижесі кәсіпорын әкімшілігінің өз қызметіне баға беруі мен алдағы уақытта орындалатын жұмыстары туралы шешімдер қабылдауы үшін пайдаланады.
Бухгалтерлік қорытынды есеп берудің мақсаты бұл есепті пайдаланушыларға кэсіпорынның мүлкі мен қаржылық жағдайы және олардың қозғалысы туралы, сондай-ақ кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері туралы әрі ақиқат ақпарат беруден тұрады. Ұйым туралы ақпаратқа мүдделі жеке немесе заңды тұлғалар осы кәс іпорыннын бухгалтерлік қорытынды есебін пайдаланушы болып саналады.
Кәсіпорынның бухгалтерлік корытынды есебін пайдаланушылардың барлығы бухгалтерлік есептің халықаралық стандартьша сәйкес ілгеріде айтып өткеніміздей үш топқа біріктіріледі.
Бірінші топқа - осы ұйымда қызмет атқаратын адамдар, яғни жұмысшылар мен қызметкерлер жатады. Оларды осы шаруашылықтың экономикалық тұрақтьшығы мен табыстылығы туралы ақпараттар қызықтырады. Сонымен қатар олар өздерінің жұмыс орындарының сакталуы, сондай-ақ уақытымен еңбекақы және басқа да жэрдемақы, сыйақы алуы үшін мүдделі болып табылады. Қатаң бәсеке шартында кез келген кәсіпорьшның өміршеңдігі оның басшысының екі негізгі міндетті, яғни пайдалы жұмыстың табыстылығы (рентабельділігі) мен активтердің өтімділігін қамтамасыз етуді қаншалықты үздік шешуіне байланысты.
Қолда бар капиталды сақтап және жаңасын жұмылдыру арқылы кәсіпорынның жеткілікті пайда табу мүмкіндігі табыстылық (рентабельділік) болып саналады.
Кредиторлар алдындағы қарыздарын өтеуі үшін ұйымның жеткілікгі түрде ақшаларының және басқа да қорларының болуы, ол кәсіпорын активтерінің өтімділігін білдіреді.
Екінші топты - осы ұйымда жұмыс істемейтін, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей ынталылар, мүдделілер құрайды. Бұл топқа кәсіпорынның инвесторларын, несие беруші банк және басқа да мекемелерін, жабдықтаушы-мердігерлерін және басқаларды жатқызуға болады.
Инвесторларды олардьщ салынған капиталының табыстылығы қызықтырып және сонымен қатар алдағы уақытта осы ұйым үшін қолайсыз жағдайлардан болатын қатер жайлы акпараттар аландатады. Бұл ақпараттар оларға қай кезде кәсіпорынның акцияларды сатып алуға, ұстап отыруға немесе сатуға болатындығын біліп, шешім қабылдау үшін қажет.
Несие берушілерді ұйымға берілген төлемді уақытымен қайтарып алу мүмкіншілігі және одан түсетін тиесілі пайызды алу мүмкіндігі туралы ақпараттар қызықтырады.
Жабдақтаушы-мердігерлерді кәсіпорынның төлем қабілеттілігімен шоттарды уақтылы төлеу мүмкіндігі жайлы ақпараттар қызықтырады.
Үшінші топқа - кәсіпорынның қаржылық жағдайына жанама мүдделілерге қор биржалары, салық комитеті, жоспарлауды жүзеге асырушы органдар және басқа да заңды тұлғалар жатады. Олар ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдалану арқылы елдегі адамдардың орташа еңбекақысын және басқа да статистикалық көрсеткіштерді есептеп отырады. Осыларды ескере келсек, кәсіпорындардың бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтері тек қана бір кәсіпорынның экономикасын көтеру үшін ғана емес, сонымен қатар елдің және сол елдегі халықтың әлеуметгік жағдайын жақсарту үшін қажет.
Бухгалтерлік қорытынды есептің құрамы мен түрлері туралы ұғым
Бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайын, сондай-ақ белгілі бір уақыттағы қызметінің қаржылық қорытындысыньщ нәтижесін көрсететін көрсеткіштер жүйесінен тұрады.
Бухгалтерлік қорытынды есеп өзінің негізгі болып саналатын белгілеріне қарай, яғни жасалу уақыты (периодичности), мәліметтің көлемі (по объему) және тағайындалуы (по назначению) бойынша жіктеледі.
Жасалу уақытына қарай бухгалтерлік қорытынды есеп ағымдағы (промежуточная) және жылдық деп аталатын екі түрге бөлінеді. ¥йымның ағымдағы (жыл аралық) бухгалтерлік қорытынды есебі негізінен қысқа есепті кезең аралығына жасалады (бір айға, бір тоқсанға немесе жарты жылға) . Ал кәсіпорынның жылдық бухгалтерлік қорытынды есебі есеп беретін жылға жасалады. Оның ағымдағы қорытынды есептен айырмашылығы балансқа көптеген қосымшалар тіркеліп, ұйымның қаржылық және мүліктік жағдайы туралы толығырақ ақпарат береді. Сондықтан да бұл ақпаратты-мәліметтер кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін нақтылы бағалауға мүмкіндік береді.
Мэліметгің көлеміне қарай бухгалтерлік қорытынды есептің өзін алғашқы (первичная) және жиынтық (сводная) бухгалтерлік қорытынды есеп деп аталатын екі түрге бөлуге болады. Алғашқы бухгалтерлік қорытынды есеп ұйымның ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтері негізіңде жасалады. Оның құрамында кәсіпорынның белгілі бір уақыт аралығындағы (бір айдағы) мүліктік немесе қаржылық нәтижесі керсетіледі. Жиынтық бухгалтерлік қорытынды есепті құрамында туынды немесе еншілес серіктестіктері бар шаруашылық ұйымдары өзінің және сол серіктестіктерінің қорытынды есептерінің негізінде жасайды.
Тағайындалуы бойынша жасалынған бухгалтерлік қорытынды есеп ішкі (внутренняя) және сыртқы (внешняя) болып бөлінеді. Ішкі деп аталынатын бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтері шаруашылықты басқару үшін, сондай-ақ басшылардың қандайда бір мәселелерді шешуі үшін пайдаланылады. Бухгалтерлік қорытынды есептің бұл түрі сыртқы пайдаланушыларға берілмейді және оның мәліметтерін жариялауға тыйым салынады. Ал бухгалтерлік қорытынды есептің сыртқы түрі барлық пайдаланушылар үшін ашық түрде беріледі. Сонымен қатар қорытынды есептің бұл түрін кәсіпорын кейбір жағдайларда жарнама ретінде ақпараттық құралдар (газеттерде, журналдарда) беттеріне де жариялайды.
Жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорын қызметінің түріне, шаруашылық саласына қарамастан мына құжаттардан тұрады:
бухгалтерлік баланстан;
қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы есептен;
меншікті капиталының қозғалысы туралы есептен;
ақшалардың қозғалысы туралы есептен;
түсініктемелік жазбадан.
Кәсіпорынның жылдық бухгалтерлік қорытынды есебіне берілген түсініктемелік жазба кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы деректен, өткен жылмен ағымдағы жылдық мәліметтерін салыстыру арқылы жазылған түсініктемеден және бухгалтерлік қорытынды есебінің елеулі баптары мен бағалау әдістері туралы маңызды ақпараттардан тұруы керек. Бүл айтылғандардан басқа түсініктеме жазбада ұйымның келесі есепті жылдық есеп саясатына енгізілетін өзгерістер жайлы мәліметтер көрсетіледі.
Бухгалтерлік қорытынды есепке қойылатын негізгі талаптар
Бухгалтерлік есеп принциптеріне сэйкес кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік қорытынды есебі мынадай негізгі талаптарға жауап беру керек: сенімділікке, тұтастыққа, тізбектілікке, салыстырымдылыққа, есепті кезеңге және рәсімделуге.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz