ЧЕКТЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ ЖАЙЛЫ
ЧЕКТЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ
Есеп айырысудың келешегі зор нысаны ретінде чектермен есеп айырысуды
айтуға болады. Чек банк клиентінің (чек берушінің) банкке ақша қаражатын өз
шотынан алушы (чек ұстаушы) шотына аудару туралы арнайы бланкте жазылған
жазбаша тапсырмасын білдіретін бағалы қағаз болып табылады.
Батыс тәжірибесінде чек кімнің есебіне жазылғандығына байланысты
бірнеше түрге бөледі:
- арнайы - тек осы кісіге төлеңіз;
- ордерлік - осы кісіге немесе оның бұйрығы бойынша төлеңіз;
- ұсынушы - ұсынушыға төлеңіз.
Ордерлік чек - ұстаушыға индоссамент - жолдау жазу көмегімен басқа
тұлғаға ақшаны алу құқығын ұсынуға мүмкіндік береді. Индоссаменттің 4 түрі
қарастырылады.
- банктік индоссамент. Чек ұстаушы чектің сыртына өз қолын қояды,
оның нәтижесінде чек ұсынушы құжаты болып табылады және әрбір
заңды иесі ол бойынша банктен ақша алады;
- атаулы индоссамент. Ұстаушы чек сыртына өз қолын қояды және чек
бойынша ақша алу құқын алатын тұлға атын жазады;
- мақсатты индоссамент. Чек ұстаушы чек сыртында чекті
басқа тұлғаға ұсыну мақсатын көрсетеді және чек бойынша ақша алу
мүмкіндігін шектейді;
- айналымсыз индоссамент. Егер чекті ұстаушы чек
төленбеген жағдайда арыз жасау мүмкіндігін болдырмауды
немесе шектеуді қаласа, индоссамент мәтінінде айналымсыз
деген сөзді қолданады.
Әр елде чек мазмұны бірыңғай. Заңды құрамында мыналар белгіленеді:
- чек сөзі;
- анықталған соманы төлеу бойынша шартсыз міндеттемесі;
- банк трассат[1];
- төлем орны;
- шығарылған орны және күні;
- трассант[2] қолы.
Коммерциялық құрамы:
- чек нөмірі;
- трассат шотының нөмірі;
- трассат банктің коды;
- чек сомасының санмен қайталануы;
- бенефициар;
- кодтау желісі.
Біздің республикамызда чекті қолдану 2002 жылғы 13 мамырда ҚРҰБ
Басқармасы бекіткен Қазақстан аумағывда чектерді қолдану Ережесімен
реттеледі.
Чек беруші мен чек беруші банктің арақатынасы чекті қолдануға
байланысты чекті қолдану туралы келісіммен реттеледі. Чектерді қолдану
туралы келісім жасалмастан бұрын банктер чектермен операция өткізу бойынша
банктік қызмет тарифтері туралы ақпарат алуға клиенттер құқығын және
чектерді қолдану туралы келісімнің міндетті шарттарын қамтамасыз етуге
тиіс.
Бұл келісімде көрсетілген негізгі деректемелер төмендегідей:
• чек кітапшасындағы чек бланктерінің саны және олардың қорғалу
дәрежесіне қойылатын талаптар туралы мәліметтер (чек беруші
банкі чек бланкісінің және чек кітапшасының үлгісін өз еркімен
бекітуге құқылы);
• чектерді дұрыс толтыру талаптары, атап айтқанда:
- чек бланктерінің реттік нөмірін сақтау;
- чек сомасын санмен және жазып көрсету (жазылатын сома жолдың ең
басынан басталуға тиіс, теңге сөзі жазып көрсетілген
сомадан кейін бос орын қалдырылмауы тиіс, тиын сөзі чекте
көрсетілмейді);
- бұйрық бойынша төлеңіз деген сөздерден кейінгі бағанада чек
жазып берілетін адамның аты-жөні немесе заңды тұлға атауы
көрсетіледі;
- чек жазып берілген күннің қойылуы (күні және жылы —
санмен, айы жазумен);
- чек беруші қолының қойылуы және занды тұлға үшін
мөрдің басылуы, олар чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе
чек беруші чек кітапшасына ие болуға өкілеттік берген
тұлғаның қолының және мөр-таңбасының (заңды түлғалар үшін)
үлгісі құжаттағы үлгіге сәйкес болуы тиіс;
- чектің түбіртегінде операция жасалғанга дейінгі
сома қалдығының, чек сомасының және чек кітапшасы бойынша жаңа
қалдықтың көрсетілуі (қалдық санмен және жазумен) беріледі,
сондай-ақ чек жазып берілген күн және чек берушінің
немесе чек кітапшасына ие болуға өкілетті тұлға қолы және чек
берушінің мөрі (заңды тұлғалар үшін) қойылады;
• Чекпен операция жасалған кездегі чек берушінің банкі мен чек беруші
арасындағы өзара төлемдер тәртібі;
• Чек кітапшасын қолдану мерзімдері;
• Чек берушінің чектің қолданылмаған бланктеріне бақылау
жасауды қамтамасыз ету тәртібі;
• Чек беруші банктің төленген чектерді есепке алу тәртібі;
• Чек берушінің жоғалған немесе ұрланған чектер,
чек кітапшалары, чекке қол қоюға өкілеттілігі бар
тұлғалар құрамының (заңды тұлғалар үшін) өзгеруі туралы чек
берушінің банкті хабардар ету тәртібі;
• Чек беруші банктің чектерді төлеуден бас тарту, сондай-ақ ақауы
бар және жалған чектер туралы чек берушіні
хабардар ету тәртібі;
• Чек беруші банктің чектермен операция жүргізу жөніндегі қызметін
чек берушінің төлеуі жөніндегі шарттары;
• Чек беруші банкке чектің қолданылмаған бланктерін чек берушінің
қайтару тәртібі;
• Чек беруші мен чек берушінің банкі қатынастарына талап қою тәртібі
және тараптардың жауапкершілігі.
Егер олар заңмен қарастырылған болса және чекпен жасалатын
операцияларды өндеу үшін қажет болса, онда чек беруші банкі чекте қосымша
деректемелерді талап етуге құқылы.
Чектерді қолдану туралы келісімде басқа да шарттар қарастырылуы
мүмкін.
Қазіргі кезде Ұлттық банк нұсқауы бойынша есеп айырысуда тек
депонирленген чектерді қолдану қарастырылуда. Қаржыларды депонирлеу чек
беруші клиентпен банктік 2221 Клиенттердің арнайы салымдары шотында
жүргізіледі, бұл аталған чек бойынша төлемдерді қамтамасыз етеді. Чек
кітапшаларын рәсімдеу кезінде чек жіберуші банктің өкілетті тұлғасы
төмендегілерді орындауға міндетті:
• Чек берушінің немесе оның мүддесін көздеуші тұлғаның
жеке басының кім екендігіне көз жеткізуге;
• Чек кітапшасының мына мәліметтер көрсетілген немесе
қойылған сыртқы бетін толтыруға:
- чек берушінің аты-жөні немесе атауы;
- чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе оның мүддесін көздейтін
тұлғаның (заңды тұлғалар үшін) жеке куәлігінің сериясы, нөмірі,
кім және қашан бергені;
- чек беруші банктің жеке банктік коды;
- чек бланктерінің нөмірлері (нөмірден нөмірге дейін);
- чек кітапшасын қолдану мерзші;
- чек кітапшасындағы санмен және жазумен (соманы жазу
жолдың шетінен міндетті түрде үлкен әріппен басталып,
санмен жазылған сома бағанындағы бос орын және жазумен жазылған
сомадан кейін асты екі сызықпен сызылады);
- чек кітапшасының берілу күні;
- өкілетті тұлға қолы және чек беруші банктің мөрі;
• Чек кітапшасының әрбір бланкіне:
- мөртаңбамен көрсетіп чек берушінің банкінің банктік жеке кодын
және оның атауын қоюға;

тұлғаның (заңды тұлғалар үшін) аты-жөнін толық жазуға;
- салық төлеушінің - чек берушінің тіркеу нөмірін қою;
• Чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе чек беруші чек
кітапшасына ие болуға өкілеттік берген тұлға қолының және мөр
бедерінің (заңды тұлғалар үшін) үлгілері бар құжатты қабылдауға;
• Чек кітапшаларын тіркеу журналына тиісті жазбалар жасауға;
• Чектерді қолдану туралы келісімде көзделген жағдайларда бір
мезетте бірнеше чек кітапшаларын беруге рұқсат етіледі.
Есеп айырысу чек кітапшасын алу үшін клиент банкке бекітілген
үлгідегі, чек саны және чектермен есеп айырысуда қажетті жалпы сома
көрсетілген өтінішті ұсынады. Осы деректер негізінде әр чек сыртында
көрсетілген бір чек лимиті қойылады. Чек алуға өтініш кәсіпорын
жетекшісінің, аға бухгалтердің қолымен жәяе мөрмен бекітіледі. Сонымен
қатар, өтінішпен қоса клиент банкке аталған ақша сомасын өзінің есеп
айырысу шотынан 2221 Клиенттердің арнайы салымдары шотына қосу үшін төлем
тапсырысын әкеледі, бұл қаржылар депонирленген соң клиент бұл чектерді ала
алады.
Бұл кезде мынадай өткізбе құрылады:
Дт 2203 Клиенттердің ағымдағы есепшоттары
Кт 2221 Клиенттердің арнайы салымдары
Чек заңды және жеке тұлғалармен өзара есеп айырысу кезінде алынған
тауарлы-материалдық құндылықтар және көрсетілген қызметтер, сондай-ақ басқа
да жағдайлар үшін қабылданады.
Чектер келесі түрлерге бөлінеді:
- есеп айырысу чек кітапшаларының чектері;
- аманатшының чек кітапшаларының чектері.
Есеп айырысу чек кітапшаларының чектері заңды тұлғалар арасында өзара
есеп айырысу үшін қолданылады.
Аманатшының чек кітапшасы жеке тұлғалардың олармен ақшасыз есеп
айырысуы және нақты ақша алуы үшін қолданылады. Чектік кітапша егер
клиентке банктен алты айдан кем емес уақыт қызмет көрсетілген болса және
банк клиенттің әділдігі мен жауаптылығына сенімді болуына негіз болғанда
ғана беріледі.
Қазақстан Республикасында чек беруші барлық банктің чектері қабылдауы
мен төлеуіне және клиенттеріне тиесілі. Чек бланктері ҚР Ұлттық банктің
өндірістік кәсіпорындарында дайындалады. Қауіпсіздік деңгейі Ұлттық банкте
бекітіледі.
Банк өз клиентіне чектерді ұсынбас бұрын, оны толтырып, келесілерді
қоюы қажет:
- чектің жоғарғы сол жағында банктің аты және (банк атымен қатар
фирмалық белгісі қойылуы мүмкін) мекен-жайы, ал егерде чекті
банк филиалы беретін болса, онда филиал аты және чектің жоғары оң
жағынан филиалдың мекен-жайы жазылуы керек;
- чек берушінің дербес шотының нөмірі. Ол чектің төменгі
бөлігінде тиісті орында, сондай-ақ чек мәтінінде қойылуы керек;
- заңды тұлға аты немесе жеке тұлғаның аты-жөні, шот
нөмірлері. Бұл деректер чектің төменгі сол жағында жазылады;
- чектің сыртқы жағында жазбаның шекті сомасы. Ол үшін чекке
байланысты жарияланған тұтынудың және депонирленген сома
көлемінде бір чектің лимиті анықталады. Оның әрқайсысының сыртында
және оған берілетін сәйкестендірме карточкада банк бір чектің
лимит мөлшерін көрсетеді.
Банк клиентке чекпен қоса сәйкестендірме карточка (чектік карточка)
ұсынады.
Чектік карточка клиентке санына қарамастан чек берілген әр кезекте бір
данада беріледі және әрбір берілген чек бойынша чек берушіні
сәйкестендіреді.
Егер кезекті чек беру кезінде лимит сомасы чек кітапшасында бұрын
көрсетілген сомадан аспаса, онда жаңа чек кітапшасы берілмеуі мүмкін.
Карточкада мынадай деректер болуы қажет:
• Оң бетінде:
а) банк аты және оның мекен-жайы;
б) № чектік карточка атауы;
в) жеке тұлғаның аты-жөні және заңды тұлға аты;
г) чек берушінің қолы;
д) чек берушінің төлқұжат деректері. Чек карточкасына төлқұжат
деректерін қою жеке тұлғалар үшін міндетті;
е) чек берушінің шот нөмірі.
• Сыртқы бетінде:
Бізге трасталған келесі жағдайларды сақтағанда чек төлеміне кепіл
береміз:
а) чек оның сыртқы бетінде және чек
кітапшасында көрсетілген сомадан аспайтын сомаға жазылуы керек;
б) чек беруші қолы чек кітапшасында берілген қол үлгісіне
сәйкес келуі тиіс:
в) чекте көрсетілген чек берушінің шот нөмірі,
чек карточкасында көрсетілген нөмірге сәйкес келуі тиіс;
г) чек берушіні сәйкестендіру оның төлқұжаты деректерін чек
карточкасында берілген деректермен салыстыру арқылы жүргізіледі;
д) чек жазылған күннен 10 күн ішінде төлемге ұсынылуы тиіс;
е) чек, онда көрсетілген толық сомада, ешқандай комиссиясыз төленуі
тиіс;
ж) банктің жауапты қызметкерлерінің қолы және мөрі болуы тиіс.
Чектерді қолданып төлем жасау және басқа да операциялар тәртібі
төмендегідей. Чек беруші занды тұлға жазған чектерге чек кітапшасын
жүргізген өкілетті тұлғалардың қолы қойылып, чек беруші мөрінің таңбасы
басылуы тиіс.
Чек ұстаушы чекті төлеуге қабылдап тұрып чектің чекті төлеуге қабылдау
туралы чек ұстаушының белгісі деген бағанына және оның түбіртегіне аты-
жөнін, сондай-ақ қолын (жеке тұлғалар үшін) немесе мөр-таңбасын немесе чек
ұстаушының атауы көрсетілген мөрін және чек ұстаушы өкілеттік берген
адамның қолын (заңды тұлғалар үшін) қояды. Завды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz