Аудит және экономикалық талдауды ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Аудит және экономикалық талдауды ұйымдастыру

  1. Еңбек ақы бойынша шығындарды аудиторлық тексерудің ақпараттың көздері және мақсаттары
  2. Еңбекақының аудиті
  3. Жұмысшы қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша еңбек ақы қорын талдау

Қорытынды


1. Еңбек ақы бойынша шығындарды аудиторлық тексерудің ақпараттың көздері және мақсаттары

Аудиторлық тексерістердің мақсаты субъектінің шаруашылық қаражаттық қызметі кезінде орын алатын заң ережелерін бұзушылықтар мен кемшіліктерді анықтау ғана болмайды, дәлірек айтқанда сол істер аудитордың басты міндеті болмайды, оның негізгі мақсаты бухгалтерлік есептердің дұрыс жүргізілуінің, берілетін. Есептерде субъект қызметінің нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштерінің дүрыс, дәлме-дәл берілуінің, сол сәтте орын алған жағдайды талдаудың және субъектінің болашақтағы қаржылық жағдайын болжаудың дұрыстығын анықтау болып табылады. Сонымен, аудиторлар негізінен адвокаттар яғни фирманың меншік иелерінің мүдделерін қорғаушылары, олардың дәрісшілері болып табылады. Аудиторлар жүргізетін тексерістер шаруашылық субъектінің шығынға ұшырауына жол бермеуге, оларға өздерінің иелігіндегі қаржылық және басқа да ресурстарын тиімді түрде пайдалануға көмектесуге, өндірістен тыс шығындардың орнын алуына жол бермеуге бағытталған. Тек қана бухгалтерлік есептерді дұрыс жүргізгенде, оның есептерінде жүзеге асырылған шаруашылық операцияларын уақтылы және ақиқатты, дәлме-дәл көрсеткенде есептік мәліметтермен есеп беру құжаттарының бір біріне сәйкес болғанында, еңбек ақы бойынша есеп айырысуды дұрыс жүргізгенде ғана бухгалтерлік баланс толығымен және оның жеке-жеке баптары бойынша нақтылығы және ақиқаттығы қамтамасыз етілетін болады. Ал дұрыс есеппен бухгалтерлік баланс болмаған жағдайда субъектінің қаражаттылық жағдайында дәлме дәл болашағы туралы болжам жасай алмайды. Осы проблеманы шешу үшін уақыттында жүргізілетін аудиторлық тексерудің маңызы зор.

Аудиторлық тексерулер кезінде тексерушілер ақшалай қаражаттардың жұмыскерлермен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысуды орындалған жұмыс көлемдерінің бір субъектіден екіншісіне қарай қозғалыс жолдарын аса тыңғылықты тексереді, тараптар араларындағы өзара есептесу жағдайларын анықтайды, қалыптасып қалған дебиторлық және несиелік қарыздардың сомаларының ақиқаттығын тексереді. Бүгінгі күні, шаруашылық жүргізудің кеңінен тараған ұйымдық құқықтық нысаны, өз құрамында көптеген еншілес филиалдарға ие акционерлік компаниялар өздерінің қаражаттық шаруашылық қызметтеріне тексеріс жүргізу, сол субъектілердің жұмысында орын алатын кемшіліктер мен ереже бұзушылықтарды аныктау үшін, бас компаниялардың жетекшілері аудиторлық фирмаларға сұраныс жасайды және олардың кызметтеріне жүгінеді.

Сондай-ақ акционерлік компаниялардың қызметіне зерттеу және талдау жүргізу, қаражаттық есептердің ақиқаттығын растау олардың қызметтеріндегі кемшіліктер мен осал жерлерін анықтау үшін, сонымен қатар кей жағдайларда, компания жетекшілері бұрынды сонды білмеген, сол субъектінің жеке қызметкерлерінің бір бірімен сыбайласа отырып, саналы түрде қызмет орнын өз пайдасы үшін пайдалану және сол себепті өдейі кемшіліктерге жол бермеуін анықтау мақсатымен, компанияның басты ұйымның өзінде тексеріс жүргізу қажеттігі орын алған жағдайларда да аудиторлық фирмалардың қажетіне жүгінеді.

"Акционерлік қоғамдар туралы" жаңа занда акционерлік қоғамның қаражаттық жылының нәтижелеріне міндетті түрде одан шегерімдер, еңбек төлемін есептеудегі нормативті құқықты актілерді қадағалауды тексеру болып табылады.

Бақылау процесінде қолданылатын ақпарат көздері болып мына шоттар бойынша аналитикалық және синтетикалық деректер болып табылады. 681 "Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу", 56 "Белінбеген табыс", еңбек төлемін есептеуде және өндірудегі есеп бойынша бастапқы құжаттар (өткен уақыт есеп табелі, нарядтар және тағы басқалар), уақытша жарамсыз туралы қағаздар, демалыс ақшаларға есеп айырысу және бұл операцияларды бағыттайтын басқа да нормативтік құжаттар. Еңбекті төлеу бойынша жұмыскерлермен есеп айырысуды тексеруді бастау бір мерзімдегі бухгалтерлік баланстағы және Бас кітаптағы 681 шот бойынша аналитикадық есеп көрсеткіштерімен қатыстылығын көрсетумен басталады. Бұл үшін есептік төлемдік ведомстағы қорытынды салалармен кәсіпорын балансындағы және Бас кітаптағы бірінші санындағы 681 шот бойынша сальдоны салыстыру қажеті. Басқа да кері жағдайлар шыққанда олардың себептерін анықтау қажет.

Қолданылған бағаларды белгілеу нормасының дұрыстығы келісім шарттағы жұмыс көрсеткіштерінің салалары мен санының орындалуы келісім шарттарының немесе тарифтік ставкалардың қолданудың дұрыстығы тексеріліп еңбек жалақының мерзімді түрі есептелді.

Барлық реквизиттердің толтыру дұрыстығы, жұмысты орындаудың жауапкершілік есебі қызметкерлердің жалақысының қолма қол қоюын және еңбек есебінің алғашқы құжаттарын тексерген кезде түзетумен құжаттарды тағы бас түзетулер қолданыла ма?

Тексерілетін кәсіпорын

Аудит кезеңі

Адам/сағат сандары

Аудит тобының басшысы

Атқарушы

Аудиторлық тәуекелдікті жоспарлау

Маңыздылық деңгейін жоспарлау

Тексерілетін сұрақтар мен процедуралар тізімі:

1. Істелінген жұмыс таделі және жұмысшылардың кешіктірілетін еңбек ақының штаттық кестесі. Кешіктірілетін еңбек ақының дұрыс есептелуі

Процедура: құжаттарды тексеру

Сұрыптау

Жаппай тәртіп бойынша

2. Еңбек шарттарының нормативті ауытқуына байланысты қосымша еңбек ақы есептеудің дұрыстығы (демалыс және мейрам күндері, түнгі уақыттағы, мерзімнен тыс уақыттағы істеген үшін)

Процедура: құжаттарды тексеру

Сұрыптау

Жаппай тәртіп бойынша

3. Кесімді еңбек ақы алушылардың еңбек ақысына нарядтардың нақты және дұрыс толтырылуы. Кесімді баға және тарифтік ставканың дұрыс қолдану

Процедура: құжаттарды тексеру

Сұрыптау

Жаппай тәртіп бойынша

4. Еңбек ақыдан ұсталынатын ұсталымдапрдың толықтығы мен дұрыстығы (табыс сомасы, зейнетақы қорына, орындаушы қағаз бойынша, тараулардың несиеге сатылғанда, т. б. )

Процедура: құжаттарды тексеру

Сұрыптау

Жаппай тәртіп бойынша

5. Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына бөлек төлемдерді апарудың дұрыстығы

Процедура: құжаттарды тексеру

Сұрыптау

Жаппай тәртіп бойынша

6. Жұмысшының қосымша төлемдерін жиынтық табысқа қосудың дұрыстығы (іс-сапар шығындарының нормадан тыс артығы, матеориалдық көмек т. б. )

Процедура: құжаттарды тексеру

Сұрыптау

Жаппай тәртіп бойынша

7. 681 "Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу" шоты бойынша синтетикалық және аналитикалық есебін және 681 шот бойынша жазулардың Бас кітаптағы және бухгалтерлік есептеме формаларындағы жазулардың сәйкестігінің дұрыстығы.

Процедура: құжаттарды тексеру

Сұрыптау

Жаппай тәртіп бойынша

8. Депоненттелген есеп айырысулар бойынша есебінің және депоненттелген сомалардың құжатталуының дұрыстығы

Процедура: құжаттарды тексеру

Сұрыптау

Жаппай тәртіп бойынша

Жұмыскерлермен еңбек ақы бойынша есеп айрысу аудиттің құжаттары мен аудит жүргізу көздері: аудит жұмыскерлерді қабылдау кезінде құжаттарды рәсімдеу тәртібін сақтаудағы Қазақстан Республикасының еңбек туралы заң талаптарын тексеруге ғана тіреліп қалмауы керек. Жұмыскерлерді тұрақты, уақытша және тізімді жұмысқа қабылдау кезінде жетекшінің бүйрықтарын рәсімдеу дұрыстығын тексеру қажеті. Жұмыс шарттарына көңіл бөлінуі керек, сонымен қатар кәсіпорынның жетекшісінің қосымша және әрекет етуші заңдылығымен бекітілген, жұмыскерлерге ұсынылған әлеуметтік кепілдеріне:

  • Жұмыскерлерді бір жұмыс орнынан екіншісіне ауыстырған кезде;
  • Әртүрлі жағдайларда жұмыстан босату кезінде;
  • Демалыстар берген кезде;
  • Еңбек ақысын сақтамай, жұмыскерлерді мәжбүрлі демалысқа шығаруы кезінде (мұндай жағдайларда еңбек туралы заңдылық калай сақталады) ;
  • Келісім шарт бойынша жұмыскерлерді жұмысқа рәсімдеген кезде: мұндай жағдайда келісім шарттың барлық ережелерін демальді тексеру керек, олар еңбектік және азаматтық зандылықтың ерекет етуі үшін ережелеріне қарама қайшы келмей ме?
  • Жұмыскерлерді жұмысқа келісі немесе толық емес жұмыс күні (толық емес жұмыс аптасы) бойынша қабылдау кезінде;
  • ұйым жетекшілері мен жұмыскерлердің еңбек қатынастарын реттейтін, бүйрықтардың типтік формалары.

Соңғы кездері көптеген кәсіпорындар қатарлы келісім шарттар, анықталған жұмыстар мен анықталған шарттарды оырндауға еңбек келісімдер сияқты, жұмыскерлермен еңбек қатынастарын рәсімдеу формасын қолданады. Мұндай жұмыскерлер кәсіпорынның штатты жұмыскерлері болып саналмайды, және олардың еңбек қатынастары Қазақстан Ресупблкиасының еңбек туралы заңымен реттелмейді. Бұл туралы әрбір аудитор жақсы білуі керек. Осы сұрақтарды тексере отырып, аудитор тексеру кезінде осындай еңбек келісімдерін қортындылардың зандылығы мен мәнділігін талдауы керек, нақты орындалған жұмыс көлемін, олар үшін есеп айырысуды жасау дұрыстығың және еңбек қоры мен саны бойынша есеп көрсеткіштерінде . көрсетілуін тексеру. Ақпарат көздері: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар мен тәрптіптер, азаматтық құқықтық штаттағы келісім шартар (қайтарымды және қайтарымсыз келісім шарттар, қатарлы келісім шарт, басқа еңбек келісім шарттарының формалары), еңбек ақыны төлеуді есептеумен еңбек уақытын пайдалану есебінің табельдері (Т-49 немесе Т-51, Т-53 форма), жұмыскерлердің жеке карточкалары (Т-2 форма) және басқа да құжаттар.

2. Еңбекақының аудиті

Аудиттің маңызды процедурасы еңбек оны аударудың дұрыстығын тексеру болып табылады, атап айтқанда;

- келісімді бағалау, тарифтік ставка және жалақы бойынша ақы төлеудің дұрыстығы. Уақытпен еңбекке ақы төлеу кезінде кәсіпорын жұмыскерлерінің лауазымдық жалақыларының бекітілген штат кестесінің және штат дисциплинасының сақталуын тексеруді талап етеді, келісім кезінде - бағалаудың нормасын дұрыс қолдану, жұмыскердің сандық және сапалық көрсеткіштерін орындауы.

- кәсіпорында жүзеге асатын сыйлық беру жүйесі бойынша уақыт және келісіп істейтіндерге сыйлық берудің дұрыстығы мен дәйектілігі. Аудитор сыйлықтар мен төлемдердің сканирлеуге сөй екеніне көзін жеткізу керек.

Түнгі жұмыс уақытына нормадан жоғары жұмыстарына, бригадирлігіне, ауыр және зиянды жұмыстарына, демалыс пен мереке күндеріне және т. б. қосымша ақи аударудың дұрыстығы.

Егерде мұндай тексерулер кезінде алғашқы құжаттарды бірнеше есептеулерде қателер кетсе, аудитор құжаттарды тереңдетік тексеру керек және өнімдік құнымен қаржылық қорытындыларға мән беру керек. Практикада көрсеткендей бухгалтерлер есептеу-төлемдік ведомостадарғы алғашқы құжаттардың мәліметтері кезінде қате жіберіп алады. Соның нәтижесінде қаржылық қорытындылардың есебіне сенімсіздік туады.

Орташа табысты дұрыс есептеген кезде мыналарды ескерген жөн: жұмысқа қосымша мен ақылардан басқа төлемнің барлық түрлері, нормадан тыс орындаған уақыты, мерекелік күндер, қосымша жұмыс бойынша, атқарылмаған уақытына, еңбекке ақы төлемейтіндердің қорына жататын сыйлықтар.

Аудитор алғашқы құжаттардың толтырылғанын сай екендігін тексеру керек. Бұндай процедура жүргізгеннен кейін аудитор атқарылған жұмысқа жауаптының лауазымдық тұлғалардың қолдарын қойды, барлық реквизиттердің дұрыс толтырылғанын қарайды, онда түзетулер бар жағынан қадағалап отырады.

Алғашқы құжатты қарағанда аудитор ондағы толтырылған табельдерде, нарядтарда ойда құрастырылған тұлғалардың жоқтығына аса мән беруі керек. Ол үшін олардың берілген күні бойынша талдау жасайды, нарядтар мен табелдердегі жұмыскерлердің фамилияларын салыстырады. Онда бір адамның екінші рет қайталанып кетпеуіне де көңіл боледі. Жеке құрамның есебін отдел кадр немесе арнайы тұлға жүргізеді. Жұмысқа қабылданған әр адамға (тұрақты, уақытша., мерзімді) жеке карточка толтырылады және олған табельді номер беріледі. Бүйрық негізінде немесе кәсіпорын басшысының ұйғарымымен бухгалтер әр жұмыскерге лицевой счет ашады. Онда жұмыскердің анықтамалық мәліметтері жазылады және аударылған, ұсталған ақшалай туралы мәліметтер толтырылады.

Лицевой счеттан аударылған және ұсталған туралы мәліметтер есептеу-төлемдік ведомастқа ауыстырылады.

Бұл ведомостың негізінде 618 шотында "Еңбек ақы бойынша персоналдармен есептесу" 63 шотында "Бюджетпен есептесу" жазылады.

Бұл ведомаст бойынша бухгалтер мен басшының қолынан кейбіп шығындық кассалық ордер толтырылып, жалақы беріледі. Бұл кәсіпорында жұмыс істемейтін тұлғалар жалақы алатын кезде өздерін куәландыратын құжатын немесе паспортын көрсету керек.

Алғашқы құжаттарды және есептеу-төлемдік ведомостарды тексеру кезінде арифметикалық шоттарға аса назар аудару керек.

"Еңбекке ақы төлеу бойынша персоналдармен есептесу" 681 шоты бойынша кәсіпорынның әр жұмыскеріне арнап аналитикалық есеп жүргізіледі. Аталған аналитикалық есептің практикасында бұл шотта синтетикалық есеппен сай келмейді. Бұл есептеу-төлемдік ведомостың соңғы суммасымен шөт бойынша сальдоға сверка жасау жолдарымен бекітіледі. "Еңбекке ақы төлеу бойынша персоналдармен есептесу" 681 шоты бойынша аналитикалық есеп пен мәліметтерге сөйкес келмеген жағдайда аудитор оның себептерін анықтау керек.

Еңбекке ақы төлеу бойынша есептесудің синтетикалық есебі "Еңбекке ақы төлеу бойынша персоналдармен есептесу" 681 шоты бойынша және корреспондация шоттармен тексеру қарастырылады.

Аудитор жұмыс берушілер жұмыскерлердің жалақыларынан заңға сәйкес ақша ұстағандары жайлы білуі керек: жинақтаушы зейнетақы қорына міндеттелген зейнеткерлік взностар, жеке табыс салығы, орындаушы қағаз бойынша сумма, сондай-ақ жұмыскердің жазбаша өтініші бойынша басқа да ұсталымдар, жұмыскердің келісімінсіз, шығындалмаған аванстық қайтарылымдар.

Үшін жалакы есебіндс берілгендер; кәсіпорын жұмыскерінің кінәсі бойынша келлтірілген залалдарын кайтару үшін; жалакыдан дұрыс ұстау да тексеріледі, ол сол әдіспен анықталады. Ұстаудың негізгі түрі табыс салығы. Онда арифметикалық бақылау жасалады. Сондай-ақ бағалы сыйлықтар мен материалдық көмектерден салықтың ұсталмай қалғандары бар ма соны тексереді.

Табыс салығы есептеудің дұрыстылығын тексеру кезінде жеңілдікті, жұмыскердің статусын (штат немесе қосымша жұмыс істейтіндер) есептегендегі дұрысын тексеруі тиіс.

Аудитордың орындаушы қағазы бойынша ұстаған кезде мына құжаттарды текcepy керек: жұмыскердің жеке өтінішін, орындауіны қағаздар, сот бұйрықтары, алимент төлеуі туралы нотарилды кәуландырылған келісімдер.

Жеке тұлғаның жалақысынан орындаушылық қүжаттардың негізінде мыналар ұсталынуы мүмкін: кәмелеттік жасқа толмаған балаға алимент, келтірілген залалды қайтару суммасы, асыраушысынан айырылғанда, мүліктік зиян келтіргенде, занды тұлғаға келтірілген моральдық зиянның суммасын қайтару.

Сондай-ақ аудитор алименттің мөлшерін білу керек. Кәсіпорын индексация тәртібі бойынша алиментті сақтауға міндетті.

Орындаушы қағаз бойынша ұстауды, мына тиісті формула есебін пайдалан отырып тексереді:

Суд = ((Снач - Сп. н. ) N) /100

С уд - бөлім қаражатына ұсталған сумма

С нач - бір айға жұмыс істейтіндер бойынша аударылған жалпы сумма;

С п. н - табыс салығының суммасы;

N- ұстаған ақшаның проценті.

Аудитор косіпорынның бұйрығы негізінде немесе сот шешімі бойынша жұмыскер келітірілген материалдық шығынға ұсталатын ақшаны тексеруі тиіс.

Жинақтаушы зейнетақы қорға міндеттелген зейнеткерлік взностар жұмыскердің табысынан 10 процент мөлшерінде ұстамды және аударылады, сондай-ақ сыйлықтар, қосымшалар үстеме ақылар, уақытша жұмысқа жарамсыздық қағаздары мен жәй уақыт төлемдері де жалақының барлық түрлері де ұсталып, аударылады.

3. Жұмысшы қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша еңбек ақы

қорын талдау

Талдаудың мәні мен мағынасы. Еңбек акы қоры бойынша абсолютті және катысты ауытқулар нақытау. Өзгермелі және тұрақты еңбек акының өзгеру себептері. Инфляцияны ескере отырып, кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек ақы деңгейін талдау. Еңбек өнімділігінің осу қарқыны мен оның төлену деңгейінің арасындағы сәйкестікті талдау.

Кәсіпорындағы еңбек ресуртарын, еңбек өнімділігінің деңгейін пайдалунды талдау еңбек ақыны төлеумен тығыз байланыста екенін қарастыру қажет. Осы кезде еңбек ақы қаражаттарының еңбек өнімділігінің өсу қарқыны оның төлеуінің өсу қарқынынан озып отыруы керек, сол кезде ғана пайдалануға болады. Бірақ мұндай жағдайларда қайта өндірудің қарқынын өсіру үшін мүмкіндіктер туады.

Осыған орай орбір кәсіпорында еңбек ақыға қаражаттарды пайдаланудың талдауы кең мағына береді. Процесс кезінде оны еңбек ақы қорын пайдалануды жүйелік бақылау арқылы жүзеге асыруға болады, еңбек өнімділігінің өсуі және өнімнің еңбек сиымдылығының төмендеуі есебінен қаражаттарды үнемдеу мүмкіндіктерін шығару керек.

Статистика органдарының нұсқаулықтары бойынша еңбек ақы қоры өзіне кәсіпорынның ағымдағы шығындарына жататын, еңбекке төлеу қорын ғана енгізбейді, сонымен қатар әлеуметтік қорға қаражаттарының және таза пайда есебінен, кәсіпорын қарамағында қалатын төлемдерді де енгізеді. Тұтынуға бағытталған қаражаттарды пайдалану туралы мәліметтер кестеде көрсетілген:.

Тұтынуға бағытталған қаражаттарды пайдалануды талдау

Төлем түрі: Төлем түрі
Сомасы млн. тг: Сомасы млн. тг
Төлем түрі:
Сомасы млн. тг: Жоспар
Нақты
Ауытқу
Төлем түрі: 1. Еңбекті төлеу қоры
Сомасы млн. тг: 20500
21465
+965
Төлем түрі: 1. 1. Келісімді бағалау бойынша
Сомасы млн. тг: 10630
11180
+550
Төлем түрі: 1. 2. Тарифтік ставкалар және окладтар
Сомасы млн. тг: 6580
6349
-230
Төлем түрі: 1. 3. Өндірістік нәтижелер бойынша сыйақылар
Сомасы млн. тг: 1400
1545
+ 145
Төлем түрі: 1. 4. Кәсіпкерлік шеберлік үшін қосымша төлемдер
Сомасы млн. тг: 500
520
+20
Төлем түрі: 1. 5. Түнгі уақыттағы жұмыс, артық сағаттар, мейрам күндері үшін қосымша төлемдер
Сомасы млн. тг:
80
+80
Төлем түрі: 1. 6. Жыл сайынғы және қосымша демалыстарды төлеу
Сомасы млн. тг: 1390
1491
+ 1401
Төлем түрі: 1. 7. жас өспірімдердің жеңілдік сағаттарын, емізетін аналардың жұмыстағы демалыстарын төлеу
Сомасы млн. тг:
Төлем түрі: 1. 8. Орта деңгейге дейін қосымша төлемдер
Сомасы млн. тг:
Төлем түрі: 1. 9. Тұрып қалуларды төлеу
Сомасы млн. тг:
Төлем түрі: 1. 10. Сәйкестенушілер еңбегін төлеу
Сомасы млн. тг:
Төлем түрі: 2. Таза пайда есебінен төлемдер
Сомасы млн. тг: -
300
-
Төлем түрі: 2. 1. жылдың қорытындылары бойынша жұмыс нәтижелері үшін сый ақылар
Сомасы млн. тг: 5860
6145
+285
Төлем түрі: 2. 2. материалдық көмек
Сомасы млн. тг: 1800
1850
+50
Төлем түрі: 2. 3. Зейнеткерлерге өз уақытылы төлемдер
Сомасы млн. тг:

Тұтынуға пайдаланылған қаражаттар құрамындағы ең көп үлес салмақты өнімнің өзіндік құнына кіретін еңбекті төлеу қоры алады. Өнімнің өзіндік құнына кіретін еңбек ақы қорын пайдалануды талдауға көшерде, бірнеше кезекте, оның көлемінің абсолютті және қатысты ауытқуын жоспарлыдан есептеп алу қажет. Абсолютті ауытқу (ФЗП абс) еңбекті төлеуте нақты қолдыналған қаражаттарды (ФЗПф) кәсіпорын, өндірістік бөлімше және жұмысшылар категориясы бойынша жалпы алғандағы еңбек ақының жоспарлы қорымен (ФЗПпл) салыстыру арқылы анықталады: ФЗПабс = ФЗПф-ФЗПпл = 21465-20500 = +965 млн. теңге. Бірақ мынаны есте сақтаған және онімді өндіру бойынша жоспарлың орындалу деңгейінің есебінсіз бұл көрсеткіш анықталатындықтан, еңбек ақы қорын пайдалануды абсолютті ауытқу өзінен өзі сипаттамайды. Қатысты ауытқу өнімді өндіру бойынша жоспардың орындалу коэфициентіне тұрақталған, жоспарлы қорымен еңбек ақының нақты есептелген сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі. Өнімді өндіру бойынша жоспарлың. орындалу проценті 102, 6 процент (16440 туб/16023) құрайды бірақ мынан ескерген жөн, өнімді өндіру көлемін пропорционалды өзгеретін еңбек ақы қорының өзгермелі бөлігі ғана өзгертіледі. Бұл шартты бағалау, жұмысшыларға сый ақы және өндірістік нәтижелері үшін қызметкерлерге және демалыс сомалары, өзгермелі еңбек ақы үлесіне сэйкесі бойынша жұмысшылардың еңбек ақысы.

Еңбек ақы қорын пайдалануды талдау кезінде, кәсіпорынның жұмысшыларының орташа жалақысы туралы, сонымен қатар оның деңгейін анықтайтын факторлар туралы деректерді зерттеу кең мағына береді. Сондықтан келесі талдау категориясымен мамандығы бойынша, сонымен қатар кәсіпорын бойынша жалақы алғанда бір жұмысшының орташа еңбек ақысына өзгерту себептерін зерттеуге бағытталған болуы керек. Бұл кезде орташа жылдық еңбек ақы бір жылда бір жұмысшының істеген күндер санына, жұмыс сменасының ұзақтығына және орташа сағаттық еңбек ақысына байланысты екенін ескерген жөн: ГЗП-Д х П х ЧЗП. Осы факторлардың жұмысшылар категориясы бойынша орташа жылдық еңбек ақы деңгейінің өзгеруіне әсерін есептеу абсолютті айырмашылықтар тәсілімен жүзеге асырылған.

Еңбек ақы төлеу деңгейін талдау

Жұмысшылар: Жұмысшылар
1 жұмысшының: 1 жұмысшының
Жұмыс: Жұмыс
:
Орташа: Орташа
сағаттық: сағаттық
Жұмысшылар: категориясы
1 жұмысшының: істеген күндерінің
Жұмыс: сменасының
: еңбек ақы
Орташа: МЫҢ ТГ.
Жұмысшылар:
1 жұмысшының: саны
Жұмыс:
: орташа
Орташа: ұзақтығы
сағаттық:
Жұмысшылар:
1 жұмысшының:
Жұмыс:
: сағат
Орташа:
сағаттық:
Жұмысшылар:
1 жұмысшының: Жоспар
Жұмыс: Нақты
: Жоспар
Орташа: Нақты
сағаттық: Жоспар
Нақты
Жұмысшылар: Жұмысшы-
1 жұмысшының: 220
Жұмыс: 210
: 7, 95
Орташа: 7, 8
сағаттық: 58, 6
64, 10
Жұмысшылар: Мәмілешілер
1 жұмысшының:
Жұмыс:
:
Орташа:
сағаттық:
Жұмысшылар: Мезгілдік-
1 жұмысшының: 220
Жұмыс: 210
: 210
Орташа: 7, 8
сағаттық: 49, 53
51, 97
Жұмысшылар: жұмысшылар
1 жұмысшының:
Жұмыс:
:
Орташа:
сағаттық:
Жұмысшылар: (уақытша)
1 жұмысшының:
Жұмыс:
:
Орташа:
сағаттық:
Жұмысшылар: Ж/е т. с. с
1 жұмысшының:
Жұмыс:
:
Орташа:
сағаттық:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есептік-талдамалы ғылымдарды саралау
АУДИТТІ АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Қаржылық есептеме аудитінің ақпараттық базасы
Нақты бір ұйымдағы өнім өндірісі шығындарының есебін, оған әсер ететін факторларды анықтап, талдау жүргізу
Есеп және аудит
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп жүйесін реттеудегі аудиттің маңызы мен қажеттілігі
Аудиттің әдісі мен тәсілдері
«Практикалық аудит» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Аудитті басқарудағы компьютерлер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz