Кәсіпорынның тауарлық материалдық қорлардың есебі мен аудитін ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіпорынның тауарлық материалдық қорлардың есебі мен аудитін ұйымдастыру.

Жоспар

Кіріспе

І. ТМҚ есебі мен аудиттің теориялық негіздері мен ерекшеліктері.

1. 1 ТМҚ экономикалық түсінігі мен түрлерін топтасуы.

1. 2 ТМҚ анықтау, шектеу мен бағалау жолдары.

ІІ. «Астана - нан» ЖШС шаруашылық қызметінің ТМҚ есебі мен аудиттің ұйымдастыруы.

2. 1 «Астана-нан» ЖШС-нің 2006-2008 көрсеткіштерінің сипаттау мен талдау.

2. 2 «Астана - нан» ЖШС тмқ есебін ұымдастыру жолдары.

2. 3«Астана - нан» ЖШС тмқ-нің қозғалысының есебін ХБС стандартына сай бейімделуін ұйымдастыру.

ІІІ. «Астана - нан» ЖШС-нің ТМҚ аудитті ұйымдастыруды жетілдіру.

3. 1 ТМҚ-нің аудиттің талдамалы әдістерін қолдану мәселелері

3. 2 ТМҚ аудитіндегі талдамалық әдістерді дамыту.

Қорытынды

Әдебиет

Қосымша

Жетекші: Сейдахметова. Ф. С.

Орындаған: Жуматова Асель

УиА 42к.

Кіріспе

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзірге үйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өн-діріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.

Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық үдерісіне (процесіне) ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының кеп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.

Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:

1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.

2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.

3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.

4. Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.

5. Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.

6. Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.

Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:

- тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;

- материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыруы керек. Ұйымның басшысы материаддарды қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы қажет. Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.

Материаддардың есебін дұрыс және ұтымды үйымдастыру үшін мыналар керек:

- материалдардың бірыңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;

- құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау;

- бірыңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.

І. ТМҚ есебі мен аудиттің теориялық негіздері мен ерекшеліктері.

1. 1 ТМҚ экономикалық түсінігі мен түрлерін топтасуы.

Материалдар өздері сақталынып тұрған жері бойынша, яғни шаруашылық субъектісінің қоймасында және субъектінің бухгалтериясында есептелінеді. Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймада материалдық құндылықтар түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, номенклатуралық номері, өлшем бірлігі, сақталып тұрған материалдардың мөлшері және тағы да басқа көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып, материалдарға байланып немесе жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтағы материалдардың аналитикалық (талдамалық) есебі белгіленген түріне сәйкес олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі. Қоймада материалдық кұндылықтардың тек қана сандық есебі жүргізіледі. Материалдардың әрбір номенклатуралық номері бойынша бөлек үлгілі түрі М-17 карточкасы ашылады. Бұл карточкада материалдық құндылықтардың аты» мөлшері, көлемі, сорты, өлшем бірлігі, номенклатуралық номері және есептеу бағасы көрсетіледі. Бұл карточканы жаңадан кіріске алынған материалға шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы дайындап, одан кейін кіріс ету ордерімен (реестр) бірге қоймаға беріледі. Қойма қызметкері немесе қойма меңгерушісі алынған карточкаға материалдық құндылықтардың қай жерде сақталып тұрғаны жайлы деректер толтырады. Материалдардың кіріс-шығысының сорттық-сандық есебін сол материалдарға жауапты адам жүргізеді. Кейбір жағдайда материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша қойманың карточкалық есебін жүргізуге болады. М ысалы басқа адамға, яғни есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін. Материалдардың түрі номенклатуралық номері аз болатын шаруашылық субъектісінің қоймаларында бұл карточканың орнына материалдар есебін тиісті түрде жүргізуге дайындалып жасалған сорттық есеп кітабында жүргізуге болады. Мұндай жағдайларда сорттық есеп кітабында қойма есебінің карточкасындағы деректер болуы қажет. Қоймашы белгіленген тәртіп бойынша толтырылған алғашқы құжаттардың негізінде материалдардың кіріске алынуын жэне есептен шығару операцияларын, олардың іске асырылған күнін қойманың есеп карточкасына жазып, онда материалдық құндылықтардың сол күннің соңындағы қалдығын шығарып отыруы керек. Бұл карточкада материалдардың калдығы әрбір операциядан кейін шығарылып отырылады.

Айта кететін жағдай, ай соңында бухгалтерияға ондағы көрсетілген материалдың алынған немесе алыньп болмағанына қарамастан шектеулі-заборлық (лимиттік-заборлық) карточкасының барлығы тапсырылуы керек. Толық алынып болмаған материалдар үшін келесі айға жаңа шектеулі-заборлық карта жазылып береді. Қоймашы материалдардың қоймалық сорттық есеп карточкасының деректері негізінде жабдықтау бөліміне материалдардың әр номенклатуралық түрінің қалдығы, оның тұрақты қор мөлшерден ауытқуы, көптен бері пайдаланылмай жатқан материалдар жайы деректер беріп отырады. Қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін бухгалтерия бақылап отыруы керек. Бухгалтерия қызметкері жиі-жиі (апта сайын, 10 күнде) қоймашымен қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы қүжаттардың дұрыс жазылуын, қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін және карточкадағы материалдар қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыруы қажет. Карточкадағы жазылған операциялардың дұрыстығын және оны тексергені жайлы бухгалтерия қызметкері есеп карточкасының тиісті жеріне қол кояды. Қоймалық-сорттык карточкалардағы жазуды тексеру, қойма меңгерушісінің бухгалтерияға материалдарды кіріске алуы кезінде тапсыратын есептерінің негізінде жүргізіледі. Қойма меңгерушісінің бухгалтерияға тапсыратын құжатгары үлгілі түрі М-18А «Құжаттарды қабылдау-өткізу құжатына» тіркеледі. Материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша бухгалтерия қызметкері әр операцияның дұрыстығын тексергені жайында және құжатты қабылдағаны жайында карточкаға қол қояды. Мұндай жағдайда қүжаттарды қабылдау-өткізу тіркелімін жасаудың керегі болмайды. Егер орталық қойма немесе цех қоймасы ұйымның басқармасынан қашық жерде орналасқан жағдайда жүргізілетін операциялардың дұрыс құжатталынуы, материалдарға жауап бе-ретін адамның есеп карточкасын дұрыс жүргізуі орталық бухалтерияда тексеріледі. Мұндай жағдайда кіріс және шығыс ету құжаттары белгіленген уақьпта тіркелімдермен бірге бухгалтерияға табыс етілуі керек. Кәсіпорьнның орталыгынан қашық жерде орналасқан қойма меңгерушісі белгіленген күні бухгалтерияға екі дана етіп материалдардың ай соңындағы қалдық тізімдемесін тапсыруы керек. Тізімдеме құрамында өзгерісі (кірісі мен шығысы) бар материалдар бойынша жасалынып, онда тек қана материалдардың сандық қалдығы көрсетіледі. Тізімдемеге цех, қойма, бөлімше бастығы және ол құжатты толтырушы (жүргізуші) қол қояды. Дұрыстығын тексеріп болғаннан кейін тізімдеменің бір данасы жіберілген қателіктер жөніндегі ескертумен қоймаға қайтарылады. Материалдардың есебін жедел оперативтік, бухгалтерлік, қалдықтық әдіспен жүргізген жағдайда қоймалық есеп карточкасымен қатар үлгілі түрі М-20 қоймадағы материалдар қалдығын есептеу тізімдемесі жүргізіледі. Қойма меңгерушісі (бастығы) карточкалардағы ай бойындағы жиынтық деректері бойынша материалдардың келесі айдың бірінші күніне қалған қалдықтарын осы тізімдемеге көшіріп жазады. Тізімдемеде материалдар қоймалық есепте қаралған номенклатуралары бойынша аралық шоттарға (субшоттарға) және синтетикалық шоттарға топталғаны күйінде көрсетіледІ. Бухгалтерияда материалдардың қалдығы олардың жоспарланған есептеу бағасына көбейтіліп, ай аяғына қалған материалдардың жалпы сомасы анықгалады. Егер пайдаланатын материалдар номенклатуралары аз болған жағдайда материалдарды алған адамдардың қолын тек қоймалық есеп карточкасында қою арқылы босатуға болады. Мұндай карточкалар тек 1 (бір) айға ғана ашылып, ай соңында бухгалтерияға тапсырылады. Келесі айда олардың орнына жаңа қоймалық есеп карточкасы ашылып, оған материалдардың ай басындағы қалдығы жазылады. Құрылыс ұйымдарының құрылыс басындағы бөлімшелері қоймалық-сорттық карточкасының орнына ай сайын материалдардың кірісі, босатылуы және қалдығы жайлы үлгілі түрі М-19А санды карточкасын толтырып есеп беріледі. Бүл есепте материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі материалдардың барлығы кіргізіледі. Берілетін есепте материалдардың кіріске алынуы, шығыс етілуі және қалдығы алғашқы құжаттар (кіріс ету, босату, түгендеу) негізінде көрсетіледі. Құрылыс бөлімшелері құрылысқа жұмсалған материалдарға босату құжатын толтырмайды. Сондықтан да олардың бухгалтерияға берген есеп мәліметтеріне құрылысқа пайдаланылған (жұмсалған) материалдардын алғашқы құжаты тіркелмейді.

Барлық қоймаларды сақталатын материалдық қорлардың кіріс және шығыс операцияларының және олардың қалдықтарының заттық есебі жүргізіледі. Ол есепті №40 үлгідегі «Қойма есебінің карточкаларында» жүргізіледі. Бұл карточкалар мен кітаптар қойма меңгерушілеріне арнай реестреде тексеруден өткізіліп, қол таңбаларын қойдырып сонан соң беріледі. Қоймада сақталынаты материалдық заттардың атау саны көп болмаса «Қойма есебінің кітабын», ал атау көп болса «Қойма есебінің карточкаларын» қолданғаны ынғайлы. Олардың көршеткіштері мен операцияларды жазу тәртібі бірдей, айырмашылығы карточкалар түптелмеген бос, жеке парақтар күйінде болады.

Кітаптар мен карточкелер мен бір жылға ашылады. Кітаптарды қолданғанда әр бір атаулы затқа бір жылдың көлемінде күтіліетін операцияардың шамасына қарап бір немес бірнеше бетке бөлінеді, ал карточкілерді қолданғанда жеке атаулы затқа ашылған карточкелерге жазылатын орын қалмаған жағдайда жаңа карточка тіркеле береді. Карточкалар синтеткалық шоттардың суб шоттары бойынша есептеу топтарына бөлініп арнайы каторчкаларда сақталынады.

Қоймада сақталынатын заттадың әр түріне жеке каторчкілер ашылу тиіс. Есеп болмыстық натуралдық өлшеммен жүрізілді. Карточкалардың басқа да есептелетін заттардың атауы, өлшем бірлігі, номенклатуралық қатар саны және бғасы көрсетіледі. Әрбір жұмыс күнінің сонында қойма меңгерушісі кіріс шығыс операциялары болған матетарилық қорлардың ертеңгі күнгі күнге қалатын қалдықтарын шығарып отыру керек. Жинақтау құжаттарының көрсеткіштері келесі айдың біріне қалдырылмай жинақталып, карточклараға жиынтығы жазылады. Айдың соңында айналым болған барлық карточкалар бойынша заттардың айдың соныңда қалған калдықтары анықталады. Сонан соң қойма меңгерішілері карточкалардың көрсеткіштері бойынша екі дана етіп қоймада сақталынаты барлық материалдардың ай бойы кіріс шығыстары және айдың соныңдағы қалдықтары жөнінідегі №121 үлгідегі материалдық есебін жасайды, жанар-жағар майлар үшін №120 үлгіде. Жасалынған есептің біріншісі барлық кіріс-шығыс құжаттары тіркеліп бухгалтерияға тапсырылады.

Есепті қабылдайтын бухгалтерлік - барлық кіріс-шығыс құжаттарының негізінде есептің дұрыс жасалғанын тексеріп, қабылданған соң есептің екінші данасында есепті қабылданғаны туралы қолтаңбасын қойып, қойма меңгерушісіне қайтарады. Ол материалдық жауапркешіліктегі адам үшін, есепті тапсырғаны жөнінде айғақ қызметін атқарады.

Материалдық құндылықтардың қоймалық есебі үш әдістің біреуімен ұйымдастырылуы мүмкін.

