Аудиттің пайда болу кезеңдері


Аудиттің пайда болу кезеңдері
Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында - ғылыми мен білім практикалық қызметінің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келеді. Бұл-аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаған болашақ, ол алғашында «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда «аудитор» сөзі нені білдіреді?
Аудитор латынша: «audio» деген сөзінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық - жұмыс барлығына тиісті мәліметтерді тексеруші немесе бақылап -басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда «аудитор» - «тыңдаушы» дегенді білдірген.
Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болды. Шет елдерде аудит ерте заманда даиыған, бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын бухгалтерлік есеп пен аудит қызметі екеніне үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан да шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-сарапшы, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған.
Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мыс: АҚШ-та олар қоғам бухгалтері, Англияда - ревизор, Францияда бухгалтер-сарапшы немесе есеп комиссары, Германияда- шаруашылық басқарушысы және тағы басқадай те атайды. Бұлардың барлығы бір мақсатпен жұмыс істейді. Аудитордың ең негізгі мақсаты сол тексеру нәтижесін тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау.
Аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі ол - шаруашылық субъектілеріне, өндіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына, маркетинг мәселелеріне қатысты түсініктемелер, кеңес берумен шұғылдануда.
Аудит термині осыдан 2000 ж. бұрын «audio» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді.
Рухани оқу орындарында озат оқушыны аудитор (тыңдаушы) деген. Оған оқытушы басқа оқушылардың сабақта өткен материалды қалай меңгергенін, тапсырманы қалай орындағанын, яғни оқу үлгерімін тексеріп отыруды сеніп тапсыратын болған.
Арнайы әдебиеттерде аудиттің пайда болу кезеңі өзгеше әрі қарама-қайшылыққа толы. Бір авторлардың айтуынша есеп берудегі мәліметтердің дұрыс көрініс табуын жасау және бақылау біздің дәуірімізге дейінгі 4 мың. жылд/нан басталады. Сонымен бірге Ніл, Тигр, және Ефрат өзенінің жазықтығындағы Таяу Шығысындағы ежелгі өркениеттегі жоғары дірежеде ұйымдастырылған мемлекет құрылып шаруашылық қызмет жүргізіледі, үкімет өнім, мүлік, салық жинау, орындалған жұмыс, қазынаны толтыру және кіріс пен шығыс еыептерімен айналысты. Бақылаудың әр түрі жүзеге асырылды, оның кеиінде аудит те бар.
Мұндағы мақсат - қателіктерді азайту және шенеуніктер жағынан алдау әрекеттеріне жол бермеу. Бірқатар бақылау түрлері сол уақытта Библияда (Інжілде) да суреттеледі. Онда мүлікті екі жақты күзету, адал қызметкерлерді жалдау міндеттерді бөлісу мәселелері баяндалады.
Ревизиялық қызмет Вавилон, Мысыр, Рим, Қытай және Грекия сияқты антикалық елдерде болған. Мысырда (б. д. д. 3400-2400 ж. ж) мүлікті түгендеу кезең сайын, ал шаруашылық операцияларын бақылауды үшш адам жүзеге асырған. Оның біреуі не нәрсе білдіреді, соның санын папирусқа белгілеп отырса, 2-сі нақты бастауларды жүзеге асырған, ал 3-сі ауытқуды анықтау, үшін бергендіктен мүліктердің немесе өнімдердің санын нормамен салыстырып отырғанңіғ, нормамен салыстырып отыр, есе өнімдердің санын нормамен салыстырып отыр, ғ адам жүзеге асырған. лады. режеде ұйымдастырыл.
Есепті жүргізу бойынша арнайы заңнама алғаш рет Вавилон мемлекетінде пайда болған. Хаммурапи заңы (б. д. д. 2200-2150жж) көпестерге дербес есеп жүргізуді ал храмға - мемлекеттік есепшілікті жүргізуді әмір етті, ақшаны қолхатсыз беру жарамсыз деп табылған.
Чжоу династиясы уақытындағы көне Қытай (б. д. д. 1122-256 ж. ж ) есептің мемлекеттік жүйесі, оның ішінде барлық департаментінің мұқият әзірленген бюжеті мен аудиті жүзеге асырылды.
Басқа авторлардың айтуынша, аудиттің пайда болуы арнайы ғылыми білімінің саласы ретінде бухгалтерлік есептің қалыптасу кезеңімен тығыз байланысты.
Англияда аудиторлық алғаш рет 1299 ж. пайда болды, ал 1324 ж. 24-ші наурызында король Эдуард 2 үш мемлекеттік аудиторды тағайындайды.
ХХ ғ. Бухгалтерлермен аудиторлардың аса ірі трансұлттық ұйымының құрылуына әкеп соқтырған әлемдік экономика мен бизнестің ғаламдасу тенденциясы біршама тереңдей түсті. Кәсіби аудиттің дамуы үшін халықаралық есеп стандарттары бойынша Комитет (LASC- 1973 ж. ) негізі қаланған. Жоғары бақылау органдардың халықаралық ұйымы (ИНТОСАИ-1953 ж. ) Халықаралық бухгалтерлер федерациясы (IFAK-1977ж. ) құрылған есеп пен есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша үкіметаралық сарапшылардың жұмыс тобы (ISAR) сияқты халықаралық аймақтық ұйымдар қызметінің маңызы айрықша.
Пайдаланған әдебиеттер
Абленов Д. О.
Аудит негіздері:Оқулық., Алматы:Экономика, 2005.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz