Үстеме шығыстардың есебі туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Үстеме шығыстардың есебі

Үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне (бірлігіне) жатқызуға болмайды.

Үстеме шығыстар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:

- кешендік сипаты - шығыстар құрамында барлық экономикалық элементтер шығындары көрініс табады;

- екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстарды тікелей белгілі бір бұйымға жатқызу қиынға түседі, демек олар дайын өнімнің арасына таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.

Үстеме шығыстарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылықтың есеп саясатына сәйкес көрініс табады:

- өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысына пара-пар етіп (пропорционалды) таратылады;

- тікелей материал шығыстарына пapa-пар етіп (пропорционалды) таратылады;

- өндірілген өнім санына немесе өнделген шикізаттың салмағына пара-пар етіп (пропорционалды) таратылады;

- цех құнына пара-пар етіп (пропорционалды) (мысалға, кара металлургияда) немесе шикізат құны шегерілген цехтың өзіндік құнына пара-пар етіп (пропорционалды) (мысалға, жеңіл өнеркәсібі) таратылады;

- алдын-ала белгіленген шығындардың тұрақты коэффициенттері бойынша таратылады;

- басқа да тарату базалары бойынша таратылады (құрал-жабдықгың жұмыс сағатына және т. б. ) .

8040 - "Үстеме шығындар" бөлімшесі мынадай шоттардан тұрады:

8040 - "Үстеме шығындар", онда транзиттік әрі бір элементтік шоттарды есепке алатын үстеме шығындар тұрады, оның құрамындағы;

8041 - "Материалдар" - үстеме шығындардағы материалдардың барлықтүрлерін есепке алу үшін арналған;

8042 - "Қызметкерлердің еңбегіне еңбек ақы төлеу" - жабдықтарға қызмет көрсетумен, оларды жұмысқа қосумен айналысатын жұмысшыларға және басқа жұмысшыларға, сондай-ақ цех қызметшілеріне есептелген жалақыны есепке алуға арналған;

8043 - "Еңбекақыдан аударылатын аударымдар" - 8042-шотында есептелген еңбек ақыдан жасалатын аударымдарды есепке алуға арналған;

8044 - "Негізгі құралды жөндеу" - өндіріс қызметінде пайдаланатын негізгі құралдарды жөндеу бойынша жұмсалған нақты шығындарды көрсету үшін арналған;

8045 - "Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы" - өндіріс қызметінде пайдаланатын материалдық емес активтердің амортизациясының және негізгі құралдардың тозуының есептелген сомасын көрсету үшін арналған;

8046 - "Тұрғын-үй қызметі" - тұрғын-үй қызметінің барысында тұтынылған құнын көрсетуге арналған, оған қызмет көмекші өндірістен немесе сыртқы ұйымдардан да керсетілуі мүмкін;

8047 - "Жал ақысы" - өндірісте пайдаланатын негізгі құралдарды ағымдағы жалға беру бойынша жал ақысының сомасын көрсетуге арналған;

8048 - "Басқа да" - әлеуметтік сфераға (аясына) негізгі және көмекші өндірістердің көрсеткен қызметінің шығысын көрсетуге арналған.

Үстеме шығыстың аналитикалық (талдамалық) есебі келесі номенклатуралық бап үлгілері бойынша жүреді:

Мысал. Аяқ киім тігетін өнеркәсіп кәсіпорны төрт өнім түрін шығарады делік:

теріден тігілген ерлер аяқ киімі - 100 мың жұп айына;

теріден тігілген ерлер туфлиі - 7 мың жұп айына;

жеңіл материалдардан тігілген әйелдердің туфлиі - 12 мың жұп айына;

үйде киетін әйелдер туфлиі - 12 мың жұп айына.

Үстеме шығыстарын тарату кезінде мыналар қабылданды:

- алдымен құрал-жабдықты пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары бойынша таратылады, ол кезде құрал-жабдықтың жұмыс сағатына кеткен осы шығыстын деңгейі және тиесілі өнім түрін әзірлеген кездегі құрал-жабдықпен жұмыс істеу ұзақтылығы ескеріледі. Бұл үшін құрал-жабдықтың жұмыс істеу машина / сағаты туралы сандық мәліметтің негізінде нормативтік (сметалық) мөлшерлеме анықталады;

- содан соң жалпы үстеме шығыстары өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды түрде таратылады.

Сметалық нормативтік мөлшерлеме есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:

Н=СР,

Мұнда,

Н - сметалық (нормативтік) мөлшерлеме;

С - құрал-жабдықтың бір сағатына кететін сметалық шығыстың сомасы;

Р - құрал-жабдықтың жұмыс істеу барысында жасалған машина/ сағатының саны.

Соңғы көрсеткіштің деңгейі өнімнің бір түрін әзірлеуде пайдаланатын әртүрлі топтағы құрал-жабдықтың машина/сағатын түзету коэффициентіне көбейту арқьшы есептелінеді. Түзету коэффициенті өндірістік сипаты бойынша біртектес құрал-жабдықтардың топтары бойынша анықталады, мысалға, детальдарды штамповка жасау үшін арналған пресс (тығыздау), токарь станогі, фрезерлік станок т. б. Өнімді өндіру үшін құрал-жабдықтардың әрбір топтарының қажетті жұмыс сағатының санын технологиялық құжаттарының негізінде анықтайды:

- цех құрал-жабдықтарының шығындарын олардың күрделілігіне, қуаттылығына және құнына тәуелді етіп таратады, сондай-ақ әрбір құрал-жабдықтың бірлігіне келетін шығыстың мөлшері бойынша да 4 топқа бөлінеді: А, Б, В, Г;

- құрал-жабдықтың әрбір топтары бойынша жылдық сметалық шығыс жасалған, оның жалпы сомасы 5985 мың теңге құраған;

- әрбір топ бойынша жұмыс істеу сағаты, яғни машинаның жұмыс істеу мерзімі белгіленген, осыдан барып өндіріс құрал-жабдығының бір нормативтік сағатының сметалық мөлшерлемесі анықталады.

Жоғарыда келтірілген мысалда теріден тігілген ерлер аяқ киімін әзірлеуге арналған құрал-жабдықты күтіп-ұстауға кеткен шығыстың сметалық мөлшерлемесін есептеу жолы көрсетілген. Енді біз басқа бұйымдар үшін сметалық мөлшерлемені мына төменде келтірілген мәліметтер бойынша анықтаймыз.

Есептеуді оңайлату мақсатында тек өздерінің конструкциясы, технологиясы және басқа параметрлері бойынша ұқсас типтік бұйым түрлерінің сметалық мөлшерлемесін алуға рұқсат етіледі. Бұл тапсырыс бойынша орындалатын құрал-саймандарға, запас бөлшектерге қатысты болып келеді. Олардың шығыс нормасы типтік бұйым түрлерінің сметалық мөлшерлемесінің негізінде белгіленеді, өздерінің бұйым топтарына сәйкес өндірістік жұмысшының жалақысына пайыздық қатынасының көмегімен оларға түзетулер енгізілуі мүмкін.

Бұл арада атап өтетін бір жайт, ол құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары оның калькуляцияланатын объектілеріне істелген машина сағатына пропорционалды түрінде сметалық (нормативтік) мөлшерлемесін пайдалана отырып таратады және ол өндіріс жұмысшыларының жалақысына тәуелді емес. Сондықтан бұл шығындардың сметалық (нормативтік) мөлшерлемесі өндіріс жұмысшыларының жалақысына пайыздық қатынасы арқылы есептелінеді және осы әдістің көмегімен өнімнің өзіндік құнына енгізіледі, демек, оларды таратудың техникалық әдісі болып табылады. Көмекші процестердің сметалық мөлшерлемесі де осыған ұқсас есептелінеді.

Көмекші өндірісте біртектес өнімдер әзірленсе, онда құрал-жабдықтар, машинаны пайдалану және күтіп-ұстау шығыстары негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды таратылады.

Есептелген сметалық мөлшерлеменің негізінде құрал-жабдықты пайдалану және күтіп-ұстау шығыстарын өнімді шығару туралы мәліметтерін тарату үшін келесі есептеулер жасалады.

Үстемелі шығыстардың есебі.

Үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастарымен байланысты шыңыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне (бірлігіне) жатқызуға болмайды.

Үстеме шығыстар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:

  • кешендік сипаты - шығыстар құрамында барлық экономикалық элементтер шығындары көрініс табады.
  • екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстарды тікелей белгілі бір буйымға жатқызу қиынға түседі, демек олар дайын өнімнің арасына таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.
Қатар р/с
Шығындар баптарының атауы
Қатар р/с: А. Құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары бойынша
Қатар р/с: 1
Шығындар баптарының атауы: Өндіріс жабдықтары мен көлік (танспорт) құралдарының амортизациясы
Қатар р/с: 2
Шығындар баптарының атауы: Жөндеу қорына қаржы бөлу немесе өндіріс жабдықтары мен көлік құралдарын жөндеу жөніндегі шығындар
Қатар р/с: 3
Шығындар баптарының атауы: Жабдықтар мен көлік құралдарын пайдалану жөніндегі шығындар
Қатар р/с: 4
Шығындар баптарының атауы: Аспаптар мен ыңғайластырылған құрылғыларды (тетіктерді) жөндеу және қалпына келтіру
Қатар р/с: 5
Шығындар баптарының атауы: Құрал-жабдықтармен байланысты басқа да шығыстар
Қатар р/с: Б. Үстеме шығыстары
Қатар р/с: 6
Шығындар баптарының атауы: Өндірісті шикізатпен, материалдармен, отынмен, энергиямен қамтамасз ету бойынша шығындары
Қатар р/с: 7
Шығындар баптарының атауы: Цех аппараттарын ұстау, еңбек ақыдан аударылатын аударымда қоса алғанда
Қатар р/с: 8
Шығындар баптарының атауы: Ғимараттардың, қондырғылардың, және басқа да мүліктердің амотризациясы
Қатар р/с: 9
Шығындар баптарының атауы: Ғимараттардың, қондырғылардың жөндеу қорына аударымдар жасау немесе оларды жөндеу бойынша шығындары
Қатар р/с: 10
Шығындар баптарының атауы: Ғимараттарды, қондырғыларды, инвентарларды күтіп ұстау шығындары
Қатар р/с: 11
Шығындар баптарының атауы: Сынақтар, тәжірибелер, зерттеулер жүргізу жөніндегі шығындар
Қатар р/с: 12
Шығындар баптарының атауы: Рационализаторлық пен өнертапқыштық жөніндегі шығындар
Қатар р/с: 13
Шығындар баптарының атауы: Цехтар қызметкерлерінің еңбегңн қорғау: қауіпсіздік техникасының құралдарын күтіп ұстау, пайдалану және ағымдық жөндеу жөніндегі шығындарды; желдеткіш күтіп ұстау және ағымдық жөндеу жөніндегі шығындары; санитарлық тұрмыстық құрылғыларды күтіп ұстауға арналған шығындары; арнаулы киім мен бейтараптандырушы (нейтралиттеуші) құрылғыларға арналған шығындарды; еңбекті қорғау жөніндегі басқа да шығындарды
Қатар р/с: 14
Шығындар баптарының атауы: Басқа да үстеме шығындары (өндіріс құралдары үшін жалға ақы төлеу іс сапар шығыстары, берілген кепілдіктер үшін қызмет көрсету шығындары және өнім өндіру бойынша құрал-жабдықтарды жөндеу)
Қатар р/с: 15
Шығындар баптарының атауы: Өнімсіз шығындардың барлығы, оның ішінде: ішкі өндірістік себептері бойынша тоқтап қалудан болған шығындарды, цехтарда сақтау кезінде материалдық игіліктердің бүлінуінен болған шығындарды; табиғи кему нормаларының шегінде материалдық игіліктердің жетіспеуінен және аяқталмаған өндірістен болған шығындары; басқада өнімсіз шығындарды

*Техника және т. б. ерекшеліктеріне қарап, үстеме шығыстарына өзгерістер енгізлуі мүмкін.

Үстеме шығыстарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылықтың есеп саясатына сәйкес көрініс табады:

  • өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысына пара-пар етіп (пропорциональды) таратылады. ;
  • тікелей материал шығыстарына пара-пар етіп (пропорциональды) таратылады;
  • өндірілген өнім санына немесе өнделген шикізаттың салмағына пара-пар етіп (пропорциональды) (мысалға, жеңіл өнеркәсібі) тартылады
  • цех құнына пара-пар етіп (пропорциональды) (мысалға, қара металлургияда немесе шикізат құны шегерілген цехтың өзіндік құнына пара-пар етіп ( пропорциональды) (мысалға, жеңіл өнеркәсібі) тартылады
  • алдын-ала белгіленген шығындардың тұрақты коэффиценттері бойынша таратылады;
  • басқа да тарату базалары бойынша таратылады (құрал-жабдықтың жұмыс сағатына және т. б. )

93 - «Үстеме шығындар» бөлімшесі мынадай шоттардан тұрады:

930 - «Үстеме шығындар» онда транзиттік әрі бір элементтік шоттарды есепке алатын үстеме шығындар тұрады, оның құрамындағы;

931 - «Материалдар» - үстеме шығындардағы материалдардың барлық түрлерін есепке алу үшін арналған;

932 - «Қызметкерлердің еңбегін еңбек ақы төлеу» - жабдықтарға қызмет көрсетумен, оларды жұмысқа қосумен айналысатын жұмысшыларға және басқа жұмысшыларға, сондай-ақ цех қызметшілеріне есептелген жалақының есепке алуға арналған;

933 - «Еңбекақыдан аударылатын аударымдар» - 932-шотында есептелген еңбек ақыдан жасалатын аударымдарды есепке аударуға арналған;

934 - «Негізгі құралдардың жөндеу» - өндіріс қызметінде пайдаланылатын негізгі құралдарды жөндеу бойынша жұмсалған нақты шығындарды көрсету үшін арналған;

935 - «Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы» - өндіріс қызметінде пайдаланылатын материалдық емес активтердің амортизациясының және негізгі құралдардың тозуының есептелген сомасын көрсету үшін арналған;

936 - «Тұрғын - үй қызметі» - тұрғын-үй қызметінің барысында тұтынылған құнын көрсетуге арналған, оған қызмет көмекші өндірістен немесе сыртқы ұйымдардан да көрсетілуі мүмкін;

937 - «Жал ақысы» - өндірісте пайдаланатын негізгі құралдарды ағымдағы жалға беру бойынша жал ақысының сомасын көрсетуге арналған;

938 - «Басқа да» - әлеуметтік сфераға (аясына) негізгі және көмекші өндірістердің көрсеткен қызметінің шығысын көрсетуге арналған.

Үстеме шығыстың аналитикалық (талдамалық) есебі келесі номенклатуралық бап үлгілері бойынша жүреді.

Төменде 93- «Үстеме шығындар» бөлімшесінің шоттары бойынша жасалатын шоттардың корреспенденциясы келтірілген

р/с

Шаруашылық операцияларының мазмұны
Сомасы, теңге
Шоттар корреспонденциясы
Дебет
Кредит
№р/с:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: А. Негізгі және көмекші өндірістердің үстеме шығындарын есепке алу
Сомасы, теңге:
Шоттар корреспонденциясы:
№р/с: 1
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Негізгі және көмекші цехтарының жалпы цехтық мұқтаждықтарына босаылған материалдар
Сомасы, теңге: 142
Шоттар корреспонденциясы: 931
201-206-208
№р/с: 2
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Цех қызметкерлерінің жалақысы есептелінді
Сомасы, теңге: 3
Шоттар корреспонденциясы: 932
681
№р/с: 3
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Еңбек ақыдан әлеуметтік салық есептелген (3-(10%жиынтық зейнетақы қорынаміндетті жарнасы) х21%
Сомасы, теңге: 56700
Шоттар корреспонденциясы: 933
634 «Әлеуметтік салық» субшоты
№р/с: 4
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Сыртқы ұйымдардың көмегімен негізгі құралдарды жөндеумен байланысты шығыстарды есептен шығарылды
Сомасы, теңге: 1206000
Шоттар корреспонденциясы: 934
671
№р/с: 5
Шаруашылық операцияларының мазмұны: өндірістік ағылымдардағы негізгі құралдар бойынша тозу сомасы есептелінеді
Сомасы, теңге: 1129360
Шоттар корреспонденциясы: 935
131-134
№р/с: 6
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Сыртқы ұйымдардың тұрғы-үйге көрсеткен қызметінің құнын есептеген шығарылды
Сомасы, теңге: 232000
Шоттар корреспонденциясы: 936
671
№р/с: 7
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Негізгі құралдардың ағымдағы жалғаға берілген жалға ақысының сомасы көрсетілді, ағымдағы кезеңге қатысты
Сомасы, теңге: 112000
Шоттар корреспонденциясы: 937
687, 342
№р/с: 8
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Сақтандырылған мүліктері бойынша сақтандыру төлемі есептелінеді
Сомасы, теңге: 178
Шоттар корреспонденциясы: 938
651
№р/с:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Жиыны
Сомасы, теңге: 6236060
Шоттар корреспонденциясы:
№р/с:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Б. Шығымдауды жинақтаушы (шолушы) шотқа есептен шығу (930)
Сомасы, теңге:
Шоттар корреспонденциясы:
№р/с: 9
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Жинақтаушы (шолушы) шотқа есептен шығарылды

  • материалдық шығындары
  • еңбек ақы шығындары
  • еңбек ақыдан аударылған аударымдары
  • жөндеуге кеткен шығындары
  • тұрғын үй қызметіне кеткен шығындар
  • жалға бойынша жасалған шығындары
  • сақтандыру бойынша есептелінген шығындары
Сомасы, теңге:

142

3

56700

1206000

129360

232000

112000

178

Шоттар корреспонденциясы:

930

930

930

930

930

930

930

930

931

932

933

934

935

936

937

938

№р/с:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Жиыны
Сомасы, теңге: 6236060
Шоттар корреспонденциясы:
№р/с:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: В. Үстеме шығыстарын тарату
Сомасы, теңге:
Шоттар корреспонденциясы:
№р/с: 10
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Негізгі өндіріс
Сомасы, теңге: 4098448
Шоттар корреспонденциясы: 900
930
№р/с: 11
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Көмекші өндіріс
Сомасы, теңге: 2131635
Шоттар корреспонденциясы: 920
930
№р/с: 12
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Ақауды жөндеу бойынша кеткен шығындары
Сомасы, теңге: 5977
Шоттар корреспонденциясы: 950
930
№р/с:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Жиыны
Сомасы, теңге: 6236060
Шоттар корреспонденциясы:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үстеме шығындар есебі
Үстеме шығындар
Үстеме шығындар есебі және құрамы
Кірістер мен шығыстар
Дебет 8410 Үстеме шығыстар
Абзорпшен-костинг
Өндірістік және үстеме шығындар есебі
Функционалдық калькуляция есебі
Материалдардың өндірісте жұмсалуын бақылау
Калькуляциялаудың бөлістік тәсілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz