Еңбекақыдан ұсталатын және шегерілетін сомалар есебі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Еңбекақыдан ұсталатын және шегерілетін сомалар есебі.
Осы күнгі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшылар мен
қызметкерлердің еңбекақысынан тек заңда қаралған ұсталымдары ғана ұстап
қалуға болады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан кәсіпорынның
бухгалтериясы (есеп бөлімі) арқылы ұсталуға болатын (сомаларға)
ұсталымдарға мыналар жатқызылады:
-Жинақталатын зейнетақы қорына аударылатын сома (жұмысшылар мен
қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомасының 10 пайызы мөлшерінде).
-Табыс салығы (белгіленген заңдарға сәйкес).
-Заң, сот органдарының үкім қағазы бойынша ұсталатын ұсталымдар
(алимент, айыппұл, тағы да басқалар).
-Несиеге сатып алған тауарлары, заттар үшін жұмысшылар мен
қызметкерлердің міндеттемесі бойынша белгіленген сомалар.
-Әр түрлі жарналар (жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші
бойынша кәсіподақ комитетіне, ұйымдарға, партияларға, тағы
басқаларға) төленетін төлемдер.
-Дербестік сақтандыру шартына сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің
жазбаша өтініші бойынша жеке басын, жанұя мүшелерін, мүлкін және
тағы басқалары сақтандыруға байланысты жарна аудару.
-Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы есебінен берілген аванс пер
артық төленген төлемдер сомасы.
-жеке менік үй салуына банктен алынатын ұзақ мерзімді несиені өтеу
үшін ұсталатын ұсталымдар.
-Жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша өзі жұмыс
істейтін шаруашылық субъектісінің қарамағындағы, яғни меншігіндегі
үйде тұрғаны үшін пәтерақы мен тұрмыстық қызмет үшін төленетін
төлемдер және сол шаруашылық субъектісінің қарамағындағы мектепке
дейінгі балалар мекемесіне (балабақшаға) балаларының барғаны үшін
төленетін төлемдер.
-Ұйымға келтірілген зиянды өтеу үшін ұсталатын ұсталымдар.
Бұл айтылғандардан басқа жұмысшылар мен қызметкерлердің
еңбекақыларынан өздерінің жазбаша өтініштері бойынша жинақ кассаларына
салатын салымары, тағы да басқалар ұсталады.

Еңбекақының аналитикалық (талдамалық) және (топтамалық) синтетикалық
есебі.
Кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және оладың
әрқайсысына бір айға төленуге тиісті еңбекақының жалпы сомасын табу үшін
алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстарға және
қосымша төлемдер мен қосымша еңбкақыларына қоса төленетін жалпы соманы
анықтап одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тастау керек. Жұмысшылар мен
қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын ұсталымдарды және
оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған
құжатты есеп айырысу төлеу тізілімі (ведомосі) деп атайды. Ұйымдарда бұл
тізілімдеме әрбір цехтар, бөлімшелер бойынша толтырылады. Еңбекақы жөнінде
есеп айырысу төлеу тізімдемесі әрбір жұмысшы мен қызметкер бойынша
есептелген еңбекақымен басқа да төлем сомаларын және одан ұсталынған
ұсталым сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады. Бұл тізімдемеде жұмысшы-
қызметкерлердің аты-жөні, табельдік номері, оларға есептелінген негізгі
және қосымша еңбекақылары мен дан ұсталынатын ұсталымдардың түрлері бойынша
сомалары және сол айдың басы мен соңындағы кәспорынның жұмысшылар мен
қызметкерлерге немесе жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорыеға қарыз
сомалары көрсетілеі. Жұмысшылар мен қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу
тізімдемесі бойынша ұйымның кассасынан өзіне тиісті еңбекақыны алып, қол
қояды. Бұл тізімдеме бойынша біріншіден жұмысшы немесе қызметкерлер мен
еңбекақы жайында есеп айырысу жүргізілсе, екіншіден бұл тізімдеме еңбекақы
бойынша есеп айырысудың аналитикалық себі болып табылады, ал үшіншіден осы
тізімдеме арқылы жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың еңбегіне қарай
еңбекақыларын төлейді. Кейбір ұйымдарда есеп айырысу-төлеу тізімдемесі мен
дербес шоттың орнына есеп айырысу тізімдемесі ғана толтырылып жүргізіледі.
Бұл есеп айырысу тізімдемесі журнал түрінде жасалып, негізгі және қосымша
беттерден тұрады. Негізгі бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген
негізгі және қосымша еңбекақылары мен жәрдемақыларының сомасы және олардан
ұсталатын ұсталымдары есептеуге керекті мәліметтері (лауазымды тұлғаның
жалақысы, белгіленген мамандық дәрежесіне сәйкес тарифтік еңбекақысы, туған
жылы, отбасы жағдайы, балаларының және қарауындағы адамдардың саны
ұсталынатын және шегерілетін сомалардың мөлшері, қай уақытқа дейін
демалатыны, тағы да басқалар) көрсетіледі. Тізімдеменің қосыма беттерінің
саны бұл журналдың қанда мерзімге (айға, тоқсанға, жарты жылға жылға)
ашылғандығына байланысты болады. Бұл тізімдеменің титулдық бетінде
жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген және депотеттелген еңбекақы сомалары
жазылады. Тізімдемені толтыру барысында оның ең соңғы бетіне жиынтық
сомалары жазылады. Бұл жоғарыда аталған құжаттарды толтырғанда жазылған
сомалардың алдымен жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде
толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілген сомаларына сәйкестігін тексеру
қажет. Бұл тізімдеме бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген
еңбекақы сомаларының одан ұсталынатын ұсталымдарды және қолдарына берілуге
тиісті сомалардың дұрыстығын анықтау үшін тізімдеменің тік және көлденең
жақтарының жиынтық сомалары арифметикалық жолмен тексерілуі тиіс.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы бойынша есеп айырысу
есебі 681-ші Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу деп аталатын
синтетикалық, пассивті шотта есептеліп жүргізіледі. Бұл шот бойынша
деректер мен ақпараттар үлгілі түрі №10 және №10-1 журнал-ордерлерінде
көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істегендері, қызмет
атқарғандары және өнім өндіргендері үшін есептеліп төленетін еңбекақы
өндіріс шығындарының бір элементі ретінде еңбекті пайдалану бағытына қарай
шығындарды есептйтін белгілі бір шотқа оның ішінде тиісті өндірістік өнімге
апарылы керек. Сонымен қатар бұл туралы еңбек қоры жайлы тиісті орындарға
есеп берілуі қажет. Сондықтан да рапорттар мен өнімдерді өндіру
тізімдемелері, табельдер және тағы да басқа алғашқы құжаттар негізінде әр
цех бөлімше бойынша есептелген еңбекақы олардың түрлері және
қызметкерлердің санаттары (категориялары) бойынша топталады. Бұл топтау
журнал-ордерлердің үлгілі түрі №3 және №4 өңдеу кестелеріде жүргізіледі,
ол кестенің сол жағында дебиттелінетін шоттар нөмірлері, ал оң жағында
жұмысшы-қызметкерлерінің мамандық дәрежелеріне сәйкес оларға есептелген
еңбекақы сомалары түрлері бойыша бөлініп жазылады. Ұйымдарда жұмысшылар мен
қызметкерлерге есептелетін еңекақы сомасы бөлу (тарату) тізімдемесінің
негізінде шығындар есептелетін шоттарға былайша жазылады:
Д-т: Тауарларды (жұмыстарды) сату бойынша шығындар шоты,
Жалпы әкімшілік шығындар шоты, Негізгі өндірістегі жұмысшылардың
еңбекақысы шоты, Көмекші өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысы шоттарының
тиістісі,
К-т: Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу шоты..
811 шоттың дебитіне маркетинг бөлімінің басқа да тауарларды сатумен
айналысатын жұмысшы қызметкерлердің еңбекақысы жазылады.
821 шоттың дебитіне ұйымдағы әкімшілік басқару қызметкерлердің
еңбекақысы жазылады.
902 шоттың дебитіне негізгі өндірісте жұмыс істейтін жұмысшы
қызметкерлердің мерзімді және кесімді еңбекақылары жазылады. Кесімді
еңбекақы алғашқы құжаттар негізінде өндіріліп шығарылған өнімдердің өзіндік
құнына қосымша, мерзімді еңбекақы шығындары барлық өндірілген өнімдерге
үйлесімді (пропорционалды) бөлініп, қосылады.
922 шоттың дебитіне көмекші өндіріс жұмысшы қызметкерлерінің істеген
жұмыстары мен атқарған қызметтріне есептелген еңбекақы сомалары жазылады.
932 шоттың дебитіне цехтың әкімшілік басқару және басқа да
жұмысшылардың еңбекақылры жазылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген
еңбекақыдан салықтар мен ұсталымдар, жарналар есептелгенде:
Д-т: Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу шоты.
К-т: Зейнетақымен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу шоты,
Бюджетпен басқадай салықтар немесе алымдар бойынша есеп айырысу және тағы
да басқа шоттар түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төленгенде:
Д-т: Қызметкерлер мен еңбекақы бойынша есеп айырысу шоты.
К-т: Ақшалар шоты түрінде,
Ал есептеліп, брақ уақыиысында таратылмағанда және тағы да басқа
жағдайларда:
Д-т: Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу шоты
К-т: Өзге де алашақ борыштар шоты түріндегі бухгалтерлік жазу
жазылады.
Жұмысшылыр мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде бухгалтерлі есепшоттары
бойынша жүргізілетін операциялар.
№1 Операциялар мазмұны ДебиттелетінРедиттелетін
шот шот
1 2 3 4
1 Жұмысшылар мен қызметкерлерге
еңбекақы, сыйақы және басқа да
төлемдер есептелінеді: 902 681
-Негізгі өндіріс жұмысшыларына; 922 681
-Қосалқы өндіріс жұмысшыларына; 932 681
-Цехтың қызметкерлеріне; 821 681
-Кәсіпорынның басқару аппараты
қызметкерлеріне; 811 681
-Маркетинг бөлімінің, басқа да
тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды)
сатумен айналысатын жұмыскерлерге;
2 -Жұмысшыларға кезекті демалыс ақысын
есептеу (егер демалыс ақысын төлеуге 685 681
резерв құрылған болса)
-Демалыс ақысынан есептелген 685 635
әлеуметтік салық сомасы
3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістегі еңбекақының төленуіне кеткен шығындардың есебі
Еңбекақыны кәсіпорын қызметкерлерінің құрамы бойынша есептеу
Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер
Мерзімді және кесімді еңбекақы
Орташа еңбекақыны есептеу тәртібі
Өнірістік жұмысшылардың еңбекақысы
Еңбек және еңбек ақы төлемдерін ұйымдастыру жолдарын жетілдіру
Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер
Еңбек түсінігі және еңбекақы есебі
Пәндер