Бірінші әдіс - сандық -сомалық есеп әдісі . Осы әдіс негізінен қорлар номенклатурасы кішігірім, шағын кәсіпорындарда жүргізіледі. Бұл орайда қоймада және бухгалтерияда материалдық қорлардың әрбір номенклатуралық номеріне сандық-сомалық есептің картошкалары ашылады. Материалдық қорлардың қозғалысы жөндегі құжаттардың әрбір дерегі картошкаға жазылады. Ай соңында карточкалардың жыйыны шығарылып, олар жылдық, сорттық, айналымдық ведомостке көшіріледі. Мұндай әдіс кезінде қосарларған есеп жүргізіледі. Ол өте кең ауқымды және талдамалық есептегі жазулар санын арттырады.

Екінші әдіс- сальдолық (жедел-бухгалтерлік) әдіс. Материалдық қорлардың есебін қойма меңгерушісі жүргізеді. Бірінші қаңтарда бухгалтерия материалдардың қоймадағы есебін №17-нысандағы карточкаларын ашады. Мұндай номенклатуралық номерге бірінші қатардағы қалдық сандық өлшеммен енгізіледі. Картошкалар тізілім бойынша қойма меңгерушісіне беріледі, ол келіп түскен материалдық қорларға кіріс құжатын толтырады және шығыс құжаттарына сәйкес оларды босатады. Бұл ретте ол кіріс пен шығысты карточкада натуралдық көрсеткішпен бөліп көрсетіп, әрбір жазба операциясынан кейін қалдығын шығарады. Осындай тәртіппен материалдық құндылықтардың қоймадағы күн сайынғы есебі жүргізіледі. Қойма есебі карточкаларының жүргізілуін бухгалтерия қадағалайды. Оның қызметкерлері аптасына немесе он күнде кем дегенде бір рет тікелей қоймада қойма меңгерушісінің қатысуымен қойма операциялары бойынша бастапқы құжаттар мен карточкалардағы жазудың мерзімділігі мен дұрыстығын тексеруді жүзеге асыруға міндетті. Операциялардың жазылуы мен қалдықтардың шығарылуын тексеруді бухгалтерия қызметкері №17-нысанының тиісті бағанына қолын қою арқылы растайды. Тексеру қойма меңгерушісінің бухгалтерияға бастапқы құжаттарды табыс етуімен ұштасады. Өткізілетін құжаттардың деркетері №18 нысанындағы құжаттарды қабылдау-өткізу тізіліміне енгізіледі, бұл жерде олардың нөмер саны көрсетіледі. Тізілім құжаттарды қоса отырып, бір дана жасалады. Егер қоймалар кеңсе-жайдан (офистен) алыс жерде болса, онда карточкалардың дұрыс толықтыруына бақылау орталықбухгалтерияда жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда қойма меңгерушісі белгіленген мерзімде ай соңындағы материалдық қалдық ведомосін екі дана етіп жасап, бухгалтерияға өткізеді. Ведомость сандық өлшеммен есепті айда қозғалысқа түскен материалдар бойынша ғана жасалынады. Ведомоске цех (учаске) бастығы қол қояды және құжаттарды рәсімдеу дұрыстығы тексерілгеннен кейін, оның бір данасы ескертулермен бірге қоймаға қайтарылады. Материалдардың номенклатурасы кішігірім қоймаларда карточканың орнына сорттық есеп кітабын жүргізуге рұқсат етіледі. Ай соңында бухгалтериядан материалдардың қалдық есебінің кітабы (қалдықтарды есепке алудың №20-нысанындағы ведомосі) қоймаға беріледі. Қойма мегерушісі оған материалдар есебі карточкасынан қалдықтарды көшіреді. Бұдан кейін жинақтау және жалпы кітап бойынша материалдық құндылықтардың есептік топтары бойынша жиынын есептен шығару үшін бухгалтерияға қайтарылады.

Бұл әдіс кезінде:

-бухесеп жедел есепке негізделеді және онымен тығыз байланысты;

-қоймадағы және бухгалтериядағы есепті жедел салыстыру, демек есепті айда жіберілген қателіктерді жою мүмкіндігі туындайды;

-есептік бағаларды қолдану ай сайын қорлардың орташа құнын анықтау жөніндегі қиын жұмыстарды жояды.

Бұл түгендеу жүргізуді жеңілдетеді және есептің жедел функцияларын күшейтеді, құжаттарды өңдеу және есептік тіркелімдердің жағдайын жақсарту бойынша компьютерлік техниканы қолдану мүмкіндігін кеңейтеді. Қорлардың талдамалы есебінің синтетикалық есептен қалуына жол бермейді. Сальдолық әдіске тән қасиет-қорлардың сомалық өлшеммен сақталатын жері бойынша және әрбір шот немесе қорлар тобы бойынша ескертіледі.

Үшінші әдіс - материалдық есеп берулер әдісі. Қойма меңгерушісі (құрылыс учаскесінің бастыңғы, прораб, шебер) қоймада (учаскеде) санақта тұрған материалдардың барлық номенклатурасы бойынша №19А-нысанындағы материалдық есепті ай сайын жасайды. Есеп беруде 20 (материалдар) бөлімшенің шоттары бойынша ай басындағы қалдық, кіріс, шығыс және ай соңындағы қалдық келтіріледі. Өткен айдың материалдық есептемесімен есепті айдың басына көшіреді, содан кейін түсімдер мен шығыстар туралы алғашқы құжаттардың алдын ала топтастырылған деректерінің негізінде материалдық- жауапты адамдар кірісті түсім көздері бойынша, ал шығысты материалдардың пайдалану бағыты бойынша толтырады. Материалдардың ай соңындағы қалдығы есептеу жолымен анықталады. Алғашқы құжаттары қоса берілген материалдық есептемеде оны жасаушы қол қояды және есепті айдан кейінгі айдың 3-күнінен кешіктірместен (немесе кестеге сәйкес айдың күні ) бухгалтерияға тапсырылады. Онда оны жасаудың дұрыстығы тексеріледі, кірістелген, берілген және жұмсалған материалдардың саны бухгалтериядағы деректермен салыстырылады.

1. 2 ТМҚ анықтау, шектеу мен бағалау жолдары.

Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселссі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:

- шикізат;

- негізгі материал;

- көмекші материал;

- жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді.

Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.

Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген өнімдері - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.

Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өндеуші өнеркәсіп өнімдері - ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалар жатады.

Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өндеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқ-талмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өндеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептелсді. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында - бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда - шойын мен болатты жатқызуға болады.

Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын сүртетін және жөңдеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үдерісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандайда бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өзгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді (известь) жатқызуға болады.

Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, тағы да басқалар есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өн-діруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.

Ұйымның типтік бухгалтерлік есепшоттар кестесінің екінші бөлімінде "Материалдар" есебі мына шоттарда жүргізіледі.

- шикізат пен материалдар;

- сатылып алынған жартылай фабрикаттар;

- отындар;

- ыдыс және ыдыстық материалдар;

- қосалқы бөлшектер;

- басқадай материалдар ;

- өндеуге берілген материалдар;

- құрылыс материалдары.

Шикізаттар мен материалдар шотында - өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның негізін жасайтын немесе өнімді дайындағанда оның керекті құрастырушысы болып табылатын шикізаттар мен негізгі материалдардың, өнім өндіруге қатысатын немесе шаруашылық қызметіне сондай-ақ техникалық мақсатқа пайдаланатын, өнім өндіру үдерісіне әсер ететін материалдардың ұйымдардағы есебі, олардың кіріске алынуы мен шығыс етілуі есептеледі.

Сатылып алынған жартылай фабрикаттар шотында өндіріліп шығарылатын өнімді жинақтау үшін сатылып алынған өңдеу және жинақтауды керек ететін жартылай фабрикаттардың, жинақтауыш бұйымдардың, бөлшектердің кәсіпорындағы есебі жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоймадағы материалдың бухгалтериядағы есебі
Материалдық емес активтер есебін ұйымдастыру
Дайын өнімнің аудиті
Дебиторлық берешектің түрлері
Кредиторлық берешек сомасының шынайлығын тексеру
Материалдың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау
Ішкі аудитті өткізу
«Семей былғары-мех комбинаты» ЖШС-дегі өндірістік шығындардың аудиті және талдауы
Көмекші өндіріс шығындарының есебі
Мемлекеттің сыртқы сауда жағдайының теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz