Ұлттық мінез болмай ұлт қалыптаспайды



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ұлттық мінез болмай ұлт қалыптаспайды
Сахи Аружан Бахытбекқызы
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің
1-курс студенті
Жетекшісі: Рахманбергенова Манар Бекназарқызы

О заманда бізде ешқандай балалар бақшасы, қазіргідей әртүрлі мамандықтарға жастайынан баулитын орталықтар болмаса да, баласына бесікте жатқан кезінен бастап өлең жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы ұлттық тәрбие - нің негізін қалаған. Осындай тәрбиенің арқасында қазақтың көшпенділік өмірі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш, жан дүниесі жан жақты жетілген, кемел адамдарды қалыптастырды.
Ұлттық психология, Ұлттық тәрбие деген сөз тіркес - тері өз мағынасында егемендігімізді алып, тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейін барып пайда болды. Бірақ бұл ұлттық психология қазақ өмірінде болмады деген сөз емес. Психология ғылым ретінде бізде кеш дамыды. Бізде ғылым дамымағанымен, терең ой мен түйіндер жеткілікті болды. Мәселен, Американың гуманитарлық психологиясының қазір де айтып жүргендерін Асан Қайғы бабамыз өз заманында айтып кетті. Егер осы Асан Қайғының айтып кеткендерін ағылшын тіліне аударып, бүкіл әлемге таратсақ, ағылшындар: Мынаның бәрін қазақтар бізден бұрын айтып қойыпты ғой, бұл қандай халық өзі ? деп таң қалар еді.
Қазақтың ғылыми психологиясын кешегі Мәшһүр Жүсіптен бастап, сосын Жүсіпбек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Халел Досмұхамедұлылар жеріне жеткізіп айтып, жазып кетті. Мағжан Жұмабаев Фрейдтің атын атамаса да, оның ілімін қазақ тілінде дамытып, шығармалары арқылы осы ілімді Қазақстанға жиырмасыншы жылдары таратқан. И.Павловтан жүйке жүйесі туралы дәріс тыңдаған Халел
Досмұхамедұлының да ұлттық психологияға әкелген жаңалығы көп. Қазақстанда іргелі ғылыми зерттеулердің дені соңғы жетпіс жыл көлемінде ғана өркен жайып, дами бастағаны белгілі. Бұл жағдай əрине, психология ғылымына да ортақ. Əл-Фараби, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Ахмет Игінеки, Қожа Ахмет Яссауи, Мұхаммед Дулати, Қадырғали Жалаири, Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау, Абай, Шəкəрімнің психологиялық ой-пікірлерінің негізі бүгінгі ұлттық психологиямыздың алғышарттары болып қалыптасты. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айналадағы дүниелерді танып-білу үшін көз бен құлақтың рөлінің аса маңыздылығына жан жақты тоқталып, бәрін нақты мысалдармен берген. Танымның бірнеше түрлеріне тоқталған. Мұның бәрі таза ғылыми зерттеулерге келетін құбылыстар. Сонымен қатар, Мәшһүр Жүсіптің пікірінше, бейғамдық та әртүрлі. Бейғамдықтың бір түрі - айналада болып жатқан нәрселерге мүлде көңіл аудармай, одан тиісті сабақ алмай, қалай болса солай, бейғам отыру дейді. Өте дұрыс айтылған. Біз өте бейғамбыз. Ал, бейғамдықтың келесі түрі дейді ол, кісінің бір іске ұқыпты-құнтты болып, өзгелеріне селсоқ қарауы [1].
Менің ойымша, қазір екінші бейғамдық біріншіден көп. Өйткені бәрінің сауаты бар, нан тауып жейді. Үй-күйлері бар. Ал жалпы ұлттық, халықтық мәселелерге келгенде бір жақты өз көзқарастарымен қалады. Бірақ бейғамдықтың бірінші түрінен ешқандай қайран жоқ, ал екінші түріне ақыл-ойын дамытып, дұрыс бағдар берсек, адамгершілікке тәрбиелеуге болады дейді. Міне, осының бәрі ұлттық психологиямыздың дәлелі емес пе?
Қазір ұлттық психология, жалпы ғылымның қай саласы болса да әйелдер, қыздар барып жүр. Бәрінің алған тақырыптары жеңіл желпі, шала-пұла, арзан бірдеңелер. Жоғарыда айтылған ғұламалардың еңбектеріне бойлап, оларды жарыққа шығаруды қолға алып жүрген ешкім жоқ. Қазір жағдайы бар жастарымыз да көбейді. Өкінішке қарай, олар енжар, жалқау, Алма піс, аузыма түс дегенді қалап тұратындар.
Ұлт психологиясы халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған, жүйеге түскен әдет-ғұрып, ұлттық дәстүр, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек, дене т.б. тәрбиеге байланысты нормалар мен принциптер, яғни ұлтымыздың мінез-құлқы, іс әрекетінің ішкі астарларын сөз етеді. Ұлт психологиясы тек ұлтымыздың қанына сіңген, өзгеріп не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісін ашып көрсетеді.
Халқымыздың ешбір ұлтқа ұқсамайтын мінез бітісі, салт-дәстүрі, моральдық нормасы, талап-тілегі, мәдениеті мен тарихы бар. Бұлар - ұлтымыздың бабадан балаға жалғасып келе жатқан асқан құндылықтары. Адам бол! ұстанымы - қазақ өркениетінің, сайып келгенде, оның сан ғасыр бойына қордаланған психологиялық ой-түйінділерінің алтын діңгегі. Ұлт психологиясы - әлі де толық зерттелінбей жатқан мәселе. Бұл туралы Н.Назарбаев былай дейді: Менің ойымша, қазақтардың қайталанбас этникалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние [2].
Әрине ұлт психологиясы халқымыздың атап өткендей әдет-ғұрпын,мінез-құлықын т.б тәрбиесі секілді құндылығымызды көрсетеді. Сонымен қатар ол адам баласына да қатысты. Қоғамдағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің болуына байланысты қоғам өмірінде психологиялық білімдерді пайдалана білу қалыптасып келеді. Білім берудегі психологиялық көмек КСРО кезінде 1980 жылдарда қалыптаса бастаған. Ең бірінші рет психологтар Эстонияда жұмыс істей бастаған екен. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаевтың педагогикасы
Мінез құрылымы
Этнопсихологиялық тәрбиенің өзіндік санасы
Дене тәрбиесінің қоғамдағы маңыздылығы
Діни бірлестіктердің ұғымы мен маңызы
Рухани жаңғыру ҚР-дағы сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы
Этнопедагогика пәнінің лекция курсы
МӘДЕНИЕТ және ӨРКЕНИЕТ ЖАЙЛЫ
Адамгершілік
Ұлт және құндылық
Пәндер