Міндеттемелер есебі және қарыз бойынша шығын


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Міндеттемелер есебі және қарыз бойынша шығын

Жоспар

  1. Міндеттемелер
  2. Банк қарызы есебі
  3. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу


Міндеттемелер
-бұл бір тұлғаның(борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлік беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, әйтпесе белгілі бір әрекеттен татыну (бас тарту), ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.

Міндеттеме-өткен кезең оқиғасынан пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу (жою) экономикалық пайдасы мол ресурстар (ақшалай қаражат) ағынына әкеп соғады.

Міндеттеме сомасы болашақтағы барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құны ретінде өлшенеді.

Міндеттемелерді реттеу мынандай тәсілдермен іс жүзінде асырылады:

● ақшалай қаражатпен төлеу;

●активтерді табыстау

●қызмет ұсыну;

● міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру;

●міндеттемені капиталға ауыстыру.

Міндеттеме ағымдық (қысқа мерзімді кредиттік берешек. Ол операциялық кезеңдерде немесе есептелінетін күннен 12 айдың ішінде өтеледі) және ұзақ мерзімді (төлеу мерзімі бір жылдан көп) болып жіктеледі.

Қарыз ресми мәртебесі бар банктерге, мерзім, төлеу және қайтару шарттарын қарастыратын коммерциялық келісімшарт негізінде кредитті төлеу қабілеті бар ұйымдарға беріледі.

Банк қарызы-бұл банктің клиентке соманы берлгілі бір мерзімге сыйақы төлеумен ұсынуы және бөлісуі.

Банктен тыс мекемелерден қарыз алу- «қарыз беруші» жақ «қарыз алушы» жаққа белгілі бір кезеңде қайтару шартымен ақша немесе материалдық қорды келісімшарт бойынша қарызға береді.

Банктен тыс мекемелерден берілетін қарыз мыналар бойынша айрықшаланады:

  • өтемақылық-шетелдік валюта қарызын отандық валюта қарызына айырбастау;
  • тіркелген-тіркелген уақыт кезеңіне тіркелген процент.

Банктін қарыз түрлері:

  • Қысқа мерзімді- бір жылға дейін, бірақ екі жылдан көп болмауы керек;
  • Орташа мерзімді-бір жылдан үш жылға дейін;
  • Ұзақ мерзімді-үш жылдан жоғары.

Орташа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар өндірістік және кәсіпорындарының әлеуметтік даму мақсаттарына пайдаланады.

Кредиттеу түрлері:

-Аванстық-дайындаушы ұйымдарға беріледі;

- ипотекалық-мүлік (жылжымайтын мүлік) кепілдігімен берілетін ұзақ мерзімді несие;

-Стэнд-бай-Халықаралық ввалюта қорыныңелге ұсынатын кредиті.

-бланктік (сенімгерлік) -қаржысы тұрақты субъектіге, сенімді төлеушіге толық сеніп беріледі;

- концорцумдық (синдицированный-бірлестірілген кредит-бір қарыз алушының ( банктердің синдикаты мен конциумы) екі немесе одан да көп банкілеріне аса ірі мақсаты бағдарламаны кредиттеу( бір банктің қаражат жетпеген жағдайда) үшін беріледі.

- овердрафт-нәтижесінде дебиттік сольдо пайда болатын банктегі клиент шотына (щоттағы бөлікті) қаражатты есептеп шыңарып тастау арқылы жүзеге асырылатын қысқа мерзімді кредиттеу түрі;

- кредиттік желі (жаңартпалы кредит) -міндеттемесі заңмен рәсімделген банктің «қарыз алушыға» өзінің алғашқы талап етуі бойынша немесе ең аз деңгейдегі нақты төлем шегінде кредитті кезең ішінде беру;

- тұтыну мақсаттарына арналған кредит (қвзметкерлерге берілетін кредит) ; кредитке алынатын тауарлармен; басқа да жеке қажеттіліктерге(шаруашылық құруға, мал, құс өсіруге және т. б) ;

Банктің қарыз есебі 60 «Қарыз» бөлімшелер шотында жүзеге асырылады.

№ р/с
Шаруашылық операциялардың мазмұны
Дебет
Кредит
№ р/с: 1
Шаруашылық операциялардың мазмұны: 2
Дебет: 3
Кредит: 4
№ р/с: 1.
Шаруашылық операциялардың мазмұны: Банк мекемелеріне кредитті алуда есеп айырысу шотына есепке жатқызу
Дебет: 441 «Ағымдық шоттағы ақша»
Кредит: 601 «Банк қарызы»
№ р/с: 2.
Шаруашылық операциялардың мазмұны: Банктің кредит есебінен алынған тауарлы-материалдық қор (жұмыс, қызмет) үшін төлеу
Дебет: 671»Төлеу шоты»
Кредит: 601 «Банк қарызы»
№ р/с: 3.
Шаруашылық операциялардың мазмұны: Аккредитивке, чек кітапшасына есепке алынған қаражат
Дебет: 831 «Сыйақы түріндегі шығын»
Кредит: 684»Төленген сыйақы»
№ р/с: 5.
Шаруашылық операциялардың мазмұны: Проценттерді төлеу
Дебет: 684» Төлемге сыйақы»
Кредит: 441» Ағымдық шоттағы ақша»
№ р/с: 6.
Шаруашылық операциялардың мазмұны: Мерзімді ұзартылған кредит
Дебет: 601»Банк қарызы»
Кредит: 601»мерзімді ұзартылған Банк қарызы»
№ р/с: 7.
Шаруашылық операциялардың мазмұны: Кредитті қайтару
Дебет: 601» Банк қарызы
Кредит: 441»Ағымдық шоттағы ақша», 431»Шетелдік валютадағы ағымдық шоттағы ақша»
№ р/с: 8.
Шаруашылық операциялардың мазмұны: Есептік кезеңнің соңында табыс жиынын процент бойынша кеміту шығындарын есептеп шығару
Дебет: 571»Табыс жиыны»
Кредит: 831»Сыйақы түріндегі шығындар»

Жабдықтаушылармен мердігерлерге шікізат, материал және тауарлы-материалдық қорды жеткізушілер жатады, сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін көрсетушілер (электр қуатын буды, суды, газды, және т. б) жабдықтаушылар мен мердігерлер болып саналады.

Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу- не тауарлы-материалдық құндылықтарды тиеу жұмысын орындағаннан кейін немесе қызмет көрсеткеннен кейін, не олардың кәсіпорынмен келісуі арқылы бір мезгілде немесе олардың тапсырмасы бойынша, не алдын ала төлеуі бойынша жүзеге асырылады. Кәсіпорынның келісімінсіз ризалықсыз тәртіппен газды, суды, жылуды, электр энергиясын есептеп шотының көрсеткіштері негізінде және т. б есептеп шығару арқылы олардың босатылуы үшін есеп айырусу құжатымен төленеді. Есеп айырысу, сонымен қатар, инкассо, аккредитивтер, чектер тәртібімен жүзеге асырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міндеттемелер
КӘСІПОРЫННЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ЕСЕБІ
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі КазТемір Құрылыс
Міндеттемелердің есебі және қарыз бойынша шығын
Кәсіпорында қаржылық есеп берудің есебі
Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі
Қызметкерлердің есеп берілетін сома бойынша дебиторлық берешегінің есебі
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің ерекшелігі
Міндеттемелер аудиті
Банктік міндеттемелер есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz