Кәсіпорынның ақша ағымдарын жоспарлау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорынның ақша ағымдарын жоспарлау
Ақшалай қаражат ағымы – Есепті немесе жоспарлы кезеңде кәсіпорынның
алатын және төлейтін ақшалай қаражат мөлшері.
Ақшалай қаражат айналысын жоспарлау бухгалтерлік есептің кассалық
әдісіне негізделеді.Яғни барлық түсімдер мен төлемдер ақша кассаға
төленгеннен кейін немесе банктегі есепшотқа аударылғаннан кейін есептеледі.

Ақшалай қаражат ағымын болжау кассалық әдіс негізінде жасалған пайда
мен шығындар жайлы есеп бола тұра, сонымен қатар жоспарланып отырған
түсімдер мен шығындардың құрылымын ашады.
Ақшалай қаражат ағымының болжамы мен есебін жасау келесілерге
мүмкіндік береді:
• Қажетті ақшалай қаражат көлемін анықтауға
• Тауардың сатылым көлемін болжауға
• Ақшалай қаражат түсімдерінің көлемін болжауға
• Ақшалай қаражат төлемдерінің көлемін болжау
• Есепті кезең соңындағы бос ақшалай қаражат көлемін анықтауға
• Үлкен көлемдегі қолданылмайтын ақшалай қаражат қорларының қалуын
алдын алуға
Ақшалай қаражат ағымын болжау және ақшалай қаражат айналымы жайлы есеп
тек кәсіпорын басшыларын ғана емес, сонымен қатар инвесторларды да
қызықтырады.Себебі олар кәсіпорынның ликвидтілігін,кәсіпорын жұмысының
тиімділігін,қарыз бен дивиденд төлеу үшін қажетті ақшалалай қаражат
көлемімен қамтамасыз ету мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік береді.Кәсіпорын
басшысы да,инвестор да ақшалай ағымдарды зерттей отырып, келесідей ақпарат
алады:
• Болашақта ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету мүмкіндігі жайлы
• Міндеттемелер бойынша төлеу мүмкіндігі жайлы
• Дивиденд төлеу мүмкіндігі жайлы
• Қосымша қаржыландыру қажеттігі жайлы
Ақшалай қаражат ағымын болжау немесе ақшалай түсімдер мен
төлемдер жоспары – кәсіпорын дамуына немесе белгілі бір жобаға қанша ақша
салу керектігін бағалауға мүмкіндік беретін құжат.Бірінші жылы ақшалай
қаражат түсімдері мен төлемдерін ай сайын жоспарлаған дұрыс,ал екінші жылы
кварталдық,кейін жылдық жоспарлаған дұрыс.
Ақша ағымдарын үздіксіз жоспарлауда жоспарлы көрсеткіштер өзгертуге
болмайтын көрсеткіш ретінде емес,өзгертуге болатын көрсеткіш ретінде
қарастырылады.Бұл көрсеткіштер ағымдағы көрсеткіштермен салыстырыла отырып
талданады,өзгерту енгізуге және бақылауға мүмкіндік береді.
Период соңына қалған ақша қаражат резервтері болжалмаған
шығындарды жабуға мүмкіндік береді.Егер резерв көлемі кәсіпорынның ақша
қаражат қалдықтарынан асып түссе,кәсіпорын алдында қосымша несие алуға
қажеттілік туады.Ақша қаражат ағымдарын жоспарлаудың міндеті – ақша
қаражаттарының тапшылығын болдырмау.Егер қалдықтардың көлемі резерв
көлемінен асып кетсе, онда ақша ресурстарын тиімді қолдану үшін қайта бөлу
немесе инвесициялау туралы шешім қабылдау қажет.
Ақша ағымдары қозғалысын болжау кезінде бірінші жылдың әр бір айына
кәсіпорын қызметінен келесідей болжамды мәліметтер алынады:
• Өнімді өткізу
• Несие бойынша түсімдер,несие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАҚТА ӨҢДЕУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ - АҚША АҒЫМДАРЫН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
«БИАР» ЖШС-нің АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БӨЛУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ
ASTANA MOTORS АҚ кәсіпорынның ақша ағымдарын басқарудың тиімділігін және оны ұйымдастыруды талдау
Айналымды активтердің жіктелуі
Кәсіпорынның ақша ағымын басқару
Қаржылық қызметтегі ақша қаражаттарының қозғалысы
Қазіргі жағдайда қаржыны басқару: оның мазмұны және қызмет атқару механизмі
Қаржы менеджментінің мазмұны
Ақша қаражаттарын басқару
Кәсіпорындағы ақша қаражаттарын басқаруды жетілдіру
Пәндер