Ислам әлемінің мәдениеті: араб мәдениетінің бастауы, мистицизм, Шығыс ренессансы және Қазақстандағы таралуы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ислам әлемінің мәдениеті

Дәріс мақсаты; Ислам діні - араб мәдениетінің бастамасы. Исламдағы мистицизм. Шығыс ренессансы мәдени феномен ретінде. Ислам дінінің Қазақстандағы таралуын қарастыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

1. Ислам діні - араб мәдениетінің бастамасы.

2. Исламдағы мистицизм.

3. Шығыс ренессансы мәдени феномен ретінде.

4. Ислам дінінің Қазақстандағы таралуы.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер) ;

Әлемнің түрлі ұлтты, тілді, нәсілді 1 миллиард 300 миллионнан астам халқы ұстанып отырған ислам дінінің тарих сахнасында көтерілгеніне де он-бес ғасырдан асты. Ол жазирату - л - араб деп аталатын осы күнгі Араб түбегінде дүниеге келді. Алла тағала қасиетеі Құран Кәрімді осы елдегі Құрайш тайпасынан шыққан Абд Аллаұлы Мұхаммед (с. ғ. с. ) пайғамбарымызға уахи етті.

Ислам дінінің ерекшеліктері:

1. Ислам - соңғы дін. Ислам дінінен басқа дін келмейді, үкімдері қиямет күніне дейін жалғасады. Ислам дінін адамадарға жеткізіп, баяндаған Хазіреті Мұхаммед (алейһіссәлем) соңғы пайғамбар. Одан басқа пайғамбар келмейді.

2. Ислам - дүниежүзілік дін. Алдыңғы пайғамбарлар жеткізіп, баяндаған діндер тек қана белгілі бірұлтқа, халыққа келсе, Ислам діні бүкіл дүние жүзіндегі халықтарға жіберілген.

3. Ислам дінінің үкімдері барлық адамдардың мұқтаждарына жауап бере алатындай кәміл. Сондықтан басқа діндерге сенуге ешқандай қажеттілік қалмаған.

4. Ислам діні өзінен бұрын Аллаһ тарапынан жіберілген пайғамбарлар мен діни кітаптардың бұзылып бұрмаланбаған түп нұсқаларын растап мойындайды.

5. Ислам діні алдыңғы пайғамбарлар баяндаған діндердің үкімдерінің күшін жойған. Өйткені олар белгілі бір халыққа, әрі белгілі бір уақытқа жіберілген. Ал Ислам діні болса, барлық халыққа жіберілген және қиямет күніне дейін жалғасатын дін.

Исламның негізгі екі бағыты - сүннизм, шиизм және бірнеше тармақтары, секталары бар. Ислам - бұл тек дінге сену ғана емес, сонымен қатар өмір сүру мен сананың ерекше түрі. Исламның негізгі ақиқат - бір құдайға табыну.

Мистицизм - нақты ақиқатқа ақыл-оймен жету мүмкін емес, оны тек интуитивті сезінуге болады дейтін көңіл-күй. Философтар Платон мен Аристотельдің саяси теориясымен таныс болды, кейбіреулері, әл-Фараби сияқты ойшылдар саяси трактаттар жазды.

Қазақстан территориясында исламның таралуы бірнеше жүз жылдарға созылды.

Оңтүстік Қазақстандағы көшпенділер арасында исламның тарлуына үлкен үлес қосқан сопы орденін құрушы - Қожа Ахмет Йассауи. Оның өлеңдері құдайдың құдіретінің күшті екендігі жөнінде және оған мойынсұнудың қажеттігін уағыздайды.

Ислам мұсылмандықты қабылдаған басқа халықтар сияқты қазақтарда да ислам діні пайда болғанға дейінгі әртүрлі салт-дәстүрлермен қоян-қолтық араласып кетті. Қазақтар өздерін мұсылманбыз деп сезініп, бұрыңғы ата-бабаларынан қалған салт-дәстүрлерді мұсылмандық деп санады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам діні мен араб мәдениетінің бастауы: тарихы, құндылықтары және философиялық-рухани мұра
Оңтүстік Қазақстандағы араб шапқыншылықтары және ислам дінінің Қазақстанға таралуы
Әл-Фараби және Орта Азиядағы Шығыс Ренессансы: перипатетика мен сопылықтың түркі-ислам мәдениеттегі ықпалы
Мұсылмандық Шығыс Ренессансы және түрік халықтарының мәдени мұрасы
Ислам мәдениеті мен ғылымының тарихтағы орны мен әлемге таралуы
Орта Азия мен Қазақстандағы Мұсылман ренессансы: түркі мәдениеті мен ғылымының рөлі
Ислам мәдениеті мен ғылымының Батысқа таралуы және оның тарихи-мәдени ықпалы
Әлемдік тұтастану: Қазақстан мен ислам әлемінің сын-тегеуріндері
Орта ғасыр мәдениеті: еуропалық және араб-ислам мәдениеттерінің тарихи-мәдени сипаттамасы
Ислам діні: тарихы, қоғамдық рөлі және Қазақстандағы таралуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz