ЕСЕП САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АШЫЛУЫ


ЖОСПАР
ЕСЕП САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АШЫЛУЫ2
ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ7
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР8
ЕСЕП САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АШЫЛУЫ
Халықаралық бухгалтерлік стандарттарға көшу кәсіпорынның жаңа есеп саясатын әзірлеуді қажет етті.
Есеп саясаты - бұл ұйымның өсептік нұсқасын, нұсқалар рұқсат өткен есеп объектілерін бағалаудың, сондай-ақ белгіленген нормалардың талаптарына және кәсіпорын қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мән ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.
Кәсіпорынның есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді. Мұның өзі нарық экономикасы жағдайында бухгалтерлік есептің рөлі мән мәнін арттыруда аса маңызды.
Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасын, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған.
Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыру және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кісіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда, есептік саясат- бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.
Бухгалтеррлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік- құқықтық құжаттарда белгіленген.
Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынған жөн:
- Кәсіпорын өз мүлкімен өзімен өзі болушылығы (кәсіпорын өз балансында тек заң бойынша танылған мүліктерді ғана көрсетеді, ал қалған барлық құндылықтар мен міндеттемелер баланстан тыс шотаррда есепке алынады) ;
- Толассыз қызметі (есеп саясаты мәселесі бойынша қандай да бір қабылданатын шешім, кәсіпорын өз қызметін болашақ кезеңде тоқтатпайтындығы немесе қызмет масштабын қысқартпайтындығы басшылыққа алынуы керек) ;
- Есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі (шаруашылық операциясын көрсету әдісінің тұрақтылығы, есеп беру жылының барысында міндеттеме мен мүлікті бағалау, сондай-ақ бір есептік жылдан басқасына өткен кезде де) ;
- Шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы (әр фактілердің немесе төленген кезіне қарамастан, олар өзінің орындалған немесе орын алған кезеңіне жатқызылуы керек) .
Пайдаланатын есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы - кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, обьективті және шынайы ақпаратпен қаптастыру.
Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есеп іскер адамдарды біріктіре алатын бизнес пен кәсіпкерліктің тілі болып табылады. Бұған қоса, бухгалтерлік есеп макро-экономикалық көрсеткіштердің қалыптасуының жалпы мемлекеттік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Ал бұның өзі әрбір кәсіпорын мұндай көрсеткіштерді есептеп шығаруға қажетті ақпараттарды әзірлей отырып, бірегей әдістер мен қағидаларға сүйенулері керек. Бұл қағидалар есеп ресімдерін таңдау мен есеп процесін әзірлеуде сақталуға тиіс, кәсіпорынның есеп жүйесіндегі бастапқы сәттерді белгілейді.
Олар кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жүйесін құрудың іргетасы. Оның мақсаты салыстырмалы ақпаратқа рұқсатты қамтамасыз ету, қаржы жағдайы мен қызмет нәтижесі туралы шынайы ақпаратты тапсыру болып табылады.
Есеп саясатын қалыптастырған және қолданған кезде есептің мынадай принциптерін сақтау керек:
1. Есептеу - кәсіпорынның кірістері мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
2. Үздіксіздік - яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады.
Оның таратылуға немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп болжамдалады.
3. Түсініктілік принципі - қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.
4. Маңыздылық. Пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауы және кәсіпорынның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпарат маңызды болуы керек.
5. Мәнділік. Ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде қандай да бір мәліметті жіберіп алсақ немесе дұрыс ұсынбасақ, онда бұл ақпаратты пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.
6. Растық. Ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ болса, ол рас болып табылады және оған пайдаланушылар сене алады.
7. Бейтараптық. Қаржылық ақпарат тәуелсіз болуға тиіс.
8. Сақтық - яғни активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін, ал міндеттеме немесе шығын белгісіздік жағдайында кем бағаланбас үшін шешім қабылдаған кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.
9. Аяқталғандық - растықты қамтамасыз ету үшін есепті кезеңдегі ақпарат толығымен аяқталған болуы тиіс.
10. Салыстырмалылық - қаржылық ақпарат бұрынғы есеп кезеңдердегі ақпаратпен салыстырмалы болуға тиіс.
11. Дәйектілік. Субъекті таңдап алған есеп саясаты мен әдістер, объектілер бір есепті кезеңнен келесі есептік кезеңге дәйекті түрде қолданылуы керек. Егер біз бір есеп саясатын таңдап алып, келесі жылы басқа есеп саясатын таңдайтын болсақ, онда мұндай жағдайда түсіндірме жазулар болуға тиіс, яғни біз оларды негіздеуге тиіспіз.
12. Күмәнсіз және риясыз ұсынба. Қаржылық есептеме оны пайдаланушылардың қаржы жағдайы, қаржы-шаруашылық нәтижесі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы көріністі риясыз көзқарас туғызуы керек. Типтер кәсіпорынның есеп саясатын әзірлеуге тауға негіздемені қамтамасыз етеді. Бұларды порынның мүліктік және қаржы жағдайы туралы алайды. Оның қызметінің нәтижесі бухгалтерлік жүргізбеу ретінде бағалануы керек. Бухгалтерлік дарттары есеп саясатын қалыптастыруға база ады. Олар шаруашылық операцияларын, активті капиталды, міндетемелер мен шаруашылық нәтижелерін көрсетудің бірнеше нұсқасын ұсылатын.
Есеп саясатын қалыптастыру әрбір стандартта ұсынылатын әдістердің біреуін таңдап алу және оларды негіздеумен түсіндіріледі. Есеп саясатының қалыптасуына кәсіпорынның басшысы жауап береді.
Есеп саясатының ашылуы - бұл қаржылық есептемеге түсіндірме жазудағы неғұрлым елеулі аспектілерге сипапама беру.
Қаржылық есептеменің деректері бойынша кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеті, шаруашылық етудің негізгі ережелері, кәсіпорын қызметінің жақсаруындағы (нашарлауындағы) үрдістер және т. б. көрсеткіштер белгіленеді.
Бұйрықпен ресімделген есеп саясаты нормативтік құжат болуға тиіс. "Есеп саясаты" термины ресми түрде Қазақстан Республикасы бухгалтерлерінің іс тәжірибесіне, кезіндегі Казақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық Комиссияның 1996 жылғы 13 қарашадағы №2 қаулысымен енгізілді. Толық түрде есеп саясаты №1 "Есеп саясатының маңызын ашу" жөніндегі №1 бухгалтерлік есеп стандартында танылып, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық ұйымдарда міндетті түрде жасалынатын болды. Әрбір ұйым өзінің есеп саясатын калыптастырып, мұның өзін ішкі шаруашылық өрісінде және бухгалтерлік есеп жүргізу ісінде қолданатын мүмкіндікке ие болатын болды.
Есеп саясаты - деп ұйымдарда іс-тәжірибе қолданылатын бухгалтерлік есеп объектілерін жіктеп, жүргізуге арналған өрісі кең ішкі ережелер жүйесін айтады.
Есеп саясатының түпкі мақсаты - нарық пен базарлы саудаға түсетін ұғымды жолдарды анықтау, өндірісті ары қарай модернизациялау, жаңа және сапалы өнімдер өндіруге ықпал ету, қаржылық күйреу жағдайын болдырмау, материалды активтер мен басқа да құндылықтарды дұрыс бағалау мен есептен шығару, резервтік қорлар көздерін көбейту, өңдірістік шығындар тиімділігін ұғымды баскару болып табылады. Түпкі мақсаттың ең дәлелдісі ұйымдардың таза пайдамен қызмет аткаруын қамтамасыз ету.
Есеп саясаты екі жағдайда - "жоғарыдан" және "төменнен" реттеледі. "Жоғарыдан" реттеу кезенінде есеп қызметін жүргізу жөніндегі зандар мен нормативтік актілер, сондай-ақ бекітілген бухгалтерлік есеп стандарттары, салық заңдылығы т. б. ресми құжаттар басшылықка альшады. Екінші жағдайда "төменнен" реттеу кезеңінде ұйымдардағы технологиялык ерекшеліктер, салалық кұрылым, табыс келтіру жолдары т. б. ішкі ерекшеліктер басшылыққа алынады. Есеп саясатын қалыптастыру үшін есеп жүргізу әдістерінің ішінен, осы кәсіпорынға тән кажетті әдістер мен ережелерді тандап алып, есеп саясатының маңызын ашуға болатындыған тағы да айта кеткен жөн.
ФИЛИАЛДАҒЫ ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ
1. Филиалдағы есеп және есеп беру ¥лттық Банктістің нормативті құқықтық актілеріне және Қазақстан Республикасының уәкілетгі органымен сәйкес ұйымдастырылады.
2. Филиал қызметінің қорытындылары әр күн сайын, әр ай сайын, әр тоқсан сайын және әр жыл сайын берілетін баланста, табыстар мен шығындар туралы есептерде, сондай-ак Банк Басқармасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және уәкілетті органдарымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Филиал директорымен берілетін есептерде көрсетіледі.
3. Филиалдың сақталуға тиісті негізгі құжаттарының тізімі және оларды сақтаудың мерзімдері Қазақстан Республикасының уәкілетті органымен қойылған талаптарға сәйкес Банкпен белгіленеді.
4. Филиалдың қаржылық (операциялық) жылы Банктің қаржылық (операциялык) жылымен бір уақытта басталады және аяқталады.
ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz