Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері


Дәріс № 1, 2. Ұлттық жүйедегі кәсіпкерлік құқық
Дәріс мақсаты: Кәсіпкерлік құқық түсінігі, пәнін және әдістері мен қағидаларын, кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздерінің теориялық негіздерін қамту.
Дәріс жоспары:
1. Кәсіпкерлік құқығының түсінігі мен пәні.
2. Кәсіпкерлік құқығының қағидалары.
3. Кәсіпкерлік құқығының жүйесі.
1. Кәсіпкерлік құқығының түсінігі мен пәні.
Кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы ХХ ғ. басында пайда болған еді. Сол кездегі тұжырымдама совет одағының заңгер-ғылымдарының ойын талқылаған болатын. Мысалы, А. Гойбарх айтқандай, азаматтық құқық әрқашанда құқықтың бөлігі, ол халық құқығын ұстанған. Егерде жеке құқық пен жұрттың құқығы арасындағы шекара жоғалып, яғни үзіліп кетсе, онда азаматтық құқық жоғалып кететін еді, сондықтан оның орнына шаруашылық құқық ие болатын еді.
П. И. Стучканың түсінігі бойынша, азаматтық құқық - өндіріс пен айырбас арасындағы қатынас деп түсінеді. Әрі ол ХХ ғ. 20 жылдағы «Екі секторлық құқық теориясын» шығарған болатын, онда әлеуметтік ұйымдарға әкімшілік - шаруашылық құқығын, жеке тұлғаларға азаматтық құқығын ескерілген. Бірақ көпшілік өркениет - ғылымдарының тұжырымынша, ол теория қате болып саналды.
ХХ ғ -ң 30 ж. басында бірыңғай шаруашылық құқық пен азаматтық құқық тұжырымдамасы ғылыми тәртіп негізінде қарастырылды. Шаруашылық құқықтың пайда болуы совет экономикасының аралас мінезімен байланысты. Шаруашылық құқық арасындағы мәселелерді зерттеген құқықтанушылар жаңа экономикалық жағдайларда туған көпшілік және жеке құқық арасындағы ымыраны талдауды көздейді.
ХХ ғ -ң 50 жылдарында шаруашылық құқық тұжырымдамасы туралы пікір - сайыста қайта қарады. Шаруашылық құқықтануда әр түрлі саладағы әлеуметтік құқықтарын реттеуді қарастырады. Әр түрлі отырыстарда совет құқықтанушылары шаруашылық кодексті қабылдау ұсынысты қарастырды.
ХХ ғ-ң 90 жылдарында Ресейде жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға, басқа экономикадан тағы басқаға көшу жүйесі басталды. Сондықтан бұрын тұжырымдамаға өзгеріс енгізу керек болды.
Кәсіпкерлік құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар кәсіпкерлік құқықтың пәнін құрайды. Яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар болып табылады. Кәсіпкерлік құқық - бұл мемлекеттің және қоғам мүддесінің қамтамасыз ету мақсатындағы шаруашылық қызмет субьектілерінің қатынастарын мемлекеттік реттеу бойынша және олардағы кәсіпкерлік қатынастар реттелетін нормалардың жиынтығын білдіреді.
Сондай-ақ кәсіпкерлік құқық пәні ретінде кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің арасында туындайтын мүліктік қатынастарды да атауға болады. Мүліктік қатынастарды басқа қоғамдық қатынастардан оның белгілі бір деңгейдегі мүліктік құндылыққаиелігі дараланып тұрады. Мүліктік қатынастар әрқилы нысандарда көрініс табады. Сондықтан да олар тек кәсіпкерлік құқық емес, сонымен қатар басқа да құқық салаларымен қоса реттеледі. Мысалы, тұлға ұрлық жасауға оқталса, онда азаматтық жауаптылыққа емес, қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін. Өйткені, ұрлыққа оқталу қоғамдық қатынастардағы тәртіпті бұзуға бағытталғанымен, меншік иесіне ешқандай зиян тигізбейді. Ал, егер қылмыстық әрекет не әкімшілік құқықбұзушылық салдарынан мүлікке зиян келсе, онда тұлға азаматтық жауаптылыққа да тартылады. Бірақ, жаза қылмыскер тұлғасының өзіне бағытталса, ал, келтірілген зиян орнын толтыру азаматтық құқық негізінде жүзеге асады. Мүліктік қатынастармен қоса, кәсіпкерлік құқықтың реттеу пәнінің қатарына жеке мүліктік емес қатынастарды да жатқызумызға болады.
Кәсіпкерлік құқық мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілетін өзін-өзі ұстау ережелерін қамтиды. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері өздерінің ар-намысы, қадір-қасиеті не іскерлік беделіне нұқсан келтірілді деп есептесе онда өз құқықтарын заңнамада белгіленген тәртіпте қорғалуына толық құқылы. Кәсіпкерлік құқығы дегеніміз кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және тағы да басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Кәсіпкерлік құқықтың пәні бұл кәсіпкерлік іс-әрекет саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастар және сол қатынастармен тығыз байланыстағы коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастарды қамтиды. Бұл қатынастарды:
а) кәсіпкерлік (кәсіпкер мен кәсіпкер арасындағы көлденең қатынастар) ;
б) коммерциялық емес (мемлекет пен кәсіпкер арасындағы тік қатынастар) .
Деп екі топтамаға бөліп қарауға болады.
2. Кәсіпкерлік құқығының әдістері, қағидалары.
Кәсіпкерлік құқықпен реттелетін қатынастарға әсер ету амалдары мен тәсілдердің жиынтығы оның әдістері болып табылады. Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу әдістерінің компоненттері:
- құқықтыр мен міндеттерді анықтау тәртібі;
- қатынас субъектілерінің әрекеттерінің автономдылығы мен біртұтастығы мемлекеттік тіркеу міндеттілігі ұсынылған құқықтарды анықтау деңгейі;
- құқықтық қатынастарға таратылған заңды фактілерді таңдау;
- субъектілер арасындағы құқықтар мен міндеттерді бөлу, құқықтық қатынастардағы тараптардың құқықтық жағдайының сипаты;
- субъективтік құқықтық қамтамасыз ету жолдары мен амалдары.
Комплексті интеграцияланған кәсіпкерлік қызмет пәні әртүлі кәсіпкелік қатынас әдісінің аспектісін қолдануды қолдайды. Дәстүрлі құқықтық әдебиет әрбір құқық негізі құқықтық реттеу әдісіне сәйкес келеді деп түсіндіреді. Кәсіпкерлік құқықта тек бір ғана емес, көптеген әдістер қолданылады. Олар: алдын-ала міндетті тіркеу әдісі, құқықтық қатынас жағының еркін автономды әдісі және кепілдеме әдісі.
Құқықтық бұйрық нормаларын алдын-ала міндетті тіркеу әдісінің көмегімен кәсіпкерлік қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттері қалыптасады. Ол бір жағы құқыққатынас беруге, ал екіншісі алдын-ала міндетті тіркеу міндеттелсе қолданылады. Бұл әдіс кәсіпкерлік қызметте тіке мемлекеттік реттеу үшін қажет болып табылады. Алдын-ала міндетті тіркеу әдісі арқылы қоғамның жариялық қызығушылық танылады.
Автономды шешім тәсілі - кәсіпкерлік қызметте өнім шығаруды дербес іске асыратын заңды тең құқыққа ие қатынастарда реттейтін әдісі. Бұл әдіс жие келісім әдісі деп аталады. Себебі қаншалықты құқық және міндет құқықтық қатынас жағынан өзара сенімнен құралады. Кәсіпкерлік қызмет қатысушылары арасында сенімді қатынас үшін бұл - жие қолданылатын әдіс.
Кепілдеме әдісі - бір жағы құқықтық қатынас ұсынатын, ал екінші жағы кепілдердің міндетті құқық пен міндет негізінен қалыптасқан, шаруашылық жағдайындағы анықталған мінез-құлық нұсқасын ұсынады. Кәсіпкерлік құқығының қағидалары деп біз құқық саласындағы пайда болатын қоғамдық, құқықтық, кәсіпкерлік және басқа да қатынастарды заңдылық тұрғыда реттеп жүзеге асыру кезіндегі оның нормаларының жиынтығын айтамыз.
Кәсіпкерлік құқығы саласының қағидаларын жүзеге асыру барысында оларды мынандай түрлерге бөліп, қарауға болады:
1) кәсіпкерлік істің еркіндігі - яғни, кез келген ақыл-есі дұрыс, жасы толған адам заңнамаларда көрсетілген талаптарға сәйкес жағдайларда кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар;
2) тараптардың (заңдық) теңдігі - яғни, кәсіпкерлік іс барысында пайдаланылатын барлық меншік түрлері мен түрпішіндерінің құқықтық (заңдық) теңдігі;
3) тараптардың бәсеке еркіндігі және монополияны тежеу;
4) кәсіпкерлік істің негізгі мақсаты пайда табу кағидасы;
5) кәсіпкерлік іс барысындағы заңдылық қағидасы;
6) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу қағидасы.
Кез келген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында жоғарыда көрсетілген қағидалар түрлерін басшылыққа алады.
3. Кәсіпкерлік құқығының жүйесі.
Кәсіпкерлік құқығы саласының жүйесі деп - оның ішкі құрылымы немесе құрылысын айтамыз.
Кәсіпкерлік құқықтың жүйесі өзара жалпы және ерекше бөлімдерден құралады.
Кәсіпкерлік құқықтың жалпы бөлімінде біз: 1) кәсіпкерлік құқыққа кіріспе; 2) шет елдердің сауда құқығы; 3) кәсіпкерлік құқықтық қатынастар; 4) банкроттық; 5) республикалық және коммуналдық меншікті мемлекетсіздендіру, жекешелендіру; 6) кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу; 7) кәсіпкерлік іс саласындағы құқық бұзушылық пен жауаптылық; 8) кәсіпкерлік істің субъектілерінің мүддесін қорғау; 9) экономикалық қауіпсіздіктің құқықтық салалары сияқты қатынастарды қараймыз.
Құқық саласының ерекше бөлімінде біз мынандай құқықтық институттарға тоқталамыз: 1) монополистік әрекетті құқықтық реттеу; 2) өнімдердің, қызмет көрсетудің сапасын құқықтық қамтамасыз ету; 3) баға мен тарифтерді құқықтық реттеу; 4) инвестицияландыру мен қаржыландыруды құқықтық реттеу; 5) несие мен қарыз беруді құқықтық реттеу; 6) есеп пен бақылауды құқықтық реттеу; 7) сыртқы кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу; 8) еркін экономикалық аймақтарды құқықтық реттеу және т. б. Жоғарыда аталынған құқықтық инститтуттар өзара бір-бірімен жинақтала келе құқық саласының ішкі жүйесін құрайды.
Құқық принциптерін оның қалыптасуы мен дамуының басталуы мен негізгі идеялары деп түсінеді. Сондықтан құқық принциптерінің қалыптасу үрдісінің объективтілігін танумен бірге олардың мазмұнын анықтайтын экономикалық және әлеуметтік заңдылықтардың бірқалыпты сипатын ескеру керек. Қоғамдық дамудың заңдылықтарының өзгеруі нәтижесінде негізгі құқықтық принциптердің өзгерістері болады, бұл экономикалық қатынастардың сипатына байланысты. Кәсіпкер құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау принципі: осы қағида арқылы кәсіпкер өз құқықтарының қорғалатыны, қалауы бойынша кез келген уақытта іске асыра алатындығына сенімділігі артты. Бұл қағида отандық заңнама нормаларынан орын алды.
Экономикалық бостандық және экономикалық мүдделерді қорғау қағидасы - Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және экономикалық қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітіледі; аталған қағидаға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік қызмет бостандығына және оны қолдау мен қорғауға кепілдік береді; сонымен бірге, кәсіпкерлік қызмет бостандығы шексіз емес және қоғам мүддесіне қажетті жағдайларда заңнамамен шектелуі мүмкін.
Экономикалық қатынастарға мемлекеттік ықпал ету қағидасы - экономиканың қалыпты дамуы мен экономикалық шешімдердің тиімділігін қамтамасыз ететін, экономикалық ықпал етуші шараларды қолданудан көрініс табады;
Бәсекелестік еркіндігі мен монополядан қорғану қағидасы - нарықтық экономиканың дамуына қажетті негізгі алғышарттың бірі; бұл қағида бәсеке қабілеттілігінің артуына және шығында жұмыс істейтін, өнімдері сұранысқа ие емес, төлем қабілеттілігі жоқ нарықтың субъектілерінің таратылуына ықпал етеді;
Заңдылық қағидасы - құқықтың барлық салаларына ортақ, алайда, нарықтық қатынастар барысында аса маңыздылыққа ие болады; бұл қағидаға сәйкес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар заңмен тиым салынбаған кез-келген әрекетпен айналыса алады.
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, экономикасы нарықтық даму жолына түскелі кәсіпкерлік қызметтің дамуына мемлекет тарапынан жақсы қолайлы жағдайлар жасалды. Бүгінде мемлекетімізде кәсіпкерлік қызмет саласын реттейтін заңнама жүйесі толық қалыптасты десек болады. Осы аралықта «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының заңы, «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР заңы, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР заңдары және т. б бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданды. 2006 жылғы 31 қантардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР заңының қабылдануы бүгінгі таңда ҚР-дағы кәсіпкерлік қызметке байланысты қарым-қатынастарды реттейтін бірден-бір нормативтік құқықтық акті.
Кәсіпкерлік құқық қайнар көздері:
1. ҚР Конституциясы (кәсіпкерлердің Конституциялық кепілдігі бекітілген) .
2. Азаматтық Кодекс (Бәсекелестік, шарттар бекіту нормалары, ішкі фирмалық қатынастар, ішкі қатынастарын реттейді) .
3. ҚР-ң Заңдары: 1. «Бәсекелестік және тауар нарығындағы монополиялық қызметті шектеу туралы» Заң, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заң. 2. Субьектілердің құқықтық жағдайларын анықтайтын заңдар. 3. Бөлек кәсіпкерлік қызмет түрлерін реттейді. Ол заңдар (Инвестициялық қызмет, Байланыс туралы, Жарнама туралы заңдар) . 4. Кәсіпкерлік қызметке талаптарды бекітетін заңдар (Стандарттау, сертификаттау, экологиялық сараптама, лицензиялау туралы) . 5. Белгілі бір кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субьектілердің құқықтық жағдайларын анықтайтын салаларды реттейтін заңдар (Банк және банктік қызметі туралы, тауарлық биржа және биржалық қорлар туралы заңдар) .
4. Заңды актілер: Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары, атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері.
5. Жоғарғы Кеңес қаулылары.
6. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шаруашылық құқықтық нормативтік құқықтық актілері.
7. Локальды нормативті актілер.
8. Халықаралық шарттар.
9. Іскерлік айналым, әдет-ғұрып (сыртқы саудада су тасымалдауында орын алады) .
ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУ ҮШІН ТЕСТТЕР:
1. Кәсіпкерлік құқығы дегеніміз:
a. оның ішкі құрылымы немесе құрылысы
b. құқық бұзушылық пен жауаптылық
c. экономикалық қатынастарды реттеу
d. құқық саласындағы пайда болатын қоғамдық, құқықтық, кәсіпкерлік және басқа да қатынастарды заңдылық тұрғыда реттеп жүзеге асыру кезіндегі оның нормаларының жиынтығын айтамыз.
e. кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және тағы да басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
2. Кәсіпкерлік құқықтың жалпы бөлімінде қарастырылмайды:
a. монополистік әрекетті құқықтық реттеу
b. кәсіпкерлік іс саласындағы құқық бұзушылық пен жауаптылық
c. кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу
d. кәсіпкерлік құқықтық қатынастар
e. кәсіпкерлік құқыққа кіріспе
3. Кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы қай ғасырда пайда болған еді:
a. ХХІ ғ. басында
b. ХҮІІ ғ. ортасында
c. ХХ ғ. басында
d. ХХ ғ. 80 жылдарында
e. ХҮ ғ. басында
4. ХХ ғ. 20 жылдағы «Екі секторлық құқық теориясын» шығарған авторды атаңыз:
a. А. Гойбарх
b. П. И. Стучка
c. О. Контильен
d. Й. Шумпетер
e. А. Смит
5. Бір-біріне сәйкес келетін элементтерді біріктіріңіздер:
Дәріс № 3. Кәсіпкерлік қызмет (түсінігі, түрлері және нысандары)
Дәріс мақсаты: Кәсіпкерлік қызмет түсінігі, кәсіпкерлік тәуекел түсінігі, түрлері және шаруашылық және кәсіпкерлік қызмет түсінігінің арақатынасының теориялық негіздерін қамту.
Жоспар:
1. Кәсіпкерлік қызмет түсінігі.
2. Кәсіпкерлік тәуекел түсінігі, түрлері.
3 Дара кәсіпкерліктің түсінігі, оның түрлері мен нысандары.
4. Жеке кәсіпкерлік (тұлғалық) түсінігі
1. Азаматтық заңнамада кәсіпкерлікке мынадай анықтама берілген: меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына негізделген. Бұл анықтамадан кәсіпкерлік қызмет тек бұл күнде ғана емес, барлық кезде де болған және жүзеге асырылған деуге болады. Мысалы, орта ғасырларда пайдаланылған «Жібек жолы». Осы жол арқылы бергісі Қытай, арғысы Үнді елдері және осы аралықта мекендейтін қаншама халықтар мәдени байланыстар орнатып, алыс-беріс сауда жасап жатты. Кәсіпкерлік қызмет түсінігінің мазмұнды анализі оның басқа өзінің ұғымына жақын түсініктерінен анықталады. ҚР Конституциясы кәсіпкерлік және басқа да экономикалық қызметпен айналысуға құқықтарды бекіткен.
Кәсіпкерліктің өзіне тән белгілері:
1. Мүліктік оқшаулық және ұйымдасқан бірлік(яғни кәсіпкердің өзіндік оқшау мүлкі болуы тиіс) .
2. Тәуекелділік(яғни шаруашылық өзіндік пайда табу немесе таппау тәуекелділігі) .
3. Жүйелі түрде пайда табу(яғни үнемі коммерциялық сипатта болады) .
4. Қызмет көрсету немесе жұмысты орындау, тауарды өткізу, сату, мүлікті пайдалануы арқылы түскен пайданы нарыққа байланысты жүзеге асыру.
5. Кәсіпкерлік қызмет бойынша міндетті түрде субьектілері тіркеуден өтуі тиіс.
Кәсіпкерлік қызмет болып заң бойынша тіркелген тұлғаларға қызмет көрсету немесе жұмыс орындау және т. б. жүйелі түрде пайда табуға бағытталған өз тәуекелімен жүзеге асырылатын қызметті айтамыз. В. С. Мартемянов кәсіпкерлік қызмет туралы нарық үшін жұмыс, қызмет көрсету, тауар өндіру бойынша кәсіпкерлік қызметтер жазған.
А. Э. Жилинский: заңгердің кәсіби қызметтеріне қатысты оның белгілерінен: қабылданған әдістерге қатысты қызметті жүзеге асыру; оның процесіне және нәтижесіне талаптарды сақтау; қызметтің қайтарымдылығы, субьектілердің олардың жұмысына, әсерінен көрініс табады. Кәсіпкерлік қызметке қатысты арнайы біліктілікпен ақпараттарға ие адамдармен осы қызметті жүзеге асыру (шешімдер қабылдау және іске асыру үшін) . Мысалы, заңгерлік, экономикалық білімдермен, қатар кәсіби білім, аудитор, бағалы қағаздар нарығындағы операторлар курсын бітіруі қажет.
Кәсіпкерлік қызмет өзіндік және өз бастамашылығымен өз тәуекелін өзінің мүлкімен мүліктік жауапкершілігімен пайда табуға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың қызметі болып табылады. Кәсіпкерлік төрт сатыдан тұратын процес болып табылады:
1. Жаңа идеяларды іздеу бағалау (сұраныс бойынша және пайда болжамы) .
2. Бизнес жоспар құру.
3. Қажетті ресурстарды іздеу.
4. Кәсіпорындарды басқару.
2 . Кәсіпкерлік тәуекел, яғни кәсіпкердің өз тәуекеліне кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы болып табылады. Мүліктің кездейсоқ жойылуы тәуекелін оның меншік иесі иеленеді, құрылыс обьектілерінің жойылу тәуекелін ереже бойынша мердігерге жүктелген, кәсіпкердің жауапкершілігі тәуекелі шарт бойынша тараптарға тиесілі. Кәсіпкерлік тәуекел туралы сақтандыру заңдарында айтылған. ҚР Азаматтық Кодексінде кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шартын бекіту мүмкіндігін қарастырады, кәсіпкерлік қызметтегі шығын тәуекелі кәсіпкерлердің контор агенттері міндеттемелерінің бұзылуынан немесе кәсіпкерлерге байланысты емес шарттардың өзгеруі, сондай-ақ күтілген табысты ала алмай қалу мүмкіндігі, тәуекелі түсіндіріледі.
Кәсіпкерлік тәуекел - жоспарланған немесе күтілген ол нәтижені алмау ықтималдылығы болып табылады. Кәсіпкер пайда алмау тәуекеліне ие, сонымен қатар тапсырыс берілген жоба немесе обьектіні алмау мүмкіндігі және инвестициялық тәуекелге ие. Сонымен, кәсіпкерлік тәуекел деп кәсіпкерлердің өз ресурстарының бөлігін жоғалту, табысты толық ала алмай қалу немесе белгілі бір әрекеттер нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болу мүмкіндігі түсіндіріледі.
Кәсіпкерлік тәуекел әртүрлі белгілеріне байланысты келесідей топтастырылады:
1. Кәсіпкерлік қызмет түрі бойынша:
а) өндірістік тәуекел - өндіріс өнімімен байланысты себептер: өндірістегі мәжбүрлі үзілістер, өндірістік қорлардың істен шығуы, жабдықтарды, шикізаттарды уақытында жеткізбеу;
б) Коммерциялық тәуекел - тауарларды іске асыру процесінде туындайтын себебі: коммерциялық қызмет нарығында күтпеген өзгерістер болып табылады.
в) Қаржылық тәуекел - кәсіпкерліктің банкпен және басқада қаржылық институттармен қарым - қатынасынан туындайды. Негізгі себеп: зайымдық және өзіндік қаражаттардың жоғарғы арақатынасы, кредиторларға тәуелділігі, капиталдың белсенсіздігі және т. б.
2. Масштабтылығы бойынша:
а) Локальді тәуекел - бөлек фирмалардың тәуекелі.
б) Салалық тәуекел - саланың өзіндік қасиетіне байланысты.
в) Елдік тәуекел - елге тән, оның әлеуметтік - саяси жағдайының төмендеуі, инфляцияның төмендеуі т. б.
3. Пайда болу табиғатына байланысты:
а) Субъективті тәуекел - кәсіпорынның тұлғалығына байланысты. Себебі: тәжірибелердің жеткіліксіздігі, білімнің жеткіліксіздігі.
б) Объективті тәуекел - стихиялық аппаттардың жеткіліксіз ақпараттығы несиелеу, салық салу шарттары туралы ақпараттардың жеткіліксіздігі.
4. Пайда болу саласы бойынша:
а) Сыртқы тәуекел - экономика саясатындағы күтпеген өзгерістерге негізделген, себебі: үлкен территориядағы стихиялық аппаттар.
б) Ішкі тәуекел - тәуелсіз менеджмент жағдайында туындайды, қате маркетинг жағыдайында туындайды. Себебі: Кәсіпкерлік фирманың өзіне байланысты.
5. Сақтандырылу мүмкіндігіне байланысты:
а) Сақтандырылатын тәуекел - сақтандырушының тәуекелді өзіне алуын білдіреді;
б) Сақтандырылмайтын тәуекел - тәуекел масштабын бағалау мүмкін емес, ешкім өзіне сақтандыруды қабылдауға дайын емес.
- Дара кәсіпкерліктің түсінігі.
Рынок жағдайларында табыс алуға бағыттылған азаматтардың кәсіпкерлік қызметіне кең жол ашылған. Дара кәсіпкерлік ұғымы «Дара кәсіпкерлік туралы» заңда тұжырымдалған. Дара кәсіпкерлік қызмет мына белгілердің жиынтығымен сипатталады:
а) ол ынталы бастамалық қызмет болып табылады;
ә) табыс алуға бағытталған;
б) кәсіпкерлікпен шұғылданатын азаматтардың өздерінің меншігіне негізделген;
в) азаматтардың атынан олардың тәуекелі үшін және олардың мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкерліктің түрлері.
Дара кәсіпкерліктің түрлері Дара кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес, жекеше және бірлескен кәсіпкерлік болып табылады. Дара кәсіпкерлер мынадай шарттардың біріне сәйкес келсе, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады:
1) тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегі пайдаланылады;
2) жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілерімен белгіленген жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен асып түскен мөлшерде кәсіпкерлік қызметтен салық заңнамасына сәйкес есептелінген жылдық жиынтық табыс алады.
Дара кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес дара кәсіпкерліктің түрлері жекеше және бірлескен кәсіпкерлік болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz