Дайын өнімді есепке алу және оны өткізу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Дайын өнімді есепке алу және оны өткізу 2
Дайын өнім және оны есепке алу міндеттері 2
Дайын өнімді қоймада және бухгалтерияда есепке алу 3
Басқа ұйымдар орындаған тиеп жіберілген өнімді, жұмысты және көрсетілген
қызметті есепке алу 5
Өнім өткізуді есепке алу 9

Дайын өнімді есепке алу және оны өткізу

Дайын өнім және оны есепке алу міндеттері

Дайын өнім деп толық өңделген (жиынтықталған), тиісті тексеруден
(сынақтан) өткен, қолданылып жүрген стандарттарға немесе бекітілген
техникалық талаптарға сәйкес келетін, кәсіпорынның техникалық бақылау
аппараты қабылдаған және қоймаға тапсырылған не тапсырыс беруші орнында
қабылдаған (тапсыру құжаттарымен ресімделген) өнім саналады. Сөйтіп, мұнай
бойынша оның стандарттарға сәйкес келуі мұнай сапасын сипаттайтын талдаулар
паспортымен расталады.
Өткізуге арналған дайын өнім тауар өнімі деп аталады. Тауар өнімінің
құнына өз материалынан, сол секілді тапсырыс берушінің материалынан
жасалған және басқа ұйымдарға сатуға арналған дайын өнімнің құны; басқа
ұйымдарға босатылатын өзі жасаған жартылай фабрикаттың құны, сондай-ақ
күрделі құрылыс пен күрделі жөндеу (шаруашылық әдіспен жүзеге асырылатын)
қажеттіліктеріне, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және мәдени-тұрмыстық
қажеттіліктерге және кәсіпорынның басқа да өндірістік қажеттіліктеріне
жұмсалған дайын өнімнің құны кіреді.
Дайын өнімді есепке алудың және өткізудің негізгі міндеттері: дайын
өнімнің сақталуына және нормадан тыс және артық қорларға жол бермеу үшін
нақты қорлардың белгіленген нормативтерге сәйкестігіне, сондай-ақ жеткізу
бойынша шарттық міндеттемелерді бұзбауға бақылауды; дайын өнімнің
қозғалысын дұрыс және уақтылы кіріске алуға және құжатпен ресімдеуге
бақылауды; сатып алушылардан тиеп жіберілген өнімнің төлемдерінің уақтылы
түсуіне, сөйтіп, дайын өнімді өткізу жоспарының орындалуын бақылауды;
өнімді, жұмыс пен қызметті өткізуден түскен қаржылық нәтижені есепте
уақтылы анықтауды және көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Мұнай
өндіруші кәсіпорындарда мұнай өндіру мен қозғалысын есепке алу міндеттері
жер қойнауынан алынатын мұнай көлемін, оны тұтынушыларға өткізуді,
кәсіпорынның өз қажеттіліктеріне шығысын есепке алу және оны айдау мен
дайындау кезіндегі жоғалтуларын есепке алу қажеттіліктерінің талаптарына
жауап беруі тиіс.

Дайын өнімді қоймада және бухгалтерияда есепке алу

Қоймалардағы дайын өнімді сандық есепке алу. ОТК қабылдаған дайын
өнім қабылдау-тапсыру жүк құжаты бойынша дайын өнім қоймасына тапсырылады.
Жүк құжаты екі данада жазылады, біреуі өнімді шығару және оны қоймаға
тапсыру туралы құжат ретінде дайындаушы-цехқа қайтарылады.
Қоймада шұғыл есепке алу әрбір кіріс және шығыс құжаты жазыла отырып,
номенклатуралық номері бойынша қоймалық сандық есепке алу сұрыптау
карточкаларында жүзеге асырылады және қалдығы шығарылады. Операциялар
карточкаға жазылғаннан кейін барлық қабылдау-тапсыру құжаттары
бухгалтерияға немесе тікелей машиналық есептеу қондырғысына беріледі. Дайын
өнімді қоймалық есепке алу материалдарды қоймалық есепке алған секілді
жүргізіледі. Алайда дайын өнімді есепке алу тәртібі кәсіпорындардағы
өнідіріс технологиясы мен және ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты.
Мұнай өндіруші кәсіпорындардағы мұнай мен газ өндіруді сандық есепке
алу. Скважинадағы мұнай мұнай жинаушы коллектор (құбыр) арқылы мұнай
тұндырылып, су мен лас заттар төмен түсірілетін жинау ыдысына (резервуарға)
беріледі. Мұнай негізінен скважинадан тұрақты эмульция түрінде түседі;
мұндай мұнай арнайы құрылғыда мұнайға және суға бөлінеді, яғни
деэмульцияланады. Мұнай сатып алушыға стандартты сапа (тұндырылғаннан,
деэмульцияцияланғаннан және тұрақтандырылғаннан кейін) тапсырылады.
Мұнай қозғалысы туралы деректерді алу үшін, яғни оның болуын,
өндіруді, тиеуді (тапсыруды) және жеке қажеттіліктерге (скважинаны жуу,
өндірістік котельныйлар мен пештер үшін отынға, мұнай дайындау
құрылғыларына және басқаларына) шығысын, және оның сапасын білу үшін
резервуардағы мұнайға өлшеп тексеру және оның сынамаларына талдау
жүргізіледі. Өлшеп тексеру нәтижелері ыдыстардағы мұнайды өлшеушінің
вахталық журналына жазылады. Мұнай сапасы сынамасына талдау нәтижелері
мұнай паркіндегі мұнай сапасын талдаулар жазу журналына жазылады, мұнда
мұнай сынамасы алынған резервуардың номері; сынама алу аралығы; мұнай
құрамындағы су, тұз және механикалық қоспалар (процентпен); тығыздығы мен
температурасы; бензинің құрамы; сынама алушы мен лаборанттың фамилиясы
көрсетіледі.
Есепті тәуліктің соңында резервуарлардағы мұнайдың болуын, сатып
алушыға тәуліктегі берілуін және жеке қажеттіктерге жұмсалған шығыстарды
есепке алу үшін мұнай паркіндегі мұнай қозғалысын есепке алу журналы
жүргізіледі, ол мұнайды өлшеп тексерушінің вахталық журналынан және мұнай
сапасын талдаулар жазбасы журналынан алынған деректер негізінде
толтырылады. Мұнайдың салмақтық саны есептеу арқылы алынады.
Мұнай өндіруді есепке алуды бақылау мақсатында НГДУ бастығы
тағайындайтын арнайы комиссия он күн сайын өлшеп тексеру жүргізеді және
мұнай сақтау орындарында мұнайдың болуы туралы акті жасайды. Акт
көрсеткіштері мұнай қозғалысын есепке алу кітабына жазылады.
Мұнайды сатып алушыға беру жүк құжаты арқылы ресімделеді. Тапсырылған
мұнайдың сапасын растау үшін жүк құжатына лабораториялық талдау паспорты
қоса беріледі. Скважиналарды шаюға және мұнайды дайындап, айдау цехының
қажеттілігіне және промыселдің ішкі өндірістік қажеттіліктеріне мұнай
жұмсау.
Мұнайды дайындап, айдау цехының вахта журналында мұнайды
сусыздандырмен, тұзсыздандырумен және тұрақтандырумен байланысты мұнай
қозғалысымен қатар оны дайындау кезіндегі мұнайдың жоғалтулары да (мұнайдың
түскен және алынған мөлшері арасындағы айырма) көрсетіледі. Мұнайдың қолда
барын, түсуін (өндіру), тапсырылуын және шығысын әрбір айдың бірінде және
жалпы айда есепке алу мұнай қозғалысын есепке алу кітабында жүзеге
асырылады, айдың біріндегі мұнай қалдығы мұнай сақтау орындарындағы мұнайды
өлшеп тексеру актісі негізінде көрсетіледі, ал әрбір кейінгі күндері –
мұнай паркіндегі мұнай қозғалысын есепке алу деректері бойынша көрсетіледі.
Мұнайды тұтынушыларға беру кітапта беруге арналған жүк құжаты негізінде,
мұнайды промыселдің жеке қажеттіктеріне жұмсау – актілер негізінде;
дайындау кезінде мұнайдың жоғалтуы – мұнай дайындау учаскесінің вахталық
журналы деректері бойынша көрсетіледі.
Мұнайды тәуліктің өндіру есептеу тәсілімен алынады: тәуліктегі
мұнайдың жалпы шығысына оның күн соңындағы қалдығы қосылады және күннің
басындағы қалдығы шығарылып тасталады. Мұндайда мұнай өндіру автоматты
түрде ішкі өндірістік айдау және сақтау кезіндегі мұнай оның жоғалтуының
шамасына азаяды. Апат салдарынан мұнайдың жоғалуы есепте өндірудің азаюы
түрінде емес, шығыс ретінде көрсетіледі.
Газды жалпы өндіру сатып алушыларға газды босату және шығыс өлшегіш
(дифманометр) көрсеткіштері және газ жұмсау ведомостері есептейтін
техникалық еспптеулер негізінде анықталатын кәсіпорынның жеке өндірістік
және өндірістік емес қажеттіліктеріне жұмсау болып есептеледі.
Бухгалтерияда дайын өнімді есепке алу. Бухгалтерияда дайын өнімнің
қозғалысын аналитикалық есепке алу есепті бағасы бойынша – орташа жылдық
жоспарлы өзіндік құны – немесе кәсіпорынның көтерме бағасы бойынша жүзеге
асырылады, бұл ретте дайын өнімнің нақты өндірістік өзіндік құнының есепьі
бағасы бойынша құнынан ерекше ауытқу позициясы бойынша есепке алу тізілімі
бөліп көрсетіледі. Кәсіпорынның көтерме бағасы бойынша дайын өнімді бағалау
ағымдағы есепте оны есепке алумен салыстыру арқылы қамтамасыз етіледі,
сондай-ақ құжаттардағы тиелген және өткізілген өнім бағаларының тұтастығын
сақтаумен қамтамасыз етіледі.
Өнімдер номенклатурасы шектеулі кәсіпорындарда, оның ішінде мұнай
өндіруші кәсіпорындарда дайын өнімнің аналитикалық есебі нақты өндірістік
өзіндік құны бойынша жүргізіледі.
Дайын өнімді синтетикалық есепке алу үшін Дайын өнім шоты арналған.
Бұл шотта өткізу үшін негізгі немесе қосалқы өндіріс шығарған дайын өнімнің
қозғалысы көрсетіледі. Негізгі өнімнен түскен дайын өнім ай ішінде Дайын
өнім шотының дебеті бойынша және Негізгі өндіріс шотының кредиті бойынша
бухгалтерлік жазбамен нақты өндірістік өзіндік құны бойынша кіріске
алынады.

Басқа ұйымдар орындаған тиеп жіберілген өнімді, жұмысты және
көрсетілген қызметті есепке алу

Кәсіпорын сатып алушылармен жасалған шарттарға сәйкес өз өнімдерін
тиеп жібереді және өткізеді. Шартта өнімнің саны, сапасы және жеткізу
мерзімі, есеп айырысу бағасы, есеп айырысу формалары және шарттық
міндеттемелерді бұзғаны үшін санкциялар көрсетіледі.
Өнімді тиеп жіберу (беру) қабылдау-өткізу актісімен немесе жүк
құжатымен ресімделеді, оның негізінде жеткізуші кәсіпорын шот-төлем талабын
жазып береді. Ол мынадай деректемелерден тұрады: жеткізу мен төлеушінің
атауы және олардың мекен-жайлары, сондай-ақ олардың есеп айрысу шоттары мен
осы шоттар ашылған банктердің атаулары (олардың орналасқан жері көрсетіле
отырып); жүк жөнелтуші мен жүк қабылдаушының атаулары және олардың мекен-
жайлары; жөнелтілген станциясы және қабылдайтын станциясы; жүк жөнелтуге
негіз болған шарттың немесе тапсырыстың номері немесе күні; тиеп жіберілген
күн және жөнелту тәсілі; саны, біреуінің бағасы, көтерме бағасы бойынша
сомасы, жеңілдіктер мен үстемеақылар (мысалы, өнімнің сапасы үшін), олардың
мөлшері кәсіпорынның көтерме бағасына өнімнің біреуінің тұрақты ставкасы
бойынша белгіленеді, және төлем сомасы; жүк жөнелтуші кәсіпорын басшысы
мен бас бухгалтерінің қолы.
Шот-төлем талабы бірнеше данада жазылып беріледі, олардың біріншісі
өнім тиеп жіберілген сәттен бастап екі тәулік ішінде сатып алушыдан төлем
алу үшін Мемлекеттік банк мекемесіне беріледі, екіншісі өнімді тиеп
жөнелтуді және өткізуді ағымдағы есепке алу үшін кәсіпорынның
бухгалтериясында қалдырылады және үшіншісі оған дайын өнімді тиеп жіберу
(босату) фактісін растау үшін жіберіледі және сы өнім үшін оған есептелген
сома туралы хабарлама жіберіледі.
Құжаттары банкке тапсырылған, бірақ сатып алушы әлі ақысын төлемеген
өнім тиеп жіберілген деп есептеледі.
Тиеп жіберілген және өткізілген өнімді аналитикалық есепке алуды
өнімді тиеп жіберу және өткізу ведомотсвосы жүзеге асырады. Онда күн сайын
сатып алушыға жазып берген барлық шоттар мен төлем талаптары көрсетіледі.
Осы ведомостер бойынша жекелеген топтары, атаулары, сорттары бойынша тиеп
жіберілген өнімнің саны туралы айлық қорытынды еспептер негізінде және
барлық тиеп жіберілген өнім бойынша өнімнің жоспарлы өзіндік құны және
кәсіпорынның көтерме бағасы бойынша оның құны есептеледі және есепке алу
бағасынан айырманы (жоспарлы өзіндік құнынан немесе кәсіпорынның көтерме
бағасынан) және тиеп жіберілген өнімнің нақты өндірістік өзіндік құнын және
ай соңындағы дайын өнімнің қалдығын рублмен анықталады (17-кесте).
Сөйтіп, есепке алу бағасы және нақты өзіндік құн бойынша деректерге
қол жеткізе отырып, ай басында алдыңғы айдағы осыған ұқсас есептеуден дайын
өнімнің қалдығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өткізу циклы аудиты жайлы жалпы ережелер
Дайын өнім және оларды бағалау әдістері
Комиссиондық бастамада тауар сату операцияларының есебі және құжат айналымы
Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
Сатып алу процессіндегі ішкі аудиттің әдістемесі
Дайын өнімнің өзіндік құн есебі
Дайын өнім термині кең мағынада компанияның шаруашылық қызметін байқауға мүмкіндік беретін есептік жазбалардың жиынтығы
Кәсіпорындағы дайын өнімнің есебі
Дайын өнім есебінің мақсаты, міндеті және бағалануы. ( "джунисбаева а.о." жеке кәсіпкерлік негізінде )
Калькуляция баптары бойынша өндіріс шығындарының жіктелуі
Пәндер