Арзанқол және тез тозатын заттарды есепке алу ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қолма-қол ақша және материалдардың қозғалысы туралы жинақталған деректер баланстық синтетикалық есепшотты жүйелейді: «Шикізат және материал», «Отын», «Қосалқы бөлшектер».

«Шикізат және материал» шоты біртектес өздерінің топтары бойынша шикізат пен материалдарды тіркеу үшін жеке есепшоттары болады: «Шикізат және негізгі материалдар», «Сатылып алынған жартылай өндірілген өнім және жинақталған өнім», «Көмекші материал», «Қорлар және қосалқы ауыл шаруашылық өнімі», «Ыдыс және ыдыс материалдары».

Қойманың кіріс құжаттары негізінде, өнім берушінің есепшотына тіркелген, өзіндік құндық нақты есебіндегі түскен материалдық құндылықтарды дебет есепшоты бойынша жазады: «Шикізат және материалдар», «Отын» және «Қосалқы бөлшектер» және кредиттің есепшоты «Өнім берушілер және мердігерлермен есептесу».

Фактураланбаған материалдардың жіберулерінің өзінде бухгалтерлердің жазбалары өзгермейді, яғни материалдардың есепшот-фактурасыз түсу кезеніңде. Мұндай кезде материалдар келісім баға бойынша кірісе алынады, ал бухгалтерия өнім берушілерден есепшот-фактураны талап етулері тиіс. Есепшот-фактураны алысымен фактураланбаған материалдардың бағаларын қайшы санмен жазады және фактуралық бағасын алдыңғы кірісте болған материалдармен бірге жазады.

Қоймаға материалдар алдын ала төленіп түссе де бухгалтерлік жазбалар өзгермейді. Егер де алдын ала соммасы төленген материалдар айдын соңына дейін келуге үлгермесе, онда бұған қарамастан, бухгалтерлік есепшотының есебінде тиістісі жазылады. Баланста бұл сомманы «сондай-ақ жолдағы материалдық құндылықтар» жолына кіргізеді. Келесі айдын басында бұл сома қайшы санмен жазылады. Одан кейін түскен материалдарды әдеттегі тәртіппен кіріске алынады.

Акцептелген шот-фактура мен кіріс құжаттары арасындағы айырмашылық кезінде кем шыққанды дебет есепшоты бойынша «Шағым бойынша есептеу» жазылады, және кредит есепшоты «Өнім берушілер және мердігерлермен есептесу». Артықтары материалдың тиісті есепшоты бойынша дебетке жазылады және жетіспеушілік түрінде кредитке де сол есепшотқа жазылады.

Егерде кәсіпорын мекен жайы бойынша материалдар келіп түсіп, бірақ олар бір себептер бойынша оны қабылдай алмаса (сапасына сай болмауы, жинақталмаған және т. с. ), онда өнім берушінің есепшоты акцептелмейді және олардың құны баланста саналмайды. Дегенмен өнім берушінің өкімі келмес бұрын материалдар сатып алушының жауапты сақтауына қабылданып алынуы тиіс және баланстан тыс есепшотында көрінуі тиіс «Жауапты сқтауға қабылданған тауар-материалдық құндылықтар».

Материал құндылықтарды жеткізу жөніндегі шарттық міндеттемелерін орындалмағаны үшін өнім берушілер кәсіпорынға айыппұл, өсімпұл, тұрлаусыздық айыбын төлейді. Мұндай жағдайда есепте «Талап бойынша есеп айырысу» дебет есепшоты бойынша жасалады және кредит есепшоты «Кіріс және шығын», төлем бойынша түскен сомманы дебет есепшоты бойынша жазады. «Есеп айырысу шоты» және кредит шоты «Талап немесе шағым бойынша есептесу».

Егерде кәсіпорынның қосалқы цехтарында материалдың жеке түрлері жасалса, онда олардың құны есепте «Шикізат және материалдар», «Отын», «Қосалқы бөлшектер» дебет есепшоты бойынша және «Қосалқы өндіргіш» кредит есепшотында жазылады.

Материалдық құндылықтардың ақысыз басқа ұйымдардан түсу кезінде немесе капиталдық қаржы жұмсау есебінде тиісті есепшот «Шикізат және материал», «Отын», «Қосалқы бөлшектер» дебетті бойынша және «Жарғылық қор» кредит есепшоты жазылады.

Материалдың шығысына синтетикалық есеп «Негізгі өндіріс», «Қосалқы өндіріс», «Цех шығыны» және т. б, есепшоттарында жүргізіледі.

Егерде материалдарды басқа ұйымдар таратса, онда «Түсірілген тауарлар, орындалған жұмыстар және қызмет» дебет есепшоты бойынша және кредитте тиісті есепшот «Шикізат және материал», «От», «Қосалқы бөлшектер» бойынша жүргізіледі.

Материалдардың қозғалысына анатикалық есеп есептік құны бойынша жасалынғандықтан, онда айдын соныңда сатылған материалдардың құны дайындалған өзіндік нақты бағасының ауытқу мөлшерін толықтырады. Ауытқу сомасын (немесе көлік - дайындау шығынын), сатылған материалдардың кірісі, өздерінің есеп құны бойынша бағасы дайындалған бағасы орта проценттік ауытқу бойынша анықталады. Орта процент ауытқу айдың басындағы осы ауытқулардың сомасының арақатынасына тең және бір айдағы ағым ауытқуы айдын басындағы қалған материалдардың соммасына және есеп бағасы бойынша түскен материалдар, жүзге бөлінеді.

Орташа проценттік ауытқу есептегеннен кейін өнімнің өзіндік бағасына кіргізуге тиіс немесе істелінген жұмыс және қызмет сатылған материалдардың тепе-тең құны ауытқудың үлесін анықтайды. Бұл үлесті есеп бағасы бойынша материалдардың құны жатқызылған дебет өнімдік шығын есепшотына жазады, және кредит есепшоты «Шикізат және материал». Сондай-ақ, егерде есепті құндылығынан материалдардың нақты өзіндік құны төмен болса, онда қайшы сандармен жазылады (қызыл), егерде жоғары - оң сандар болса.

Осылай, өнімге жұмсалған дебет есепшотының соңғы қорытындысында сатылған материалдардың нақтык бағасы көрінеді.

Сатып алынған материалдардың нақты бағаларының ауытқуы немесе дайындаған материалдар өз құндары есеп құны бойынша, қоймадағы материалдардың қалдығына жататындар, баланста құнды материалдардың синтетикалық есебіндегі қалдықтарға қосылады.

Өнімдегі бірліктер материалдарды қабылдамайды және оларда қойма шаруашылығы болмайды. Қажет материалдық құндылықтарды олар тікелей өнімдік-техникалық қызмет көрсетудегі басқару және жабдықтауды жинақтау базаларынан алады. Бұл құндылықтар өздерінің есептесу шоттарының бірігуімен төленеді, есептеу төлемінде есептеу-төлемінің талабы бойынша дебет есебі бойынша жазылады «Өнім берушілермен және мердігерлермен есептесу» және кредит есепшоты «Есептесу шоты». Өнімдік бірлік ӨТБҚ және ЖЖ базаларынан есептік-төлем талаптарын алған кезде өнімге жіберелген төлем есебінде дебет есепшотына жазылады және кредит шотына «Шаруашылық ішіндегі есептеу»өнімдік бірігулермен, ал бірігулерді - өнімдік бірліктермен «Шаруашылық ішіндегі есептеу» дебет есепшоты бойынша жазылады және кредит есепшоты «Өнім берушілер мен мердегілермен есептесу».

4. Арзанқол және тез тозатын заттарды есепке алу ерекшеліктері

Арзанқол (бірлік үшін 100 руб. дейін) және тез тозатын заттарға (қызмет ету мерзімі бір жылға дейін) синтетикалық есеп «Арзанқол және тез тозатын заттар» есепшотында жүргізіледі, екі субшоты бар: «Арзақол және тез тозатын қоймадағы заттар» және «Арзанқол және тез тозатын пайдаланудағы заттар». Осы есепшотында арзанқол және тез тозатын құралдардың басқа да түрлері есептеледі: тез тозатын және арзанқол құрал-сайман және күнделікті қолданатын қарапайым заттар; арнайы құрал-сайман және қажетті заттар, сондай-аұ алмастыратын құрал-сайман, бағасына тәуелсіз; аспап, автомат құралдары және кәсіпорынның орталық зауыт лабораториясына сатылып алынған бірлік бағасы 300 теңге. дейінгі лабораториялық жабдықтар; құнсыз және тез төзімді шаруашылық қерек-жарақтары; бағасына және қызмет мерзіміне тәуелсіз, қонақ үй қорының негізгі құрамына кіретін төсек керек-жарақтарынан басқа арнайы киімдер, арнайы аяқ киімдері және төсек керек-жарақтары.

Арзанқол және тез тозатын қоймада тұрған заттарға сұрыптау аналитикалық есеп жасау, материал есебінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Сондай-ақ заттарға тиісті номенклатуралық номер беріледі, оларға қойманың жалпы картотекасымен қойманың есебіндегі карточка толтырылады және оларды есептік баға бойынша бағалайды. Есептеудегі кейбір ерекшеліктер қоймадан пайдалануға жіберілген кезде пайда болады, қайда, өзінің натуралдық формасын сақтай тұра, олар ақырын тоза бастайды, өйткені олардың материалдардан айырмашылығы өндіріс шығынымен тез арада есептен шығарып тастай алмайды.

Бір ерекшелік бағасы 2 теңге дейінгі заттар бұл қатарға қосылмайды, ол заттар сатылуға берілген кезде өндіріс шығынымен өздерінің бағалары белгіленетін материалдаға ұқсас түрінде көрінеді. Сондай-ақ олардың сатылу мерзіміндегі пайдалануына жедел есеп жүргізіледі.

Барлық қалған арзанқол және тез тозатын заттарды қоймадан пайдалануға берілетін кезде «Арзанқол және тез тозатын заттар» - «Арзанқол және тез тозатын заттардың пайдалануға берілуі» субесепшоты және кредит есепшоты «Арзанқол және тез тозатын заттар» - «Қоймадағы арзанқол және тез тозатын заттар» субесепшоты дебет есепшоты бойынша жазылады

Пайдалануда тұрған, арзанқол және тез тозатын заттарды есептеу, арзанқол және тез тозатын жабдықтардың және күнделікті қолданатын құралдардың пайдаланудағы есебі бойынша негізгі ереженің сәйкестігі СССР Қаржы министрлігінің бекітуімен орындалды.

Пайдалануда жүрген өнеркәсіп-өндірістік мақсаттағы арзанқол және тез тозатын заттардың тозбасына өнімнің өзіндік құны, ал өнеркәсіптік емес заттарға - осы шаруашылықтардың шығасылары қосылады. Басқа да олардың құның жабудың жеңілірек түрі бар. Жалпы қолданыстағы жабдықтардың және шаруашылық құрал-саймандарының бастапқы құны (сатып алғандағы нақты өзіндік құны) ол пайдалануға берілген кезде 50% есептен шығарыла отырып өтеледі, ал қалған 50% бұдан әрі пайдалануға толық жарамсыз болғандықтан істен шығару кезінде ломның құны шегеріле отырып есептен шығарылады.

Есептелген тозу сомасы кредит бойынша «Арзанқол және тез тозатын заттардың тозбасы» пассивтік шотында оларды пайдалану орнына қарай өндірістік шығындарды дебет шоттарымен крорреспонденциялай отырып көрсетіледі.

Тозығы жеткен арзанқол және тез тозатын заттар акті бойынша есептен шығарылады. Бұл ретте алынған материалдар (немесе ломның құны) оларды пайдаланудың болжамды бағасы бойынша қоймаға кіріске алынады, осыған байланысты «Шикізат және материалдар», «Арзанқол және тез тозатын заттардың тозбасы» шоттарының дебеті бойынша және «Арзанқол және тез тозатын заттар» шотының кредиті бойынша бухгалтерлік жазба жасалады.

Есептен шығарудың баяндалған тәртібі арнайы қор және мақсатты қаржыландыру есебінен сатып алынған заттарға қолданылмайды. Бұл заттар бойынша тозба олардың құнының 100% мөлшерінде есептеледі және олар пайдаланудан шыққан кезде есептелген тозба есебінен бүкіл бастапқы құны есептен шығарылады. Ол бұрғылау құбырларына, қашау құбырларына және іштей жану двигательдеріне қолданылмайды.

Бұрғылау құбырларының тозбасы мұнай және газ ұңғымаларының құрылысы аудандарындағы прейскурантпен белгіленген аумақтық бағалар нормаларына сай есептеледі. Бұл құбырлардың тозу сомасы тереңдік қашықтығы бойынша әрбір ұңғыма бойынша жеке-жеке есептеледі. Бұл ретте құбырдың құны олардың бастапқы құнының 80% мөлшерінде тозу есептеле отырып өтеледі, ал қалған 20% жұмыс істеп біткен құбырлардың құны болады, олар «Шикізат және материалдар» шотына аударылады. Бұрғылау қашауларының тозу құнын өтеу қашау санына тең болады.

Іштей жану двигательдерінің тозу нормасы двигательдің сағатына нормативті жұмыс істеу мерзіміне қарай анықталады, және тозба осы мерзім шегінде ғана есептеледі. Двигательді нормативтік мерзімінен бұрын істен шығару кезінде есептелген тозба двигательдің құнын толықтай өтегенге дейін түзетіледі (ықтимал пайдалану бағасы бойынша ломның немесе қосалқы бөлшектерді шегере отырып) .

Арзанқол және тез тозатын заттарды жоғалтқан немесе сындырған кезде зиян сомасы (тозу және лом құны ескеріле отырып заттың құны) кінәлі адамнан заңда белгіленген тәртіппен өндіріліп алынады.

ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік басқару есебінің жүргізілуі, олардың проблемалары мен жетілдіру жолдары
Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы денсаулық
Компанияның айналым капиталы
Айналым қаражаты
Бұйрық пен өкімді дайындау мен рәсімдеудің ерекшеліктері
ЖШС «Құрылыс Консалтинг» қаржылық-экономикалық жағдайын талдау
Кәсіпорынның айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері және оны пайдалану көрсеткіштері
Бухгалтериядағы және қоймалардағы материалдар мен құндылығы төмен тез тозатын заттардың есебі. Тауарлы-материалдық запастарды есепке алуға арналған шоттар корреспонденциясы және құндылығы төмен тез тозатын заттар
Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарын қалыптастыру көздері
Теледидар бағдарламасын дайындау процесіне авторды араластыру редактор жұмысының маңызды ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz